Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_tili_6_kredit (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.88 Mб
Скачать

Мыңжапырақ

Шалғындардан, жайылымдардан, жазық далалардан мыңжапырақ немесе ақбас жусан (тысячилистник) өсімдігін жиі кездестіреміз. Бұл да бақбақ пен қалақай сияқты көп тараған өсімдік. Сондықтан мұны кейде арамшөптердің қатарына қосады. Бұл - көп жылдық өсімдік. Жапырақтары көп тілімденіп кеткендіктен сан жетпес ұсақ бөлшектерге бөлініп кетеді.Ол бөлшектердің әрқайсысы жеке жапырақ сияқты болып кеткендіктен орыс тілінде «тысячилетник» деп аталған. Сабақтары жоғарғы жағында бұтақтанып кетеді де, әр бұтақтың ұшына бірден гүл өседі, ол шатырға ұқсайды. Жұлып алсаңыз мыңжапырақтың хош иісі аңқиды.

Сиырды азықтандыру

Сиыр жақсы өсіп-жетіліп, одан мол өнім алу үшін дұрыс азықтандырылуы басты шарт. Ол үшін сиыр организміне қандай қоректік заттар қаншалықты мөлшерде қажет екендігін білу керек. Себебі бұл қажетті қоректік заттар малдың жасына, тұқымына байланысты. Малдың сүтін, етін және басқа өнімділігін көбейту үшін ең дұрысы негізі нормамен азықтандыру болып табылады. Сиырға берілетін азықтарды олардың қоректілігіне, құнарлылығына қарай ірі, шырынды және жем азықтары деп бірнеше топқа бөледі. Ірі азықтарға организмге сіңуі қиын азықтар жатады. Шырынды азықтардың құрамында көп мөлшерде су болады. Оларға: көк шөп, сүрленген шөп, тамыржемістілер жатады. Жем азықтар қуатты, маңызды, малға жұғымды келеді. Оған: сұлы, қара бидай, арпа, тары, жүгері жатады. Сиырға жем -шөп бергенде тұз, бор, сүйек ұны сияқты минерал азықтарды да қосып береді. Мал азығының құрамына қоректік заттардан белок, май, минералдық заттар, витаминдер кіреді. Егер азықта минералды заттар жеткіліксіз болса, сиырдың ауруға шалдығуына, сүттің азаюына әсер етеді.

533-тапсырма. Мәтінге 5 сұрақ әзірлеңіз.

Г.т. Демеулік шылаулар

Демеулік шылаулар демеуліктер деп те аталады. Олар өзі шылауында тұрған сөзге я сөйлемеге күшейту, тежеу, сұрау, болжалдық сияқты қосымша мағына үстейді, бірақ септеулік пен жалғаулықтар сияқты сөздерді де, сөйлемдерді де байланыстыра алмайды.

Демеуліктер мағынасына қарай бірнеше түрге бөлінеді:

Сұраулық демеуліктер: ма, ме, ба, бе, па, пе, ше.

Күшейткіш демеуліктер: да, де, та, те.

Шектік демеуліктер: ғана, тек кейде, қана.

Болжалдық демеуліктер: мыс, міс, және, кейде.

534-тапсырма. Үшін, дейін, шейін, кейін, бірде, арқылы шылауларын қатыстырып сұхбат құрыңыз.

535-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі терминдерді аударыңыз.

Қаржыландыру – құнды қағаздар шығарылуын қосқандағы несие алу мен ұсынудың әр түрлі әдістері.

Запас тауарларын қаржыландыру – қайта сату мақсатында тауарларды сатып алу үшін айналым капиталының қаражаттарын пайдалану.

Қаржыгер – ірі ақша сомаларымен байланысты мәселелерді ұйымдастырушы адам.

Қаржылық есеп жүргізушілік – компания капиталы жағдайы мен оның қызметінің жалпы нәтижесін анықтау үшін қолданылатын бухгалтерлік есеп бөлігі.

Менеджер, басқарушы – еңбекті бақылау, ұйымдастыру мен кәсіпорын немесе ұйымды басқарушы қамтамасыз етуші адам.

Маркетинг – тауарды өндірушіден тұтынушыға жылжыту үшін пайдаланылатын әдістер мен құралдар: рынокты талдау, дизайн, өткізуді ұйымдастыру, жарнама және т.б.

536-тапсырма. Шылау сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырыңыз.

Соң, бірге, қарай, қарсы, дейін, әрі, кейін, бері, сияқты.

537-тапсырма. Фонетикалық талдау жасаңыз.

Мемлекеттік қаржы, өсімдік, тыңайтқыш, тері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]