Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_tili_6_kredit (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.88 Mб
Скачать

Электр жабдықтары

Трактордың электр жабдықтары электрлік машиналар мен тетіктерден тұрады. Олардың негізгі жұмысы двигательді іске қосу , түн мезгілінде жарық беру, дыбыспен және жарықпен белгі беру болып табылады. Электр жабдығы өзара екі жүйеден тұрады: біріншісі- электр энергиясының көздері, екіншісі- электр қуатын пайдаланатын құралдар. Электр энергиясын тудыру үшін тракторларда аккумулятор мен генераторлар қолданылады. Трактордың барлық электрлік жүйесі тұрақты тоқпен жұмыс істейді. Себебі, тұрақты тоқты аккумуляторға жинауға болады. Ал двигатель тоқтап тұрған кезде оны оталдыру үшін аккумуляторға жиналған электр қуатын пайдаланады. Электр қуатын пайдаланатын құралдарға әр түрлі электр двигательдері, электр шамдары және бақылағыш жабдықтар жатады. Электр энергиясын ең көп пайдаланатын оталдыруға арналған двигатель стартер деп аталады.

Қияр

Қиярдың тамыры топырақтың беткі қабатында орналасқандықтан ондағы қоректік заттарды өте тиімді пайдаланады. Вегетациялық дәуірінің басында азотпен қоректенуінің жақсаруы қияр жапырақтарының жылдам өсіп-жетілуіне, ал фосформен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз болуы оның дер кезінде гүлденуіне әсер етеді. Қияр өсімдігі өзі сіңірген қоректік элементтердің басым көлшілігін (55-60% азот пен фосфор, 60-70% калий) жеміс түзу үшін пайдаланады

Қиярдың бір ерекшелігі органикалық тыңайтқыш бергенді ұнатады. Көң тағы басқа органикалық тыңайтқыштар қолдану топырақтағы микробиологиялық процестерді күшейтеді де көмірқышқыл газы көп бөлінеді. Қиярдан көп өнімді көң мен минералдық тыңайтқыштарды бірге қолдану арқылы алуға болады. Қиярға көң, фосфор, калий тыңайтқыштарын күзде берген дұрыс. Бірінші қоректендіруде 20-30 кг азотты 3 -4 жапырақ пайда болғанда береді. Содан соң азотпен қоректендіруді әрбір суару алдында жүргізеді. Сол уақытта қияр мол, әрі ұзақ уақыт өнім береді. Қиярға молибден, марганец сияқты микроэлементтерді қолдану оның өнімінің сапасын жақсартады.

Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары

Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдарының іс-әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады. Ол экономиканың жай – күйін, қоғамның материалдық және мәдени өмірінің қажеттіліктерін және басқа факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.

Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны күрделі, өйткені ол шаралардың ауқымды кешенін, оны дәйекті жүзеге асыру стадияларын қамтиды, олар:

  1. экономикалық заңдардың әрекеті, экономиканың жай-күйі,қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының перспективалары негізінде елдегі қаржының ғылыми негізделген тұжырымдамасын әзірлеу;

  2. экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттерін негіздей отырып, қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық шараларын тұжырымдау;

  3. белгіленген іс-әрекеттерді қаржы механизмі арқылы іс жүзінде жүзеге асыру.

Осы негізгі үш буынның бірлігі қаржы саясатының мазмұнын анықтайды. Демек, экономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке ала отырып, қоғамды дамытудың міндеттеріне байланысты қаржыны ұйымдастыру мен пайдалану мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]