Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_tili_6_kredit (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.88 Mб
Скачать

Бүршіктер

Ағаштын жоғары басында пайда болатын барлык өркендер, жапырақтар, гүлдер бүршіктерден тарайды. Ол өркендер, бүтақшалар немесе гүл шоктары болып табылады. Бүршіктер остен тұрады, олар бастапқы жапырақтың, гүлдердің ұшына бірігіп жақын орналасады.

Егер бүршіктер бастапқы өркендердің және бүтақтардың басында болса,онда олар вегетациялық деп, ал бүршіктерде алғашқы гүлдер пайда болса генерациялық, гүлді немесе жемісті деп аталады. Егер генерациялық бүршіктердің жалғыз ғана алғашқы гүлдері пайда болса,онда алғашқы гүлдер өркендер жэне жапырақтар қабаттас аралас деп аталады.Жай жемісті бүршіктерден гүлдер, содан соң жемістер, аралас бүршіктерден гүлдер, өркендер жэне жапырақтар пайда болады.

Жай генеративті бүршіктер сүйекті,цитрусты тұқымдас жемістерге (қызыл қарақат, грек жаңғағы, фундуктер, т.б) тән.

Аралас бүршіктерге шекілдеуіктілер (дэндэ жемісті ағаштар)- қара қарақат, қарлыған, таңқурай, інжір, қүрма т.б жатады.

Қаракөл мен Елтірінің тауартануы.

Қаракөл қойы түқымының қозысынан алынған теріні қаракөл, елтірі түқымдастарынікін- қозы мен лақ терілерін - мех деп атайды. Қаракөл терісінде 500-дейін бүйра болады да, оның өзі керемет өрнек түзіп, оған жұмсақтылық, жібектілік, жылтырлық қасиет беріп, тауарды ерекше эдемі көрсетеді. Қаракөл терісінің осындай тауарлық қасиеттері дүние жүзінде ерекше жоғары бағаланып,ол аң терілері мен мех арасында ерекше орын алады, ол дүние жүзілік аукционда еркін валютамен - алтынмен төленеді.

Қазіргі кезде қаракөл өсіретін аймақ біздің елде де, шетелдерде де едәуір үлғайды. Қаракөл қойын өсірумен Орта Азия жэне Қазақстан республикалары, Оңтүстік - Батыс Африка жэне Ауғаныстан республикасы шүғылданды.

515-тапсырма.Мәтін мазмұнына сәйкес бірнеше сұрақ әзірлеңіз.

516-тапсырма.Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

Тауар, дақылдар, бұршік, белок, сауда, айырбас, ірімшік, қоректілік, елтірі, валюта.

517-тапсырма.Берілген сөйлемге синтаксикалық талдау жасаңыз.

Ағаштын басында пайда болатын барлық өркендер,жапырақтар,гүлдер бүршіктерден тарайды.

518-тапсырма. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз.

Тауар, сүзбе, дақыл.

519-тапсырма. Адамның бойындағы қасиеттерге, мінез-қүлыққа байланысты берілген мақал-мэтелдерді жаттап алыңыз.

Жақсы адам -елдің ырысы,

Жақсы жер - жанның тынысы.

Ақылсыз адам айқай келеді,

Жан-жағына жайпай келеді,

Ақылды адам жай - жай келеді,

Жан - жағын байқай келеді.

Сабыр түбі - сары алтын.

Өз үйінде ою оймаған,

Кісі үйінде сызу сызады.

Сабақтың тақырыбы: Л. т. Мамандыққа байланысты терминдер

Г. т. Шылау (септеулік, жалғаулық, демеулік

шылаулар).

520-тапсырма. Мамандығыңызға байланысты мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

Резеңке материалдары

Табиғи каучукпен жасанды синтетикалық каучукты күкірт және түрлі қоспалармен бірге өңдегенде алынатын өнімді резеңке деп атайды. Оның созылғыштық қасиеті өте жоғары. Оған қоса резеңке үйкелуге, созылу мен майысуға, майдың және басқа ортаның әсеріне шыдамды. Резеңке электрді, газды, суды өткізбейді. Осындай қасиеттерінің арқасында ол бағалы материал болып табылады. Техникада резеңке бұйымдарын жасау үшін шикізат ретінде табиғи және синтетикалық каучуктер қажет. Табиғи каучукты өсімдіктерден алатын болғандықтан одан резеңке бұйымдарын жасау кеңінен қолданылмайды. Синтетикалық каучук мұнай өнімдерінен, табиғи газдан, ағаштан өндіріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]