Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_tili_6_kredit (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
29.02.2020
Размер:
1.88 Mб
Скачать

Субтропикалык дақылдар тобы.

Бүл топқа эр түрлі ботаникалық тұқымдастарға жататын өсімдіктер кіреді.Олар суыққа төзімсіз, жылусүйгіш жэне даму кезеңі ұзақ (6-7 ай). Кең тарағандары-лимон,апельсин,мандарин,грейпфрут т.б. Олар цитрус тегіне, аңызды тұқымдасына жатады. Бұлар мәңгі жасыл болып өсетін немесе бұта.

Цитрус жемістерінде лимон қышқылы, пектин, А, В, Сжәне басқа да витаминдер, органикалық, минералдық заттар көп болады.Цитрус жемістерін көбіне жаз айларында пайдаланады. Олардан компот, цукат, сироп даярлайды жэне эфир майы, лимон қышқылы алынады.

Цитрус өсімдіктерінің отаны - оңтүстік шығыс Азия болып табылады, атап айтқанда Қытайда, Италияда, Испанияда, Грузияда, Сирияда, Үндістанда, Пэкістанда, Мексикада, Бразилияда, Африкада жэне басқа да мемлекеттерде көп өсіріледі.

Қара теңіз жағалауында, Тэжікстанда, Өзбекстанның оңтүстігінде кең тараған. Цитрус өсімдіктерінің ішінде қолдан өсірілетіні - лимон. Суыққа төзімділігі нашар болғандықтан, оларды қысқа қарай жауып қояды.

Субтропикалық өсімдіктер ішінде кең тарағандары анар, інжір, зәйтүн, құрма, унаби, шилен. Бұлар цитрус өсімдіктерімен салыстырғанда суыққа да, куаңшылыққа да төзімді болып келеді, сол себептен Қырымда, Орта Азия, Армения, Әзербайжан, Грузия республикаларында, Краснодар өлкесінде кеңінен тараған.

Сүзбе-ірімшік. Сүзбе-ірімшік - сүтті сүт қышқылды ашытқының таза дақылымен ұйытып, хлорлы кальций, үлтабар ферментін немесе пепсин қосып, сары суының біршама бөлігін алу арқылы дайындаған белокты қышқыл сүт өнімі.Оның қоректілігінің жоғары болуы қүрамында барлық мүлде ауыспайтын амин қышқылдары бар белок мөлшері өте жоғары (12-14%), сонымен қатар құрамында минералдық заттар мен май көп. Сүзбе-ірімшік қүрамында кальций мен фосфор өте көп жэне олар организмнің қорытуына қолайлы қатынаста кездеседі, сонымен бірге сүзбе-ірімшік темір мен магнийге де бай.

Ірімшік-сүзбе өнімдері - ірімшік сүзбені үсақтау, уқалау және дэмдендіргіш үстемелер қосу арқылы дайындалатын белокты қышқыл сүт өнімдері. Бұлар тэтті, тұздалған сүзбе, ванилин, жаңғақ, какао, кофе қосқан ірімшік-сүзбе шикізаты, ірімшік пастасы. Ірімшік - сүзбе өнімдерін дайындау технологиясының негізгі операциялары: қүрамдас бөліктерін табу, араластыру жэне бөлу. Сүзбе өнімдеріне арналған шикізаттардың сапасы жоғары, бөтен иісі, дэмі жоқ болуы керек. Оны арнаулы уқалайтын қондырғыларда біркелкі нэзік консистенцияға дейін уқалайды. Сары майды қаймақ тэрізді жағдайға дейің ерітеді, қант, какао, кофе, түз, бұрышты елеуішпен елейді, жүзім мен цукатты іріктеп, ыстық суда кейін суық суда жуып, ұсақтайды. Қүрамдас бөліктерін рецепт бойынша ірімшік араластырғыш қондырғыға салып араластырып, бөледі. Оларды 8°С температурада 24 сағат сақтауға болады.

Тауар айналысы.

Тауар айналысы - оны сату мен сатып алу істерінің жиынтығы. Бүл өндірістік жэне жеке қажеттерді қанағаттандыру мақсатында ақша арқылы жүзеге асырылатын жоспарлы тауарлар айырбасы. Тауар қорлары, оларды орналастыру, баға, тағы басқа өткізу шарттары жоспарлы түрде белгіленеді. Мемлекет өнімдерді сатып алу түрінде үздіксіз айырбасталып отыруына жағдай жасай отырып,тауар массасы мен халықтың төлем қабілеті арасындағы қажетті пропорциялықты жоспарлы түрде қамтамасыз етуді көздейді. Тауар айналысының басты қызметі - көтерме жэне бөлшек сауда көмегімен жиынтық өнімді жоспарлы түрде бөлу. Соған сэйкес мемлекеттік жэне кооперативтік кэсіпорындардың өндіріс құрал-жабдықтарына, ал халықтың тұтыну заттарына төлем қабілеттілігі сұранымдарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету. Тауар айналысының екінші қызметі өндірілген жэне рынокке жеткізілген тауардың ақшалай құнының орнын толтыру болып табылады. Сөйтіп өнімді сату нэтижесінде кэсіпорындардың шығындары өтеледі. Тауар - ақша қатынастары бар жерде өндіріс процесі,жүмсалған өндіріс қүрал-жабдықтары қүнының орны толтырылып,еңбекақы төлеу қоры жасалған тауарды ақшаға айналдыруы қажет. Сауданың түріне қарай бөлшек жэне көтерме сауда тауар айналымдары болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]