Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_tili_6_kredit (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.88 Mб
Скачать

15.1. Қазақ тілінің терминдік лексикасы.

Сабақтың тақырыбы: Л. т. Қазақ тілінің терминдік лексикасы.

Г. т. Шылау.

Сабақтың мақсаты: Мамандықтарына байланысты мәтіндерді оқыту

арқылы студенттердің сөздік қорын молайтып,

мәтінге байланысты термин сөздерді

меңгерту.

Пайдаланылған

әдебиеттер: С.М. Исаев. Қазақ тілі. А., 1993.

Н.Ә. Егіншібаева. Қазақ тілі. Оқу құралы.

А., 2001.

Б.Р. Қалықов, Қ.А. Қосыбаев. Өндіріс

мекемелерінің электр жабдықтарын жөндеу

және құрастыру. Астана, 2003.

Т. Несіпбаев. Жануарлар физиологиясы.

А.,«Ғылым» 2005.

Н.Ә. Егіншібаева, М. Отынчиева.

Мал шаруашылықтарына арналған мәтіндер

мен тапсырмалар.А.,2004ж.

Жаңа сабақ:

Тірек сөздер: қоректену, қоректік зат, зат алмасу, өсімдік, тамыр, өркеш, тұқым, құрғақшылық, тыңайтқыш, электронды шам, электр қуаты.

508-тапсырма. Мамандығыңызға байланысты мәтінді оқып, аударыңыздар.

Өсімдіктің қоректенуі

Өсімдіктің сыртқы ортамен зат алмасуын оның қоректенуі дейді. Өсімдік қоректік заттарды жапырақтары және тамырлары арқылы қабылдайды. Өсімдіктер: ауа арқылы және тамыр арқылы қоректенеді. Өсімдік ауа арқылы қоректенуде өзінің жасыл жапырақтарының көмегімен, атмосферадағы көмірқышқыл газын ассимиляциялайды. Ал тамыр арқылы қоректенуде топырақтағы суды, минералдық тұздардың иондарын және өте аз мөлшерде органикалық қосылыстарды сіңіреді. Соңғы жылдардағы зерттеулер органикалық заттар өсімдіктің тамырында түзіле бастайтындығын дәлелдеп отыр. Сондықтан өсімдіктің осы екі қоректену түрі бір-бірімен тығыз байланысты.

Түйенің түрлері, тұқымдары

Атақты ғалым Карл Линней өркеш санына қарап түйені екі түрге бөлген еді. Яғни, жалғыз өркешті түйелерді - аруана, ал қос өркештіні - айыр түйе деп атады.

Жалғыз өркеш жүрдек түйелерді Рим халқы «камелюс дрома деп атағандықтан кейін «дромедар» деп атанып кеткен. Орта Азияда бір өркешті түйелердің тұқымы - аруана , қос өркешті түйелердің тұқымы -қалмақ, қазақ және монғол түйелері өсіріледі. Бір өркешті аруана оңтүстікте өседі. Түркімен аруанасы. түркімен халқының сұрыптап өсіріп шығарған түйе тұқымы. Бұл тұқым Түркіменстанда, Өзбекстанда, Қарақалпақстанда, Оңтүстік Қазақстанда өсіріледі. Олардың денесі жалпақ, шымыр біткен, бойы қысқа, сирақтары ұзын болады. Түйелердің аруана тұқымы 12 - 13 ай бойы сауылады да, осы мерзім ішінде 1500 - 1700 литрге дейін сүт береді. Олардың жаздың ыстығы мен құрғақшылық жағдайларына көнгіш қасиеттері бар.

Қос өркешті түйелерді солтүстік малы деп есептейді. Сондықтан олар қалың жүнді, қатаң климатқа жақсы бейімделген, аязға төзімді болып келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]