
- •Алматы -2008
- •Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
- •Анамның тілі - ардақтым менің
- •Қазақстан Республикасының Ата заңы
- •Менің елім, менің отаным – Қазақстан.
- •Түркістан
- •Студенттердің өзіндік жұмысы
- •3.1 Адам және табиғат
- •Орман өсімдіктері
- •Хабарлы сөйлем
- •Табиғатты қорғау.
- •Тоқылдақ
- •Құстар қайтып барады
- •1) Балалар орманға саяхатқа барады.
- •2) Оқушылар орманшының кеңесі бойынша жұмыс істейді.
- •Үй құстарын өсірудің маңызы.
- •Студенттердің өзіндік жұмысы
- •4.1 Қазақстанның өндіріс орындары
- •Қазақстанның ауыр өнеркәсібі
- •Сары-Арқа
- •Астана- Қазақстанның бас қаласы
- •Есіл жағасында еңселі қала
- •Семей полигоны
- •Батыс Қазақстан облысы.
- •Теміртау
- •Гонорар.
- •Студенттердің өзіндік жұмысы.
- •Нарықтық жүйедегі білім беру
- •Г.Т. Күрделі сөздер, олардың жасалу ережесі.
- •Жоғары білім беру
- •Білім берудің жаңа талаптары.
- •Университет факультеттері
- •Біздің университет
- •Студенттердің өзіндік жұмысы
- •Г.Т. Зат есімнің түрлері
- •(Имя существительное)
- •Г.Т. Жалпы және жалқы есімдер
- •Темекінің зияны
- •Г.Т. Жалпы және жалқы есім
- •«Жасыл ел» жасағы
- •Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Қазақ халқының шеберлік өнері
- •Қазақ музыкасы - өмір айнасы
- •Сазген аспабы
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Ою дегеніміз не?
- •Күй атасы
- •Қырқынан шығару
- •Сан есім , оның түрлері
- •Тұсау кесер
- •Арқан тарту
- •Г.Т. Сан есім, оның түрлері
- •Ұлттық ойындар
- •Наурыз мейрамы
- •Сан есімнің емлесі
- •8. 6. Қорытынды сабақ.
- •Сәлемдесу - парыз
- •1. Болжалдық сан есімді көрсетіңіз
- •5. Реттік сан есімді көрсетіңіз
- •Студенттердің өзіндік жұмысы
- •9.1. Қайраткерлер мен тұлғалар
- •Абай Құнанбайұлы
- •Жіктеу есімдіктерінің септелу үлгісі
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сабақтың тақырыбы: л.Т. Ш. Құдайбердиев
- •Әдебиеттер: г.Шаһарман “Практикалық қазақ тілі”. Ш.Құдайбердиев, м.Дулатов шығ. Жин.
- •Шәкәрім Құдайбердиев
- •Сабақтың тақырыбы: л.Т.Міржақып Дулатов
- •Міржақып Дулатов
- •Жазушының қанағаты
- •Сабақтың тақырыбы: л.Т. Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытов.
- •Әдебиеттер: ш. Бектұров, м.Серғалиев “Қазақ тілі”.
- •Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытов шығ.Жинағы.
- •Ахмет Байтұрсынұлы
- •Жүсіпбек Аймауытов
- •Қыл қаламның хас шебері
- •Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмалары.
- •10. 1 Студенттердің ғылыми жұмыстары
- •Реферат.
- •Ақша деген не?
- •Агрономиялық кендер
- •Жер табиғи ресурс ретінде
- •Инженер
- •Ветеринария ісін ұйымдастыру
- •Маркетинг қызметі деген не?
- •Мал атауы туралы
- •Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы.
- •Ветсансарап зертханасы
- •Жер кадастрының қазіргі міндеттері мен мазмұны
- •Рецензия
- •Салық саясаты
- •Агрономия
- •Экология ғылымы.
- •Індет процесі туралы түсінік
- •Іріктеу және сұрыптау
- •Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Мамандықты қалай түсінесіз?
- •Алманың пайдасы.
- •Электрмен жылынатын едендер
- •Табиғатты қорғау
- •Орман туралы не білесіз?
- •Кушумская порода лошадей
- •Университет тарихынан
- •Ауыл, орман және су шаруашылығы инженерлігі факультеті
- •Агробиология және экономика факультеті
- •Ветеринарлық және мал шаруашылығы факультеті
- •Банк жүйесі
- •Электр жабдықтары
- •Нобель сыйлығы туралы не білесіз?
- •Инженер-электрик мамандығы
- •Алғашқы трамвай қай жерде жүрген?
- •Зоогигиена туралы түсінік
- •Ветеринарлық медицина мамандығы
- •Қызылша
- •Балалық шақ
- •Ұлттық байлық дегеніміз не?
- •12. 1. Ғылым тарихынан
- •Агрономиялық химия
- •Электронды есептеуіш машина (эем)
- •Індеттану
- •Қаракөл елтірісі
- •Орман тіршілігі
- •Картоп дақылын тыңайту
- •Трактордың жалпы құрылысы
- •Валюта нарықтары
- •Наурызым қорығы.
- •Вирустар
- •Қызанақ
- •Механизм құрылымы
- •Экология
- •Экономика
- •Шартты райдың жіктелу үлгісі.
- •Қалау рай.
- •Мақал-мәтелдер
- •Бағалы аң терісінің тауарлық қасиеті және оны анықтау әдістері
- •Ауыл шаруашылығындағы үй жайлар.
- •Қаржы жүйесі
- •Машина жасау технологиясы
- •Ауыл шаруашылығындағы тыңайтқыштар
- •Қарасан ауруы
- •Қаракөл қозылары
- •Литосфера
- •Экономикалық бірліктер
- •Қасиетті нан
- •Электр сымдары неге ызыңдайды?
- •Сумен жұмыс істейтін компьютор
- •Мотоциклдер неге дизельді жанармаймен жүрмейді?
- •Целлюлоза дегеніміз не?
- •Тозаң – қылмыскердің куәсі
- •Г.Т. Үстеу туралы түсінік
- •Жануарлар дыбысы.
- •Операциялық жүйе (ож)
- •Техникалық эксплуатацияның негіздері.
- •Көкөніс дақылдарын тыңайту
- •Негізгі шоттар.
- •Лимфа (сөл) жүйесінің құрылым принципі.
- •Электрлік шам
- •Көшіргіш аппарат қалай жұмыс істейді?
- •Теңге – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы
- •Биоотынмен автомашина жүре ме?
- •Бақалар қалай қыстайды?
- •Г.Т. Үстеудің мағыналық түрлері
- •Мезгіл үстеуі
- •Мекен үстеуі
- •Балмұздақ.
- •Жәндік жейтін өсімдік.
- •Ең лас өзен қайда ағады?
- •Капитал
- •Тағам қалдықтарынан ток алынды
- •Компьютердің жұмысын калькулятор атқарады
- •Бағалау
- •Пластиктен жанармай
- •Сүт сапасы шөптен
- •Бактериялық рак
- •Мөлшер үстеуі
- •Күшейткіш үстеу
- •Мақсат үстеуі
- •Себеп – салдар үстеуі
- •Ірі қара (сиыр)
- •Қаймақ жасау
- •Ас қорыту.
- •Микро машиналар
- •Өсімдік және музыка
- •Интернет – ол не?
- •Как были открыты витамины
- •Понятие валютного риска
- •Сүт қышқылды бактериялар
- •Жеміс бақтарына тыңайтқыштар енгізу
- •Өнер –білім, бар жұрттар
- •Қазақстанның дәрілік өсімдіктері
- •Казахский архармеринос
- •Значение рыбы в жизни человека
- •Тыңайтқыш қолдану және қоршаған ортаны қорғау
- •Тікпе көшеттерді өсіру технологиясы
- •Қазақстанда қой шаруашылығының өркендеуі
- •Талшықты технология туралы
- •Сәбіз, пияз
- •Аккумулятор
- •Одағайдың түрлері.
- •15.1. Қазақ тілінің терминдік лексикасы.
- •Өсімдіктің қоректенуі
- •Түйенің түрлері, тұқымдары
- •Термос қайдан шықты
- •Тыңайтқыштар
- •Субтропикалык дақылдар тобы.
- •Тауар айналысы.
- •Бүршіктер
- •Резеңке материалдары
- •Күздік бидайды тыңайту
- •Электр жабдықтары
- •Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары
- •Мыңжапырақ
- •Сиырды азықтандыру
- •15. 6 Қорытынды сабақ
- •Өзіндік жұмыс тапсырмалары
Талшықты технология туралы
Кейінгі кездері талшықты технология, талшықты байланыс, оптика дегендер жиі айтылып жүр.
Талшықты технологиялардың негізін шыны тәріздес жіптер - оптикалық талшықтар құрайды. Талшықтың ішкі қуысы - жарықты шағылыстыру қасиетіне ие. Ол ішіне жіберілген сәулені қаншалықты иілгеніне, созылғанына қарамастан екінші ұшына толығымен сақтай және жеткізе алады. Осы талшықтың ішіндегі жарықтың импульстері телефондық белгілер мен цифрлық мәліметтерді тасымалдауға мүмкіндік береді.
Хирургтер талшықты оптиканы адам ағзасының ішкі құрылысын бақылауға қолданады.
Сәбіз, пияз
Сәбіз бен пияздың басқа көкөніс дақылдарынан өзгешелігі олардың өнімі жер астында болады. Бұл көкөніс дақылдары агротехникалық шараларды тиімді қолданса гектарына 500-600 центнерге дейін өнім береді.
Пияз бен сәбіздің топырақтағы қоректік заттарды пайдалануының өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан оларға бастапқы кезде азотты көбірек беру керек, ал өнім салуының соңғы кезде азот қолдануды азайтып, фосфор мен калий беруді күшейткен дұрыс. Фосфор мен калий пияз бен сәбіздің тез пісуіне, сапасының жақсы болуына, қыста жақсы сақталуына көмектеседі. Пияз органикалық тыңайтқыш бергенді ұнатады, ал сәбізге оны қолданудың қажеті жоқ.
Сұрыптау
Жақсы малды іріктеу тұқым асылдандыруда үнемі табысқа жеткізе бермейді. Сондықтан жұптау үшін малды сұрыптау, яғни жұптаудың нәтижелерін болжай отырып, белгілі бір саулықтар тобына қошқарларды таңдап алу- тұқымды асылдандыру жұмысының аса маңызды бөлігі болып табылады.
Сұрыптаудың міндеттері – қошқар мен саулықты іріктеу арқылы олардың анықталған бағалы ортақ қасиеттерін нығайта түсу.
Қаракөл қойларын сұрыптағанда, елтірілік сапасы өте жоғары, сонымен қатар дене бітімі берік, денсаулығы жақсы және осы қасиеттерін ұрпағына өнімді мол бере алатын қабілеті мал алу мақсаты қойылады.
Жылқының дене өлшемдерін алу техникасы
Жылқының дене өлшемдерін анықтау үшін қолданылатын құралдар: өлшегіш таяқ, лента, циркуль. Өлшегіш құралдар сантиметрге бөлінген, есептеу туралығы 0,5 см-ге дейін жүргізіледі. Өлшемдерін алу үшін жылқыны төрт аяғын басып тұратын тегіс жерге тұрғызады. Жылқының басы мен мойны жоғары көтеріліп әдеттегі дұрыс алға бағытталған қалыпты күйінде тұруға тиіс. Жылқыны өлшегенде сол жақ қапталында тұрып жүргізеді.
Дене өлшемдерін бір –бірімен салыстыру үшін, олардың алынатын орындарын дәл таба білу қажет.
Аккумулятор
Аккумулятор деп энергияны жинақтайтын құралды айтады. Трактор аккумуляторлары электр энергиясын химиялық энергияға айналдырады да, сол химиялық энергияны жинақтап, ұстап тұрады. Керек кезінде химиялық энергия, аккумулятор ішінде реакция жүргендіктен электр энергиясына айналып, қайтадан сыртқа беріледі.
Электр энергиясын жинайтын аккумулятордың бірнеше түрі бар. Солардың ішіндегі тиімді қызмет атқаратындары қорғасынды-қышқылды аккумулятор, яғни күкірт қышқылына салынған қорғасын мен оның тотығының аралығында реакция жүреді де, олар зарядталады. Бұл аккумулятордың ерекшелігі, ток көзінің кернеуі 2В болады және ол кернеу оның қорғасын пластиналарының мөлшеріне, санына байланысты болмайды.
Аккумуляторларды машиналарда пайдалану үшін олардың бірнешеуін біріктіріп, бір батареяға жинақтайды. Сол батареядағы аккумулятор санына қарай электр кернеуін тиісті шамаға жеткізеді. Тракторларда қолданылатын электр құралдары мен машиналары 12В кернеуге есептелген. Сондықтан да аккумуляторлық батареяның кернеуін 12В етіп жасайды, яғни бір батареяда алты аккумулятор болады.
Топырақ түзілуіндегі биологиялық процестер
Топырақ түзілу немесе құрылу процесі – жер қыртысының жоғарғы бөлігіндегі әртүрлі заттардың араласып бір- бірімен айналысқа түсіп отыратын күрделі құбылыстардың жиынтығы. Бұл процестер кіші биологиялық және үлкен геологиялық заттар айналымындағы элементтермен судың , жылудың тепе-теңдігімен, өзара әсерлерінің сипатына, дәрежесіне қарай топырақ түзілу процесінің белгілі типтерімен анықталады. Табиғатта топырақ түзілу өте ұзаққа созылған құбылыс. Негізінен топырақ тау жыныстарының әртүрлі жолдармен үгілуі және микроорганизмдердің тіршілік әрекеттері нәтижесінде түзіледі.
Олар өсімдіктерге қажетті минералдарға : кальций, фосфор, күкірт т.б. элементтерге бай болады.
Г.Т.Одағай
Одағайлар- адамның көңіл-күйін, сезімін білдіретін және жан-жануарларға қаратылып айтылатын сөздер. Одағайдың өзіндік ерекшелігі: толық мағынасы болмайды, белгілі бір сұраққа жауап бермейді, сөйлем мүшесі қызметін атқармайды.
Қосарланған одағайлар сызықша арқылы жазылады. Мысалы; Пай-пай.
Одағай сөйлемнің басында келіп, лептік интонациямен, көтеріңкі дауыспен, лептік мағынамен айтылса, одан кейін леп белгісі қойылады. Мысалы: Япыр-ай! Япыр-ай! Ә...!
Одағай сөйлемнің басында келіп, үтірмен бөлінеді. Мысалы: Түу, бері келші.
Одағай сөйлемнің соңында тұрса, үтір одан бұрын қойылады.
Мысалы: Бүгінгі дос- ертең жау,
Мен не қылдым, япырым-ау. (Абай).