Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_tili_6_kredit (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.88 Mб
Скачать

Тоқылдақ

Тоқылдақ - орман құсы. Тоқылдақтың әр түрі болады. Ең үлкені қара тоқылдақ. Ең кішісі шұбар тоқылдақ. Барлық тоқылдақтар ертеден кешке дейін жем іздейді. Ал түнде ұяларында тынығады. Олар суықта да басқа жаққа кетпейді. Тоқылдақ ағаш діңгегімен өрмелеп, шапшаң жүреді. Оның өткір және шеңгелді тырнағы, оған қоса ұзын, мықты тұмсығы мен тіреуіш құйрығы бар.

98- тапсырма. Мәтінге сұрақ қойыңыз.

99- тапсырма. Берілген сөздермен сөйлемдер құраңыз.

Кептер,торғай, сауысқан.

100- тапсырма. Мына өлеңді жаттап алыңыз.

Құстар қайтып барады

Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып,

Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып.

Зымырайды менің бала кезімдей,

Бір жалт етіп, өте шыққан сезімдей.

Біздің жаққа бауыр басып кеткен бе

Тамаша әнмен келіп еді көктемде.

Туған жерге сыймай кетіп барады,

Өскен жерін қимай кетіп барады.

(Н. Тілендиев)

Г.т. Бұйрықты сөйлем

Біреуге бұйыру, тілек-өтініш ету мақсатымен айтылған сөйлемді бұйрықты сөйлем дейміз.

Бұйрықты сөйлемнің жасалуы:

Бұйрықты сөйлемнің баяндауышы

Мысалдар

  1. Етістіктің бұйрық райының 2-жақ жекеше, көпше түрі мен 3-жақ түрі.

  1. Бұйрық не шартты райға -шы, -ші жұрнағының жалғануы арқылы жасалады.

Ал енді құлыным, адам бол, оқы. (Б. Тоғысбаев.) Мына дәріні ішіңіз. Ағатай, біздің ауылға жүріңіз. (Ғ. С.)

Зайра апай, мынаны оқып беріңізші. (С.О.) Осы жағдай сенің де есіңде болсыңшы, балам. (А. Байт.)

101- тапсырма. Берілген сөйлемдерді бұйрықты сөйлемге айналдырып, морфологиялық талдау жасаңыз.

1) Балалар орманға саяхатқа барады.

2) Оқушылар орманшының кеңесі бойынша жұмыс істейді.

102- тапсырма. Бос торды мына құстардың атымен толтырыңыз.

Сауысқан, бүркіт, ұлар, тоқылдақ, қарға, қырғауыл.

Қ

Ұ

С

Т

А

Р

3.6

Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ

Қолданылатын әдістер: 1) сұрақ-жауап

2) оқу, аудару

3) әңгімелесу

4) мәнерлеп оқу

5) жаттау

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Бектуров Ш., Бектурова А. Қазақ тілі для начинающих. А., 1994.

2. Сыбанбеков К. Жасыл әлем сырлары. А., 1990.

3. Орынбаев О. Қазақстан ормандары. А., 1971.

4. Молдабергенов А. Атамекен. 1983.

103-тапсырма Мәтінді оқып, түсінігіңізді айтыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]