Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_tili_6_kredit (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
29.02.2020
Размер:
1.88 Mб
Скачать

Індеттану

Індеттану –індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттеп, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін зерттейтін ғылым.

Індеттану екі түбірден тұратын қазақтың төл сөзі: індет—жұқпалы аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану—білу, яғни ғылым деген мағына береді. Індеттану батыс тілдерінде «эпизотология» деп аталады. Ол да екі ұғымның жиынтығы: эпизотология (грекше «epі» -арасында, «zoop»-жануар) және logos—ғылым . Бұл терминнің шығу төркіні медицинаның саласы эпидемологияға барып саяды. Эпидемия (грекше «ерің-арасында, demos—халық) жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең таралуы. Індеттану пәні бір-бірімен тығыз байланысты үш саладан тұрады. Олар –індеттану, жұқпалы аурулар және ветеринариялық санитария.

Індеттанудың өзі індет процесін зерттейді. Ол жалпы індеттану және жекеше індеттану деген екі салаға бөлінеді. Жалпы індеттану індет процесін барлық немесе көптеген жұқпалы ауруларға тән заңдылықтарын қарастырады. Жекеше індеттану жеке аурулар кезіндегі індет процесін зерттейді.

Жұқпалы аурулар бөлімі ауруларды дерттің басқа да түрлері сияқты (жұқпайтын, хиругиялық, гинекологиялық, паразиттік т.б.) дәрігерлік тұрғыдан қарастырады. Олардың этиологиясын, патогенезін, клиникалық белгілерін, балау, емдеу және дауалау әдістерін зерттейді. Ветеринарлық санитария жұқпалы ауруларды қоздыратын зардапты, микробтарды сыртқы ортада жою жолдарын қарастырады.

Қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысқан өзінің сан ғасырлық тарихында жануарлардың жұқпалы ауруларымен күресудің өзіндік мол тәжірибесін жинақтады. оның ішінде бұрынғы заманнан қалыптасқан сиырда аусылды, қойда шешекті, ешкіде кебенекті ауру малдан сау малға егу арқылы осы індеттермен күресу әдістерін атауға болады. Сондай-ақ сол заманғы шаруашылық және тіршілік жағдайына сай жұрт жаңарту, жайылым ауыстыру, ауру малды оқшаулау, өлгенін көму, не өртеу сияқты шаралар індеттің тарауына қарсы қалыптасқан тұтас бір жүйе.

Қаракөл елтірісі

Қаракөлді елтірі, ет, жүн т.б. өнім түрлерін өндіру мақсатында өсіреді. Алайда олардан алынатын негізгі өнім –жаңа туған қозының терісі- елтірі. Ол өзіндік өте әдемі түспен алуан түрде құбылмалы келеді. Қаракөл елтірісі-- ішкі сауда да ғана емес, экспортқа да шығатын қымбат бағалы шикізат. Қаракөл қойын жылына екі рет –көктемде және күзде қырқады, көктемгі жүні «жабағың деп аталады. Ол тұтас күйінде қырқылып алынады. Қаракөл саулықтарының сүті көп болмайды. әр қойдан сауын маусымы кезінде орта есеппен 50-60 л. сүт алуға болады. қой сүтінде 6,7 пайыз май, 5,8 % белок, 4,6 % қант және 0,8 % күл заты болады. Сүттің қоректік сапасы өте жоғары және сиыр сүтіне қарағанда ондағы құрғақ зат 50 %, май екі есе артық. 5-7 айдан асқан қозыдан алған тері қой терісі болып есептеледі. Қаракөл қозыларының ұлтабар ферменті-мәйегі сыр қайнататын өнеркәсіпте сүтті ұйыту және медициналық дәрі-дәрмектер дайындау үшін кеңінен қолданылады.

Орман тіршілігі

Біз орманның тіршілігін, орман экологиясы мен морфологиясын оқудан бұрын алдымен «орман дегеніміз не сұраққа жауап беруіміз керек. «Орманң деген сөздің өзін үлкен бір аумақта орналасқан көп өсіп тұрған ағаштардың жиынтығы деп түсіну дұрыс емес. Өйткені саябақта, гүлбағында, тоғайларда қосымша ағаштар өсіп тұр. Біз оны орман деп айта алмаймыз. Сондықтан ормантану пәнін оқығанда орманның жай ғана ағаштар жиынтығы емес, бұл өзінің тіршілік және экологиялық қатал заңдылықтары бар табиғи құрылым. Нағыз ормандарда тек қана ағаштар ғана емес, бұталар, шөптесін өсімдіктер, саңырауқұлақтар, мүктер өседі. Орманның тірі организмдерімен бірге биотиаклық қарым-қатынастардың белгілі түрлері бір-бірінің үйіне қоныстану, жыртқыштық, паразиттілік, бәсекелесу және трофикалық байланыстар. Ормандағы барлық тірі организмдер тұрақты даму үстінде болады, сондықтан олар өздері ғана өзгеріп қоймайды, өздерімен байланысты болған қоршаған ортаны да өзгертеді. Сонымен орман дегеніміз –бұл ағаштар мен бұталардың, шөптесін өсімдіктердің, жануарлар мен микроорганизмдердің жиынтығынан тұратын географиялық ландшафтың элементі. Орман – бұл табиғи шаруашылық ортаның және орман өсімдіктерінің бірлігі, халық шаруашалығында жан-жақты қолданылатын кең көлемде өндірілетін және қорғауға жататын қоршаған ортаның бірлігі.

Адам Смит

В эпоху Адама Смита Англия становится более промышленной страной. Происходит рост городов, неуклонно возрастает удельный вес населения,занятого в промышленности. Параллельного с обезземеливанием крестьянства шло образование крупного фермерского хозяйства, т.е. капитализм развивался в земледелии. В промышленности все более утверждались мануфактуры. Английский капитализм, стремившийся к монопольному положению на мировом рынке, не боялся свободной конкуреции во внешней торговле. Система экномических взглядов Адама Смита отвечала этой назревшей необходимости – борьбе за свободу торговли против меркантилизма.

Адам Смит (1723—1790) является представителем английской буржуазной классической политической экономии. Его мировоззрение формировалось в атмосфере общения с Джеймсом Уаттом (изобретателем паровой машины), Джозефом Блэком (оснавателем современной химии) и другими великими людьми своего времени.

В 1776 г. в Лондоне выходит в свет его знаменитый труд «Исследование о природе и причинах богатства народовң, принесший ему мировую известность. В «Богатстве народовң Смит обобщил столетнее развитие классической школы буржуазной политической экономии, начавшейся в Вильяма Петти. Разделяя представление об экономике как системе, в которой действуют объективные законы, поддающиеся познанию человека, Смит развил и обаготил идеи своих предшественников, дав ряду проблем свою оригинальную трактовку.

Адам Смит рассматривал человеческое общество как меновой союз, своими корнями уходящий в свойства человеческой природы, считая, что люди в процессе обмена руководсвуются личной выгодой.

Смит пытался проникнуть во внутреннюю связь явленний, обнаружить за внешней и поверхностной картиной глубинные закономерности.

403-тапсырма. Мәтін мазмұнына сәйкес бес сұрақ әзірлеңіз.

Г.т. Рай категориясы

Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістіктің түрі рай категориясы деп аталады.

Рай деген сөз бет алыс, бағыт жөні деген сөздерге синонимдес. Сондықтан да райынан қайтты деген тіркес бағытынан, бет алысынан қайтты, ауа райы деген ауаның қалпы, бет алысы дегенді білдіреді. Демек, етістік қимылды, іс-әрекеттің қалай және қашан іске асуын, ақиқат шындыққа қатысын да білдіреді. Міне, осы соңғы мәні етістіктің рай түрі болып табылады.

Етістіктің райлары қимылдың, іс-әрекеттің жүзеге асу, орындалу мүмкіндігіне қарай төрт түрге бөлінеді: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай.

Ашық рай іс-әрекеттің осы шақта, өткен шақта және келер шақта болғанын, болатынын көрсетіп, үш жақта жекеше, көпше түрде айтылатын райды ашық рай дейміз.

Мен келіп отырмын – Мен келдім – Мен келермін

Сен келіп отырсың – Сен келдің – Сен келерсің

Сіз келіп отырсыз – Сіз келдіңіз – Сіз келерсіз

Ол келіп отыр – Ол келді – Ол келер

Біреуге арналып, бұйыра айтылған етістік мағынасын бұйрық рай дейміз. Бұйрық мағына түбір етістіктің өзінде берілген, сондықтан бұйрықтың қай жаққа қатысын білдіру үшін, түбір етістіке тек жіктік жалғау ғана жалғанады. Ол жіктік жалғау осы райдан басқа жерде қолданылмайды. Бұйрық райдың жіктелуі төмендегіше:

Жекеше Көпше

Мен келейін, санайын Біз келейік, санайық

Сен келесің, санайсың сендер келесіңдер, санайсындар

Сіз келесіз, санайсыз Сіздер келіңіздер, санаңыздар

Ол келсін, санасын Олар келсін, санасын

404-тапсырма. Көп нүктенің орнына бұйрық райдың жалғауын қосып, қай жақта тұрғанын ажыратыңыз.

-Ал, Шұбар, Ербол, сендер ендігі сөзді соларға жеткіз...-деп, Тәкежан байлау айтты.

Мен әуелі айтып шыға .... . Ендеше, Абай сонысын ана ағасына өзі айтып, өзі әдейі соны тоқтат.... . Маңдағы елге хабар жетпейтін бол...! Әбіштің күймесін алға шығар...!

Ал жолдарың бол...!- деді. (М.Ә.)

405-тапсырма. Төмендегі мақал-мәтелдерді жаттап, қай райда тұрғанын ажыратыңыз.

1. Анаңа ауыр сөз айтпа !

Атаңа ауыр жүк артпа!

2. Аға алдында пейіліңді көрсет,

Іні алдыңда мейіріміңді көрсет.

3. Оң қолың ұрыс бастаса,

Сол қолың арашашы болсын.

4. Ақылдыдан үйрен, сұмнан жирен.

5. Сол көзің оң көзіңе қарауыл болсын.

406- тапсырма. М. Мақатаевтың „Уақыт туралы“ өлеңін жазып, жаттап алыңыз.

Уақыт туралы

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.

Менің жаным ашиды, мына өмірді

Өтпейтіндей көретін адамдарға.

Өтеді ғой...

Өтеді ғой барлығыда

Күн арқалап кетеді таңды мына.

Менің жаным ашиды барлығына

Таң нұрына, адамның тағдырына.

(М.Мақатаев)

407-тапсырма. Мына мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп жазыңыз.

  1. Уақыт алтыннан қымбат, уақыт ұлы емші.

  1. Бір жылын ойлаған адам күріш егеді,

Он жылын ойлаған адам ағаш егеді,

Жүз жылын ойлаған адам ұрпақ өсіреді.

12.2

Сабақтың тақырыбы: Мамандыққа байланысты мәтіндер

Сабақтың мақсаты: Мәтінді мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Ә.Егіншібаева., М.Отынчиева «Мал

шаруашылығы мамандықтарына арналған

мәтіндер мен тапсырмалар» А.,-2004.

2. Алиев Ә. «Ауыл шаруашылығы машиналары»

А.,-2004.

Жаңа сабақ.

408-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]