Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_tili_6_kredit (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
29.02.2020
Размер:
1.88 Mб
Скачать

Сабақтың тақырыбы: л.Т. Ш. Құдайбердиев

Г.т. Белгісіздік, болымсыздық, жалпылау

есімдіктері.

Сабақтың мақсаты: Қайта оралған есімдердің өмірі мен

шығармашылығын оқу арқылы студенттердің

білімін арттырып, елін,жерін,отанын, халқын

қастерлеуге, сүюге тәрбиелеу. Есімдіктердің

түрлерін практикалық жолмен меңгерту.

Пайдаланылған Ж. Доспанова, С.Сәрсенбекова,

Әдебиеттер: г.Шаһарман “Практикалық қазақ тілі”. Ш.Құдайбердиев, м.Дулатов шығ. Жин.

Жаңа сабақ:

Тірек сөздер: дүниеге келген, оқу орны, ғұлама, аударма, поэма, алтын қор, кеңес, саясат, өмір, жазықсыз жала, қайта оралу, есім, ат, қоғам қайраткерлері, қуғын-сүргінге ұшырау, кеңшар, абақты, жинақ.

303-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, мәтін мазмұнына сәйкес 5 сұрақ жазыңыз.

Шәкәрім Құдайбердиев

(1858-1931)

Шәкәрім Құдайбердиев 1858 жылы 11 шілде айында Семей облысының Абай ауданында дүниеге келген. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күңкеден туған. Шәкәрім Абайдың немере інісі. Шәкәрімнің шешесі Төлебике арабша, түрікше көп оқыған.

Қол өнерге өте шебер, кесте тігетін, ою оятын, киім пішетін адам болған. Құдайберді 1866 жылы 37 жасында дүниеден өтіп, Шәкәрім 7 жасында жетім қалады. Шәкәрімді Абай өз қамқорлығына алады. Арнайы оқу орнын бітірмесе де, Абайдың басшылығымен және өз бетімен іздену нәтижесінде Шәкәрім ең ғұлама адамдардың бірі болған. Ол түрік, араб, парсы, орыс тілдерін жақсы білген. Шәкәрім әйгілі шығыс жұлдыздары Физули, Низами мұраларымен танысса, батыста Байрон, Пушкин шығармаларынан нәр алған. Ол көптеген аудармалармен айналысты. Ақынның еңбектері "Қалқаман-Мамыр", "Ләйлі-Мәжнүн", "Еңлік-Кебек", т.б. көптеген поэмалар, лирикалық өлеңдер, 20-шақты әндер дүниеге келіп, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің алтын қорына қосылды.

1931 жылы қазан айында аяулы ақын жазықсыз жалаға ұшырап, қаза тапты.

304-тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз.

Уақыт, өлке, әкесі, арабша, шебер, дүние, ән, шығарма.

305-тапсырма. Берілген өлеңдерді жаттап алыңыз.

Өмір

Үш-ақ түрлі өмір бар, бәрі де мас,

Бір рәуішті болады шал менен жас.

Ең керекті дегенің ортаншы өмір,

Түгел қолың жетпейтін бір жанталас.

Қапы өткізбе, сол кездің бір сағатын,

Өкініші қалмайды, кетсе ағатын.

Күні-түні дей көрме, ғылым ізде,

Қалсын десең артында адам атың.

Өмірдің басы – бала, ортасы – адам,

Қартайып, шал болған соң кетті шамаң.

Мақтап жүрген өмірің осы болса,

Үш-ақ ауыз өлеңмен болды тәмам.

Ш.Құдайбердиев

Сағындым

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,

Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.

"Қарашығым, құлыным!" – деп зарлаған,

Алыстағы сорлы анамды сағындым.

Алтын күнді, қара жерді сағындым,

Жан жолдасым – жүйрік желді сағындым.

Асау тайдай еркелетіп өсірген,

Ағайынды, туған елді сағындым.

Г.т. Белгісіздік, болымсыздық, жалпылау есімдіктері.

Белгісіздік есімдіктері мыналар: біреу, бірдеме, әлдекім, әлдеқашан, бірнеше, біраз, бірталай, кейбір.

Болымсыздық есімдіктері мыналар: ешкім, ешнәрсе, ешқандай, ешқашан, ешқайда, ешқайдан, ешқалай.

Зат есімнің орнына қолданылатын болымсыздық есімдіктері зат есім сияқты септеледі, бірақ жіктелмейді.

Жалпылау есімдіктері мыналар: Бәрі, бүкіл, барша, барлық, бар, күллі,бүтін,түгел.

Жалпылау есімдіктері бірнеше зат құбылыстарды жалпылама түрде атау мақсатымен қолданылады. Мысалы: Барлық халық бейбітшілікті қалайды. Мұнда түрлі халықтардың аттарын атап жатпай, оларды жалпылама түрде бір ғана сөзбен (барлық) атаған.

306- тапсырма. Көп нүктенің орнына есімдіктерді қойыңыз.

...халық нарықтық экономиканы қуана қарсы алды. Мен …. үйде тұрамын. Студенттер сабақта…… Бүгін сабақта ….. жоқ? Әңгіме … бітті. … есік қақты. ….. білмейтін студент жақсы маман болмайды.

307-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз.

1. Ел-елдің бәрі жақсы,

Өз елің бәрінен де жақсы.

2. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

3. Өз елім- өлең төсегім

4. Ер жігіт ел үшін туады,

Ел үшін өледі.

5. Отан- оттан да ыстық.

6. Туған жердің күні де ыстық,

Түні де ыстық.

7. Отансыз адам,

Ормансыз бұлбұл

9.4

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]