
- •Алматы -2008
- •Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
- •Анамның тілі - ардақтым менің
- •Қазақстан Республикасының Ата заңы
- •Менің елім, менің отаным – Қазақстан.
- •Түркістан
- •Студенттердің өзіндік жұмысы
- •3.1 Адам және табиғат
- •Орман өсімдіктері
- •Хабарлы сөйлем
- •Табиғатты қорғау.
- •Тоқылдақ
- •Құстар қайтып барады
- •1) Балалар орманға саяхатқа барады.
- •2) Оқушылар орманшының кеңесі бойынша жұмыс істейді.
- •Үй құстарын өсірудің маңызы.
- •Студенттердің өзіндік жұмысы
- •4.1 Қазақстанның өндіріс орындары
- •Қазақстанның ауыр өнеркәсібі
- •Сары-Арқа
- •Астана- Қазақстанның бас қаласы
- •Есіл жағасында еңселі қала
- •Семей полигоны
- •Батыс Қазақстан облысы.
- •Теміртау
- •Гонорар.
- •Студенттердің өзіндік жұмысы.
- •Нарықтық жүйедегі білім беру
- •Г.Т. Күрделі сөздер, олардың жасалу ережесі.
- •Жоғары білім беру
- •Білім берудің жаңа талаптары.
- •Университет факультеттері
- •Біздің университет
- •Студенттердің өзіндік жұмысы
- •Г.Т. Зат есімнің түрлері
- •(Имя существительное)
- •Г.Т. Жалпы және жалқы есімдер
- •Темекінің зияны
- •Г.Т. Жалпы және жалқы есім
- •«Жасыл ел» жасағы
- •Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Қазақ халқының шеберлік өнері
- •Қазақ музыкасы - өмір айнасы
- •Сазген аспабы
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Ою дегеніміз не?
- •Күй атасы
- •Қырқынан шығару
- •Сан есім , оның түрлері
- •Тұсау кесер
- •Арқан тарту
- •Г.Т. Сан есім, оның түрлері
- •Ұлттық ойындар
- •Наурыз мейрамы
- •Сан есімнің емлесі
- •8. 6. Қорытынды сабақ.
- •Сәлемдесу - парыз
- •1. Болжалдық сан есімді көрсетіңіз
- •5. Реттік сан есімді көрсетіңіз
- •Студенттердің өзіндік жұмысы
- •9.1. Қайраткерлер мен тұлғалар
- •Абай Құнанбайұлы
- •Жіктеу есімдіктерінің септелу үлгісі
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сабақтың тақырыбы: л.Т. Ш. Құдайбердиев
- •Әдебиеттер: г.Шаһарман “Практикалық қазақ тілі”. Ш.Құдайбердиев, м.Дулатов шығ. Жин.
- •Шәкәрім Құдайбердиев
- •Сабақтың тақырыбы: л.Т.Міржақып Дулатов
- •Міржақып Дулатов
- •Жазушының қанағаты
- •Сабақтың тақырыбы: л.Т. Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытов.
- •Әдебиеттер: ш. Бектұров, м.Серғалиев “Қазақ тілі”.
- •Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытов шығ.Жинағы.
- •Ахмет Байтұрсынұлы
- •Жүсіпбек Аймауытов
- •Қыл қаламның хас шебері
- •Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмалары.
- •10. 1 Студенттердің ғылыми жұмыстары
- •Реферат.
- •Ақша деген не?
- •Агрономиялық кендер
- •Жер табиғи ресурс ретінде
- •Инженер
- •Ветеринария ісін ұйымдастыру
- •Маркетинг қызметі деген не?
- •Мал атауы туралы
- •Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы.
- •Ветсансарап зертханасы
- •Жер кадастрының қазіргі міндеттері мен мазмұны
- •Рецензия
- •Салық саясаты
- •Агрономия
- •Экология ғылымы.
- •Індет процесі туралы түсінік
- •Іріктеу және сұрыптау
- •Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Мамандықты қалай түсінесіз?
- •Алманың пайдасы.
- •Электрмен жылынатын едендер
- •Табиғатты қорғау
- •Орман туралы не білесіз?
- •Кушумская порода лошадей
- •Университет тарихынан
- •Ауыл, орман және су шаруашылығы инженерлігі факультеті
- •Агробиология және экономика факультеті
- •Ветеринарлық және мал шаруашылығы факультеті
- •Банк жүйесі
- •Электр жабдықтары
- •Нобель сыйлығы туралы не білесіз?
- •Инженер-электрик мамандығы
- •Алғашқы трамвай қай жерде жүрген?
- •Зоогигиена туралы түсінік
- •Ветеринарлық медицина мамандығы
- •Қызылша
- •Балалық шақ
- •Ұлттық байлық дегеніміз не?
- •12. 1. Ғылым тарихынан
- •Агрономиялық химия
- •Электронды есептеуіш машина (эем)
- •Індеттану
- •Қаракөл елтірісі
- •Орман тіршілігі
- •Картоп дақылын тыңайту
- •Трактордың жалпы құрылысы
- •Валюта нарықтары
- •Наурызым қорығы.
- •Вирустар
- •Қызанақ
- •Механизм құрылымы
- •Экология
- •Экономика
- •Шартты райдың жіктелу үлгісі.
- •Қалау рай.
- •Мақал-мәтелдер
- •Бағалы аң терісінің тауарлық қасиеті және оны анықтау әдістері
- •Ауыл шаруашылығындағы үй жайлар.
- •Қаржы жүйесі
- •Машина жасау технологиясы
- •Ауыл шаруашылығындағы тыңайтқыштар
- •Қарасан ауруы
- •Қаракөл қозылары
- •Литосфера
- •Экономикалық бірліктер
- •Қасиетті нан
- •Электр сымдары неге ызыңдайды?
- •Сумен жұмыс істейтін компьютор
- •Мотоциклдер неге дизельді жанармаймен жүрмейді?
- •Целлюлоза дегеніміз не?
- •Тозаң – қылмыскердің куәсі
- •Г.Т. Үстеу туралы түсінік
- •Жануарлар дыбысы.
- •Операциялық жүйе (ож)
- •Техникалық эксплуатацияның негіздері.
- •Көкөніс дақылдарын тыңайту
- •Негізгі шоттар.
- •Лимфа (сөл) жүйесінің құрылым принципі.
- •Электрлік шам
- •Көшіргіш аппарат қалай жұмыс істейді?
- •Теңге – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы
- •Биоотынмен автомашина жүре ме?
- •Бақалар қалай қыстайды?
- •Г.Т. Үстеудің мағыналық түрлері
- •Мезгіл үстеуі
- •Мекен үстеуі
- •Балмұздақ.
- •Жәндік жейтін өсімдік.
- •Ең лас өзен қайда ағады?
- •Капитал
- •Тағам қалдықтарынан ток алынды
- •Компьютердің жұмысын калькулятор атқарады
- •Бағалау
- •Пластиктен жанармай
- •Сүт сапасы шөптен
- •Бактериялық рак
- •Мөлшер үстеуі
- •Күшейткіш үстеу
- •Мақсат үстеуі
- •Себеп – салдар үстеуі
- •Ірі қара (сиыр)
- •Қаймақ жасау
- •Ас қорыту.
- •Микро машиналар
- •Өсімдік және музыка
- •Интернет – ол не?
- •Как были открыты витамины
- •Понятие валютного риска
- •Сүт қышқылды бактериялар
- •Жеміс бақтарына тыңайтқыштар енгізу
- •Өнер –білім, бар жұрттар
- •Қазақстанның дәрілік өсімдіктері
- •Казахский архармеринос
- •Значение рыбы в жизни человека
- •Тыңайтқыш қолдану және қоршаған ортаны қорғау
- •Тікпе көшеттерді өсіру технологиясы
- •Қазақстанда қой шаруашылығының өркендеуі
- •Талшықты технология туралы
- •Сәбіз, пияз
- •Аккумулятор
- •Одағайдың түрлері.
- •15.1. Қазақ тілінің терминдік лексикасы.
- •Өсімдіктің қоректенуі
- •Түйенің түрлері, тұқымдары
- •Термос қайдан шықты
- •Тыңайтқыштар
- •Субтропикалык дақылдар тобы.
- •Тауар айналысы.
- •Бүршіктер
- •Резеңке материалдары
- •Күздік бидайды тыңайту
- •Электр жабдықтары
- •Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары
- •Мыңжапырақ
- •Сиырды азықтандыру
- •15. 6 Қорытынды сабақ
- •Өзіндік жұмыс тапсырмалары
Қазақстан Республикасының Ата заңы
Қазақстан Республикасының Ата заңы Қазақстан халқының егемендік құқығына сай 1995 жылғы 30 тамызда өткен Республикалық референдумында қабылданды. Оның нәтижесі ресми жарияланған 1995 жылдың 5 қыркүйегінен бастап күшіне енді. Ата заңымызды мемлекетке қоғамдық құқықтың сенімі және халықтың берген төлқұжаты деуге болады.
Қазақстан Республикасының Ата заңы республикалық құрылыстың негізін, мемлекеттік билік жүйесін және Қазақстан мемлекеті мен оның азаматының қатынасын бейнелейді. Адам өмірін, құқықтары мен бостандықтарын Ата заң қорғайды.
49-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, мәтін мазмұнына сәйкес 5 сұрақ әзірлеңіз.
50-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құрастырып жазыңыз.
Республикалық референдум, Ата заң, адам өмірі, құқық, бостандық
51-тапсырма. Өлең жолдарын сәйкестендіріп көшіріп жазыңыз.
күн Алтын аспаны,
дән Алтын даласы,
Ерліктің дастаны
қарашы Еліме!
ер деген, Ежелден
шықты ғой. Даңқымыз
бермеген, Намысын
Қазағым мықты ғой!
Менің елім, елім менің,
егілемін Гүлің болып,
төгілемін, Жырың болып елім!
Менің- туған жерім Қазақстаным!
52-тапсырма. Өлең жолдарын көшіріп жазып, жаттап алыңыз.
Қазақ елі
Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер!
Бас иіп иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға,
Тағзым жасаймын қырларға!
Шүкірлік етемін қашанда,
Осы бір Отанда тұрғанда! ( М.Мақатаев)
Г.т. Орфография және Орфоэпия
Тілдегі сөздердің дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы орфография (гректің орфос –дұрыс, түзу және графия-жазу деген сөздерден алынған)деп аталады.
Орфографиялық нормада сөздер айтылуынша емес, бастапқы түбір тұлғасын сақтап жазылады. Мысалы: бас-шы (айтылуы башшы), түн-гі (айтылуы түңгі), Досжан (айтылуы Дошшан), кім келді? (айтылуы кім гелді?).
Тілдегі сөздердің, сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелері орфоэпия (орфос-гректің дұрыс, түзу және эпос-сөйлеу, сөз дегендерінен алынған) деп аталады. Мысалы: ішсе, ақ ешкі, сақ бол, құлын, өрік, көз салды деп жазылса, ішше, ағ ешкі, сақ пол, құлұн, өрүк, көс салды болып айтылады.
53-тапсырма. Төмендегі сөздердің жазылу ережесін сақтап жазыңыз.
Өзүм, өгүз, Үмүт, Гүлсүм, Айгүмүс, орұндұқ, құрылышшы, Құрұшкен.
54-тапсырма. Морфологиялық талдау жасаңыз.
Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері, яғни белгілері болады. Қазақстан Республикасының азаматтары, елімізде тұрып жатқан кез келген адам Қазақстан Республикасының туын, әнұранын және елтаңбасын құрмет тұтуға міндетті.
2.4
Сабақтың тақырыбы: Туған жер – алтын бесік.
Сабақтың мақсаты: Студенттерді сауатты жазуға үйрету.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Н.Егіншібаева, С.Жапақов «Ауыл шаруашылығы мамандықтарының студенттеріне арналған бақылау мәтіндерінің жинағы» А.-2004.
Е.Егіншібаева «Қазақ тілінен дидактикалық материалдар» А.-2004.
55-тапсырма. Төмендегі жаттығуды қатесіз көшіріп жазып, буынның түрлерін ажыратыңыз.
Төл теңге.
Әрбір елдің тағдырында үлкен тарих, шежіре жатыр. Ал біздің еліміз үшін ХХ ғасырдың маңызы зор. Себебі, еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болдық. Біздің ұлттық бейнемізді, тарихымызды көрсететін рәміздеріміз бар. Елтаңба, Әнұран, Туымызбен бірге тағы бір белгі – ұлттық теңгеміз бар. Ұлттық теңге 1993 жылы 15 қарашада дүниеге келді. Теңгенің авторы болу бақыты қылқалам шеберлері – Қайролла Ғабжанов пен Меңдібай Әлиннің үлесіне тиді.
56-тапсырма. Төменде берілген сөздермен, сөз тіркестерін қатыстыра отырып сөйлем құраңыздар.
Тіл тағдыры – ел тағдыры, Әнұран, Елтаңба, Ту, тәуелсіздік белгілері, ұлттық рәміз, тарих, Қазақстан теңгесі, соңғы жетістіктер.
57-тапсырма. Төмендегі мақалды қалай түсінесіз? Өз пікіріңізді жазыңыз.
Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.
58-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, көшіріп жазыңыздар.
1.Мен кітапханада кітап оқы... отыр.... 2.Сен қазір не істе... жүр... 3.Сіз кімді күт... отыр...? 4.Сен кімге телефон соғы... тұр...? 5.Ол мектепте оқы... жүр... жоқ. 6.Сіз не туралы сөйле... тұр...?
59-тапсырма. «Менің елім» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.
60-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті төл дыбыстарды қойып жазыңыз.
Т...рт, то..ыз, б...р, дей..н, сег..з, ел...м...з
2.5
Сабақтың тақырыбы: Туған жер - алтын бесік
Л.Т. Менің Отаным - Қазақстан
Г.Т. Тұрақты сөз тіркестері
Сабақтың мақсаты: Туған өлкесін, қалаларын сүюге тәрбиелеу. Туған жері
туралы айтып беруге дағдыландыру. Тұрақты сөз
тіркестері жайлы түсінік беру.
Пайдаланылған әдебиеттер: З.Күзекова, Т.Қарақұсова «Қазақ тілі»
М.Исаев «Қазақ тілі». А.,-1993
Ш.К.Бектұрова, А.Ш.Бектұров «Қазақ тілі для
начинающих» А.,-1994.,
Г. Шаһарман, Ж.Досқанова, С.Сәрсенбекова
«Практикалық қазақ тілі» А.,- 2002.
Жаңа сабақ.
Тірек сөздер: Туған жер, көне тарих, саябақ, әлем, саяси, бекініс, алаң, ғимарат.
61-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтыңыз.