Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_tili_6_kredit (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.88 Mб
Скачать

5. Реттік сан есімді көрсетіңіз

А) Екеу, үшеу, төртеу

В) Бір бүтін, оннан бес

С) Бірінші, екінші, үшінші

Д) Бір, екі, үш

Е) Елудей, алпыстай, ондаған

Студенттердің өзіндік жұмысы

1. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері » тақырыбына реферат жазыңыз.

  1. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрге байланысты мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз.

3. Наурыз мерекесі тақырыбына шағын әңгіме жазыңыз.

4. «Қазақ халқының ұлттық ойындар» тақырыбына реферат жазыңыз.

5. Тұсау кесер жырын жаттап алыңыз.

9.1. Қайраткерлер мен тұлғалар

Сабақтың тақырыбы: Л.т. Абай Құнанбайұлы

Г.т. Есімдік оның түрлері

Сабақтың мақсаты: Абайдың өмірі мен шығармашылығын оқу

арқылы студенттердің білімін арттырып,

адамгершілік және эстетикалық, ұлттық

қасиеттерге тәрбиелеу.Есімдікті практикалық

жолмен меңгерту.

Пайдаланылған

әдебиеттер: Ж. Доспанова, С.Сәрсенбекова,

Г.Шаһарман “Практикалық қазақ тілі”

А. Құнанбайұлы шығ.жин.

М.Жолдасбекұлы ''Елтұтқа'' Астана 2001

Қазақ тілі сабақтары. ''Агроуниверситет'' – 2003.

Жаңа сабақ:

Тірек сөздер: Ұлы ақын, ағартушы, сазгер, мұра, қарасөз, шешен, шығарма.

291- тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, мәтін бойынша бірнеше сұрақ

әзірлеңіз.

Абай Құнанбайұлы

Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы Абай ауданында дүниеге келген. Қазақ халқының ұлы ақыны, философы, ағартушысы, сазгер. Абайдың әкесінің мінезі қатал болса, шешесі Ұлжан қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.

Абай бала кезінде пысық, сөзге шешен болған. Жасынан әжесі Зереден, тағы басқа жыршылардан Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Шөже жырларын тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да сөзге шешен болған.Әкесі Абайды 10 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда Абай үш жыл оқыған. Абай шығыс классиктері Низами, Сағди, Науаи, Физуали, Хафизді, орыс жазушылары А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.А. Некрасов, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, М.Е. Салтыков- Щедрин тағы басқалардың шығармаларын оқыған. Батыс әдебиетінен Гете, Байрон сияқты ақындарды оқып өскен. Абайдың қарасөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 жылы Семейде шыққан “Абай” журналында жарық көреді. Кейін орыс, қытай, француз тағы басқа әлем тілдеріне аударылды.

Қазақ әдебиетінде ақынға жасалған құрмет ерекше. Абай атында қалалар, театрлар, көшелер, фильмдер, көркем шығармалар, зерттеулер бар. Қазақтың классик жазушысы М.О. Әуезовтің бас кітабы “Абай жолы” ұлы ақынға арналған.

292-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Ірі тұлға, халық арманы, ғылыми жаңалықтар, академик.

Г.т. Есімдіктің түрлері

Есім сөздердің орнына қолданылатын сөз табы есімдік деп аталады. Мыс: Бақыт кітапты көп оқиды деудің орнына Ол кітапты көп оқиды деп зат есімнің орнына есімдікті қолдануға болады.

Есімдіктер 7 түрге бөлінеді:

  1. Жіктеу есімдіктері

  2. Сілтеу есімдіктері

  3. Өздік есімдік

  4. Жалпылау есімдіктері

  5. Болымсыздық есімдіктері

  6. Белгісіздік есімдіктері

  7. Сұрау есімдіктері

Белгілі бір жақтың ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Жіктеу есімдіктері мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар

Жіктеу есімдігі:

Жекеше түрі Көпше түрі

мен біз

сен сендер

сіз сіздер

ол олар

Жіктеу есімдіктері кім? не? кімдер? нелер? деген сұраққа жауап береді. Жіктеу есімдігі септеледі. Мысалы: Ол төртінші курста оқиды. Мен жиырмадамын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]