
- •Алматы -2008
- •Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
- •Анамның тілі - ардақтым менің
- •Қазақстан Республикасының Ата заңы
- •Менің елім, менің отаным – Қазақстан.
- •Түркістан
- •Студенттердің өзіндік жұмысы
- •3.1 Адам және табиғат
- •Орман өсімдіктері
- •Хабарлы сөйлем
- •Табиғатты қорғау.
- •Тоқылдақ
- •Құстар қайтып барады
- •1) Балалар орманға саяхатқа барады.
- •2) Оқушылар орманшының кеңесі бойынша жұмыс істейді.
- •Үй құстарын өсірудің маңызы.
- •Студенттердің өзіндік жұмысы
- •4.1 Қазақстанның өндіріс орындары
- •Қазақстанның ауыр өнеркәсібі
- •Сары-Арқа
- •Астана- Қазақстанның бас қаласы
- •Есіл жағасында еңселі қала
- •Семей полигоны
- •Батыс Қазақстан облысы.
- •Теміртау
- •Гонорар.
- •Студенттердің өзіндік жұмысы.
- •Нарықтық жүйедегі білім беру
- •Г.Т. Күрделі сөздер, олардың жасалу ережесі.
- •Жоғары білім беру
- •Білім берудің жаңа талаптары.
- •Университет факультеттері
- •Біздің университет
- •Студенттердің өзіндік жұмысы
- •Г.Т. Зат есімнің түрлері
- •(Имя существительное)
- •Г.Т. Жалпы және жалқы есімдер
- •Темекінің зияны
- •Г.Т. Жалпы және жалқы есім
- •«Жасыл ел» жасағы
- •Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Қазақ халқының шеберлік өнері
- •Қазақ музыкасы - өмір айнасы
- •Сазген аспабы
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Ою дегеніміз не?
- •Күй атасы
- •Қырқынан шығару
- •Сан есім , оның түрлері
- •Тұсау кесер
- •Арқан тарту
- •Г.Т. Сан есім, оның түрлері
- •Ұлттық ойындар
- •Наурыз мейрамы
- •Сан есімнің емлесі
- •8. 6. Қорытынды сабақ.
- •Сәлемдесу - парыз
- •1. Болжалдық сан есімді көрсетіңіз
- •5. Реттік сан есімді көрсетіңіз
- •Студенттердің өзіндік жұмысы
- •9.1. Қайраткерлер мен тұлғалар
- •Абай Құнанбайұлы
- •Жіктеу есімдіктерінің септелу үлгісі
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сабақтың тақырыбы: л.Т. Ш. Құдайбердиев
- •Әдебиеттер: г.Шаһарман “Практикалық қазақ тілі”. Ш.Құдайбердиев, м.Дулатов шығ. Жин.
- •Шәкәрім Құдайбердиев
- •Сабақтың тақырыбы: л.Т.Міржақып Дулатов
- •Міржақып Дулатов
- •Жазушының қанағаты
- •Сабақтың тақырыбы: л.Т. Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытов.
- •Әдебиеттер: ш. Бектұров, м.Серғалиев “Қазақ тілі”.
- •Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытов шығ.Жинағы.
- •Ахмет Байтұрсынұлы
- •Жүсіпбек Аймауытов
- •Қыл қаламның хас шебері
- •Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмалары.
- •10. 1 Студенттердің ғылыми жұмыстары
- •Реферат.
- •Ақша деген не?
- •Агрономиялық кендер
- •Жер табиғи ресурс ретінде
- •Инженер
- •Ветеринария ісін ұйымдастыру
- •Маркетинг қызметі деген не?
- •Мал атауы туралы
- •Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы.
- •Ветсансарап зертханасы
- •Жер кадастрының қазіргі міндеттері мен мазмұны
- •Рецензия
- •Салық саясаты
- •Агрономия
- •Экология ғылымы.
- •Індет процесі туралы түсінік
- •Іріктеу және сұрыптау
- •Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Мамандықты қалай түсінесіз?
- •Алманың пайдасы.
- •Электрмен жылынатын едендер
- •Табиғатты қорғау
- •Орман туралы не білесіз?
- •Кушумская порода лошадей
- •Университет тарихынан
- •Ауыл, орман және су шаруашылығы инженерлігі факультеті
- •Агробиология және экономика факультеті
- •Ветеринарлық және мал шаруашылығы факультеті
- •Банк жүйесі
- •Электр жабдықтары
- •Нобель сыйлығы туралы не білесіз?
- •Инженер-электрик мамандығы
- •Алғашқы трамвай қай жерде жүрген?
- •Зоогигиена туралы түсінік
- •Ветеринарлық медицина мамандығы
- •Қызылша
- •Балалық шақ
- •Ұлттық байлық дегеніміз не?
- •12. 1. Ғылым тарихынан
- •Агрономиялық химия
- •Электронды есептеуіш машина (эем)
- •Індеттану
- •Қаракөл елтірісі
- •Орман тіршілігі
- •Картоп дақылын тыңайту
- •Трактордың жалпы құрылысы
- •Валюта нарықтары
- •Наурызым қорығы.
- •Вирустар
- •Қызанақ
- •Механизм құрылымы
- •Экология
- •Экономика
- •Шартты райдың жіктелу үлгісі.
- •Қалау рай.
- •Мақал-мәтелдер
- •Бағалы аң терісінің тауарлық қасиеті және оны анықтау әдістері
- •Ауыл шаруашылығындағы үй жайлар.
- •Қаржы жүйесі
- •Машина жасау технологиясы
- •Ауыл шаруашылығындағы тыңайтқыштар
- •Қарасан ауруы
- •Қаракөл қозылары
- •Литосфера
- •Экономикалық бірліктер
- •Қасиетті нан
- •Электр сымдары неге ызыңдайды?
- •Сумен жұмыс істейтін компьютор
- •Мотоциклдер неге дизельді жанармаймен жүрмейді?
- •Целлюлоза дегеніміз не?
- •Тозаң – қылмыскердің куәсі
- •Г.Т. Үстеу туралы түсінік
- •Жануарлар дыбысы.
- •Операциялық жүйе (ож)
- •Техникалық эксплуатацияның негіздері.
- •Көкөніс дақылдарын тыңайту
- •Негізгі шоттар.
- •Лимфа (сөл) жүйесінің құрылым принципі.
- •Электрлік шам
- •Көшіргіш аппарат қалай жұмыс істейді?
- •Теңге – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы
- •Биоотынмен автомашина жүре ме?
- •Бақалар қалай қыстайды?
- •Г.Т. Үстеудің мағыналық түрлері
- •Мезгіл үстеуі
- •Мекен үстеуі
- •Балмұздақ.
- •Жәндік жейтін өсімдік.
- •Ең лас өзен қайда ағады?
- •Капитал
- •Тағам қалдықтарынан ток алынды
- •Компьютердің жұмысын калькулятор атқарады
- •Бағалау
- •Пластиктен жанармай
- •Сүт сапасы шөптен
- •Бактериялық рак
- •Мөлшер үстеуі
- •Күшейткіш үстеу
- •Мақсат үстеуі
- •Себеп – салдар үстеуі
- •Ірі қара (сиыр)
- •Қаймақ жасау
- •Ас қорыту.
- •Микро машиналар
- •Өсімдік және музыка
- •Интернет – ол не?
- •Как были открыты витамины
- •Понятие валютного риска
- •Сүт қышқылды бактериялар
- •Жеміс бақтарына тыңайтқыштар енгізу
- •Өнер –білім, бар жұрттар
- •Қазақстанның дәрілік өсімдіктері
- •Казахский архармеринос
- •Значение рыбы в жизни человека
- •Тыңайтқыш қолдану және қоршаған ортаны қорғау
- •Тікпе көшеттерді өсіру технологиясы
- •Қазақстанда қой шаруашылығының өркендеуі
- •Талшықты технология туралы
- •Сәбіз, пияз
- •Аккумулятор
- •Одағайдың түрлері.
- •15.1. Қазақ тілінің терминдік лексикасы.
- •Өсімдіктің қоректенуі
- •Түйенің түрлері, тұқымдары
- •Термос қайдан шықты
- •Тыңайтқыштар
- •Субтропикалык дақылдар тобы.
- •Тауар айналысы.
- •Бүршіктер
- •Резеңке материалдары
- •Күздік бидайды тыңайту
- •Электр жабдықтары
- •Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары
- •Мыңжапырақ
- •Сиырды азықтандыру
- •15. 6 Қорытынды сабақ
- •Өзіндік жұмыс тапсырмалары
Қазақ музыкасы - өмір айнасы
Музыка – гректің мусике – музалар өнері деген сөзі. Адамға өзінің өзгеше түрде ұйымдасқан мазмұнды дыбыстық жүйемен әсер ететін, өмір шындығын дыбыстық көркем образдар арқылы бейнелейтін өнердің бір түрі – музыка. Музыка адамзат тарихында қоғамдық, мәдени-тәрбиелік және ұйымдастырушылық рөл атқарады. Адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейді.
Қазақтың ұлттық музыкасы – халық өмірінің айнасы. Ол ғасырлар бойы қалыптасты. Әбу Насыр әл-Фараби (10-11 ғ.) «Музыканың ұлы кітабы» - деген трактат жазды. Одан бұрынғы Қорқыт (8 ғ.) одан кейінгі Қазтуған мен Асан Қайғы (15 ғ.) – қазақтың көне музыка өнерлерінің өкілдері.
Халық ән-күй арқылы аңыздар мен тарихи оқиғалар, даналық ойларды бейнелейді.Жақсылық хабарларды терме түрінде жырлау, үйлену тойында, қыз ұзату, әр түрлі салтанатты кештерде ән айту және күй тарту дәстүрі бар.
Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Құрманғазы, Абай, Дина сияқты халық сазгерлері өздерінің күйлері мен әндерінде халық өмірін суреттеді. Әнші-композитор, күйші-композитор ән мен күй шығарды. Орындаушылар жырау, жыршы, әнші, күйшілер деп аталды. Қазақтың 25-тен астам музыка аспабы болған. Оның ішінде шертер, жетіген, сазсырнай, шаңқобыз, асатаяқ бар, ең көп тарағаны домбыра, қобыз, сыбызғы, дауылпаз , сырнай аспаптары.
Қазақ музыка мәдениетінің өсіп дамуына күш жұмсаған академик А. Жұбанов, сазгерлер М. Төлебаев, Ғ. Жұбанова, Л.Хамиди, Халық артистері К.Байсейтова, Р.Бағланова. Р.Жаманова Е.Серкебаев, Б.Төлегенова т.б.
Қазақтың опера және балет театры, Қазақ филармониясы, Қазақтың академиялық халық аспаптар оркестрі, Қазақтың халық аспаптар оркестрі, симфониялық оркестрі, Қазақтың классикалық балеті, «Гүлдер», «Дос-Мұқасан», «Отырар сазы», «Жетіген» «Сазген» ансамбльдері жұмыс істейді.
227- тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар әзірлеңіз.
228-тапсырма. Мәтінді аударыңыз.
Сазген аспабы
Қорқыт жөніндегі аңыздарда осы көне музыкалық аспабы жөнінде көп айтылады. Ел аузындағы деректерге қарағанда сазгенді алғаш жасаған шебер 7-8 ғасырлар аралығында өмір сүрген белгілі музыкант Әбу Шәкір Әби Сейіт Жалалұлы болған. Бұл аспап ағаштан жасалады. Сыртын терімен қаптайды. Оның 3 ішекті де 4 ішекті де түрлері бар.
229-тапсырма. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар.
Киноға дейін
Бақыт. Бүгін кешке қолың бос па?
Роза. Бос
Бақы. Бүгін кинотеатрда «Қыз Жібек» киносын қайталап көрсетеді екен. Сол киноны көргім келеді. Менің музыканы өте жақсы көретінімді сен білесің ғой. «Қыз Жібек»- қазақтың тұңғыш операсы ғой. Мен «Қыз Жібек» фильмін көрген едім, сонда да сенімен бірге барайын. Қыз Жібек пен Төлегеннің тамаша арияларын тыңдау бір ғанибет қой!
Роза. Жарайды, онда мен кешкі сағат алтыға билет алып қояйын.
Бақыт. Мақұл, кинотеатр алдында кездесейік.
Роза. Ал кездескенше.
Кинодан соң
Бақыт. Қалай кино ұнады ма?
Роза. Мен ү.лкен әсер алдым. Артистердің өздері де әдемі, дауыстары да әсем екен. Маған Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әні қатты ұнайды.
Бақыт. Әрине, сен музыканы жан-тәніңмен беріле тыңдайсың және терең түсінесіз.
Роза. Енді өзіме ұнаған қазақ сазгерлері әндерінің күйтабақтарын сатып алатын боламын.
Бақыт. Сен келешекте сазгер болатын шығарсың?
Роза. Сеніңше музыканы сүйгеннің бәрі сазгер бола ма?
Бақыт. Жоқ, менің байқауымша, сенде тек музыкаға құмарлық қана емес, талант та бар.
Роза. Рақмет, Бақыт, айтқаның келсін! Бірақ бәрін келешек көрсетер.
Бақыт. Келесі кездескенше, Бақыт!
Роза. Сау бол, Роза!
230-тапсырма. Өнер жайлы бірнеше мақал-мәтелді жазып, жаттап алыңыздар.
231-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөйлем құрастырыңыз.
Ою, өнер, шебер, жүзік, сырға, әшекей.
7.3.
Сабақтың тақырыбы:
Л.т. М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театры
Г.т. Сын есімнің шырайлары.
Сабақтың мақсаты: Ақын жазушылардың шығармаларын оқу
арқылы студенттерді өнерді сүюге үйрету.
Шырай түрлерін практикалық жолмен меңгерту.
Пайдаланылған Ж. Доспанова, С.Сәрсенбекова,
әдебиеттер: Г.Шаһарман “Практикалық қазақ тілі” Алматы 2002
Н.Оралбаева,Т.Әбдіғалиева,Б. Шалабаев
“Практикалық қазақ тілі”. А.Асқаров.
Ұлы тұранның ұлдары. Алматы – 1998
Жаңа сабақ:
Тірек өздер: Театр, көрермен, актер, қойылым, мәдениет, драматург.
232- тапсырма ''М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театры'' мәтінін оқып, сұрақтарға жазбаша жауап жазыңыз.
М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театры
Біз университеттен шығып театрға бардық. Театрдың өмірі бізді қатты қызықтырды. Жалпы адам театрға жиі баруды әдетке айналдыру керек деп ойлаймын.
Жақында біз М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрына барып, осы театрдың тарихымен таныстық. Бұл театрда өте дарынды актерлар, шебер режиссерлер және белгілі драматургтер көп. Театрдың үлкен және кіші залы бар. Біз театрдың билет кассасынан алдыңғы қатардағы орындарға билет алып, қойылым көруге кірдік. Бүгін “Абылайдың ақырғы күндері” атты қойылым екен. Үлкен залдың іші түгел толды. Барлық көрермендер қол шапалақтап шымылдықты ашқызды. Қойылымның режиссері Қазақстанның өнеріне еңбегі сіңген қайраткер М.Байсеркенов. Абылай хан рөлінде Қазақстанның халық әртісі- Т. Жаманқұлов. Қойылым екі бөлімнен тұрады екен. Бірінші бөлімнен кейін үзіліске шықтық. Қойылым аяқталған соң көрермендер сүйікті әртістеріне гүл шоғын ұсынып,қол шапалақтады.
Театрдың репертуарындағы барлық қойылымдармен танысып, бәріміз тағы да келуге келістік. Мысалы, “Мәңгілік бала бейне” сияқты қойылымдар болады екен.
Басқа да театрдың мысалы, Абай атындағы академиялық опера және балет театры, М.Ю. Лермонтов атындағы академиялық орыс драма театры, Мемлекеттік қуыршақ театры, Ғ. Мүсірепов атындағы жасөспірімдер мен балалар театрларының қойылымдарына баруды жоспарладық. Театрға бару арқылы дүниетанымың кеңейіп, мәдениетің арта түседі.
1. М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрына қашан
бардыңыздар?
2. Театрда кімдер жұмыс істейді?
3. Театрда неше зал бар?
4. Қандай қойылымды тамашаладыңыздар?
5. Қойылымның режиссері кім?
6. Қойылымның басты рөлін кім орындады?
7. Көрермендер қандай қошемет көрсетті?
8. Театр репертуарында қандай қойылымдар бар екен?
9. Алматы қаласында қандай театрлар бар?
233 - тапсырма. Төмендегі берілген сөздермен сөз тіркесін құраңыз.
Дарынды, шебер, қайраткер, көрермен, қолжазба, мұра, түпнұсқа.
Г.т. Сын есімнің шырайлары
Заттың сапалық сыны әр кез бір дәрежеде бола бермейді. Сапалық сынның белгілері бірде тым басым, артық болса, бірде бәсең болуы мүмкін. Міне осындай бір тектес сапалық сынның бірінен екіншісінің артық я кемдігін, әр түрлі дәрежеде болатынын білдіруді сын есімнің шырайлары деп атайды.
Сын есімнің төмендегідей шырайлары бар:
1). Жай шырай - заттың белгісін, түсін, сапасын, көлемін, салмағын т.б. сын-сипатын білдіреді. Мысалы: биік тау, үлкен үй, жақсы қағаз.
2). Салыстырмалы шырай - бір заттың сынын, екінші заттың сынына салыстырып, сол заттың бір-бірінен я кем, я артық екенін білдіреді. Ол мынадай жұрнақтар арқылы жасалады:
а) рақ-рек, ырақ-ірек. Мысалы: Бұл бөлме үлкенірек екен.
ә) лау-леу, дау-деу, тау-теу. Мысалы: Сол ауылда таныстау бір шал бар еді.
б) қыл-ғыл, қылт-ғылт, шылтым-шілтім. Мысалы: Жігіттің сұрғылт, жүдеу жүзі енді көкшілтім тартқан сияқты.
3) Күшейтпелі шырай заттың бастапқы сындық қасиетін күшейте түседі. Мысалы: Үй іші жап-жарық, ауыз үйі тап-таза, айнадай.
4). Асырмалы шырай заттың сындық қасиетін асыра көтеріп, я асыра төмендетеді. Асырмалы шырай сын есімдердің алдына аса, өте, тіпті, тым, тіптен, нағыз, ең, нақ, орасан, керемет, т.б. сөздердін тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Бұл іс - тым қиын да абыройлы іс. Ол тіптен жақсы адам екен.
234-тапсырма. Төмендегі сын есімдерден шырай түрін ажыратыңыз.
Үлкен терезе, қып-қызыл көйлек, кең көйлек, биіктеу тау, қара қарындаш, тереңірек өзен, жақын жер, сарғыш көйлек, өте семіз мал.
235 - тапсырма. Қазақ тіліне аударып, салыстырмалы шырай жасаңыз.
Белый, сильный, большой, узкий, широкий, маленький, низкий, высокий, короткий, вкусный.
236- тапсырма. Берілген сын есімдерден салыстырмалы және асырмалы шырай жасаңыздар.
Ақылды, қалың, жұқа, ыстық, суық, сұлу,ащы,тұщы,терең, тар,кең.
237 - тапсырма. Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіріңіз.
1. Өнерлі жігіт өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
2. Өнерлі өрге жүзеді
3. Шебердің қолы көпке ортақ.
4. Өнерліге өлім жоқ.
5. Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.
6. Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
7. Өнерлі бала сүйкімді.
8. Өнер білсең өлмейсің.
9. Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
10.Ақыл көпке жеткізер.
Өнер көкке жеткізер.
7. 4
Сабақтың тақырыбы: Л.т. Мұражайда
Сабақтың мақсаты: Студенттерге жаттығу жұмыстарын жазғызу арқылы
сауатты жазуға, алған білімдерін ары қарай шыңдай білу.
Пайдаланылған Ж. Доспанова, С.Сәрсенбекова,
әдебиеттер: Г.Шаһарман “Практикалық қазақ тілі”.Алматы 2002
Н.Оралбаева,Т.Әбдіғалиева Б. Шалабаев
“Практикалық қазақ тілі”.
Жаңа сабақ:
238-тапсырма. Мәтінді оқып, мәтіннен сын есімді табыңыз.
Қобыз
Қобыз – сырлы ұғым, сымбатты дүние. Қобыз үнінде қызғалдақ гүлі жайқалып, құлпырған көктемгі дала тынысы бар. Даладағы қоңыр салқын жібек желдің сыбдыры бар. Елін, жерін, батыр атанған, ұлдардың ерлігін жырлайтын үн естіледі.
Қорқыттың жан серігі, айнымас досы. Аңыз бойынша қобызды жасаған Қорқыт ата деседі. Ол: «Өмірде не мәңгілік?» - деп көп ойланады. Байқаса, адамның, жануардың, өсімдіктің өмірі қысқа. Содан мұңайып отырып, көп ойланып, толғанып, ішекті қобыз жасап, күй шығарады. Сол күй өлмей, біздің дәуірге жетеді. Бұл аңыздан жасайтын тұжырым- өнер- мәңгілік. Өнер атадан балаға, ғасырдан ғасырға өшпес мұра болып сақталып, жалғасып отырады, халықтың рухани қазынасына айналады.
239-тапсырма. Заттың сапасын, мөлшерін, көлемін, дәмін, түрін білдіретін
бірнеше сын есім ойлап жазыңыз.
Түрі, түсі:
Аумағы, көлемі:
Дәмі, иісі:
Пішіні:
240- тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Халыққа кеңінен тараған ұлттық аспаптардың бірі – домбыра. Қазақтың той-думандары домбырасыз өтпейді.
«Домбырасыз ән қайда? Домбырасыз сән қайда?» - деп ата-бабамыз тегін айтпаған. Қазақтың ұлттық музыкасын домбыра арқылы жеткізген, шетелдерге алғаш таныстырған әнші - Әміре Қашаубаев.
Әміре Қашаубаев 1925 жылы Парижде, ал 1927 жылы Германияның Франкфурт қаласында домбырамен ән салды. Әміренің өнер жолы – кейінгі ұрпаққа үлгі -өнеге.
241- тапсырма. Мақал-мәтелдердің сыңарын тауып жазыңыз
1. Ұсталы ел озар.....
2. Өнер алды........
3. Сыйлық қымбат емес....
4. Отансыз адам .........
5. Кең киім тозбайды.......
6. Қатты жерге қақ тұрар.......
Керекті сөздер: Қызыл тіл, ұстасыз ел тозар, сүю қымбат, кеңесті ел азбайды, ормансыз бұлбұл, ынтымақты елде бақ тұрар.
242-тапсырма. «Мұражайда» деген тақырыпты ары қарай жалғастырып жазыңыз.
Мұражай – гректің мусейон – орын, муза- ғибадатханасы деген сөз. Алматы орталық мұражайы, Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайы, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов мұражайы, Семейдегі Абай Құнанбаев мұражайы, Жамбыл ауданындағы Жамбыл Жабаев мұражайы......
243-тапсырма. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз.
Ұлттық аспаптар, мұражай, шебер, қазақ халқы, қолөнер,сақина, жүзік.
7. 5.
Сабақтың тақырыбы: Л.т Құрманғазы Сағырбайұлы
Г.т Сын есімді қайталау
Сабақтың мақсаты: Құрманғазы Сағырбайұлы шығармалары
арқылы өнерді сүюге тәрбиелеу. Сын есімді
практикалық жолмен меңгерту.
Пайдаланылған Ж. Доспанова, С. Сәрсенбекова,
әдебиеттер: Шаһарман “Практикалық қазақ тілі” Алматы 2002
Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабаев
“Практикалық қазақ тілі ”
Жаңа сабақ:
Тірек сөздер: Күйші, халық, ел, тарих, көңіл күй, табиғат, өмір.
244 - тапсырма. Мәтін мазмұнын айтып беріңіз