Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_tili_6_kredit (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.88 Mб
Скачать

«Жасыл ел» жасағы

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының құрылғанына көп болған жоқ. Бұл жасақ Елбасының 2005 жылғы 1 ақпандағы № 649 тапсырмасын және 19 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласында студенттерден құрылған болатын. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатқан студенттердің басты мақсаты – қала тазалығы, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Шаһарымыздағы 16 жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары бір жылдың ішінде көп жұмыстар істеді. Жасақ мүшелері өткен жылы 9 маусымда Абай даңғылында білім және ғылым министрі Б.Әйтімова және қала әкімі Иманғали Тасмағанбетовтың қатысуымен «Таза әлем» экологиялық акциясын өткізді. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы студенттерінің қатысуымен 21 шілдеде Теренкур өзенінің бойын қоқыстардан, тұрмыстық татты қалдықтардан тазартты. 14-15 тамызда «Жасыл ел» штабы «Измурудный город» экологиялық акциясын ұйымдастырды. Акция нәтижесінде Алмаарасан шатқалы 4 тонна күл-қоқыстан тазартылды.

Кешегі күні табиғат жанашырлары биылғы маусымдағы жұмыстарын бастады. «Жасыл ел» мүшелері 19 маусым күні өздерінің алғашқы экологиялық іс-шараларын «Шаңырақ 1» ықшам ауданынан бастады. Шөп шапты. Қоқыс тазалады. Көшет түптеді. Қолына күрек , кетпен ұстаған жүзге тарта жас «Шаңырақ» ықшам ауданының шырайын кіргізді.

«Алматы ақшамы» газетінен

205-тапсырма. Мәтін бойынша5 сұрақ әзірлеңіз.

206- тапсырма. Мәтін мазмұнын ауызша айтып беріңіз.

207-тапсырма. Мәтіннен жалпы және жалқы есімдерді көшіріп жазыңыздар.

208-тапсырма. «Туған жердің табиғаты» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.

6.5.

Сабақтың тақырыбы: Л.т. Жұлынқұрт

Г.т. Зат есімді қайталау

Сабақтың мақсаты: Нашақорлықтың зиянын, зардаптарын түсіндіре

отырып, студенттерді жаман әдеттерден аулақ болуға

баулу. Зат есімнен өткен сабақтарды қайталай

отырып, студенттердің сауаттылығын арттыру.

Пайдаланылған

әдебиеттер: А.Ш.Бектұрова Қазақ тілі А.,- 1998,.

Ш.К.Бектұрова, А.Ш.Бектұров «Қазақ тілі для

начинающих А.,-1994.

Н.Оралбаева, Ғ.Мадина, А.Әбілқаев Қазақ тілі А.1993..

Г.Қ.Рысбаева Қазақ тілі (гр. анықтағыш) А.-2000.

26-39 беттер.

Н.Ә. Егіншібаева, Рақымбаева Б.К., Қалықова Р.С.,

Абдуллина З.А., Өскенбаева Л.Қ., Ахантаева Г.Ж.,

Қазақ тілі сабақтары А.-2003,.

Егемен Қазақстан 2004 ж. 10 қыркүйек

Жаңа сабақ

Тірек сөздер: Нашақорлық, есірткі, тасымалдау, қолдану, дерт, қылмыс, күрес, тосқауыл, қауіпті, кесел.

209-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Жұлынқұрт

Нашақорлық дерті ең алдымен есірткіні өндіру және оны тасымалдаудан, сатудан бастау алады. Мұны ауыздықтау медицина мекемелерінің құзырына жатпайды. Ал есірткіні екі-үш рет қолданғаннан кейін ол адам оған тәуелді болады. Айықпас дертке ұшырайды. Оның аты - нашақорлық. Бұл дертті емдемесе, ол одан әрі асқына береді. Ең соңында өлім халіне душар етеді.

Еліміздегі есірткіге байланысты қылмыстарды сараптап, талдасақ, оның саны жылдан-жылға артып отыр. Нашақорлықтың жастарымыздың арасында белең алып бара жатқаны қатты ойландырады. Адам баласының жастық жалынын жалмаған есірткінің салар дерті тек біздің елімізде ғана емес, көрші мемлекеттердің де жұлынқұртына айналып отырғаны сөзсіз. Сондықтан оған бүкіл әлем жаһандану арқылы да күрес жүргізуді ойлайды. Есірткіге тосқауыл қою оңай емес. Кез келген адам- бұл кеселдің қауіпті екенін жақсы біледі. Әйтсе де оған саналы түрде барған жан, сол тозақтан саналы түрде шыға алмай қалатыны — нағыз қасірет.

Мемлекетімізде жастарымыздың есірткі дертіне шалдыққанын анықтау үшін түрлі сақтандыру шаралары қолға алынып жатыр. Соның бірі жоғары оқу орындарындағы студенттерді арнайы тесттен өткізу. Оның мақсаты—негізінен жастарымыздың балғын кезінен есірткіге қатысы бар-жоғын анықтау. Қатысы болғандарға дер кезінде көмек беру. (Егемен Қазақстан газетінен).

210-тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді көшіріп жазып, мағынасына және құрамына қарай анықтаңыз.

Г.т. Зат есімді қайталау

Зат есім септеледі, көптеледі, тәуелденеді, баяндауыш болғанда жіктеледі, жекеше және көпше түрде ІІІ жақта қолданылады. Мысалы: студент-тер, студент- ке, студент-ім, студент-пін, студент-сің т.б.

Сөйлемдегі негізгі қызметі – бастауыш, толықтауыш болумен қатар, қандай сөзбен тіркесуіне және тұрған орнына қарай анықтауыш, пысықтауыш, баяндауыш мүше де бола алады. Мысалы: Қыста Көкшетауда боламын. Мен студентпін. Әсем жұмыс істейді. Мараттың кітабы. Ұстаздан шәкірт озар.

Зат есімнің сөз тудырушы жұрнақтары:

1. –шы, -ші; оқушы, әнші т.б.

2. –лық, -лік, -дық, -дік; балалық, адамдық, кепілдік т.б.

3. –лас, -лес, дас, -дес; жолдас, ауылдас, жерлес т.б.

4. –хана; кітапхана, дәріхана т.б.

5. –ма, -ме, -ба, -бе, па, -пе; кеспе, сүзбе, қойма т.б.

6. –шылық, -шілік; басшылық, жігітшілік т.б.

211-тапсырма. Берілген сөздерден туынды зат есімдерді көшіріп жазып, сөз тудырушы қосымшаның астын сызыңыз.

Дәрісхана, тақта, қалам, ұшқыш, тау, достық, мектеп, ұстаздық, қарындаш, өлең, хатшы, ұстаз, әкімшілік, әнші, қоғам, нашақорлық, қала, жолдас, дәптер, өнер, жақсылық, өнерпаз, жемқор, дәрігер, ұшақ, бөлме, аялдама, кеспе, көмбе, қыз, бала, студент, оқушы, ұстаз, басқыш, сүзгіш .

212-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңыз.

Қарағым

Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!

Ойынға, құр қаларсың, көңіл бөлме.

Оқымай ойын қуған балаларға

Жолама, шақырса да қасына ерме!

Кідірме, аялдама, алға ұмтыл,

Алам деп көктен жұлдыз қолың серме.

Қарманған қарап қалмас! -деген рас,

Тоқтамай істей берсең батып терге;

Жасынан оқу оқып, өнер қуған

Жан жетпес көңіл жүйрік кемеңгерге...

М.Жұмабаев.

213-тапсырма. Төмендегі жаттығуды қазақ тіліне аударып жазыңыз.

1. Это красивая и светлая комната. 2. В комнате много вещей. 3. Слева стол и четыре стулья. 4. Справа диван и два кресла. 5.На полу красивый ковер. 6.В комнате два окно и дверь. 7. На стульях сидят два друга. 8. В комнате очень чисто и светло.

214-тапсырма. Төменде берілген сөздермен сөйлем құраңыз.

Оқу, бала, күшті, сүз, еркін, күзет, азат, ем, тарт, жол, қой, жігіт, бөл, кес

6.6.

Сабақтың тақырыбы: Л.т.Қорытынды сабақ

Сабақтың мақсаты: Берілген жаттығулар мен тесттер арқылы студенттердің

сауаттылығын бағалау.

Пайдаланылған

әдебиеттер: А.Ш.Бектұрова Қазақ тілі А.,- 1998,.

Ш.К.Бектұрова, А.Ш.Бектұров «Қазақ тілі для

начинающих А.,-1994.

Н.Оралбаева, Ғ.Мадина, А.Әбілқаев Қазақ тілі А.1993..

Г.Қ.Рысбаева Қазақ тілі (гр. анықтағыш) А.-2000.

26-39 беттер.

Н.Ә. Егіншібаева, Рақымбаева Б.К., Қалықова Р.С.,

Абдуллина З.А., Өскенбаева Л.Қ., Ахантаева Г.Ж.,

Қазақ тілі сабақтары А.-2003,.

215-тапсырма. Төменде берілген қосымшалармен бірнеше туынды зат есім жасаңыздар.

1. –шы, -ші;

  1. –лық, -лік, -дық, -дік;

  2. – лас, -лес, -дас, -дес;

  3. – хана;

  4. –ма, -ме, - ба, -бе, -па, пе,

  5. –шылық, -- шілік.

216-тапсырма. Жазған туынды зат есімдерді қатыстыра отырып сөйлемді кеңейтіңіздер.

Үлгі: Күзетші кеді.

Күзетші жұмысқа келді.

Күзетші жұмысқа қаладан келді.

Күзетші жұмысқа автобуспен келді

Күзетші жұмысқа автобуспен кешке келді.

А) Күзетші келді. Самал жазды. Әжем айтты. Сен қаштың.

Ә) Сен жасадың. Мен қойдым. Олар барды. Сіздер айналыстыңыздар.

Б) Сен болдың. Ол сұрады. Анам пісірді. Әкем кесті. Студенттер отырды.

В) Маржан терді. Ата оқыды. Жанат тоқыды. Мен әкелдім. Сен бердің.

217-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойыңыздар.

«Қайырымды көрші» атты аула шығармашылық фестивл... Алматы қала... Жастар саясат... дамыту мемлекеттік қор... мен «Алмалы жастары» қоғамдық бірлестігі... ұйтқы болуымен ұйымдастырылды. Мұндағы әр аула... тұрғындар... бірлікке шақыратын фестиваль... мақсаты – көп қабатты үйлердегі тұрғындар... арасындағы көршілік қарым-қатынас... дамытып, бірлікке шақыру еді. Бүгінде қала бойынша 30 аула клуб.... бары баршаға мәлім. Аула клубтары... жасөспірім... үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру мен бос уақыт... тиімді өткізуде маңыз... зор. Әр клуб... 5-18 жас аралығындағы мектеп оқушылар... бар.

Фестиваль аясы.... оннан астам аула клубы... әр түрлі ойын..., жарыс... өткізіліп, арасындағы үздік... түрлі заттай сыйлықтар... және мақтау қағаздары... марапатталды. «Алматы ақшамы» газетінен.

218-тапсырма. «Біздің аулада» тақырыбына сұхбат құрастырыңыз.

219-тапсырма. Тест тапсырмаларын шешіңіз.

1. Зат есім қандай грамматикалық категория?

а) сөйлем мүшелері

б) сөз табы

в) көмекші сөз

д) көмекші есім

е) жалғау

2.Туынды зат есімді көрсетіңіз

а) тегіс

б) теріс

в) сөгіс

д) дұрыс

е) бұрыс

3.Күрделі зат есімді табыңыз

а) менеджер

б) делдал

в) есепші

д) темір жол

е) салықшы

4. Жалпы зат есімді көрсетіңіз

а) Астана

б) Қайрат

в) Қарақұм

д) Бала

е) Зайсан

5. Тәуелдеулі зат есімді табыңыз

а) оқушы

б) дәптерім

в) даламен

д) қалаға

е) кітаптармен

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]