Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_tili_6_kredit (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.88 Mб
Скачать

Теміртау

Алқызыл аймағына атқан таңда,

Болаттан бұлақ аққан Теміртауда,

Қарадан Қазақстан болат құйған,

Теміртау - құрыш отау Ұлы Отанда.

Ақ тандыр Арқадағы жансыз дала,

Ғажайып бүгін құрыш болды қала,

Түлегі Теміртаудың ер Алтынбек,

Тұр тұңғыш болат құйып таң қалдырар.

Найзағай жалынынан қуат жайнай,

Бұрқана қазанында болат қайнай,

Жас қазақ ,ер Алтынбек екпінімен,

Қыздырған завод пешін отпен ойнай.

Теміртау жағасында сұлу Нұра,

Отымен электрдің суын бұра,

Балқытқан көк болатты қызуымен,

Жүрегін нұр Есілдің жылындыра.

Т.Жароков

139- тапсырма. Төмендегі сөздерді септеңіз.

Өнеркәсіп, пайдалы кендер, кен байлығы.

4.6

Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ.

Сабақтың мақсаты: Өткен материалды қорытындылау мақсатында

тапсырмалар мен тест беру арқылы алған білім

деңгейін бағалау.

Пайдаланған М.Исаев. Қазақ тілі. А., 1994 ж

әдебиеттер: Н.Егіншібаева, Б.Рақымбаева. Қазақ тілі сабақтары

А.О.Мұса, І.М.Төленов Қазақ тілі

Ж.Н.Нығмет Қазақ тілі хрестоматиясы

Г.Қ.Рысбаева Қазақ тілі: тіл дамытуға арналған

мәтіндер жинағы.

140-тапсырма. Бақылау диктанты.

Қарағанды көмір бассейні.

Қарағанды – Нұра өзенінің жағасына орналасқан, Қазақстандағы Алматыдан кейінгі екінші ірі қала. Көмірлі, өнеркәсіпті өлкенің орталығы.

Қарағанды көмірін алғаш тапқан адам – Байжанның Аппағы. Жылқышы Аппақ тышқан аулап жүріп, іннің қасынан жылтыраған қара тасты тауып алады. Ол бұл тасты қара бояу деп ойлайды. Отқа лақтырса, ол тас лапылдап жанып, жұртты таң қалдырады.

1856 жылы керемет тастың хабары Қызылжар саудагері Ушаковқа жетеді. Ол тас табылған жерді Игілік байдан сатып алады. Сөйтіп, оның көмірін қазуға кіріседі.

Қарағандының дәуірлеу кезі 1930 жылдары басталды. Қала өсті. Өнеркәсіп дамыды. Жаңа шахталар ашылды. Көптеген серіктес қалалар пайда болды. Бүкіл әлемге әйгілі металлургия комбинаты ашылып, жұмыс істей бастады. Комбинат орналасқан Самарқан ауылы Теміртау атты үлкен қалаға айналды. Көптеген жоғары оқу орындары, спорт кешендері, мұражайлар өмірге келді.

Өнеркәсіпті Қарағанды өлкесінің Қазақстан экономикасындағы алатын орны ерекше. Өлкенің ірі кәсіпорындары мемлекет бюджетін толтыруда үлкен рөл атқарады.

Қарағандының болашағы зор.

141-тапсырма. Төмендегі мақалдармен сөйлем құрыңыздар.

1. Жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады.

2. Еңбек мұратқа жеткізер.

3. Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле.

4. Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

142- тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]