
- •Алматы -2008
- •Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
- •Анамның тілі - ардақтым менің
- •Қазақстан Республикасының Ата заңы
- •Менің елім, менің отаным – Қазақстан.
- •Түркістан
- •Студенттердің өзіндік жұмысы
- •3.1 Адам және табиғат
- •Орман өсімдіктері
- •Хабарлы сөйлем
- •Табиғатты қорғау.
- •Тоқылдақ
- •Құстар қайтып барады
- •1) Балалар орманға саяхатқа барады.
- •2) Оқушылар орманшының кеңесі бойынша жұмыс істейді.
- •Үй құстарын өсірудің маңызы.
- •Студенттердің өзіндік жұмысы
- •4.1 Қазақстанның өндіріс орындары
- •Қазақстанның ауыр өнеркәсібі
- •Сары-Арқа
- •Астана- Қазақстанның бас қаласы
- •Есіл жағасында еңселі қала
- •Семей полигоны
- •Батыс Қазақстан облысы.
- •Теміртау
- •Гонорар.
- •Студенттердің өзіндік жұмысы.
- •Нарықтық жүйедегі білім беру
- •Г.Т. Күрделі сөздер, олардың жасалу ережесі.
- •Жоғары білім беру
- •Білім берудің жаңа талаптары.
- •Университет факультеттері
- •Біздің университет
- •Студенттердің өзіндік жұмысы
- •Г.Т. Зат есімнің түрлері
- •(Имя существительное)
- •Г.Т. Жалпы және жалқы есімдер
- •Темекінің зияны
- •Г.Т. Жалпы және жалқы есім
- •«Жасыл ел» жасағы
- •Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Қазақ халқының шеберлік өнері
- •Қазақ музыкасы - өмір айнасы
- •Сазген аспабы
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Ою дегеніміз не?
- •Күй атасы
- •Қырқынан шығару
- •Сан есім , оның түрлері
- •Тұсау кесер
- •Арқан тарту
- •Г.Т. Сан есім, оның түрлері
- •Ұлттық ойындар
- •Наурыз мейрамы
- •Сан есімнің емлесі
- •8. 6. Қорытынды сабақ.
- •Сәлемдесу - парыз
- •1. Болжалдық сан есімді көрсетіңіз
- •5. Реттік сан есімді көрсетіңіз
- •Студенттердің өзіндік жұмысы
- •9.1. Қайраткерлер мен тұлғалар
- •Абай Құнанбайұлы
- •Жіктеу есімдіктерінің септелу үлгісі
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сабақтың тақырыбы: л.Т. Ш. Құдайбердиев
- •Әдебиеттер: г.Шаһарман “Практикалық қазақ тілі”. Ш.Құдайбердиев, м.Дулатов шығ. Жин.
- •Шәкәрім Құдайбердиев
- •Сабақтың тақырыбы: л.Т.Міржақып Дулатов
- •Міржақып Дулатов
- •Жазушының қанағаты
- •Сабақтың тақырыбы: л.Т. Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытов.
- •Әдебиеттер: ш. Бектұров, м.Серғалиев “Қазақ тілі”.
- •Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытов шығ.Жинағы.
- •Ахмет Байтұрсынұлы
- •Жүсіпбек Аймауытов
- •Қыл қаламның хас шебері
- •Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмалары.
- •10. 1 Студенттердің ғылыми жұмыстары
- •Реферат.
- •Ақша деген не?
- •Агрономиялық кендер
- •Жер табиғи ресурс ретінде
- •Инженер
- •Ветеринария ісін ұйымдастыру
- •Маркетинг қызметі деген не?
- •Мал атауы туралы
- •Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы.
- •Ветсансарап зертханасы
- •Жер кадастрының қазіргі міндеттері мен мазмұны
- •Рецензия
- •Салық саясаты
- •Агрономия
- •Экология ғылымы.
- •Індет процесі туралы түсінік
- •Іріктеу және сұрыптау
- •Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Мамандықты қалай түсінесіз?
- •Алманың пайдасы.
- •Электрмен жылынатын едендер
- •Табиғатты қорғау
- •Орман туралы не білесіз?
- •Кушумская порода лошадей
- •Университет тарихынан
- •Ауыл, орман және су шаруашылығы инженерлігі факультеті
- •Агробиология және экономика факультеті
- •Ветеринарлық және мал шаруашылығы факультеті
- •Банк жүйесі
- •Электр жабдықтары
- •Нобель сыйлығы туралы не білесіз?
- •Инженер-электрик мамандығы
- •Алғашқы трамвай қай жерде жүрген?
- •Зоогигиена туралы түсінік
- •Ветеринарлық медицина мамандығы
- •Қызылша
- •Балалық шақ
- •Ұлттық байлық дегеніміз не?
- •12. 1. Ғылым тарихынан
- •Агрономиялық химия
- •Электронды есептеуіш машина (эем)
- •Індеттану
- •Қаракөл елтірісі
- •Орман тіршілігі
- •Картоп дақылын тыңайту
- •Трактордың жалпы құрылысы
- •Валюта нарықтары
- •Наурызым қорығы.
- •Вирустар
- •Қызанақ
- •Механизм құрылымы
- •Экология
- •Экономика
- •Шартты райдың жіктелу үлгісі.
- •Қалау рай.
- •Мақал-мәтелдер
- •Бағалы аң терісінің тауарлық қасиеті және оны анықтау әдістері
- •Ауыл шаруашылығындағы үй жайлар.
- •Қаржы жүйесі
- •Машина жасау технологиясы
- •Ауыл шаруашылығындағы тыңайтқыштар
- •Қарасан ауруы
- •Қаракөл қозылары
- •Литосфера
- •Экономикалық бірліктер
- •Қасиетті нан
- •Электр сымдары неге ызыңдайды?
- •Сумен жұмыс істейтін компьютор
- •Мотоциклдер неге дизельді жанармаймен жүрмейді?
- •Целлюлоза дегеніміз не?
- •Тозаң – қылмыскердің куәсі
- •Г.Т. Үстеу туралы түсінік
- •Жануарлар дыбысы.
- •Операциялық жүйе (ож)
- •Техникалық эксплуатацияның негіздері.
- •Көкөніс дақылдарын тыңайту
- •Негізгі шоттар.
- •Лимфа (сөл) жүйесінің құрылым принципі.
- •Электрлік шам
- •Көшіргіш аппарат қалай жұмыс істейді?
- •Теңге – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы
- •Биоотынмен автомашина жүре ме?
- •Бақалар қалай қыстайды?
- •Г.Т. Үстеудің мағыналық түрлері
- •Мезгіл үстеуі
- •Мекен үстеуі
- •Балмұздақ.
- •Жәндік жейтін өсімдік.
- •Ең лас өзен қайда ағады?
- •Капитал
- •Тағам қалдықтарынан ток алынды
- •Компьютердің жұмысын калькулятор атқарады
- •Бағалау
- •Пластиктен жанармай
- •Сүт сапасы шөптен
- •Бактериялық рак
- •Мөлшер үстеуі
- •Күшейткіш үстеу
- •Мақсат үстеуі
- •Себеп – салдар үстеуі
- •Ірі қара (сиыр)
- •Қаймақ жасау
- •Ас қорыту.
- •Микро машиналар
- •Өсімдік және музыка
- •Интернет – ол не?
- •Как были открыты витамины
- •Понятие валютного риска
- •Сүт қышқылды бактериялар
- •Жеміс бақтарына тыңайтқыштар енгізу
- •Өнер –білім, бар жұрттар
- •Қазақстанның дәрілік өсімдіктері
- •Казахский архармеринос
- •Значение рыбы в жизни человека
- •Тыңайтқыш қолдану және қоршаған ортаны қорғау
- •Тікпе көшеттерді өсіру технологиясы
- •Қазақстанда қой шаруашылығының өркендеуі
- •Талшықты технология туралы
- •Сәбіз, пияз
- •Аккумулятор
- •Одағайдың түрлері.
- •15.1. Қазақ тілінің терминдік лексикасы.
- •Өсімдіктің қоректенуі
- •Түйенің түрлері, тұқымдары
- •Термос қайдан шықты
- •Тыңайтқыштар
- •Субтропикалык дақылдар тобы.
- •Тауар айналысы.
- •Бүршіктер
- •Резеңке материалдары
- •Күздік бидайды тыңайту
- •Электр жабдықтары
- •Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары
- •Мыңжапырақ
- •Сиырды азықтандыру
- •15. 6 Қорытынды сабақ
- •Өзіндік жұмыс тапсырмалары
Қазақстанның ауыр өнеркәсібі
Қазақ жері кенге бай. Осы пайдалы қазбалардың негізінде алып комбинаттар ашылған. Жаңадан іске қосылып жатқан зауыттар, кен байыту фабрикалары, кен орындары аз емес. Қазіргі заманға сәйкес осы ауыр өнеркәсіп орындары ашық не жабық түрдегі акционерлік қоғамдарға, корпорацияларға айналып жатыр. Нарықтық экономикада жеке ұжымдық меншіктің болуы - заңдылық.
Еліміз экономикасының негізі болып саналатын ауыр өнеркәсіпті одан әрі дамыту – мемлекетіміздің экономикалық саясатының басты мақсаты. Осы мақсатты орындау үшін, Үкіметіміз арнайы бағдарлама жасады. Онда макроэкономикалық тұрақтандыру басты бағыт болып белгілеген. Өнеркәсіптің осы саласының болашағына сеніммен қарауға болады.
111-тапсырма. Мәтін мазмұнына сәйкес бірнеше сұрақ әзірлеңіз.
112- тапсырма. «Фабрикада» немесе «Зауытта» тақырыбына сұхбат құрыңыз.
113- тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерді жазып, жаттап алыңыз.
Мал баққандыкі, жер жыртқандыкі
Татулық – табылмас байлық
Жері байдың – елі бай
Бірлікті ел бұзылмас
Көз – қорқақ, қол – батыр.
114- тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңыз.
Сары-Арқа
Ішің қазына,
Сыртың мал.
Алмас, гауһар, алтының.
Сандығыңда жабылған
Қалайы, мыс түстіден,
Қол – аяғың құйылған.
Болатың шынық құрыштай,
Темірің тау үйілген.
Ағылып Сарыбайдан магнитің,
Суындай,
Таулы жердің тасқындаған
Жұмыскер,
Миллиондаған құрыш – білек.
Рухымен аруақтың,
Қанаттанған.
Таусылмас жер астында,
Көп қазына
Бұлақтай,
Мәңгі – бақи аға берген.
Бұлқынып кеудең толы,
Кен көмірге.
Ордасы – қара алтынның
Қарағанды.
Шәмкен Қаппасова
115- тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден жіктік жалғауын табыңыз.
Менің Отаным – Қазақстан. Мен оның азаматымын. Мен Қазақстан азаматы екенімді мақтан етемін. Өйткені Қазақстан – бейбітшілікті сүйетін ел. Ол өз тарихында еш халықтың жеріне шабуыл жасамаған.
Қазақстанда егін, мал шаруашылығы жақсы дамыған. Өнеркәсібі өркендеген ел. Оны дүние жүзі мемлекеттері ерекше бағалайды.
Жаса, Менің Қазақстаным!
4.2
Сабақтың тақырыбы: Л.т. Қазақстанның экономикалық жағдайы.
Тірек сөздер: халық шаруашылығы, өнеркәсіпорындары, өнім сапасы, жеңіл өнеркәсіп, ынтымақтастық қарым-қатынаста болу.
116-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұныны айтыңыз.
Өнеркәсіп – экономиканың негізі.
Қазақстан Республикасы халық шаруашылығының басты саласы – өнеркәсіп.
Химия, энергетика, металлургия және пайдалы қазбаларды шығару – өнеркәсіптің жетекші салалары болып есептеледі. Машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің де өзіндік орны бар.
90-жылдардың басында республика вольфром, хром және фосфор кендері жөнінен екінші, қорғасын мен молибденнен төртінші, темір кенінен сегізінші орында болды.
Қазақстанда мұнай мен газдың мол қоры бар. Жыл сайын республика 26млн. тн. Мұнай, 8 млрд. шаршы метр газ өндіреді.
Еліміздің солтүстігінде қара және түсті металлургияны өңдеу зауыты орналасқан. Олар – Қарағанды металлургия комбинаты, Ермак ферроқорытпа зауыты, Соколов – Сарыбай кен-байыту комбинаты.
Ал түсті металлургиядан – Жезқазған түсті металлургия, Балқаш кен-металлургия, Өскемен қорғасын-мырыш, Лениногор полиметалл комбинаттары мен Шымкент қорғасын зауытын айтуға болады. Осы кен-металлургия комбинаттарының өнімдері шетел мемлекеттерінің назарына ілігіп, республикаға түсетін валютаның негізгі көзіне айналып отыр.
Қазіргі уақытта металлургия комбинаттарын қайта құру, жұмысын жақсарту, өнімдерінің сапасын арттыру барысында жаңа бағдарлама жасалды.
Мәселен, Шығыс Қазақстанда қалдықты қайта өңдеу, металл прокатын, титан өңдеуден бастап, дайын бұйым өндіруге дейінгі технологиялық процестерді қамтитын титан өндірісін дамыта түспекші.
Қазақстанның батысында және оңтүстік-шығысында ірі химиялық кәсіпорын кешені орналасқан. Олар – «Қаратау» кен-химия комбинаты АҚ, «Химпром» АҚ, «Шымкентшин» АҚ.
Қазақстан әлемнің жүзден аса еліне өнеркәсіп өнімдерін экспортқа шығарады.
Қазақстанмен Түркия, Қытай, Израиль, Германия, АҚШ, Жапония және де басқа елдер ынтымақтастық қарым-қатынаста.
117-тапсырма. Сұрақтарға жауап әзірлеңіз.
1. Еліміздің солтүстігінде қандай кен орындары бар?
2. Қазақстандағы машина жасау және энергетика қоры туралы не айтасыз?
3. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі қай аймақта жақсы дамыған?
4. Қазақстан ауыр өнеркәсіп өнімдерін қандай елдерге жібереді?
118-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз.
Қазақстан Республикасының халық шаруашылығы – ауыр индустрия, тамақ және жеңіл өнеркәсібі дамыған, ауыл шаруашылығы бар күрделі кешен. Қарағанды көмір бассейні республикалық көптеген өнеркәсіптің отын көзі. Машина жасау кәсіпорынының қажеттігін өтейтін өз металлургиясы бар. Екібастұз таскөмір орнының Қазақстан экономикасында алар орны ерекше.
Ембі мұнайы республикамыз үшін жоғары техникалық сапалы өнім
өндіріп отыр. Бұл жерде мұнаймен қатар газ да шығады.
(«Егемен Қазақстан» газеті).
119-тапсырма. Еңбек туралы 6 мақалды жатқа айтып беріңіз.
120-тапсырма. Ұлағат сөздерді мәнерлеп оқып, жадыңызда ұстаңыз.
1. Ақылды адам азғантайды қанағат қылып, бақытты өмір сүреді, ал ақымаққа бәрін берсең де аз.
(Абай)
2. Кім азды қанағат тұтса, сол – бай.
(К. Гольдони)
3. Тапшылықта азға да қанағат ете білгенің,
Өзіңе-өзің патша боп, еркін өмір сүргенің.
(Р. Хорезми)
4. Ысырап тек дүние – малды жұмсауда ғана емес, ішіп-жеуде де, адамның қылықтарында да, өзінде де болады.
(Мақтымқұлы).
121- тапсырма. Төмендегі элементтердің орысша баламасын табыңыз.
Қорғасын, мыс, мырыш, темір, күкірт, сынап, көміртек, сутек, оттек.
4.3
Сабақтың тақырыбы: Л.т. Қазақстанның ірі қалалары.
Г.т. Тәуелдік жалғау.
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның ірі қалаларының шығу тарихы туралы
мәлімет беру. Сөз құрамының жасалу жолдарын
практикалық жолмен меңгерту.
Пайдаланылған А.О.Мусинов, И.М. Туленов. Мен қазақша
әдебиеттер: сөйлеймін.
Б. Құлмағамбетова, С.Мұқашев. Қазақ тілі.
А. Бектурова, Ш. Бектуров. Қазақ тілі для
начинающих.
Жаңа сабақ:
Тірек сөздер: орталық, мекеме,шаруашылық,аумақ,аудан,жаңа табыстар.
Г.т. Сөз құрамы
Сөз – белгілі бір ұғымның атауы. Сөздер белгілі бір дыбыстардың жиынтығынан тұрып, ол дыбыстар буын құрайды. Демек, сөздің ең кішкентай бөлігі-дыбыс, одан кейін буын. Сөздер жеке-жеке ұғымдарды білдіргенімен, грамматикалық амал- тәсілдерсіз адам ойын жарыққа шығара алмайды. Грамматиканың қарамағына берілгенде ғана қарым-қатынас құралына айналады. Тілдің грамматикалық құрылысын грамматика ғылымы тексереді. Грамматика деген термин екі түрлі мағынада қолданылады.1. Тілдің грамматикалық құрылысын зерттейтін ғылым. 2. Сөз тіркесі, сөйлем туралы ғылым деген мағына береді. Әрбір сөздің өзіне тән тұлға тұрпаты болады. Олар төмендегідей:
Мал, су, төбе сөздерінің мағыналары болумен қатар сыртқы тұлғасы жағынан, ешқандай қосымшасыз, түбір тұлғадағы сөздер.
Мал-шы, су-ла, төбе-шік сөздерінің әрқайсысы түбір мен қосымшадан тұрады.
Демалыс, шекара, тасбақа, белбеу сөздерінің әрқайсысының өзіне тән мағыналары бар. Тұлғалық жағынан бұлардың құрамында екі сөз бірігіп келген.
Ата-ана, қып-қызыл, үлкен-үлкен сөздері тұлғалық жақтан екі түбір тұлғалы сөздердің қосарлануы арқылы жасалған.
ҚР, ҚазҰМУ деген сөздер айтуға ықшамдырақ болу үшін не бас буындарынан, не басқа дыбыстарынан қысқартылып алынған.
Тәуелдік жалғау да сөзді қатынасқа түсіретін қосымшаның бір түрі. Тәуелдік жалғауының ІІ жағының анайы және сыпайы түрі болады. Сөз жекеше және көпше түрде тәуелденеді.
Сөз жекеше түрде тәуелденіп бір ғана затқа тән екенін білдіреді. Ал көпше түрде тәуелденіп тұрса, көп зат немесе бірнеше зат бір адамға меншікті екенін білдіреді. Тәуелділіктің бұл түрі оңаша тәуелдену деп аталады.
Мысалы: І Менің апам Біздің апамыз
ІІ Сенің апаң Сендердің апаларың
Сіздің апаңыз Сіздердің апаларыңыз
ІІІ Оның апасы Олардың апалары
Ал, бірнеше зат, бір адамға тәуелді болмай, әлденеше адамға меншікті болса, ондай тәуелдеуді ортақ тәуелдеу дейміз. Мысалы: біздің апамыз, қаламымыз, сендердің апаларың, қаламдарың тәуелдік жалғаудың І және ІІ жақтары үнемі кісіге қатысты айтылады да, ІІІ жақ адамға да, басқа заттарға да қатысты болады.
І. Менің машинам
ІІ. Сенің машинаң
ІІІ. Оның машинасы ( адамның, колхоздың машинасы)
Тәуелдік жалғауы зат есімге жалғанады.
Сөйтіп, қазақ тілінің сөз құрамы түбір сөзден, түбір мен қосымшадан, (жұрнақ, жалғау) қосымшалы сөз, түбір мен жұрнақтан туынды сөз, екі түбірдің қосарлануынан қос сөз, күрделі сөздердің қысқартылуынан- қысқарған сөз, сөздердің тіркесуінен жасалған сөз тіркесінен тұрады.
122-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.