
- •Алматы -2008
- •Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
- •Анамның тілі - ардақтым менің
- •Қазақстан Республикасының Ата заңы
- •Менің елім, менің отаным – Қазақстан.
- •Түркістан
- •Студенттердің өзіндік жұмысы
- •3.1 Адам және табиғат
- •Орман өсімдіктері
- •Хабарлы сөйлем
- •Табиғатты қорғау.
- •Тоқылдақ
- •Құстар қайтып барады
- •1) Балалар орманға саяхатқа барады.
- •2) Оқушылар орманшының кеңесі бойынша жұмыс істейді.
- •Үй құстарын өсірудің маңызы.
- •Студенттердің өзіндік жұмысы
- •4.1 Қазақстанның өндіріс орындары
- •Қазақстанның ауыр өнеркәсібі
- •Сары-Арқа
- •Астана- Қазақстанның бас қаласы
- •Есіл жағасында еңселі қала
- •Семей полигоны
- •Батыс Қазақстан облысы.
- •Теміртау
- •Гонорар.
- •Студенттердің өзіндік жұмысы.
- •Нарықтық жүйедегі білім беру
- •Г.Т. Күрделі сөздер, олардың жасалу ережесі.
- •Жоғары білім беру
- •Білім берудің жаңа талаптары.
- •Университет факультеттері
- •Біздің университет
- •Студенттердің өзіндік жұмысы
- •Г.Т. Зат есімнің түрлері
- •(Имя существительное)
- •Г.Т. Жалпы және жалқы есімдер
- •Темекінің зияны
- •Г.Т. Жалпы және жалқы есім
- •«Жасыл ел» жасағы
- •Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Қазақ халқының шеберлік өнері
- •Қазақ музыкасы - өмір айнасы
- •Сазген аспабы
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Ою дегеніміз не?
- •Күй атасы
- •Қырқынан шығару
- •Сан есім , оның түрлері
- •Тұсау кесер
- •Арқан тарту
- •Г.Т. Сан есім, оның түрлері
- •Ұлттық ойындар
- •Наурыз мейрамы
- •Сан есімнің емлесі
- •8. 6. Қорытынды сабақ.
- •Сәлемдесу - парыз
- •1. Болжалдық сан есімді көрсетіңіз
- •5. Реттік сан есімді көрсетіңіз
- •Студенттердің өзіндік жұмысы
- •9.1. Қайраткерлер мен тұлғалар
- •Абай Құнанбайұлы
- •Жіктеу есімдіктерінің септелу үлгісі
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сабақтың тақырыбы: л.Т. Ш. Құдайбердиев
- •Әдебиеттер: г.Шаһарман “Практикалық қазақ тілі”. Ш.Құдайбердиев, м.Дулатов шығ. Жин.
- •Шәкәрім Құдайбердиев
- •Сабақтың тақырыбы: л.Т.Міржақып Дулатов
- •Міржақып Дулатов
- •Жазушының қанағаты
- •Сабақтың тақырыбы: л.Т. Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытов.
- •Әдебиеттер: ш. Бектұров, м.Серғалиев “Қазақ тілі”.
- •Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытов шығ.Жинағы.
- •Ахмет Байтұрсынұлы
- •Жүсіпбек Аймауытов
- •Қыл қаламның хас шебері
- •Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмалары.
- •10. 1 Студенттердің ғылыми жұмыстары
- •Реферат.
- •Ақша деген не?
- •Агрономиялық кендер
- •Жер табиғи ресурс ретінде
- •Инженер
- •Ветеринария ісін ұйымдастыру
- •Маркетинг қызметі деген не?
- •Мал атауы туралы
- •Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы.
- •Ветсансарап зертханасы
- •Жер кадастрының қазіргі міндеттері мен мазмұны
- •Рецензия
- •Салық саясаты
- •Агрономия
- •Экология ғылымы.
- •Індет процесі туралы түсінік
- •Іріктеу және сұрыптау
- •Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Мамандықты қалай түсінесіз?
- •Алманың пайдасы.
- •Электрмен жылынатын едендер
- •Табиғатты қорғау
- •Орман туралы не білесіз?
- •Кушумская порода лошадей
- •Университет тарихынан
- •Ауыл, орман және су шаруашылығы инженерлігі факультеті
- •Агробиология және экономика факультеті
- •Ветеринарлық және мал шаруашылығы факультеті
- •Банк жүйесі
- •Электр жабдықтары
- •Нобель сыйлығы туралы не білесіз?
- •Инженер-электрик мамандығы
- •Алғашқы трамвай қай жерде жүрген?
- •Зоогигиена туралы түсінік
- •Ветеринарлық медицина мамандығы
- •Қызылша
- •Балалық шақ
- •Ұлттық байлық дегеніміз не?
- •12. 1. Ғылым тарихынан
- •Агрономиялық химия
- •Электронды есептеуіш машина (эем)
- •Індеттану
- •Қаракөл елтірісі
- •Орман тіршілігі
- •Картоп дақылын тыңайту
- •Трактордың жалпы құрылысы
- •Валюта нарықтары
- •Наурызым қорығы.
- •Вирустар
- •Қызанақ
- •Механизм құрылымы
- •Экология
- •Экономика
- •Шартты райдың жіктелу үлгісі.
- •Қалау рай.
- •Мақал-мәтелдер
- •Бағалы аң терісінің тауарлық қасиеті және оны анықтау әдістері
- •Ауыл шаруашылығындағы үй жайлар.
- •Қаржы жүйесі
- •Машина жасау технологиясы
- •Ауыл шаруашылығындағы тыңайтқыштар
- •Қарасан ауруы
- •Қаракөл қозылары
- •Литосфера
- •Экономикалық бірліктер
- •Қасиетті нан
- •Электр сымдары неге ызыңдайды?
- •Сумен жұмыс істейтін компьютор
- •Мотоциклдер неге дизельді жанармаймен жүрмейді?
- •Целлюлоза дегеніміз не?
- •Тозаң – қылмыскердің куәсі
- •Г.Т. Үстеу туралы түсінік
- •Жануарлар дыбысы.
- •Операциялық жүйе (ож)
- •Техникалық эксплуатацияның негіздері.
- •Көкөніс дақылдарын тыңайту
- •Негізгі шоттар.
- •Лимфа (сөл) жүйесінің құрылым принципі.
- •Электрлік шам
- •Көшіргіш аппарат қалай жұмыс істейді?
- •Теңге – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы
- •Биоотынмен автомашина жүре ме?
- •Бақалар қалай қыстайды?
- •Г.Т. Үстеудің мағыналық түрлері
- •Мезгіл үстеуі
- •Мекен үстеуі
- •Балмұздақ.
- •Жәндік жейтін өсімдік.
- •Ең лас өзен қайда ағады?
- •Капитал
- •Тағам қалдықтарынан ток алынды
- •Компьютердің жұмысын калькулятор атқарады
- •Бағалау
- •Пластиктен жанармай
- •Сүт сапасы шөптен
- •Бактериялық рак
- •Мөлшер үстеуі
- •Күшейткіш үстеу
- •Мақсат үстеуі
- •Себеп – салдар үстеуі
- •Ірі қара (сиыр)
- •Қаймақ жасау
- •Ас қорыту.
- •Микро машиналар
- •Өсімдік және музыка
- •Интернет – ол не?
- •Как были открыты витамины
- •Понятие валютного риска
- •Сүт қышқылды бактериялар
- •Жеміс бақтарына тыңайтқыштар енгізу
- •Өнер –білім, бар жұрттар
- •Қазақстанның дәрілік өсімдіктері
- •Казахский архармеринос
- •Значение рыбы в жизни человека
- •Тыңайтқыш қолдану және қоршаған ортаны қорғау
- •Тікпе көшеттерді өсіру технологиясы
- •Қазақстанда қой шаруашылығының өркендеуі
- •Талшықты технология туралы
- •Сәбіз, пияз
- •Аккумулятор
- •Одағайдың түрлері.
- •15.1. Қазақ тілінің терминдік лексикасы.
- •Өсімдіктің қоректенуі
- •Түйенің түрлері, тұқымдары
- •Термос қайдан шықты
- •Тыңайтқыштар
- •Субтропикалык дақылдар тобы.
- •Тауар айналысы.
- •Бүршіктер
- •Резеңке материалдары
- •Күздік бидайды тыңайту
- •Электр жабдықтары
- •Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары
- •Мыңжапырақ
- •Сиырды азықтандыру
- •15. 6 Қорытынды сабақ
- •Өзіндік жұмыс тапсырмалары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ КАФЕДРАСЫ
Қ А З А Қ Т І Л І
(Кредиттік оқыту жүйесінің оқу-әдістемелік кешені)
Алматы -2008
ББК -81.2. Қаз
Қ 17
Ф.ғ.к., доцент Н.Ә. Егіншібаева, аға оқытушылар: Б.К. Рақымбаева, З.А. Абдуллина, Р.С. Қалықова, Л.Қ. Ускенбаева, оқытушы М.Т. Отынчиева.
Қ 17 “Қазақ тілі” ( Кредиттік оқыту жүйесінің оқу-әдістемелік кешені).
- Алматы: ҚазҰАУ, «Агроуниверситет» баспасы, 2008 жыл, 234 бет.
ISBN N 9965 – 720 – 55 - Х
Рецензенттер:
А.М.Ерімбетова – филология ғылымдарының докторы, профессор.
К.Ж.Айдарбекова – филология ғылымдарының кандидаты.
Оқу құралы кредиттік оқыту жүйесі бойынша қазақ тілінің оқу бағдарламасына сәйкес жазылған. Ол негізінен жоғары оқу орнында оқитын, мектепті орыс тілінде бітірген студенттерге арналған.
Оқу құралы танымдық тақырыптарға сәйкес кәсіби лексиканы және тілдік материалдарды меңгертуді мақсат етеді. Осыған орай қазақ және орыс тілдерінде аграрлық мамандықтар бойынша мәтіндер мол берілген. Білім сапасын бақылау мақсатында әр тақырыптан кейін тест тапсырмалары берілген.
Оқу құралы аграрлық салада оқитын орта, жоғары оқу орындары студенттеріне және жалпы көпшілікке толықтырулар енгізіліп, қайта басылымға ұсынылып отыр.
ББК 81.2. Қаз
Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Қазақ тілі кафедрасының 2008 жылғы 14 қаңтардағы №5 хаттамасымен бекітілген.
О. Сүлейменов атындағы Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие орталығы оқу-әдістемелік бірлестігінің 2008 жылғы 14 ақпан № 3 хаттамасымен мақұлданған.
Университет оқу-әдістемелік кеңесінің 2008 жылғы 7 сәуір № 112 хаттамасымен тіркелген.
ISBN N 9965 – 720 – 55 - Х
ТҮСІНІК ХАТ
Оқу-әдістемелік кешеннің жалпы сипаттамасы:
Соңғы жылдары әлемдік стандартқа сәйкес Қазақстан жоғары оқу орындарының оқу жүйесінде кредиттік оқыту технологиясы тәжірибеден өтуде. Осыған орай жаңа талапқа сай типтегі бағдарламалар, оқулықтар мен оқу құралдары оқу үрдісінде қолданыла бастады.
Кредиттік жүйеде оқытуға арналған «Қазақ тілі» оқу-әдістемелік кешені жоғары оқу орындарының аграрлық сала мамандықтары орыс бөлімінің студенттерін оқытуға арналған «Практикалық қазақ тілі» курсының типтік бағдарламасының негізінде 6 кредит көлемінде құрастырылған.
Негізгі мақсаты - студенттердің қазақ тілінен алған білімдерін тәжірибеде қолдануды, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытудың сапалық деңгейін көтеруді көздейді.
Қазақ тілін орыс аудиториясында оқыту барысында функционалды жүйелік әдісті қолдану көзделген. Мұнда белсенді қатысымдық (коммуникативтік) практикалық бағыт, сөйлеу әрекетінің барлық түрін өзара тілдік материалдарды қолданымдылық функционалдық жүйемен іріктеп, ыңғайлап меңгерту, кезеңдік және жеңілден күрделіге қарай өту принциптерін жүзеге асыру, ең бастысы, заман талабына сай мамандыққа бағыттап оқыту назарға алынған. Әр сабақ төмендегідей негізгі құрамды бөліктерден құралған: лексикалық тақырып, грамматикалық материалдар, тірек сөздер, практикалық сөйлесім үлгілері, жаттығулар, бақылау тестері, студенттердің өзіндік жұмыс тақырыптары мен тапсырма талаптары негізгі және қосымша әдебиеттер белгілі тәртіппен берілген.
Алғашқы кезеңде қазақ тілінің жалпы сипаты, шыққан тегі, функционалдық түрлері (ұлт тілі, әдеби тіл, мемлекет тіл) тілдік құрылым және қазақ тіл білімінің салалары туралы жалпы мағлұмат беру ескертілген.
Оқытудың төмендегідей міндеттері негізге алынған.
Елтану кезеңінде:
- бірінші кезеңдегі лексикалық, тілдік материалдарды дамыту;
- өздерінің туған жер, өскен мекендері туралы баяндай білуге жаттықтыру;
- қазақ жерінің географиялық жағдайы, табиғат ерекшеліктері, табиғи
байлығы, қазақ халқы туралы мәлімет бере білуді қалыптастыру;
- салт-дәстүр туралы білімдерін тереңдету.
«Мамандық әлемінде» кезеңінде:
- болашақ мамандықтары туралы кезеңін кеңейту, сұрай, анықтай, хабарлай
білуге жаттықтыру;
- жұмысы жөнінде, өзі туралы мәлімет беруге, жарнама,
хабарландыруларды оқи білуге, олардың қажеттісін іріктеп ала білуге
үйрету;
кәсіби терминдемен жұмыс істеуге, сөздікпен, газет-журналмен жұмыс
істей білуге, түсінігін айта білуге жаттықтыру.
Сөйлеу әрекетінің түрлерін қалыптастыруға қойылатын төмендегідей талаптар ескерілген.
Оқылымда:
сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді, ережені дұрыс оқу;
дұрыс дыбыстай білу;
сөзді түсіне білу, грамматикалық белгілерін айыра білу;
сөздің мағынасын ажырата білу.
Тыңдалымда:
дыбысталған сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді ажырата білу;
берілген сұрақты түсіне білу, оған тиісті жауап бере білу;
кезекті хабарды ойға түйіп ала білу.
Жазылымда:
сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді сауатты жаза білу;
тыңдаған, оқыған мәлімет, мәтінді дұрыс жаза білу;
жазбаша хабарлама жасай білу;
баяндама, мақала, реферат, конспектілер жаза білу.
Айтылымда:
тыңдаған, оқыған хабарды жеткізе білу;
өзінің ойын айта білу;
құптау, құптамау (интенциялық) әрекеттерін түрлі эмоциялық реңктер арқылы жеткізе білу.
Алғысөз
Жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарына арналған «Қазақ
тілі» оқу құралы ауыл шаруашылық мамандықтарының орыс аудиториясындағы студенттеріне ұсынылып отыр. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша жазылған бұл құрал типтік бағдарламаға сәйкес бірнеше тақырыптардан тұрады. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оның барлық талаптары мен заңдылықтарын жүзеге асыру жолында жоғары оқу орындарында қазақ тілін үйренуші топтардың білім деңгейін арттыру үшін теориялық және оқу құралдарды жетілдірудің мәні зор. Дәл осындай мақсатта жазылған бұл оқу құралы тілдің лексикалық және грамматикалық талаптарына жауап беретін бірден-бір ұжымдық жинақ. Оқу құралында Қазақстан Республикасы рәміздері, туған өлке тарихы, оның байлықтары, нарықтық жүйедегі білім беру, жаңа технология, терминдік лексика, ұлы тұлғалар туралы нақты деректер келтірілген. Сонымен бірге аграрлық сала үшін аса қажетті ақпараттар: орман шаруашылығы, электрлендіру, агрономия, мал шаруашылығы технологиясы, ел экономикасы, экология жайлы мәтіндер мен мәтін мазмұнына сәйкес тапсырмалар берілген. Мазмұны мен тақырыбына сәйкес берілген тапсырмалардың ішінде мақал-мәтелдерді жаттау, мәтінді мәнерлеп оқу мен мазмұнын айту, мәтінді аудару мен өлеңді жатқа айту тәрізді түрлері берілген.
Тілдік материалдар орта мектеп, арнайы орта оқу орындарында алған білімдерінің негізінде лексикалық материалдарды меңгеру бағытында берілген .
1.1
Сабақтың тақырыбы: Л.т. Тіл және қоғам
Г.т. Үндестік заңы
Сабақтың мақсаты: Тілдің қоғамда алатын орнын айтып жеткізу. Тіл
туралы мақал-мәтел, қанатты сөздер, өлеңдерден
үзінді жаттату. Үндестік заңын практикалық жолмен
меңгерту.
Пайдаланылған
әдебиеттер: Ш.Бектуров. Қазақ тілі для начинающих. А., 1994 ж
К.Сариева. Қазақ тілі және елтану.
Н.Егіншібаева. Қазақ тілі сабақтары, 38-39 бет
Жаңа сабақ:
Тірек сөздер: Қазақстан Республикасы, тіл, қоғам, қазақ тілі, түркі тілдері, туыс тілдер, жазба ескерткіштер, тіл туралы заң, ана тілі, халық болып қолдау.
Г.т. Үндестік заңы
Түбір мен қосымша сөз бен сөздің арасында үндесіп айтылады. Оны қазақ тілінде үндестік заңы деп атайды. Сөздің соңғы буыны жуан болса, оған қосымша да жуан болып жалғанады. Жіңішке болса, оған қосымша жіңішке буынды болып жалғанады. Мысалы; бала-лар, қала-ның, дәптер-лер, қағаз-ға, мектеп-ке. Бірақ тілімізде бұл заңдылыққа бағынбайтын да қосымшалар бар. Олар түбірдің жуан не жіңішке болуына қарамай жалғанатын қосымшалар:
1) –мен, -бен, -пен (көмектес септігінің жалғауы), 2) –дікі, -тікі 3) –тай, -тал, -еке, -кер, -қол, -қой, -кеш, -хана жұрнақтары.
Мысалы: Әсемпаз, дәріхана, баланікі, қызбен, кішкентай.
Үндестік заңы екі түрлі болады: буын үндестігі және дыбыс үндестігі.
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіз.
Ана тілім – ардақтым .
Тіл- халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін –ана тілі мен ата дәстүрі . Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз-қазақ тілі.
Қазақ тілі- дүние жүзіндегі ең бай, орамды да бейнелі тілдердің бірі .Ол -өнеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің барлық салаларын қамтитын көркем тіл.
Қазақ тілі – ұлы Абайдың, Шоқанның, Әуезовтің, Ғабит, Сәбиттің тілі!
Тіл – халықтың өткен, қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Қазақтың тілі арқылы біз осы республикада тұратын жергілікті халықтың ата дәстүрін, салтын танып білеміз.
Қазақстан Республикасында тұратын әр азаматтың басты парызы – мемлекеттік тілді біліп, сол тілде қарым-қатынас жасай білу.
2-тапсырма. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ әзірлеңіз.
3-тапсырма. Ана тілі туралы жазған ақындардың бірнеше өлеңдерінің атын атап, үзінді келтіріңіз.
4-тапсырма. Төмендегі сөздерді көшіріп жазып, үндестік заңына бағынбай тұрған сөздің астын сызыңыз.
Пырақ, көкбайрақ, мемлекет, әнұран, шаңырақ, елбасы, жұлдыз, елорда, төлқұжат, кітап, мұғалім.
5-тапсырма. Мына сұрақтарды пайдалана отырып, тақырып бойынша әңгімелеңіз.
1.Сен қайда тудың ? Қайда өстің?
2. Сенің отбасы жағдайың қандай?
3. Сенің ана тілің қай тіл ?
4. Сен қайда оқыдың? Нені бітірдің?
5. Сенің туған жеріңде қандай ұлттар тұрады ? Сен тұрған республиканы көп
ұлтты республика деп атауға бола ма ?
6. Сен ана тілін кімнен үйрендің ?
7. Сенің ана тілің бай тіл ме ?
8. Халық ана тілінде не шығарады ?
9. Ана тілінен басқа қандай тілдерді білесің ?
10. Қазақ тілін неге үйреніп жүрсің ?
11. Сен қазақша түсінесің бе, оқи аласың ба, жаза аласың ба, сөйлей аласың ба?
12. Қазақ тілі саған ұнай ма ?
13. Қай тілде еркін сөйлейсің?
14.Сенің достарың мемлекеттік тілде сөйлей ала ма?
15. Болашақта алатын мамандығың қандай?
6- тапсырма. Тіл туралы мақал - мәтелдерді жазып, жаттап алыңыз.
1. Тіл қылыштан өткір.
2. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.
3. Ашуың келсе, қолың тарт,
Айтпас жерде тілің тарт.
4. Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
5. Басқа пәле –тілден.
6. Өнер алды-қызыл тіл.
7. Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ.
8. Піл көтермегенді тіл көтереді.
1.2
Сабақтың тақырыбы: Л.т. Қазақ тілінің даму жолдары.
Сабақтың мақсаты: Ана тіліміздің сан ғасырлық тарихы жайлы мағлұмат беру. Тіл туралы даналардың сөздерінен ғибрат алу.
.
Пайдаланылған
әдебиеттер: Ш.Бектуров. Қазақ тілі для начинающих. А., 1994 ж
К.Сариева. Қазақ тілі және елтану.
Н.Егіншібаева. Қазақ тілі сабақтары, 38-39 бет
А.О.Мұса, І.М.Төленов Қазақ тілі.
Ж. Н.Нығмет Қазақ тілі хрестоматиясы.
Жаңа сабақ:
Тірек сөздер: Араб жазуы, дыбыстық жүйе, араб әрпі, зиялы азамат, қазақ елі, саясат.
7-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ойды айтып беріңіз.
Қазақ халқы өзінің даму жолында түркі халықтарына ортақ Орхон-Енисей, Талас және көне ұйғыр жазуларын VІІ-VІІІ ғасырларда қолданған.
Басқа түркі халықтары сияқты мұсылман дінін қабылдаған қазақ рулары араб жазуын пайдалануға көшті. Содан бастап 1924 жылға дейін мың жылдай уақыт бойы халқымыз осы жазуды пайдаланып келді. Алайда, араб жазуы қазақтың дыбыстық жүйесіне үйлеспеді. Арабтарда үш-ақ дауысты дыбыстың таңбасы болса, қазақ тілінде тоғыз дауысты дыбыс бары белгілі. Осы қиындықты ескеріп, 1924 жылы араб әріптеріне реформа жасалды. Мұны халқымыздың зиялы азаматы, бірнеше оқулықтар жазған Ахмет Байтұрсынов ұсынды.
Жаңа араб жазуына негізделген алфавитті «Жәдид» (жаңа) деп атап, оны қазақ елі 1929 жылға дейін қолданып келді. Ал 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын әрпімен жазылған қазақ алфавиті пайдаланды. Бұл алфавиттердің қайта-қайта өзгеруі сол кездегі тотолитарлық жүйенің саясатынан туған еді. Қазақ халқы араб әрпімен қалса, дін уағыздалып, ел ішіне кеңінен таралады деп есептеген.
Кеңес Үкіметінің тұсында қазақ тіліне орыс сөздері орынды-орынсыз кеңінен енгізілді. Ал бұларды латын әрпімен белгілеу тағы да қиындық келтірді, сол себепті 1940 жылы орыс графикасына негізделген қазақ алфавитіне көшіп, оны бүгінгі күнге дейін пайдаланып келеміз.
(Ж.Н.Нығмет. «Қазақ тілі хрестоматиясы».)
8-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Туысқан түркі халықтары қандай ортақ жазуларды қолданған?
2) Араб жазуының қиындығы неде?
3) А.Байтұрсынов кім?
4) Қазақ халқы орыс графикасына қашан көшті?
9-тапсырма. Түркі тілдес тілдердің тобына қандай тілдер жататынын айтып беріңіз.
10-тапсырма. Тіл туралы айтылған пікірлерді мәнерлеп оқып, өзіңізге ұнағанын жадыңызда сақтаңыз.
1. Ана тілін шекараны қорғағандай қорғау керек.
(П.Вяземский)
2. Білімділіктің ең басты факторы – туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады.
(Г.Гегель)
3. Сөзі жоғалған жұрттың өзі жоғалады.
(А.Байтұрсынов)
4. Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті... Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын.
(А. Жұбанов).
11-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.
1.«В целом необходимо воспитать у молодых людей всех национальностей стремление к постоянному обогащению языкового потенциала. Изучение европейских, восточных языков сегодня, наряду со знанием родного и государственного – это веление времени.»
2. « Все мы являемся свидетелями того, как проверяются на прочность механизмы, созданные международным сообществом для противодействия изменившимся угрозам миру.»
(Н. Назарбаев).
12- тапсырма. Тіл туралы бірнеше мақал - мәтелдерді жатқа айтып беріңіз.
1.3
Сабақтың тақырыбы: Л.т. Тіл туралы заң
Г.т. Антоним. Омоним. Синоним.
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының тіл туралы заңына
түсінік беру. Антоним,омоним,синонимдерді
нақты мысалдар арқылы түсіндіру
Пайдаланылған Ш.Бектұров, М.Серғалиев. Қазақ тілі
әдебиеттер: хрестоматиясы
Ж. Нығмет. Қазақ тілі
Н.Егіншібаева. Қазақ тілі сабақтары, 38-39 бет
Тіл туралы заң.
Жаңа сабақ:
Тірек сөздер: Рулық тіл, өркендеген мәдениет, халықтық тіл, қоғамдық қатынас, іс-қағаздары, адамзат парызы.
13-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.