Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция ИГКЯ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
531.46 Кб
Скачать

Әдебиет тізімі:

  1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы: Мектеп, 1981. – 208 б.

  2. Қордабаев Т., Томанов М. Тарихи грамматика мәселелері. – Алматы: Мектеп, 1975. – 176 б.

  3. Болғанбаев Ә. Қазақ тілі лексикологиясы. Алматы: Мектеп, 1979.

– 176 б.

Лекция сабағы №7 Сөз мағынасындағы өзгеріс

  1. Сөздің негізгі мағынасын жолғалтып ауыспалы мағынада қолданылуы.

Сөздің ішкі семантикалық байланысы оның мағынасы мен ұғымының арақатынасынан көрінеді. Сөз мағынасы зат, құбылыс, әрекет жайында түсінік, ұғым пайда болғаннан кейін қалыптасады. Егер белгілі бір зат туралы ұғымымыз болмаса, оның мағынасын да білмейміз. Ұғым бар жерде мағына бар. Демек, ұғымның болуы сөз мағынасының ең маңызды шарты болып табылады. Бірақ сөз мағынасының қалыптасуына ұғымнан басқа да себеп болатын жайттар бар. Сөз мағынасы заттық-логикалық ұғымнан басқа айтушының ақиқат дүниеге көзқарасын, әр түрлі көңіл-күйін, сезімін және сөздің грамматикалық сипатын да білдіре алады. Бұдан сөз мағынасының ұғымнан кең екенін көреміз. Мысалы: тәй, тәй, тәй. Тату боп жүрсең нетті қағыңғыр-ау, Қоймайсың Боранбаймен төбелесті (Б. Майлин) қағыңғыр-ау, ойбай-ай, құдай-ай, тәрізді сөздер қалыптасқан арнаулы мағыналарының үстіне адамның қуаныш, сүйініш, күйініш, таңырқау, таң қалу сезімдерін білдіріп, эмоциялық мән беріп тұр. Сөйтіп, сөз мағынасы ойды ғана білдірмейді, сонымен бірге сезім мен ерікті, көңіл күйін білдіру үшін жұмсалатындығын аңғарамыз. Мұндай қасиет ұғымда кездеспейтіні белгілі. [1,72 б.]

Сөз мағынасының екі түрі бар: лексикалық мағына және грамматикалық мағына. Сөздің лексикалық мағынасы лексикологияда зерттеледі. В.В. Виноградовтың анықтамасы бойынша сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз – «тілдің грамматикалық заңдарына сай тұлғаланған, оның сөздігіне тән жалпы семантикалық жүйесінің элементі болып табылатын сөздің заттық-материалдық мазмұны». Сөздің лексикалық мағынасы зат, құбылыс, іс-әрекеттің санада бейнеленіп тұрақталған ұғымның мазмұнын қамтиды. Сөздің лексикалық мағынасын жете түсіну үшін, ең алдымен, сөздің заттық-логикалық мәнін, екінішіден, сөздің лексикалық мағынасының оның басқа мағыналарымен қандай қарым-қатынаста екеніні, үшіншіден, сөздің лексикалық мағынасын соған ұқсас басқа лексикалық мағыналардан ерекшелеп көрсететін белгілерін анықтау қажет. Осы айтылған шартты белгілер тұрғысынан қарасақ, мысалы, сиыр сөзінің анықтамасында мынадай заттық белгілер қамтылуға тиіс:

1. Заттық мазмұны жағынан төрт түлік малдың бір түрі екендігі,

2. Сиыр көрінісі жағынан ірі қара малға жататыны,

3. Табиғаты жағынан: а) мүйізді ірі қара мал ә) айыр тұяқты мал б) күйіс қайырытын мал екендігі. Міне сиыр сөзінің осындай белгілері оның басқа мал түрлерінен ерекшелігін білдіреді.

Лексикалық мағына – сөздерді бір-бірінен ажыратып танудағы ең негізгі ма-ғына, ол арқылы сөз жеке даралық (единица) қасиетіне ие болады. Лексикалық мағына зат, құбылыс, әрекет жайында бір тілде сөйлейтін қауым таныған, жалпыға түсінікті әр сөздің меншікті мағынасы болып табылады. Ол – сөздің басқа мағыналарының тууына негіз болады, сондықтан сөз мағыналарын сара-лағанда ең алдымен оның лексикалық мағынасына көңіл аударылады. [1,73 б.]