- •Лекциялық курстың мазмұны Лекция сабағы №1 Қазақ тілінің тарихи грамматика пәні
- •1. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы – Тіл тарихының дербес саласы
- •2. Қазақ тілі грамматикалық құрылысының тарихи дамуын зерттеудің көздері
- •Тарихи грамматика курсының методологиялық негіздері
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №2 Қазақтың халық және ұлт тілдерінің жасалуы
- •Лекция сабағы №3 Тарихи лексика
- •Қазақ лексикасының көнетүркілік негізі, орта ғасырдағы қазақ лексикасы.
- •Халықтық және ұлттық дәуірлердегі қазақ лексикасы
- •Көне заман және орта ғасыр ескерткіштері арқылы лексиканы тану
- •Лекция Сабағы №4 Түркі тілдері лексикасының басты ерекшелігі
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №5 Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуіріндегі негізгі сөздік қоры
- •Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуіріндегі негізгі сөздік қордың сипаты, көлемі, жаңа сөз жасалуы
- •Қазақ тіліндегі жалпы түркі тілдеріне ортақ сөздер
- •Монғол-қазақ тілдеріне ортақ лексика.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №6 Халық тілі қалыптасу дәуіріндегі басқа тілдерден енген сөздер
- •Халық тілі қалыптасу дәуіріндегі басқа тілдерден енген сөздердің сипаты.
- •Араб - парсы тілдерінен сөз ауысу. Кірме сөздердің лексика, грамматика, фонетиканы дамытудағы әсері.
- •Орыс тілдерінен сөз ауысу.
- •Әдебиет тізімі:
- •Лекция сабағы №7 Сөз мағынасындағы өзгеріс
- •Сөздің негізгі мағынасын жолғалтып ауыспалы мағынада қолданылуы.
- •Көп мағыналы сөздердің туу тарихы
- •Омоним, синонимдер тарихы, олардың көп мағыналы сөздермен байланысы.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №8 Тұрақты сөз тіркестерінің қалыптасу таихы
- •Лекция сабағы №9 Лексиканың толығу жолдары
- •1. Сөз байытудың негізгі жолы – көрші тілдерден дайын сөздерді ауыстырып алу
- •2. Байырғы сөздердің жаңа мағынаға ие болуы
- •3.Лексиканың дыбыстық өзгерістер арқылы толығуы
- •Лекция сабағы №10 Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы
- •Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы.
- •2) Екі сөздің қосылуы арқылы жаңа ұғым, жаңа сөз жасалу тәсілі – көне тәсіл.
- •Аффикс арқылы сөз жасалу – негізгі тәсіл
- •Лекция сабағы №11 Тарихи синтаксис
- •Синтаксистік құрылыстың даму ерекшеліктері
- •2. Синтаксистік байланыс тәсілдерінің дамуы. Байланыс түрлерінің қалыптасуы.
- •3. Сөз тіркесінің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №12 Сөйлем құрамының дамуы
- •Түркі тіліндегі сөйлем номинативті болуының тарихи себептері
- •2.Сөйлем баяндауышы – сөйлемді ұйымдастырушы мүше. Есім баяндауыштарының тарихи құрамы мен түрлері, дамуы.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №13 Жай сөйлемдердің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №14 Оқшау сөздердің құрамы мен түрлерінің дамуы
- •Лекция сабағы №15 Құрмалас сөйлем жүйесінің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
Қазақ тіліндегі жалпы түркі тілдеріне ортақ сөздер
Тіл қоғамдық құбылыс болғандықтан, оның даму тарихы сол тілді иеленушілердің тарихымен тығыз байланысты. Алуан түрлі халықтар бір-бірімен өзара қарым-қатынаста өмір сүреді. Түрік тілдері ежелден көршілес отырып, бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болған. Бұл халықтардың өмір сүрген мекен жайы, қонысы ғана іргелес болып қоймаған, бұлардың тұрмыс тіршілігі, әдет-ғұрпы, мәдени өмірі көбінесе ортақ болып келеді. Сонымен қатар бұл халықтар генетикалық байланысы бар, өзара туыс, әрі тектес түрік тілдерінде сөйлейді. Қазақ тілінің төл сөзіне негізінен сонау көне заманнан бері қарай өзімен қоса жасасып, атадан балаға өшпес мұра болып, бірден-бірге үзілмей келе жатқан байырғы жасамалы сөздер жатады. Қазақ тілінің негізгі сөздік қорындағы байырғы сөздері шығу төркіні жағынан қарағанда осы тілдерге еншілес сөздер болып келеді. Бұл сөздер қазақ әуелі халық, одан ұлт болып құрылып, түрік тілдерінен өз алдына жеке бөлінбей тұрып пайда болған. Сондықтан олар түрік тілдеріне ортақ сөздер, я болмаса, жалпы түріктік сөздер деп аталады. Түрік тілдерінің тектестігін дәлелдейтін ортақ сөздердің мынадай түрлері кездеседі:
Анатомиялық дене мүшелерінің атаулары;
Мал атаулары;
Туыстық атаулар;
Жан-жануарлар, аң, жәндік атаулары;
Табиғат құбылыстарының атаулары;
Түр-түсі, сапа-сынды білдіретін атаулар;
Сан есімдер;
Есімдіктер;
Қимыл атаулары:
Үстеулер;
Шылау сөздер.
Осындағы сөздер өзге түрік тілдерінде түр-тұрпаты жағынан сәл өзгешеліктері болғанымен, мән-мағынасы жағынан көбінесе үйлес келеді. Түрік тілдеріндегі мұндай ұқсастық бұл халықтардың негізі бір туыстас халықтар екендігін дәлелдейді. Алайда бұл тілдердің өзара ұқсастығы мен ара-қатынасы нақ бірдей емес. Біреулері тым жақын болса, екіншілері тым өзгешелеу, алысырақ. Тілдік жалпы ұқсастық, жақындастық белгілеріне қарай түрік тілдері іштей бірнеше топқа жіктеледі. Қазақ тілі туыстық, жақындастық жағынан түрік тілдерінің ішіндегі қарақалпақ, ноғай, қырғыз, башқұрт, татар, құмық тілдерімен топтасып, түрік тілдерінің қыпшақ тілі тобын (батыс тобын) құрайды.
Монғол-қазақ тілдеріне ортақ лексика.
Монғол тілдерінен түрік тілдеріне немесе түрік тілдерінен оларға қандай сөздер ауысқан және қашан ауысқан, қандай себептермен ауысқан деген сұрауға бірден жауап беру өте қиын мәселе. Бұл әлі әбден дәлелденіп, терең жан-жақты тексеріліп, түпкілікті шешілмеген. Зерттеушілердің бәрі де монғол халқымен сөз ауысу құбылысын өткен дәуірлердің жемісіне жатқызады. Шындығы да солай сияқты. Бұл екі түрлі халықтың тілдерінде тұлғасы (дыбысталуы) мен мағынасы ұқсасып, тектес, әрі мәндес болып келетін сөздер көп-ақ. Мысалы: ноен (ноян), нөхөр (нөкер), нүүр (нұр), отор (отар), гар (қолдың қары), жил (жыл), жим (жым), жороо (жорға), завсар (жапсар), магнай (маңдай), мөнх (мәңгі), т.б.
Осы сөздерді қай халықтан қай халық алғандығы өте даулы мәселе. Түрік халықтары монғолдан алды ма, әлде керісінше болды ма мұны дәлелдейтін нақтылы фактілері әзірге жоққа тән. Қазақ тіліндегі сөздерді сөз табына қарай жіктеп, оларды монғол тілдеріндегі сөздермен салыстырып қарасақ, тұр-тұрпаты мен мағыналары бірдей ұқсас, үйлес сөздер көптеп кездеседі. Әсіресе, зат есімдер мен етістіктерден көп ұқсастықтар табылатындығы байқалады. Б. Базылханның айтуынша, «Монғолша-қазақша сөздікке» енген 40000 сөздің 1500 түбірден тараған 24000 сөзі яғни, 60%-і екі халыққа ортақ желілес туынды сөздер екендігі анықталды. Монғол тілдері түрік тілдерімен тек сөз байлығы жағынан ғана емес, грамматикалық құрылысы жағынан да сәйкестігі бар. Түрік тілдері сияқты монғол тілдері де жалғамалы тілдердің қатарына жатады. Осындай ұқсастықтарға қарап, кейбір ғалымдар (Б. Я. Владимирцов, Н. Ф. Катанов, Г. Д. Санжеев, т.б.) бұл тілдерді бір системалы тілдердің қатарына жатқызуды қолдайды.
Әр системалы тілдердің бір-біріне тигізген ықпалы қашанда тасқа таңба басқандай ап-айқын болып, көзге тез байқалады. Айқын мәселе зерттеуге де онша қиындық келтірмейді. Ал бір системалы туыстас тілдердің өзара қарым-қатынасын анықтау, кімнен нендей нәрсені қашан және қалай алғандығын белгілеу түбегейлі зерттеліп, бір жүйеге түспеген далы, талас мәселелердің қатарына жатады.
