Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция ИГКЯ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
531 Кб
Скачать
☆
  1. Араб - парсы тілдерінен сөз ауысу. Кірме сөздердің лексика, грамматика, фонетиканы дамытудағы әсері.

Зерттеушілер, негізгі сөздік қорға тән үш түрлі айырым белгі (критерий) бар екендігін айтады: 1) ұзақ тарихи кезеңдерде заттар мен құбылыстарды өзіне тән ерекшелігімен көрсетудегі сөздердің тұрақтылығы; 2) негізгі сөздік қордағы сөздердің жаңа сөз тудырудағы қабілеттілігі; 3) кең қолданысқа түскенде негізгі сөздік қордағы сөздердің жалпы халықтығы мен түсініктілігі. Араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздердің барлығы бірдей қазақ тілінің сөздік қорына жаппай еңбегенімен, оның ішінде сөздік қордағы қазақтың (түрік елінің) тума сөзіндей ұзақ өмір сүріп, жаңа сөздер жасауға ұйытқы болған жасамыс байырғы сөздер көптеп табылады. Мысалы: ас, абырой, ар, дүние, аспан, батыр, бақыт, шаруа, қызмет, зат, ақыл, құдай, қуат, дау, хабар, пайда, әйел, қас, баға, әл, азамат, айуан, дос, т.б. бұл сөздер өзінің кірмелігіне қарамастан ұзақ өмір сүріп, сөздік қордағы сөздерге тән барлық қасиетке ие болған.

Араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздердің актив-пассив болып тілде қызмет атқару жағынан бәрі бірдей деуге болмайды. Бұларды өзара негізінен, төрт топқа бөліп қарауға болады:

  1. Тілге әбден сіңісіп, қазақтың байырғы төл сөзіндей жымдасып кеткен өнімді актив сөздер. Бұлар қазақ тілінің сөздік қорына басы-бүтін еніп, әбден тұрақтанған. Ұзақ өмір сүріп, тілде көп әрі жиі қолданғандықтан, жаңа сөз, тың мағына тудыруға ұйытқы болып келе жатқан жұрттың бәріне өте-мөте танымал сөздер деп есептеледі. Мысалы: ас, бақыт, ар, дүние, шаруа, әл, дос, зат, қас, батыр, т.б.

  2. жалпы халыққа таныс, әрі түсінікті бола отырып, шаруашылық пен өндірістің, түрлі мамандықтың белгілі бір саласында басым болып жұмсалатын терминдік сипат алған арнаулы сөздер. Мысалы: емтихан, үкім, шарт, зейін, ақпар, мәлімет, құн, мата, сабақ, мұғалім, ғалым, аспап, есеп, арыз, қиял, дәуір, табиғат, дәлел, маусым, т.б.

  3. әр түрлі экспрессивті-эмоциялық мсәні бар, ерекше стильдік реңк тудыратын сөздер. Мысалы: махаббат, нұр, есім, әмір, сапар, мәртебе, қазы, ғибрат, абзал, азамат, дария, мырза, шопан, жомарт, дидар, ажар, перзент, сахара, алла, арай, шапақ, жаршы, пәрмен, апат, дерт, шәкірт, ұстаз, нәресте, ғұлама, мәшүр, ғаламат, пешене, т.б.

  4. Сөйлеу тілінің аясында ғана айтылып, әдеби тілдің шеберінен біржола ығысқан немесе ығысуға жақын жүрген сөздер. Мысалы: қаракет, мұғдар, құбыла, мүкәммал, шайыр, медет, сауал, мүттәйім, шарапат, пұл, ресім, пір, хақ, дәуіт, тағлым, шаһар, мейман, тарап, маслихат, құдайы, уәж, ауқат, пиғыл, әуез, т.б. араб-парсы сөздері тілімізге негізінен үш саладан келіп енген: а) ғылым мен мәдениетке байланысты сөздер, ә) үй тұрмысы мен шаруашылыққа қатысты сөздер, б) дінге байланысты сөздер.

  1. Орыс тілдерінен сөз ауысу.

Қазақ пен орыс халықтарының қонысы мен өрісі ежелден іргелес, көрші елдер. Сол себептен, бұл елдердің арасындағы сауда-саттық, шаруашылық және мәдени байланыстар өте ерте кезден қанат жайып, дами бастағандығы белгілі. ХҮІ – ХҮІІ ғасырларда қоныс араласуымен, базармен байланысты қарым-қатынастар күшейсе, ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, Қазақстанның өз еркімен Россия империясына бағынуы бұл байланыстарды одан әрі нығайта түскен. Ел мен елдің ұзақ уақыт үздіксіз қарым-қатынаста болу нәтижесінде бір-бірінен көптеген сөздер ауысып алған. Әсіресе, қоғамдық даму жағынан болсын, мәдени тұрмысы жағынан да анағұрлым алда тұрған озат орыс халқының қазақ халқына тигізген экономикалық және мәдени ықпалы әлдеқайда көбірек болған. Бірақ осындай ізгі қаныстар мен ауыс-түйістер барлық уақытта бір дәрежеде болған деуге келмейді. Әр дәуірде әрқалай болған. Осы ерекшелік тілден де айқын байқалады. Мәселен, біздің тілімізге енген орыс сөздерінің сыр-сипаты мен игерілу дәрежелері екі басқа. Осындай белгілеріне қарап, орыс тілінен ауысқан кірме сөздерді екі дәуірге бөліп қараймыз: а) революцияға дейінгі кезең, ә) революциядан кейінгі кезең.