- •Лекциялық курстың мазмұны Лекция сабағы №1 Қазақ тілінің тарихи грамматика пәні
- •1. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы – Тіл тарихының дербес саласы
- •2. Қазақ тілі грамматикалық құрылысының тарихи дамуын зерттеудің көздері
- •Тарихи грамматика курсының методологиялық негіздері
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №2 Қазақтың халық және ұлт тілдерінің жасалуы
- •Лекция сабағы №3 Тарихи лексика
- •Қазақ лексикасының көнетүркілік негізі, орта ғасырдағы қазақ лексикасы.
- •Халықтық және ұлттық дәуірлердегі қазақ лексикасы
- •Көне заман және орта ғасыр ескерткіштері арқылы лексиканы тану
- •Лекция Сабағы №4 Түркі тілдері лексикасының басты ерекшелігі
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №5 Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуіріндегі негізгі сөздік қоры
- •Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуіріндегі негізгі сөздік қордың сипаты, көлемі, жаңа сөз жасалуы
- •Қазақ тіліндегі жалпы түркі тілдеріне ортақ сөздер
- •Монғол-қазақ тілдеріне ортақ лексика.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №6 Халық тілі қалыптасу дәуіріндегі басқа тілдерден енген сөздер
- •Халық тілі қалыптасу дәуіріндегі басқа тілдерден енген сөздердің сипаты.
- •Араб - парсы тілдерінен сөз ауысу. Кірме сөздердің лексика, грамматика, фонетиканы дамытудағы әсері.
- •Орыс тілдерінен сөз ауысу.
- •Әдебиет тізімі:
- •Лекция сабағы №7 Сөз мағынасындағы өзгеріс
- •Сөздің негізгі мағынасын жолғалтып ауыспалы мағынада қолданылуы.
- •Көп мағыналы сөздердің туу тарихы
- •Омоним, синонимдер тарихы, олардың көп мағыналы сөздермен байланысы.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №8 Тұрақты сөз тіркестерінің қалыптасу таихы
- •Лекция сабағы №9 Лексиканың толығу жолдары
- •1. Сөз байытудың негізгі жолы – көрші тілдерден дайын сөздерді ауыстырып алу
- •2. Байырғы сөздердің жаңа мағынаға ие болуы
- •3.Лексиканың дыбыстық өзгерістер арқылы толығуы
- •Лекция сабағы №10 Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы
- •Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы.
- •2) Екі сөздің қосылуы арқылы жаңа ұғым, жаңа сөз жасалу тәсілі – көне тәсіл.
- •Аффикс арқылы сөз жасалу – негізгі тәсіл
- •Лекция сабағы №11 Тарихи синтаксис
- •Синтаксистік құрылыстың даму ерекшеліктері
- •2. Синтаксистік байланыс тәсілдерінің дамуы. Байланыс түрлерінің қалыптасуы.
- •3. Сөз тіркесінің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №12 Сөйлем құрамының дамуы
- •Түркі тіліндегі сөйлем номинативті болуының тарихи себептері
- •2.Сөйлем баяндауышы – сөйлемді ұйымдастырушы мүше. Есім баяндауыштарының тарихи құрамы мен түрлері, дамуы.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №13 Жай сөйлемдердің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №14 Оқшау сөздердің құрамы мен түрлерінің дамуы
- •Лекция сабағы №15 Құрмалас сөйлем жүйесінің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
Лекция сабағы №15 Құрмалас сөйлем жүйесінің дамуы
1. Құрмалас сөйлемнің алғашқы салалса байланысқан түрі жай сөйлемдердің мағыналық ішкі жақындықтарына қарай бірігуінен пайда болды деген пікір. Жай сөйлемдердің іргелес құрмаласқа бірігуі
2. Сабақтас сөйлемдердің жеке түрлерінің қалыптасуы туралы пікірлер
3. Құрмалас сөйлемдердің жеке топтарының дамуында жазба тілдің рөлі
Құрмалас сөйлем құрамында негізінен сөз болатын мәселе – оның сыңарларының салаластың қай түрі болуымен ерекшеленуі және ондай салалас құрмалас сөйлемдер қандай тәсілмен байланыса алатыны. Ал салалас сөйлемдерде, жалпы құрмалас сөйлемдерде баяндауыштың қай сөз таптарынан жасалуы мәселесі сөз бола бермейтіні белгілі. Осы күнге дейінгі еңбектерде баяндауышы сын есімді салалас құрмалас сөйлем мәселесі сөз болып қозғалған емес.
Салалас құрмалас сөйлем туралы сөз еткен А. Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, Т.Қордабаев т.б. ғалымдар еңбектерін шолу барысында бұл тақырып жеке мәселе ретінде көрсетілмегенін байқадық. Дегенмен сөйлемдерінде кейде сын есімді салалас сөйлемдер сөз болады. Мәселен, профессор Т.Қордабаевтың 1995 жылғы еңбегінде:
Мына думанды жиынды тастап кету оған оңай да емес еді әрі дайын тұрған көлік те бола қоймайды.
Өзінің барғаны дұрыс, істі қолма-қол бітіреді.
Міне, осы сөйлемдердің бірінші сыңарларының баяндауыштары оңай емес еді, дұрыс сын есімдері. Бірінші сөйлемнің баяндауышы құрама баяндауыш түрінде берілсе, екніші сөйлемнің баяндауышы тек сапалық сын есім арқылы жасалған. Осы сияқты мысалдарды басқа да авторлардың еңбектерінен кездестіруге болады. Бірақ олардың бірде бірі сондай баяндауыштың түрі бар деп айтқан емес, тек мысалдар топтамасынан кездестіріп қана отырмыз.
Құрмалас сөйлемнің негізгі қағидалары мен зандылыктары академиялық граматтикада да, қазақ тілі синтаксисінің көрнекті мамандарының еңбектерінде де айтылған. Бірақ күрделі синтаксистік бірлік болып табылатын құрмалас сөйлемдердің түрлері жете зерттелген жоқ. Бұл мәселе төңірегіңде сөз козғап, жеке монографиялар мен оқулықтар, ғылыми мақалалар жазған белгілі ғалым Қ.Есенов болды. «Қ.Есеновтің «Қазіргі қазақ тіліндегі шартты және қарсылықты бағыныңқы сөйлемдер» (1969), «Сабақтас құрмалас сөйлемнің кұрылысы» (1982) атты еңбектері құрмалас сөйлемдердің түрлерін саралауға арналды. Біздің қарастыратын мәселеміз — қазақ тіліндегі себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдердің баяндауыштарының жасалу жолдары.
Қазіргі қазақ тіліндегі себеп бағыныңқылардың жасалу жолдарын, негізінен алғанда, есімше және көсемшенің грамматикалық формаларымен байланыстырады. Себебі бұл тұлғаларсыз сабактас сөйлемнің бағыныңқы компоненттерінің бірде-бірі жасашайды. Осыған орай проф. Т.Қордабаевтың мына тұжырымдамасын келтіруге болады: «Қазақ тілі үшін есімше, көсемше формалы етістіктердің бағыныңқы сөйлем баяндауышы болу мүмкіндігін жоққа шығару деген сөз тіліміздегі сабақтас құрмалас сөйлемнің барлығын жоққа шығарумен бірдей. Өйткені, жоғарыда айтканымыз сияқты, сабақтас құрмаластың ең негізгі түрлерінің және басым көпшілігінің тағдыры есімше мен көсемшелерге байланысты (Т.Қордабаев, 1958). Есімше және көсемше формалары қазақ тіліндегі бағыныңқы компонентгердің мағыналық түрлеріне қарай колданылады.
Себеп бағьіньіңкылардың жасалу жолдары туралы алғашқы қағидалар А.Байтұрсыновтың «Тіл танытқыш» деп аталатын еңбегінде берілген. Бұл мәселе одан кейін бірқатар көрнекті лингвист ғалымдардың (Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, т.б.) еңбектерінде де анықтала түскен.
Тарихи ескерткіштер тілі сол кезеңдегі тілдік сана мен құрылымды толық көрсете алмайды әрі оны қалпына келтірудің өзіндік қиындықтары да бар екендігін де естен шығармауымыз керек. М. Ширалев көрсеткендей, жазба ескерткіштерде тілдің лексикалық және грамматикалық құрылымы толық әрі жан-жақты бейнелене алмайды, онда тек тілдің қолжазба және ескерткіштердің автор таңдап алған көрінеді немесе Б.А. Серебренников айтқандай «Тілде қандай да бір сөздің не тұлғаның болмауы адам санасында соған сәйкес түсініктің жоқ екенін көрсетпейді».
Бағыныңқы құрмалас сөйлемдердің пайда болу жолдары туралы теорияның негізін А. Рифтин салғаны және оның А.А.Потебняның кейбір дәлелдеріне сүйенгені мәлім. Осы теорияға сәйкес бағыныңқы құрмалас сөйлемдердің дамуындағы екі жол салаласу негізінде екі жай сөйлем бірігіп, нәтижесінде бағыныңқылы құрмалас сөйлем құрауы; жай сөйлемнің етістік тіркестері бағыныңқы құрмалас сөйлем құрауы туралы көзқарас тілші ғалымдар арасында бірауыздан мақұлданды деуге болмайды. Ол үндіевропалық тілдерде етістікті оралымдардың бағыныңқы сөйлемге айналуының кездеспейтіндігін ескертеді. Осылайша А.Рифтин ұсынған дамудың екінші жолын үндіевропалық тілдердің материалдары нақтылай алмады. Дегенмен көптеген түркітанушылар А.Рифтин көзқарасын қолдады.
Сөйлемнің күрделі құрылымының ары қарай дамуы төменде көрсетілген құрмалас сөйлемнің екі типінің өзара қосыла байланысуы арқылы жүреді: екі немесе одан да көп бір-бірімен іргелесе не жалғаулықтар арқылы байланысқан сөйлемдерден тұратын құрылымдар; тізбекті, көсемшелі құрылымдар.
Кейіннен бұл құрылымдар бағынышты кешендерге айналып, адстраттық және субстраттық факторлардың ықпалымен бағыныңқы сөйлемдері бар жалғаулықтары немесе жалғаулықсыз сабақтас құрмалас сөйлемдер формасына көшті. Көптеген түркітанушылар құрмалас сөйлемнің пайда болуы туралы мәселелерді қарастыра келе, А.Рифтиннің көзқарасын ұстанады. Әзербайжан тіліндегі бағыныңқы құрмалас сөйлемнің пайда болу мәселесін қарастырған М.Ширалиев те жоғарыда көрсетілгендей екі жолды атап айтады.
М. Ширалевтің мақаласында тіркестердің бағыныңқы сөйлемге ауысуы туралы нақты дәлелдер болғанмен автордың теориялық пікірдің дұрыстығы айтылып жүр.
Әзірбайжан тілінде бағыныңқы құрмалас сөйлемдерге арнайы зерттеу жүргізген А.Абдуллаев, бір жағынан, М.Ширалиевпен келіспейді, себебі ол М.Ширалиев А.Рифтин идеяларының әсерінде деп есептейді. Екінші жағынан, А.Абдуллаев бағыныңқы құрмалас сөйлемнің пайда болуы әдетте тіркестер бағыныңқы сөйлемге ауысатындығын көрсетеді. Н.Гаджиева керісінше бағыныңқы сөйлемдердің етістікті тіркестерден дамитындығын жоққа шығарады.
Әрине А.Рифтин теориясында да кемшіліктер жоқ емес. Біріншіден, бұл теория сабақтас құрмалас сөйлемдердің тікелей жай сөйлемдерден құралу мүмкіндігін жоққа шығарады. А.Абдуллаев, Н.Гаджиева және тағы да басқа да ғалымдар бұл жолдың бар екендігін ғана емес, сонымен қатар оның көнеден келе жатқанын дәлелдейді. Бұл пікірді көптеген түркітанушылар қуаттайды.
Екіншіден, салаласа байланысқан құрмалас сөйлемдердің бәрі сабақтас құрмалас сөйлем бола алмайды. Бұл үрдіске олардың кейбіреулері ғана ұшырайды.
Сөйлем синтаксисі өз ішінде екі үлкен салаға бөлінеді: жай сөйлем синтаксисі және құрмалас сөйлем синтаксисі. Құрмалас сөйлем деп мағыналық жағынан бір-біріне байланысты екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді айтамыз. «Құрмалас» деген атау қазақ тіл білімінде 20-жылдардан, А.Байтұрсынұлының 1925 жылы жарық көрген «Тіл құралы» оқулығынан бастап қолданылып келеді. Құрмалас – «құра, құралу» деген етістіктер негізінде қалыптасқан туынды сөз.
Синтаксис ғылымының басқа да салалары сияқты құрмалас сөйлем синтаксисінің де зерттейтін өзіндік күрделі обьектісі бар. Құрмалас сөйлем синтаксисінің міндеті – жеке ойды білдіретін жай сөйлемдердің өзара ұласып, күрделі бір сөйлемге айналуы сол арқылы бір ойды екінші ойға жалғастырып, күрделі бір ойды білдірудің жолдарын, амал-тәсілдерін зерттеу. Бұл жағынан алғанда, құрмалас сөйлем синтаксисінің жай сөйлем синтаксисінен елеулі өзгешелігі бар: жай сөйлем синтаксисі жеке ұғымды білдіретін сөздердің өзара тіркесіп, сөйлем болу жолдарын тексерсе, құрмалас сөйлем синтаксисі жеке ойды білдіретін сөйлемдердің бір-бірімен ұласып, құрмалас сөйлем болу жолдарын, құрмалас сөйлемнің өзіндік сипаттары мен түрлерін тексереді. Сөйтіт, бірінің обьектісі – ұғымдар тіркесі болса, екіншісінің обьектісі ойлар тіркесі, яғни сөйлемдер тіркесі.
Құрмалас сөйлем синтаксисі жай сөйлемдердің өзара бірігіп, күрделі ойды білдіретін бір сөйлем, яғни құрмалас сөйлем болуын зерттеумен ғана тынбайды, сонымен бірге бірнеше сөйлемдер тіркесінен құралатын синтаксистік күрделі бірлікті де қарастырады.
Тілдік категорияның басқа да түрлері сияқты құрмалас сөйлем дердің де өзіне тән қалыптасу, даму тарихы бар.
Көрнекті ғалымдардың айтуына қарағанда, тіл дамуының көнерек заманында сөйлем құрамындағы сөздерді, сол сияқты жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын қазіргі тіліміздегідей дәнекерлер, тәсілдер болмаған. Ол уақыттағы сөздер, сөйлемдер арасында қазіргі тіліміздегідей бірі екіншісіне меңгеріліп, жетектеп, өзіне тәуелді етіп тұру сияқты байланысу тәсілінің анағұрлым берік түрлері болмаған. Сөздер, сөйлемдер байланысындағы басым тәсіл – олардың тұрған орындарына, мағына желілерінің жақындықтарына қарай бір-бірімен қабыса, іргелесе байланысу тәсілі болған.
Тіл дамуының мұндай сатыдағы кезеңінде құрмалас сөйлемнің тек салалас түрі ғана, яғни мағыналары бір-біріне жақын жай сөйлемдердің өзара іргелесе, тіркесе айтылуы арқылы жасалған түрі ғана болған. Ғылымда құрмаластың бұл түрі паратаксис деп аталады. Паратаксис – құрмалас сөйлем дамуының алғашқы, бірінші жолы деп есептеледі. Жеке сөйлемдердің жалғаулықсыз байланысқан түрін жалпы лингвистикада паратаксис деп атайды.
Құрмалас сөйлемнің алғашқы түрі бір-бірімен мағыналық жағынан да, грамматикалық жағынан да нашар тіркескен, жеке дербес жай сөйлемдердің өзара салаластық негізде байланыса айтылуынан пайда болған да, кейінірек сол салаластың негізінде компоненттері әр түрлі дәнекерлер арқылы бір-бірімен бағына байланысатын сабақтас сөйлемдер қалыптасқан. Бұл ғылымда гипотаксис деп аталады.
Құрмалас сөйлемнің зерттелу тарихы. Қазақ тіл білімі саласында ең кеш қолға алынған және аз зерттелген салалардың бірі – құрмалас сөйлем синтаксисі.
Құрмалас сөйлем туралы қазақ тілінде айтыла бастаған алғашқы пікірлерді жиырмасыншы жылдар ішінде мектептерге арналып жазылған оқулықтардан, яғни А.Байтұрсынұлы жазған «Тіл құралы» атты оқулықтан, оқу бағдарламалардан кездестіруге болады. А.Байтұрсынов өз еңбегінде құрмалас сөйлемдерге: «Ішкі жақындық – мағына жүзіндегі жақындық. Мағына жақындығынан басқа қисын жақындығы бар сөйлемдер құрмалас деп аталады», - деп анықтама бере келе, құрмалас сөйлемдер түрін сыйыса құрмаласу және қиыса құрмаласу деп 2-ге бөледі.
1931 жылы С.Жиенбаевтың «Синтаксис мәселелері» деген еңбегі жарық көрді. Бұл еңбегінде құрмалас сөйлемдерді ғалым салалас және сабақтас деп екіге бөледі.
Оқу құралдарын, оқулықтарды бағдарламаға сәйкестендіру 1935 жылдан кейін қолға алынды.
Профессор Қ.Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» деген еңбегінде құрмалас сөйлемдерді салалас және сабақтас деп екіге бөледі және салалас сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласуының 10 түрлі жолын көрсетеді.
Құрмалас сөйлемге қатысты әрі мағыналық, әрі құрылыстық жағынан тың тұжырымдар С.Аманжолов пен Н.Сауранбаевтың авторлығындағы орталау және орта мектептерге арналған грамматикада қозғалды. Мұнда авторлар құрмаластың салалас, сабақтас және аралас болып келетіндігін көрсетеді.
Құрмалас сөйлем түрлерін үшке жіктеу С.Аманжоловтың «Ғылыми курсында» беки түсті. С.Аманжоловтың аталған оқулығы – жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған алғашқы оқулық. Оқулықта салаластың да, сабақтастың да мағыналық топтары жан-жақты баяндалған.
Қазақ тіл ғылымында құрмалас сөйлем синтаксисін ғылыми тұрғыда зерттеген профессор С.Аманжолов болды. Оның «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» атты зерттеу еңбегінде сабақтас құрмалас сөйлемдердің өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетті. «Құрмалас сөйлем дегеніміз – екі я бірнеше сөйлемдердің, яғни бірнеше субъектінің көрінісі болған сөздің, я сөздер тобының жиынтығы», - деп автор анықтамасын береді.
Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем синтаксисіне ғылыми тұрғыдан зор үлес қосқан ғалымның бірі – Н.Сауранбаев. Ол «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем жүйесі» деген еңбегінде қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдерді үлкен үш топқа бөледі: іргелес, салалас және сабақтас құрмаластар. Іргелес құрмаласты автор жайылыңқы, қойылыңқы деп екіге бөледі. «Негізгі ойды сипаттау, толықтыру үшін бірнеше жай сөйлемдердің тең мағынада іргелескен тобы жайылыңқы іргелес болады. Жайылыңқы іргелеске енген жай сөйлемдер қысқартылмай толық күйінде айтылады». Ал қойылыңқы түріне мынадай іргелесті жатқызады: «Бір жерде күш, бір жерде өнер, бір жерде мінез көрсетіледі», - дейді. Қойылыңқы іргелестің өзіндік белгісіне оның құрамына кірген жай сөйлемдердің ортақ баяндауышты болып келетіндігін айтқан. Бірақ автордың бұл пікірі қазақ тіл мамандарының тарапынан қолдау таппады. Қазақ тіл ғылымы Н.Сауранбаевтың «жайылыңқы іргелесін» жалғаулықсыз салалас деп, «қойылыңқы іргелесін» бірыңғай мүшелі жай сөйлем ретінде қарайды.
Құрмалас сөйлемді зерттеуде құнды пікір айтушы – Т.Қордабаев. Ол құрмалас сөйлем, оның түрлерін, құрылымына қарай жіктелуін, ішінара бөлінуін жан-жақты зерттеген. Ғылымның еңбегі бүгінгі күнде іргелі еңбектің бірі болып саналады.
Құрмалас сөйлем синтаксисі жайлы өз көзқарасын толық білдіріп, зерттеген ғалым Қ.Есенов болды. Автор өзінің «Құрмалас сөйлем синтаксисі», «Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылысы» атты еңбектерінде құрмалас сөйлемдердің жасалу табиғатына, жеке жай сөйлемдердің өзара бірігу заңдылықтарын ғылыми жағынан терең қарастырып, тіл білімінің синтаксис саласына зор үлес қосты.
Б.Сағындықұлының «Аралас құрмаластың мағыналық топталуы» деген көлемді мақаласында құрмалас сөйлем, оның ішінде аралас құрмалас сөйлемнің табиғатына тоқтала келіп: «аралас құрмалас сөйлемдерді мағыналық жағынан шартты түрде екіге бөлуге болады. Оның біріншісі – баяндауыш формасыз, тиянақты түрде келетін, тек байланысу тәртібімен келетін, ерекшеліктері көп басыңқылы сабақтас сөйлемге ұқсас түрі де, екіншісі – бұндай формаға кереғар, аралық категорияның пайда болуынан бастап қолданыла бастаған, «әрі салаласып, әрі сабақтасып» келетін түрі», - дейді.
Жалпы құрмалас сөйлемнің беделді зерттеушілері ретінде А.Байтұрсынұлы, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, С.Жиенбаев, Қ.Есенов, Т.Қордабаев т.б. атаймыз.
Құрмалас сөйлемнің құрылымы, жасалу жолдары мен түрлері. Сонымен құрмалас сөйлем деп мағыналық жағынан бір-біріне байланысты екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді айтамыз. Құрмалас сөйлемдерді ажыратуда тіл білімінде ғалымдар алуан түрлі белгілерін көрсетеді. Кейбір ғалымдар бір түрлі белгілерін, екіншілер екінші түрлі белгілерін басшылыққа алып келгендігіне қарамастан, құрмалас сөйлемдерді ажыратуға қажетті критерийлер бұл күнде тегіс ашылды деуге болады. Олар:
1. Құрмалас сөйлемнің әрбір компоненті мейлі ол тиянақты болсын, мейлі тиянақсыз болсын, бәрі бір сөйлемдік мағынаға ие болуы, бір ойды қамтуы керек. Құрмалас сөйлемдер күрделі ойды білдіреді. Бұлар Игіліктің аулының тұсынан өте бергенде, жолдың жиегінде тұрған Тілеуке кездесіп еді (Ғ.Мүсірепов).
2. Құрмалас сөйлем компоненттерінің білдіретін мағыналары бір-біріне жақын, қандай да болмасын, белгілі бір дәнекерлер арқылы ұштасып жататын желілес, күрделі ой болады. Бұл кезде би музыкасы аяқталып, жұрт әнге көшкен еді, бірақ Асекең оны да тыңдамады (Ә.Сәрсенбаев).
3. Құрмалас құрамына енетін әр компонент мейлі ол тиянақты болсын, мейлі тиянақсыз болсын бәрібір жалпы сөйлемге тән қасиеттерге ие болуы шарт. Сөйлемге тән негізгі қасиет біріншіден, коммуникативтік мән, екіншіден, модальдық сипат, үшіншіден, предикаттық қатынастың болуы шарт.
4. Құрмалас сөйлем компоненттерінің әрқайсысының өзіндік интонациялық кідірісі болу керек. Тілі шығып қалғанымен, оның әлі ондай сұраққа түсінетін шамасы жоқ еді, аңырайып әкесіне қарады (Ж.Түменбаев).
Осы айтылған белгілер бойынан табылатын құрылымдар ғана құрмалас сөйлем бола алады.
Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу жолдары. Жай сөйлемдердің бір-бірімен баяндауыш формасының тиянақсыздығына қарай құрмаласуы – қазақ тілінде құрмалас сөйлем жасаудың ең өнімді тәсілі. Ол мынадай жолдармен құрмаласады:
1. Көсемше тұлғасынан;
2. Есімше;
3. Шартты рай және басқа етістік формалары;
4. Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы.
Құрмалас сөйлемнің құрылымы. Айтайын деген ойдың өзіндік ерекшелігіне, контекске қарай құрмалас сөйлем де түрленіп отырады. Ол бірде екі компонентті, бірде үш компонентті, кейде одан да көп компонентті болып келеді. Қолда қамшым жоқ еді, тұсаумен басқа бір тартып жіберіп едім, екіншісі қолдан кетті (Х.Есенжанов).
Құрмалас сөйлем синтаксисін зерттеуге арналған әдебиеттерде құрмалас сөйлемді ашық құрылымды құрмалас сөйлем, жабық құрылымды құрмалас сөйлем деп те бөледі. Ашық құрылымды дегенге баяндалып отырған оқиға немесе көрініс бір-екі компонентпен (сөйлеммен) аяқталмай, ой жалғасы барлығы білініп, әрі қарай тағы да сөйлемдер қосып жалғастыра беруге болатындығы байқалып тұратын сөйлемдер тізбегі синтаксистік күрделі бірлікке жатқызылады. Дәл осы кездің көрінісі қызық: көкжиекте қызыл жалын сәуле пайда болды, қоюлана бастаған көгілдір аспан бетінде селдір бұлттар көрінді, бая соққан самал жел де тынып, дүниені таңғажайып мүлгіген бір тыныштық билейді (І.Есенберлин). Бұл мысалды мұнымен де аяқтамай тағы да бір көріністерді сөз етіп, соза беруге болады.
Ашық құрылымды құрмалас сөйлемдер көп жағдайда синтаксистік күрделі бірлік ретінде қаралады.
Жабық құрылымды сөйлем дегенге алдыңғыдай ой жалғасы барлығы, тағы да әрі қарай сөйлемдер қосуды қажет етпей тұйықталып тұратын сөйлемді айтады. Мұндай құрмаластар, негізінде, екі-үш компонентті ғана болып келеді. Күн де батты, қоналқалы жерге біз де жеттік.
Құрмалас сөйлем түрлері. Лингвистикалық ғылымда құрмалас сөйлемдерді топтастыру принциптерінің бірнеше түрі пайдаланып келеді. Олардың ең бастылары: дәстүрлік және құрылымдық-семантикалық. Дәстүрлік топтастыру бойынша құрмалас сөйлемдер салалас, сабақтас, аралас болып үшке бөлінеді. Ал құрылымдық-семантикалық топтастырғанда құрмалас сөйлемдер жалғаулықты және жалғаулықсыз болып сараланады.
Салалас пен сабақтас құрмалас сөйлемдердің арасындағы айырмашылықтар – компоненттердің негізгі екі мүшесінің бір-бірімен синтаксистік қатынастарында, әсіресе, компоненттердің баяндауыш формасында, сондай-ақ олардың компоненттерінің құрмаласу тәсілінде, мағыналық байланыстарында және интонациялық құбылыстарында.
Салалас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары тиянақты болса, сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сөйлем баяндауышы басыңқы сөйлемге тәуелді, бағына байланысады. Әзімбай бұны сүйсіне қостады, әрі оның соңғы сөзін қайта-қайта еске алды (М.Әуезов) – салалас; Абай бүгін әдейі бір үй кеңесті оңаша сөйлесейін деп, Мағаш, Әбіштерді осында щақыртқан (М.Әуезов) – сабақтас.
Жалпы салалас пен сабақтас құрмалас сөйлемдердің арасында мынадай айырым белгілері бар:
1. Салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің баяндауыштары тиянақты тұлғада тұрады да, ал сабақтас құрмалас компоненттерінің алдыңғы сөйлемінің баяндауышы тиянақсыз тұлғада болады.
2. Салалас құрмаластың баяндауыштары теңдік қатынаста тұрып, салаласа байланысса, сабақтас құрмаласта бағыныңқы компонент баяндауышы басыңқы компонент баяндауышына бағына байланысады.
3. Салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің арасындағы интонациялық кідіріс біршама тиянақты болады да, сабақтас құрмаластың сөйлемдері арасындағы интонация елеусіз немесе тинақсыз болып келеді.
4. Салалас құрмалас компоненттерінің баяндауыштары өз бастауыштарымен қиыса байланыса келеді де, сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерінің баяндауышы өз бастауыштарымен қиыспайды.
5. Салалас құрмалас сөйлем компоненттерін бір-бірімен құрмаластыру үшін жалғаулықтар қолданылса, ал сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерін құрмаластыруда септеулік шылаулар қолданылады.
6. Салалас құрмалас сөйлемнің бір компоненті екінші компонентке тәуелсіз, оның ішіндегі мүшелерге байланыссыз болып келсе, сабақтас құрмалас сөйлемнің бағынышты компоненттерінің көпшілігі өзі меңгеріліп тұрған компоненттің белгілі бір мүшесіне тәуелді болып, соны түрлі жағынан айқындап, тұрлаусыз мүше тәрізденіп кетеді.
