Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция ИГКЯ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
531.46 Кб
Скачать

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. (дәріс, курсы, семинар сабақтары мен студенттердің өздік жұмыс тақырыптары, тест сұрақтары). Оқу құралы. – Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2005. – 118 б.

  2. М. Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, 1988.

  3. Ғ. Мұсабаев. Қазақ тілі тарихынан. – Алматы: Мектеп. – 1981.

  4. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ.. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: санат, 1997. – 256 б.

Лекция сабағы №6 Халық тілі қалыптасу дәуіріндегі басқа тілдерден енген сөздер

  1. Халық тілі қалыптасу дәуіріндегі басқа тілдерден енген сөздердің сипаты.

  2. Араб - парсы тілдерінен сөз ауысу. Кірме сөздердің лексика, грамматика, фонетиканы дамытудағы әсері.

  3. Орыс тілдерінен сөз ауысу.

  1. Халық тілі қалыптасу дәуіріндегі басқа тілдерден енген сөздердің сипаты.

Әрбір тілдің сөздік құрамы бір ғана өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы толығып кемелденбейді. Сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге тілдерден де ауысып алу арқылы да өз тілін байытып, жетілдіріп отырады. Қазақ халқының ертедегі даму тарихына көз жіберсек, көптеген елдермен үнемі тығыз байланыста болғандығын көреміз. Бұл жайында «Қазақ ССР тарихында» былай деп жазған: «Қазақстан жеріндегі халықтардың Қытаймен, Орта азиямен, Волга Булгариясымен және Киев Русімен суада байланысы өрістеген. Қазақстанның әсіресе, батыс, солтүстік-батыс аудандарының халқы Руспен өте-мөте берік байланыс жасап тұрған. Руспен, Шығыс Европаның басқа халықтарымен арадағы осы сауда байланыстарында негізгі делдалдыққа жүргендер булгарлар, хазарлар, онан кейін печенегтер мен половецтер болған. Византияның деректерлері орта азия халықтары мен Шығыс Европа халықтарының арасында біздің заманымыздың ҮІ ғасырынан бастап-ақ керуен саудасы болғанын айтады. Осындай айырбас пен мәдени өзара байланыстар Қазақстан тайпалары мен халықтарының мәдениетінің дамуына үлкен роль атқарған».

Ел мен елдің арасындағы ежелгі достық қарым-қатынастың болғандығы ана тіліміздің сөз байлығының құрамынан да айқын байқалады. Бір халық пен екінші халық ертеде тек мал-мүлік пен киім-кешек, ыдыс-аяқ сияқты жалаң заттарды ғана алмастырып қоймаған, соған қоса рухани байлық та бір-бірінен молынан ауысқан. Әсіресе, бір тілден екінші тілге көптеген сөздер кірген. Осымен байланысты тіліміздегі қыруар сөздер қоғам тарихымен, сонымен бірге қазақ халқының басынан кешкен даму тарихымен тығыз байланыстырып зерттеуді қажет етеді.

Қазақ халқының кешкен ұзақ даму тарихында бірсыпыра елдермен араласып, әр кезеңде түрлі қарым-қатынастар жасағандығы мәлім. Ертеде тәжік, өзбек, татар халықьтары арқылы ҮІІІ – ХІ ғасырларда араб-парсы елдерімен, ХІІ – ХІІІ ғасырларда монғол халқымен күшті байланысы болса, ХҮІІ ғасырдан бастап, күні бүгінге дейін орыс халқымен тікелей үздіксіз достық-ынтымақтық қарым-қатынаста келеді. Осындай ұзақ ауыс-түйіс мол байланыстан кейін қазақ тілінің сөздік құрамында қыруар шет сөздері пайда болған. Осындай өзге тілдерден ауысқан сөздерді тіл мамандары кірме сөздер деп атайды. Кірме сөздер (заимствование) деп әрбір тілдің өзіндік сөз тудыру тәсілімен емес, басқа тілдердің ықпалымен жасалған сөздерді айтамыз. Жер шарында өмір сүріп келе жатқан үлкенді-кішілі халықтардың қай-қайсысында болсын өзге тілдерден ауысып келген кірме сөздер көптеп кездеседі. Мәдениетті кенжелеп дамыған мешеу ұзақ халықтарды былай қойғанда, мәдениеті гүлденіп өскен ең озат деген халықтардың сөздік құрамы да таза тума сөздерден құралмайтындығы дәлелденген. Зерттеушілер ағылшын тілінің сөздік құрамының не бары 30 процент шамасында ғана өзінің төл сөздері, ал қалған сөздердің барлығы да өзге тілдерден ауысып келгендігін айтады. Түрік тілдеріне де көп елдерден неше алуан, сан-чсалалы сөздер ауысып келгендігі белгілі. Ғ. мұсабаевтың пікірінше, аң атаулары, әсіресе, құс атауларының көпшілігі иран тіліне түрік тілдерінен ауысқан.

Қазақ тілінің сөздік құрамындағы кірме сөздер негізінен 4 халықтан келіп енген: 1. араб тілі, 2. парсы тілі, 3. монғол тілі, 4. орыс тілі.