- •Лекциялық курстың мазмұны Лекция сабағы №1 Қазақ тілінің тарихи грамматика пәні
- •1. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы – Тіл тарихының дербес саласы
- •2. Қазақ тілі грамматикалық құрылысының тарихи дамуын зерттеудің көздері
- •Тарихи грамматика курсының методологиялық негіздері
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №2 Қазақтың халық және ұлт тілдерінің жасалуы
- •Лекция сабағы №3 Тарихи лексика
- •Қазақ лексикасының көнетүркілік негізі, орта ғасырдағы қазақ лексикасы.
- •Халықтық және ұлттық дәуірлердегі қазақ лексикасы
- •Көне заман және орта ғасыр ескерткіштері арқылы лексиканы тану
- •Лекция Сабағы №4 Түркі тілдері лексикасының басты ерекшелігі
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №5 Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуіріндегі негізгі сөздік қоры
- •Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуіріндегі негізгі сөздік қордың сипаты, көлемі, жаңа сөз жасалуы
- •Қазақ тіліндегі жалпы түркі тілдеріне ортақ сөздер
- •Монғол-қазақ тілдеріне ортақ лексика.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №6 Халық тілі қалыптасу дәуіріндегі басқа тілдерден енген сөздер
- •Халық тілі қалыптасу дәуіріндегі басқа тілдерден енген сөздердің сипаты.
- •Араб - парсы тілдерінен сөз ауысу. Кірме сөздердің лексика, грамматика, фонетиканы дамытудағы әсері.
- •Орыс тілдерінен сөз ауысу.
- •Әдебиет тізімі:
- •Лекция сабағы №7 Сөз мағынасындағы өзгеріс
- •Сөздің негізгі мағынасын жолғалтып ауыспалы мағынада қолданылуы.
- •Көп мағыналы сөздердің туу тарихы
- •Омоним, синонимдер тарихы, олардың көп мағыналы сөздермен байланысы.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №8 Тұрақты сөз тіркестерінің қалыптасу таихы
- •Лекция сабағы №9 Лексиканың толығу жолдары
- •1. Сөз байытудың негізгі жолы – көрші тілдерден дайын сөздерді ауыстырып алу
- •2. Байырғы сөздердің жаңа мағынаға ие болуы
- •3.Лексиканың дыбыстық өзгерістер арқылы толығуы
- •Лекция сабағы №10 Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы
- •Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы.
- •2) Екі сөздің қосылуы арқылы жаңа ұғым, жаңа сөз жасалу тәсілі – көне тәсіл.
- •Аффикс арқылы сөз жасалу – негізгі тәсіл
- •Лекция сабағы №11 Тарихи синтаксис
- •Синтаксистік құрылыстың даму ерекшеліктері
- •2. Синтаксистік байланыс тәсілдерінің дамуы. Байланыс түрлерінің қалыптасуы.
- •3. Сөз тіркесінің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №12 Сөйлем құрамының дамуы
- •Түркі тіліндегі сөйлем номинативті болуының тарихи себептері
- •2.Сөйлем баяндауышы – сөйлемді ұйымдастырушы мүше. Есім баяндауыштарының тарихи құрамы мен түрлері, дамуы.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №13 Жай сөйлемдердің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №14 Оқшау сөздердің құрамы мен түрлерінің дамуы
- •Лекция сабағы №15 Құрмалас сөйлем жүйесінің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
Әдебиеттер тізімі:
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. (дәріс, курсы, семинар сабақтары мен студенттердің өздік жұмыс тақырыптары, тест сұрақтары). Оқу құралы. – Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2005. – 118 б.
М. Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, 1988.
Ғ. Мұсабаев. Қазақ тілі тарихынан. – Алматы: Мектеп. – 1981.
Лекция сабағы №5 Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуіріндегі негізгі сөздік қоры
Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуіріндегі негізгі сөздік қордың сипаты, көлемі, жаңа сөз жасалуы
Қазақ тіліндегі жалпы түркі тілдеріне ортақ сөздер
Монғол-қазақ тілдеріне ортақ лексикасы
Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуіріндегі негізгі сөздік қордың сипаты, көлемі, жаңа сөз жасалуы
Сөздік құрамдағы сөздерді қолдану жиілігіне қарай актив сөздер (жиі қолданылатын) және пассив сөздер (сирек қолданылатын) деп, ең алдымен екі салаға бөлуге болады.
Актив сөздерге осы тілде сөйлейтін адамдар тек түсініп қана қоймай, өзінің сөйлеген сөзінде жиі қолдана білетін сөздер жатады. Демек, актив сөздер осы тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ болып табылады. Бұған күнделікті өмірде өзіміз айтып, әрі естіп жүрген таныс сөздердің бәрін жатқызуға болады.
Пассив сөздерге түсінуін түсінгенмен, бірақ онша қолдана бермейтін сөздер кіреді. Бұған әр ғылымның өзіне ғана тән тар көлемдегі терминдері, көнерген сөздер, тарихи сөздер, кітаби лексикалар жатады. Актив сөздер мен пассив сөздердің шекарасы қатып қалған дүние емес, жылжымалы, өзгермелі деп түсіну қажет.
Сөздік құрамдағы сөздер түрлі принципке негізделіп, өзара әлденеше топқа бөлінеді: 1) әдеби лексика мен диалектілік лексика – сөздердің әдеби және әдеби еместігіне қарай бөлінуі; 2) жалпы халықтық лексика мен арнаулы лексика - әдеби тілдегі сөздердің халыққа таныс және онша таныс еместігіне қарай бөлінуі; 3) бейтарап сөздер мен экспрессивті сөздер – тілдегі сөздің жұмсалу аясы мен көркемдік мәніне қарай бөлінісін көрсетеді.
Сөздік құрамдағы сөздер тілдегі өмір сүру тарихына, тұрақтылығына қарай да бір-бірінен ажыратылады. Қазақ тілінің байырғы сөздерінің түбірлеріне тән мынадай белгілер бар: 1) толық мағыналы, көп мәнді болады, 2) бір буынды болып келеді, 3) өзге түрік тілдеріндегі байырғы түбірлермен дыбысталуы жағынан да ұқсас, тектес, мәндес келеді. Мысалы: жел, кел, от, көз, төс, жыл, құс, қал, ай, қой, кес, өт, сан, сен, ор, өр, қаз, аш, күз, күн, көн, ат, жас, тас, қол, мол, кет, ет, ақ, бас, бар, бер, бел, көк, т.б.
Тілімізде өте ертеден өмір сүріп келе жатқан, сонымен қатар жаңа сөздер жасауға бірден-бір ұйытқы болған, аз буынды, көп мәнді жалпы халықтық сөздер негізгі сөздік қордағы сөздер деп есептеледі. Бұлардың сан мөлшері, көлемі сөздік құрамдағы сөздерден әлдеқайда анағұрлым кем болады. Қазақ тіліндегі барлық сөздің жиынтығы сөздік құрам болса, негізгі сөздік қор солардың қайнап шыққан, өсіп-өнген негізгі көзі, қайнар бұлағы деп танылады. Яғни негізгі сөздік қор – баяғыдан кле жатқан жасамалы өнімді сөздердің тобы. Қоғам өмірінде болып жатқан түрлі жаңалықтар мен өзгерістер барлығы да тілге әсер етеді. Әсіресе, оның лексикасы өзгеріске неғұрлым бейім, неғұрлым сезімтал келеді. Тіл адамның барлық жұмыс саласындағы іс-әрекетімен түгелдей байланысты болғандықтан, сөздік құрам адам өміріне не бары соны дереу және тікелей көрсетіп отырады.
