
- •Лекциялық курстың мазмұны Лекция сабағы №1 Қазақ тілінің тарихи грамматика пәні
- •1. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы – Тіл тарихының дербес саласы
- •2. Қазақ тілі грамматикалық құрылысының тарихи дамуын зерттеудің көздері
- •Тарихи грамматика курсының методологиялық негіздері
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №2 Қазақтың халық және ұлт тілдерінің жасалуы
- •Лекция сабағы №3 Тарихи лексика
- •Қазақ лексикасының көнетүркілік негізі, орта ғасырдағы қазақ лексикасы.
- •Халықтық және ұлттық дәуірлердегі қазақ лексикасы
- •Көне заман және орта ғасыр ескерткіштері арқылы лексиканы тану
- •Лекция Сабағы №4 Түркі тілдері лексикасының басты ерекшелігі
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №5 Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуіріндегі негізгі сөздік қоры
- •Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуіріндегі негізгі сөздік қордың сипаты, көлемі, жаңа сөз жасалуы
- •Қазақ тіліндегі жалпы түркі тілдеріне ортақ сөздер
- •Монғол-қазақ тілдеріне ортақ лексика.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №6 Халық тілі қалыптасу дәуіріндегі басқа тілдерден енген сөздер
- •Халық тілі қалыптасу дәуіріндегі басқа тілдерден енген сөздердің сипаты.
- •Араб - парсы тілдерінен сөз ауысу. Кірме сөздердің лексика, грамматика, фонетиканы дамытудағы әсері.
- •Орыс тілдерінен сөз ауысу.
- •Әдебиет тізімі:
- •Лекция сабағы №7 Сөз мағынасындағы өзгеріс
- •Сөздің негізгі мағынасын жолғалтып ауыспалы мағынада қолданылуы.
- •Көп мағыналы сөздердің туу тарихы
- •Омоним, синонимдер тарихы, олардың көп мағыналы сөздермен байланысы.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №8 Тұрақты сөз тіркестерінің қалыптасу таихы
- •Лекция сабағы №9 Лексиканың толығу жолдары
- •1. Сөз байытудың негізгі жолы – көрші тілдерден дайын сөздерді ауыстырып алу
- •2. Байырғы сөздердің жаңа мағынаға ие болуы
- •3.Лексиканың дыбыстық өзгерістер арқылы толығуы
- •Лекция сабағы №10 Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы
- •Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы.
- •2) Екі сөздің қосылуы арқылы жаңа ұғым, жаңа сөз жасалу тәсілі – көне тәсіл.
- •Аффикс арқылы сөз жасалу – негізгі тәсіл
- •Лекция сабағы №11 Тарихи синтаксис
- •Синтаксистік құрылыстың даму ерекшеліктері
- •2. Синтаксистік байланыс тәсілдерінің дамуы. Байланыс түрлерінің қалыптасуы.
- •3. Сөз тіркесінің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №12 Сөйлем құрамының дамуы
- •Түркі тіліндегі сөйлем номинативті болуының тарихи себептері
- •2.Сөйлем баяндауышы – сөйлемді ұйымдастырушы мүше. Есім баяндауыштарының тарихи құрамы мен түрлері, дамуы.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №13 Жай сөйлемдердің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №14 Оқшау сөздердің құрамы мен түрлерінің дамуы
- •Лекция сабағы №15 Құрмалас сөйлем жүйесінің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
Лекция сабағы №3 Тарихи лексика
Қазақ лексикасының көнетүркілік негізі, орта ғасырдағы қазақ лексикасы
Халықтық және ұлттық дәуірлердегі қазақ лексикасы
Көне заман және орта ғасыр ескерткіштері арқылы лексиканы тану
Қазақ лексикасының көнетүркілік негізі, орта ғасырдағы қазақ лексикасы.
Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі сөздер мағынасы жағынан төмендегідей бірнеше топтарға бөлінеді.
Адам және семьялық қатынастарға байланысты сөздер: ата – ата, ечу - әже, үлкен туыс, қатун – қатын, қыз – қыз, іні –іні, сіңлі – сіңлі, келін – келін, йеген – жиен, оғул – ұл т.б.
Табиғат құбылыстарымен байланысты сөздер: йер – жер, тағ – тау, қар – қар, таш – тас, ай – ай, күн – күн, т.б.
Қоғамдық әлеуметтік атаулар: ел – ел, қан – қан, қаған – қаған, бег – бек, тарқан – дәреже, бай – бай, қул – құл, күң – күң, чығай – кедей т.б.
Шаруашылық атаулармен байланысты сөздер:
бедіз – ою, өрнек, ағыл – қора, қорған – қорған, барк – жай, алтун – алтын, күмүс – күміс, темір – темір, т.б.
Әскери лексика:
сү - әскер, сүңіс – соғыс, уруш – ұрыс, қылыч – қылыш, сүнүг – сүңгі т.б.
Жан –жануарлардың аттары: ат – ат, айғыр – айғыр, тай-тай, інгек – сиыр, буқа – бұқа, барс – барыс, бөрі –бөрі, қасқыр, қой – қой, учуқ – құс, қаз –қаз, тақығ – тауық, т.б.
Анатомиялық атаулар:
Баш – бас, адағ – аяқ, көз – көз, боғуз – тамақ, құлғақ – құлақ, йүрек – жүрек, сач – шаш, тыл – тіл, өд - өт, т.б.
белгілі бір кеңістік ұғымымен байланысты сөздер:
ара – ара, арт – арт, шег – шек, узе – үстіне, қоды – төмен, т.б.
9. ескі діни нанымдармен байланысты сөздер:
Теңрі – тәңірі, умай - әйелдердің құдайы, ыдуқ – қасиетті, т.б.
10. Этникалық атаулар:
Басмыл – (Балық қаласы маңын мекендеген халық), аз – (Енисей өзені маңын жайлаған халық), оғуз – оғыздар, қарлуқ – қарлықтар, қыбчақ – қыпшақтар, соғдақ – соғдылар, тардуш – традұш, табғач – табғаш, татар – татар, татабы – татабы, төліс – төліс, түрк – түріктер, түргес – түргештер, үйғур – ұйғыр, чігіл – чигілдер, чік – чиктер, тезік – тәжіктер, тоқры – тоқарлар, усун – үйсін, т.б.
11. Топонимикалық атаулар:
Байбалық – қала аты, Болчу - өзеннің аты, Ертіс – Ертіс, Кем – Енисей өзені, Орқун – Орхон өзені, т.б.
С и н о н и м с ө з д е р. Ескерткіштерде дыбысталуы жағынан әр түрлі, мағына жағынан бір-біріне жақын синонимдік сөздер де кездеседі. Алп – алып, ер – ер батыр, йурд – жұрт, іл, ел – ел, бедүк – биік, т.б.
А н т о н и м д е р. Ұлуғ – кініч (үлкен - кіші), ақ – қара (ақ - қара), ілгеру – кідін (ілгері - кейін), ач – тоқ (аш - тоқ), т.б.
Омонимдер: ат: а) жылқыны білдіреді; ә) кісінің атын (есімін) білдіреді; б) мылтықты ат дегендегі етістікті көрсетеді.
Тұрақты сөз тіркестері:
Ескі жазу нұсқаларында тұрақты сөз тіркестері де кездеседі. Бірақ олар көп емес. Мысалы: Түн қатдымыз (түн қаттық), анта өтру (содан соң), арығ обуты йіг (таза ұят игі).
Халықтық және ұлттық дәуірлердегі қазақ лексикасы
Қандай да бір тіл болмасын, жалпы туыс тілдер мен жақын туыс тілдерге ортақ болып келетін екі түрлі сөздік қор жинайды. Сонымен бірге ол тілде ешқандай басқа тілдер де кездеспейтін, тек өзіне ғана тән сөздер тобы да болады. Ондай сөздердің арғы шығу тегі тарихы жағынан көмескеленіп, білінбей кетеді немесе сол тілдің өз амал-тәсілі негінде жасалған жаңа сөздер болады. Ондай сөздер белгілі бір тарихи себептердің ықпалымен басқа туысқан тілдерден қол үзіп қалады. Мысалы: «Түркі – араб сөздігінде» ескі тілдерде де, жаңа тілдерде кездеспейтін мынадай бір топ сөздер бар: абру (ақымақ), ай (кескір), алығ (қорқақ), кермен (қала), кей (жақсы), керум (уақыт), кеңез (жеңіл), кірен су (ауыз су), көр (кілем), т.б.
Көне түркі тілдерінде жазылған нұсқалардың тіл ерекшеліктері алуан түрлі. Қазіргі түркі тілдерінің қай тобына болсын тән грамматикалық ерекшеліктер осы көне дүние куәларының бойынан табылады. Ондағы қыпшақ тіліне тән көптеген сөздерді өз алдына саралап бөліп алу қиын емес. Сонымен бірге қыпшақ тілінде ооңтүстік не оғуз тілдерінің элементтері де кездесетіні туралы осыған дейін де айтылды. Мысалы: армян колониясының тілінде бен (мен), гөз (көз), гөгерт (көгерт), гитир (келтір), гүнеш (күнес) сияқты оңтүстік тілдерінен (анатолий түріктері, гагауз, көне азербайжан, қырым түріктері) енген сөздер мен формалар бар.
Көне қыпшақ тілінің ескі түркі тілімен лексикалық байланысын сөз еткенде мына бір жайтты байқаймыз: қыпшақ тілі көне түркі тілдерінен сөз қабылдағанда оңтүстік (оғыз) тілдеріне тән сөздер мен сөз тұлғаларын алған, немесе осы екі топтағы тілдерге ортақ негізді ұстанғанСондықтан да олар қыпшақ тілінің негізгі сөздік қорына жатады. Төмендегі мысалдарда әуелі ескі түркі жазбаларынан, сонан соң, қыпшақ нұсқаларынан алынған сөздер келтірілді: аб (ау) – аб, абуч (уыс) – овуч, ач (аш) – ач, ачығ (ащы) – ачув, т.б.
Орхон-Енисей мен қыпшақ ескерткіштерінде бірдей қолданылатын сөздер көп: бай (бай), бар (бару), барча (барша), барс (Барыс), бас (басу), баш (бас), башла (баста), т.б.