- •Лекциялық курстың мазмұны Лекция сабағы №1 Қазақ тілінің тарихи грамматика пәні
- •1. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы – Тіл тарихының дербес саласы
- •2. Қазақ тілі грамматикалық құрылысының тарихи дамуын зерттеудің көздері
- •Тарихи грамматика курсының методологиялық негіздері
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №2 Қазақтың халық және ұлт тілдерінің жасалуы
- •Лекция сабағы №3 Тарихи лексика
- •Қазақ лексикасының көнетүркілік негізі, орта ғасырдағы қазақ лексикасы.
- •Халықтық және ұлттық дәуірлердегі қазақ лексикасы
- •Көне заман және орта ғасыр ескерткіштері арқылы лексиканы тану
- •Лекция Сабағы №4 Түркі тілдері лексикасының басты ерекшелігі
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №5 Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуіріндегі негізгі сөздік қоры
- •Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуіріндегі негізгі сөздік қордың сипаты, көлемі, жаңа сөз жасалуы
- •Қазақ тіліндегі жалпы түркі тілдеріне ортақ сөздер
- •Монғол-қазақ тілдеріне ортақ лексика.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №6 Халық тілі қалыптасу дәуіріндегі басқа тілдерден енген сөздер
- •Халық тілі қалыптасу дәуіріндегі басқа тілдерден енген сөздердің сипаты.
- •Араб - парсы тілдерінен сөз ауысу. Кірме сөздердің лексика, грамматика, фонетиканы дамытудағы әсері.
- •Орыс тілдерінен сөз ауысу.
- •Әдебиет тізімі:
- •Лекция сабағы №7 Сөз мағынасындағы өзгеріс
- •Сөздің негізгі мағынасын жолғалтып ауыспалы мағынада қолданылуы.
- •Көп мағыналы сөздердің туу тарихы
- •Омоним, синонимдер тарихы, олардың көп мағыналы сөздермен байланысы.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №8 Тұрақты сөз тіркестерінің қалыптасу таихы
- •Лекция сабағы №9 Лексиканың толығу жолдары
- •1. Сөз байытудың негізгі жолы – көрші тілдерден дайын сөздерді ауыстырып алу
- •2. Байырғы сөздердің жаңа мағынаға ие болуы
- •3.Лексиканың дыбыстық өзгерістер арқылы толығуы
- •Лекция сабағы №10 Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы
- •Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы.
- •2) Екі сөздің қосылуы арқылы жаңа ұғым, жаңа сөз жасалу тәсілі – көне тәсіл.
- •Аффикс арқылы сөз жасалу – негізгі тәсіл
- •Лекция сабағы №11 Тарихи синтаксис
- •Синтаксистік құрылыстың даму ерекшеліктері
- •2. Синтаксистік байланыс тәсілдерінің дамуы. Байланыс түрлерінің қалыптасуы.
- •3. Сөз тіркесінің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №12 Сөйлем құрамының дамуы
- •Түркі тіліндегі сөйлем номинативті болуының тарихи себептері
- •2.Сөйлем баяндауышы – сөйлемді ұйымдастырушы мүше. Есім баяндауыштарының тарихи құрамы мен түрлері, дамуы.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №13 Жай сөйлемдердің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №14 Оқшау сөздердің құрамы мен түрлерінің дамуы
- •Лекция сабағы №15 Құрмалас сөйлем жүйесінің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
Әдебиеттер тізімі:
Адмони В.Г. Типология предложения. Исследования по общей теории грамматики. –Москва: Просвещение, 1969. – 288 б.
Апресян Ю.Д. Эксперементальное исследование семантикирусского глагола . –Москва: Просвещение, 1967. – 248 б.
Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. –Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 199 б.
Дматриев Н.К. Грамматика башкирского языка. –Москва: Просвешение, 1948. – 160 б.
Қазақ тілінің грамматикасы. Т.І. Морфология. –Алматы: Ана тілі, 1967. – 210 б.
Қазақ тілінің тарихы туралы зерттеулер. –Алматы: Мектеп, 1965. – 180 б.
Сауранбаев Н.С. Қазіргі қазақ тілі. Етістік туралы. –Алматы: Жазушы, 1953. – 311 б.
Севортсян Э.В. О некоторых вопросах структуры предложения в тюркских языках//Исследования по сравнительной грамматике тюркскиз языков, ІІІ, синтаксис. –Москва: Просвещение, 1961. – 17 б.
Современный казахский язык, фонетика и морфология. Алматы: Жазушы, 1962. – 350 б.
Современный казахский язык. -Алматы: Ана тілі, 1963. – 343 б.
Сопоставительная грамматика русского и казахского языков. –Алматы: Жазушы, 1967. – 282 б.
Юлдашев А.А. Система словообразования и спряжения глагола в башкирском языке. –Москва: Просвещение. – 140 б.
Лекция сабағы №14 Оқшау сөздердің құрамы мен түрлерінің дамуы
1. Оқшауланған мүшелердің қалыптасуы
2. оқшау сөздердің көп түрлілігінің жазба тілмен байланыстылығы
3. Оқшау сөздердің жеке түрлерінің қалыптасуы, бұл рпоцестің сөйлем құрылысының дамуымен, жазба тіл құрамындағы жіктеліспен ұштасып жатуы
Сөйлемдегі сөздермен синтаксистік байланысқа енбей, олардың дауыс ырғағы арқылы бөлектеніп айтылатын сөздер сөйлемдегі оқшау сөздер деп аталады. Олар оқшауланып айтылуына байлангысты, жазуда белгілі тыгыс белгілерімне, көбіне үтірмен бөлінеді. Олар мағыналық қызметіне қарай 3-ке бөлінеді. Қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай сөз.
1. Одағай сөз. Одағай дегеніміз кісінің сезімін, көңіл-күйін, еркін білдіретін дербес грамматикалық тұлғалары жоқ сөздер. Мысалы: қап, тоқтай тұр. Одағайдың түрлері:
Көңіл-күй одағайы: қап, әттең, ойбай.
Жекіру одағайы: тәйт, жә, тек.
Шақыру одағайы: кә-кә, шөк-шөк, құрау-құрау.
2. Қаратпа сөз. Айтылған ойдың кімге арналғанын білдіру үшін оған басқаның көңілін аудару үшін жұмсалатын оқшау сөз қаратпа сөз деп аталады. Мысалы: Айгүл, сен қашан келдің?
Қаратпа сөз диалогта, шешендік сөзде, үндеуде, поэзияда және түрлі хаттар мен іс-қағаздарында қолданылады.
Қаратпа қызметінде жұмсалатын сөздер көбінесе кісінің аты, фамилиясы, әкесінің аты жіне кім деген сұрақ қоюға болатын шырақ, нағашы, апа, жолдастар, балалар, оқушылар сияқты зат есімдер. Олар бұл қызметте түбір күйінде, көптік, тәуелдік жалғаулы қалпында, атау септігінде жұмсалады. Мысалы: Әскер, бүгін мектепке барамын. Балалар, амансыңдар ма, шырақтарым?
Сол сияқты қазақ тілінде біреуді жақсы көріп жылы лебіз білдіру үшін жұмсалатын қалқам, күнім, айым, ботам, құлыным, қозым сөздері қаратпа болып қолданылады. Қош, қалқам!
Және де көркем әдебиетте, әсіресе өлеңдерде отан, дала, қаскелең, өлең, домбыра сияқты сөздер қолданылады. Тыңда, дала, Жамбылды. Тыңда, Қастек, Қаскелең.
3. Қыстырма сөздер. Сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының қалай қарайтынын білдіретін оқшау сөз қыстырма сөз деп аталады. Қыстырма сөздер сөйлемдегі басқа сөздермен байланыспай, белгілі сөйлем мүшесі болмай, олардан оқшау тұрады. Меніңше, ол жаман кісі емес.
Қыстырма сөздерді мағынасына қарай былай бөлеміз:
Кісінің көңіл-күйін, сезімін білдіретін қыстырма сөздер: несін айтасың, бақытымызға, амал қанша т.б. Егіс биыл, біздің бақытымызға, тамаша жеңіспен аяқталады.
Айтылған ойға нануды, жорамалдауды білдіретін қыстырма сөздер. Әрине, әлбетте, рас, сөз жоқ, сірә, мүмкін, шамасы, расында, шынында, шынын айту керек, өзіңіз білесіз. Бәріміз, шынында, қателестік.
Ойдың айтылу амалын, тәсілін білдіретін қыстырма сөздер: қысқасы, сайып келгенде, былайша айтқанда, жалпы алғанда, демек, ендеше т.б. Қысқасы, біздікі дұрыс.
Айтылған ойға басқаның не айтушының пікірі тұрғысынан қарағандықты білдіретін қыстырма сөздер: сіздіңше, меніңше, мен білсем, оның айтуына қарағанда. Меніңше, бұл өте мықты адам.
Айтылған ойлардың өзара қатынасын білдіретін қыстырма сөздер: біріншіден, екіншіден, керісінше, ақырында, сөйтіп. Біріншіден, бұның айтқаны дұрыс.
