Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция ИГКЯ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
531.46 Кб
Скачать
  1. Тарихи грамматика курсының методологиялық негіздері

Бұрын қазақ әдеби тіл тарихы, тарихи грамматика, диалектология біріктіріліп бір пән ретінде оқытылса, жүргізіп жатқан зерттеулердің нәтижесінде бұлар жеке-жеке пән болып қалыптасты, бұлар бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен бір сала еместігі дәлелденіп, айқын болды.

Әдеби тіл тарихы жазба мәтіндермен, жазба әдебиетпен, жазбалар тілімен байланысты болып келсе, ал тарихи грамматика, қазақ тілінің тарихи грамматикасы нормалардың жүйеге түспеген күнделікті сөйлеу тілін қарастырады. Тарихи грамматика халық тілінің бүкіл салаларымен бірге барлық көріністерін тұтас алып қарастырады. Халық тілінің қалыптасу ерекшелігі мен даму сатысын лингвистикалық тұрғыдан зерттейді.

Сонымен, тарихи грамматика тілдің барлық салаларының (дыбыс, фонемалар жүйесі мен морфологиялық құрылымын, синтаксисі мен лексикасын) қалыптасу мен даму заңдылықтарын, өзгеру жолдары мен бағыттарын зерттеп түсіндіреді, айқындайды. «Тарихи грамматика»

Деген атпен тек грамматика емес, тарихи лексика, тарихи фонетика да сөз болады. Тілдің тарихи дамуы мен өзгерістерін зерттеуде тарихи грамматика мен әдеби тіл тарихи бір тәсіл, бір әдіс қолдана алмайды. Әдеби тіл тарихи жазбалар тіліндегі өзгерістерді айқындап, жазба тіл салаларының даму бағытын белгілейді. Тарихи грамматика өз зерттеулерін бүгінгі тілдің фактілеріне талдау жасаудан бастап, сол талдаудан алынған қорытындылар негізінде өткен дәуірлерге үңіледі. Тіл білімінде бұл әдіс ретроспективті әдіс деп аталады. Бұл әдіс бойынша бүгінгі тіл ерекшеліктерін талдауға сүйене отырып, өткен дәуірлерге, тарихқа белгісіз кезеңдерге бағдар жасап, жоба құру. Тарихи грамматика үшін жазба әдеби тіл ескерткіштері – сол заманғы халықтың сөйлеу тілі элементтерін қарастыратын көз. тілдің фонетикалық, грамматикалық құрылысы мен лексикалық құрамы тарихын зерттеуде, сол зерттеулер нәтижесін дәлелдеуде де, сондай-ақ тіл басынан өткен белгілі бір өзгерістер жүйесін айқындай, белгілеуде сүйенер көз – туыс тілдер фактілері.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. (дәріс, курсы, семинар сабақтары мен студенттердің өздік жұмыс тақырыптары, тест сұрақтары). Оқу құралы. – Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2005. – 118 б.

  2. М. Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, 1988.

  3. Ғ. Мұсабаев. Қазақ тілі тарихынан. – Алматы, 1988.

Лекция сабағы №2 Қазақтың халық және ұлт тілдерінің жасалуы

  1. Қазақтың халық тілінің жасалуы, шығу тегі

  2. Көне замандардағы ру-тайпалардан, тайпалық одақтардан қазақтың халық болып қалыптасуы

  3. Халық тілінің жасалуына байланысты әлі шешілмеген проблемалық мәселелері

«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» деп аталатын курстың «Көне түркі жазбалары тілі» деп аталатын курстан ерекшелігі тарихи грамматика бүгінгі тілдің фонетикалық, грамматикалық құрылымының осы күйге жету жолын, эволюциясын тарихи-салыстырама әдіс негізінде түсіндіреді. Сондықтан тарихи грамматика курсы сөздердің грамматикалық кластарға жіктелу тарихын, жеке грамматикалық категориялардың қалыптасу эволюциясын, дыбыстар жүйесінде болған тарихи өзгерістер, олардың тілдің лексикалық қорына, грамматикалық құрылымына әсері тәрізді мәселелерді тексереді. «көне түркі жазбалары тілі» курсы тарихи грамматика курсына қажетті тарихи фактілер береді, студенттердің осы курсты тыңдауға дайындайды. Екінші айырмашылық - халықтардың қалыптасу дәуірінде, даму барысында болып отырған экстралингвистикалық факторлар (әлеуметтік жағдай әсері, мәдени, әскери, сауда-саттық байланыстар мен қатынастар әсері т.б.) тарихи грамматика курсында грамматикалық, фонетикалық құрылымының тарихи дамуындағы мәні тұрғысынан ғана қарастырылады.

Тарихи-салыстырмалы әдістің қолданылатын мынадай орынады бар: 1) бір тілдің әр кезеңге қатысы, бірақ бір жүйеге жататын, қызметі мен семантикалық жағынан бір-біріне эквивалент болатын фактілерін салыстыру; 2) бір уақытта өмір сүрген, өмір сүретін, бір-біріне тілдік, тарихи жақындығы бар тілдер материалын салыстыру. Мысалы: қзаақ тілі мен қарақалпақ, не ноғай тілдері, қазақ тілі, ноғай тілі арқылы татар, башқұрт тілдерімен немесе бүкіл қыпшақ тілдерімен ұштасады, қазақ тілі қыпшақ тілдері арқылы оғыз тілдерімен ұштасады. Сонан кейін ғана якут немесе чуваш тілдерімен салыстыруға мүмкіндік туады. Ал екінші ерекшелікке қазақ және қырғыз тілдерін жатқызуға болады.

Тарихи-салыстырмалы әдісті қолданудың мақсаты – қазіргі тілдегі дыбыстар мен морфемалар жүйесінің алғашқы сипатының жобасын жасау. Қазіргі түркі тілдерінің арасындағы фонетикалық, морфологиялық, лексикалық айырмашылықтарды анықтап, оларды сол тілдер құрамындағы диалектілік айырмашылықтармен салыстыра отырып, сол тілдердің көне дәуір ескерткіштеріне қатысып айқындауға мүмкіндік туады. Бұл ретроспективтік тәсіл деп аталады. Екінші сөзбен айтқанда, зерттеу бүгінгі тілдің сипатын айқындаудан басталып көне дәуірге қарай жүреді. Зерттелетін мәселенің ерекшелігіне қарай типологиялық салыстыру әдісі қолданылады (бұл жердегі салыстыру – сопоставление: хронологиялық жүйе сақталынбайды).

Типологиялық салыстыру әдісі жеке морфемаларды, жеке тілдік элементтерді қарастырмайды, материалдық элементтердің ұқсас, ұқсас еместігіне қарамай, жүйелік қатынастар арқылы көрінетін тілдік ярустарды салыстыруға қолданылады. Қазіргі түркологияда қыпшақтық вокализм, оғыздық вокализм, алтайлық (қырғыз) вокализм тәрізді дауысты дыбыстар жүйелерін анықтау – көбіне-көп типологиялық салыстыра қараудың нәтижесі. Тілдің грамматикалық құрылысы тарихын зерттеуде қолданылатын әдістің бірі – ареалдық әдіс. Ареалдық әдіс рақылы тілдердің, диалнектілердің өзара ықпалдасу процесінің сипаты мен дәрежесін, ондай процестің орны мен таралу аймағын айқындап, ол нәтижелерді тілдің тарихи өзгерістерінң бір түрі (немесе өзгерістердің бір тобы) ретінде тілдің тарихи грамматикасын енгізуге болады. Ареалдық әдіс кейде изоглостарды тарихи түсіндіру әдісі деп те аталады. Өйткені ареалдық әдіс туыс, бір-біріне жақын тілдердің белгілі бір аймақта шектесуінің нәтижелерін ғана зерттеп қоймайды, географиялық орналасуы жағынан өзара шектесетін туыс емес тілдердің де өзара ықпалдасуының нәтижелерін қарастырады. Тілдер мен диалектілердің ықпалдасу процесінің бағыты мен орнын айқындауға ареалдық әдіс археология мен этнографиялық мәліметтерді пайдалана алады. Мысалы: қазақ тілінің батыс говорлары ( сөйленіс) тобына түрікмен, ноғай, татар тілдерінің ықпалы болғандығын айқындау ареалдық әдісті қолдану арқылы жүргізіледі. Батыс говорлар тобы дегенде оңтүстік-батыс, батыс, солтүстік –батыс тәрізді аймақтарға жіктеп, олардың әрқайсысына тән тарихи әлеуметтік, этникалық ерекшеліктер болғандығы ескеріледі. Оңтүстік-батысқа орналасқан қазақ тайпалары оғыз тектес рулармен шектессе, батыстағы олардың ағайындары ноғайлармен, башқұрттармен араласты. Солардың барлығы да қазақ тіліне ықпал етті, із қалдырды. Бұлар ескерткіштерде өз көріністерін таба берген жоқ. Батыс қазақтары жайлы айтқанда, қыпшақ (куман)-славян байланыстарын, қазақ-орыс байланысын назардан тыс қалдырмау керек. Ал оңтүстік қазақтардың тілін зерттегенде қазақ-өзбек байланысымен қоса, араб-парсы тілдерін де назардан тыс қалдыра алмаймыз. Келесі әдіс – синхрондық сипаттау әдісі. Бұл әдіс арқылы белгілі бір дәуірдегі тілді жан-жақты сипаттайды.

Қазақ тілінің қалыптасу, даму кезеңдерін айқындау жалпы түркі тілдерінің даму жолдарымен тікелей байланысты. Ғалымдардың пікірінше, түркі тілдері алты түрлі дәуірді бастан кешірген. Н.А. Баскаков бұл дәуірді былай деп бөледі: алтай дәуірі (б.з.д.ІІІ ғасыр), Хун дәуірі (б.з.д. ІІІ ғасырдан бастап, б.з. Ү ғ.), Көне түркі дәуірі (Ү-Х ғ.ғ.), Орта Азия түркі тілдері (Ү – ХҮ ғғ.), Жаңа түркі дәуірі.

1.Алтай дәуірі. Бұл – ғылымда айқындалып жетпеген, өмір сүрген дуәрі де нақты емес, өте көне дәуір. Бұл атауды қолданушылар б.э.-дан бұрынғы көне заманда түркі тқымдары монғол, тұңғыс-манжур, жапон, корей халықтарымен бірлікте болған, бұлардың тілдері де өзара туыстас, төркіндес тілдер. Бұл халықтардың ертедегі отаны алтай өңірі болған дейді де бұл мезгілді алтай дәуірі деп атайды. Алтай дәуірінде аталған халықтар және олардың тілдері бір-бірінен жекеленбей бірлікте өмір сүрген деп есептеледі. Алтай дәуірінің тілдік сипатынан мәлімет берерлік мәлімет жоқ, ол заманнан ешқандай жазба нұсқа біздің заманымызға жетпеген. Бұл дәуірде қазіргі түркі, монғол тілдерінің бір негізден тарағаны жайында ғылыми-болжам пікірлер қалыптасты.

2.Хун дәуірі б.з.д. ІІІ- Ү ғасырға дейін өмір сүрген хун империясының атымен аталады. Тарихи деректерге қарағанда хун империясы Орта Азиядан бастап, Шығыс Европаға дейінгі кең алқапты жайлайды. Б.з.д. І ғасырдың аяқ кезінде хун мемлекеті өз ішіндегі алауыздықтың нәтижесінде батыс хун және шығыс хун болып екіге бөлінеді. Кейіннен бұлар батыста және шығыста жаңа халықтық атау – түркі халқы атауымен бірнеше тайпалық одақтарға бірігеді. Бұл кезеңде оғыз-қарлұқ-қыпшақ тілі бірлестігі қалыптасты.

3.Көне түркі дәуірі (Ү-Х) үш дәуірге бөлінеді: а) түкей (түрік) дәуірі (Ү - ҮІІІ), ә) көне ұйғыр дәуірі (ҮІІІ - Х), б) көне қырғыз дәуірі (ІХ - Х).

Бұл дәуірлерде түркі тайпаларының руналық жазуы болды. Бұлардың бізге келіп жеткендері Орхон-Енисей атымен белгілі болған жазулар мен жазба ескерткіштер.

  1. Ү ғасырға тән Талас-Енисей ескерткіштері мола басына құлпытасқа жазылған эпитафиялар, яғни өлінің атынан айтқан 2-3 не 5-6 сөйлем.

  2. ҮІІІ ғасырға тән Орхон ескерткіштері – мола басына құлпытасқа жазылған тарихи шежіре, яғни түрік тайпаларының сол тұстағы атақты қағандары мен батырлардың (Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк) жорық жолдары – ішкі бәсекесі, сырт елдерге шеруі, тәуелсіз ел болу жолындағы күресі баяндалған.

  3. ҮІІІ-Х ғасырларға тән ұйғыр жазуы, түс жору, аян айту, діни аңыз, әңгімелер.

4.Орта түркі заманы немесе түркі тайпаларының тілдерінің даму, қалыптасу заманы деп аталады.

Бұл дәуірде түркі тайпалары мәдениетінде жаңа бетбұрыс болды.. ІХ-ХІ ғасырларда бұл өлкеде (Сыр, Жетісу) араб-иран мәдениетнің ықпалы күшті еді. Түркі халқының екі ұлы перзенті М. Қашқари мен Ж. Баласағұнидің еңбектері осындай жағдайда туды. М. Қашқаридың «Диуани луғат ат-түрік» («Түркі тілдерінің сөздігі») және Ж. Баласағұнның «Құдатғұ біліг» («Құтты білік») еңбектері осы кезеңде жазылды. Бұдан да басқа ірілі-ұсақты түркі жазба ескерткіштері пайда болды.

5. Түркі тілінің дамуындағы жаңа дәуір (ХҮ-ХХ ғ.). ХҮ ғ. алғашқы қазақ хандығы құрылды. ХҮ ғасырла қазақтың ақын-жырауларының шығармалары жазылды. ХІХ ғ.қазақтың ұлттық тілі қалыптасты. Шын мәнінде ұлттық әдеби тіл жасалды, қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілді.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Оқу құралы. – Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2005. – 118 б.

  2. М. Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, 1988.

  3. Ғ. Мұсабаев. Қазақ тілі тарихынан. – Алматы, 1988.