
- •Лекциялық курстың мазмұны Лекция сабағы №1 Қазақ тілінің тарихи грамматика пәні
- •1. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы – Тіл тарихының дербес саласы
- •2. Қазақ тілі грамматикалық құрылысының тарихи дамуын зерттеудің көздері
- •Тарихи грамматика курсының методологиялық негіздері
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №2 Қазақтың халық және ұлт тілдерінің жасалуы
- •Лекция сабағы №3 Тарихи лексика
- •Қазақ лексикасының көнетүркілік негізі, орта ғасырдағы қазақ лексикасы.
- •Халықтық және ұлттық дәуірлердегі қазақ лексикасы
- •Көне заман және орта ғасыр ескерткіштері арқылы лексиканы тану
- •Лекция Сабағы №4 Түркі тілдері лексикасының басты ерекшелігі
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №5 Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуіріндегі негізгі сөздік қоры
- •Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуіріндегі негізгі сөздік қордың сипаты, көлемі, жаңа сөз жасалуы
- •Қазақ тіліндегі жалпы түркі тілдеріне ортақ сөздер
- •Монғол-қазақ тілдеріне ортақ лексика.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №6 Халық тілі қалыптасу дәуіріндегі басқа тілдерден енген сөздер
- •Халық тілі қалыптасу дәуіріндегі басқа тілдерден енген сөздердің сипаты.
- •Араб - парсы тілдерінен сөз ауысу. Кірме сөздердің лексика, грамматика, фонетиканы дамытудағы әсері.
- •Орыс тілдерінен сөз ауысу.
- •Әдебиет тізімі:
- •Лекция сабағы №7 Сөз мағынасындағы өзгеріс
- •Сөздің негізгі мағынасын жолғалтып ауыспалы мағынада қолданылуы.
- •Көп мағыналы сөздердің туу тарихы
- •Омоним, синонимдер тарихы, олардың көп мағыналы сөздермен байланысы.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №8 Тұрақты сөз тіркестерінің қалыптасу таихы
- •Лекция сабағы №9 Лексиканың толығу жолдары
- •1. Сөз байытудың негізгі жолы – көрші тілдерден дайын сөздерді ауыстырып алу
- •2. Байырғы сөздердің жаңа мағынаға ие болуы
- •3.Лексиканың дыбыстық өзгерістер арқылы толығуы
- •Лекция сабағы №10 Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы
- •Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы.
- •2) Екі сөздің қосылуы арқылы жаңа ұғым, жаңа сөз жасалу тәсілі – көне тәсіл.
- •Аффикс арқылы сөз жасалу – негізгі тәсіл
- •Лекция сабағы №11 Тарихи синтаксис
- •Синтаксистік құрылыстың даму ерекшеліктері
- •2. Синтаксистік байланыс тәсілдерінің дамуы. Байланыс түрлерінің қалыптасуы.
- •3. Сөз тіркесінің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №12 Сөйлем құрамының дамуы
- •Түркі тіліндегі сөйлем номинативті болуының тарихи себептері
- •2.Сөйлем баяндауышы – сөйлемді ұйымдастырушы мүше. Есім баяндауыштарының тарихи құрамы мен түрлері, дамуы.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №13 Жай сөйлемдердің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №14 Оқшау сөздердің құрамы мен түрлерінің дамуы
- •Лекция сабағы №15 Құрмалас сөйлем жүйесінің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
Әдебиеттер тізімі:
1. А.Б. Салқынбай. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы: практикалық курс.- Алматы: Қазақ университеті; 2005.-169 бет.
2. Г.Қосымова. Қазақ тілінің тарихы: Оқу құралы. - Алматы: Баянжүрек, 2007. – 272бет
3. Г.Қосымова. Қазақ тілінің тарихы: Оқу құралы. - Алматы: Баянжүрек, 2006. – 140 бет
4. Қазақ тілінің тарихы грамматикасы. Оқу құралы.-Қарағанды: - Баспа. 2005.-118 бет
Лекция сабағы №13 Жай сөйлемдердің дамуы
Ескі түркі тіліндегі жай сөйлемдердің түрлері, олардың құрылымдық ерекшелігі
Қазіргі қазақ тіліндегі сондай құбылыспен ұқсастығы мен өзгешеліктері
Ауызекі тіл мен фольклорлық шығармаларға тән аз сөзді, қарапайым сөйлемдердің басым болғандығы
Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, сөйлемдердің басты, негізгі типі болып номинативті, яғни бастауышы зат есімнен болған сөйлемдер есептеледі.
Номинативті сөйлемдер ойдың құрылысымен, мазмұнымен тығыз байланысты. Ілгеріде келтірілген мысалдардың өзара қатынасына қарағанда номинативті сөйлемдерді әр уақыт трансформацияға түсіріп етістік бастауышты сөйлемге айналдыруға болады. Бұл сөйлеу талабына байланысты. Бастауышы етістікті сөйлем логикалық субъектіні, объектіні актуализациялау, (ерекше атап көзге түсіру) үшін қажет болған жағдайда жұмсалады.
Сонымен, бастауышы зат есімді сөйлем түп, негізгі түр болса, бастауышы есімше сөйлемдер — ойдың бір құрамын — субъектіні, объектіні актуализациялайтын тип.
Актуализациялау қызметі сөзді баяндауыш позициясына шығару арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін бастапқы номинативті сойлем аталғандай трансформацияға түседі. Бұрынғы баяндауыш қызметіндегі етістік есімшелік форма алып бастауыш болады да, актуализацияланатын сөз (объект, субъект) баяндауыш қызметіне ауысады.
Мұны кешегі аңызақ жел кептірді — Мұны кептірген — кешегі аңызақ жел, Аңызақ желдің мұны кептіргені кеше. [3,63]
Баяндауыш мүше позициясының актуализация үшін пайдалануының себебі бар. Сөйлемдегі мүшелердің айтылатын информацияға қатысы жағынан арасалмағы мынадай болып келеді. Бастауыш мүше пікірдің кім, не туралы екенін атайды, яғни информацияның тақырыбын білдіреді. Баяндауыш информацияның негізгі мазмұнын (ремасын) білдіреді, Баяндауыштың осы салмағына сүйеніп, тіл оның позициясын ілгергі амалмен актуализация үшін плйдаланады. [1,116].
2. Предикативтік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесін баяндауыш дейміз. Баяндауыш - грамматикалық формасы жағынан бастауышқа бағынышты мүше. Сөйлемді қалыптастыратын предикативтік форма осы баяндауыш бойынан табылады.
Сөздің баяндауыш қызметі ең алдымем оның предикативтік қатынасынан көрінеді. Мысалы: Кісі кеше келген – Кеше келген кісі (осында отыр). Келген бірінші сөйлемде баявдауыш ретінде жұмсалып тұрса, екінші сөйлемде -анықтауыш.
Сөздің баяндауыштық қызметін анық танытатын афикстер бар. Ол — жақтық жалғаулар.
Мен көрдім Мен кезекшімін
Сен көрдің Сен кезекшісің
Ол көрді Ол кезекші
Жақтық жалғау қатыспаған жағдайда сөздің баян дауыштық қызметін тануға контекст, позициясы жәрдемші болады. [3,122]
Баяндауыш ретінде барлық сөз таптары жұмсала береді. Дегенмен өзінің семантикасы жағынан осы қызметке ең бейім сөздер - етістіктер. Осы ыңғайлығы және жұмсалуы арқылы етістіктер предикативтік құрауға қатысатын формаларды (шақ, жак, модальдық т.т) өзінің морфологиялық тұлғасы етіп алған.
Баяндауыш қызметінде -дікі, -нікі, -тікі қосымшаларын жалғаған сөздер жұмсалады: Із арбанікі.
Баяндауыш мүшелердің формасы мен осы қызметке тартылатын сөздердің морфологиялық формасының арақатынасы өте күрделі, олар тең түсе бермейді. Оған мынандай себептер бар.
1. Баяндауыш мүше предикативтікті білдіретін мүше болғандықтан, ол қай сөз табына жататын сөзден жасалса да, шақтық мағынаны білдіруге тиіс. Өйткені шақтық мағына — айтылатын оқиғаны болмысқа қатысын амықтайтын басты компонент. Осылай болғандықтан есім сөздер баяндауыш қызметінде жұмсалғанда, шақтық мағына арнаулы синтаксистік амалдар арқылы үстеліп, дербес баяндауыштық формалар құралады [8,9]:
Ол - техиик- Ол техник еді — Ол техник болады.
Сөйлемнің стильдік түрленуі, эмоциялық мағына үстеуі көбіне баяндауыштық форма арқылы жүзеге асырылады. Осыған орай баяндауыш мүше формаға бай келеді. Түрлілікке жету үшін баяндауыш әр сөз табына тән морфологиялық тұлға аясында қалып қоймайды. Ол сөздердің морфологиялық тұлғаларын өздігінше жұмсап (Ол шықсашы үйден) немесе аналитикалық амалдарды қатыстыру арқылы (жауды дейсің, келмек түгіл келеді) өздігінше дербес баяндауыштық формаларды құрады. Сонымен, дербес баяндауыштық формаларды етістіктің аналитикалық формаларынан ажыратып тану керек. Бірақ бұл оп-оңай көзге іліне салатын жай емес. Дегенмен мынандай талаптарға тура келген жағдайларда дербес баяндауыштық формаларды саралап танып алуға болатын сияқты. [3,123]
1. Егер көмекші компоненттердің жалғасуы негізгі сөздің морфологиялық, грамматикалық табиғатынан ерекше мағына үстеп тұрса. Мысалы, кең еді, кең екен...
Баяндауыш құрамындағы еді оған шақтық мағына үстеп тұр. Шақтық мағына есім сөздерге тән емес. Олай болса, еді көмекші етістіктің бұл жұмсалуы есім сөздің баяндауыштық қызметіне байланысты.
Көмекші етістіктер, есімдер сөз табын талғамай, тек сөздің баяндауыштық қызметінің ынғайына қарай тіркесетін болса. Мысалы: келген білем, жас білем, көрген екен, мол екен, алады екен, келейін деді, алып келді т.б. Мұндай жай, әсіресе модальдық мағына тудыратын көмекші сөздердің жұмсалуына тән.
Негізгі сөз тиянақты баяндауыштық тұлғада тұрып, көмекші сөз соның үстіне үстеліп тұрса, бұл анық баяндауыштық форма болғаны: көрді болды, көрді боп шықты, айтты қылды, өлеңдетті дейсің т. т.
Баяндауыштық форма қатарына бір сөздің синтаксистік тіркесу тәсілімен қайталанып жасалған түрі жатады: көруі көрді, келгенім келеген, айтудай айтты т.т.
Баяндауыштардың жасалуын негізінен мынандай үш түрге бөліп қарауға болады.
Дара және күрделі сөздердің баяндауыш ретінде жұмсалуы: Шөп көгерді (когере бастады, көгеріп жатыр) Дала ак, сор (сор) т.т.
Тиянақты баяндауыш қызметіңдегі сөздің үстіне көмекші сөздер үстеліп синтаксис аясында жасалатын күрделі баяндауыштық формалар: сарқырады дейсің, жауды кен т.т.
3. Толық мағыналы сөздердің қайталанып тіркесуі немесе дара сөздердің меңгеріле тіркесуі арқылы жасалуы: айтуы айтты, келгенді шығарды т.т.
Баяндауыштар құрамы, ұйымдасуы жағынан үш топқа бөлінеді:
1. Дара баяндауыштар. Бұлар бір түбірлі дара сөзден жасалады. Өзенге қарай жүрдім. Жол кең.
2. Күрделі баяндауыштар. Бұлар күрделі сөздерден жасалады: Үйге барып кел. Үйге кіріп шықты.Түтін көк ала.
3. Үйірлі баяндауыштар. Шөбі бойшаң, ит түмсығы өтпейтіннің өзі (Ә. Таразы).
Баяндауыштың формалары алуан түрлі, әр көп болғанмен, олардың көпшілігі бір негізгі мағынаны түрліше білдіру үшін қызмет етеді. Сондықтан баяндауыштарды атқаратын қызметіне, білдіретін мағынасына қарай топтап тану керек. [3,124]
1. Іс-әрекетті, сапаны болмысқа шақ жөнінен қатынасын білдіретін баяндауыштар: келе жатыр, келді, (жүк) ауыр т.т.
2. Іс-әрекеттің қарқынын білдіретін баяндауыштар (жүгірді-ай кеп т.т.).
3. Іс-әрекетті қалпына қарай атайтын баяндауыштар: өсейін деді (деп тұр),өсетін, өсуші еді т.т.
Іс-әрекетті субъектінің қалауы ретінде атайтын баяндауыштар: келмекші (келгелі жүр, тур, отыр), быгісі бар.
Іс-әрекетті субьектінщ бұйрығы ретінде атайтыч баяндауыштар: көр, көрсін, көрейін, көр деген соң көр, көрмейсің т.т.
Іс-әрекетті міндеттеу, ұсыныс ретінде атайтын баяндауыштар: оруы керек, оруы тиіс, оруың ғой т.т.
7. Іс-әрекетті субъектінің пайымдауы тұрғысынан атайтын (модальдық) баяндауыштар: келген сияқты, келді білем, келген болды, келді-ау деймін. [3,125]
Осы әр топқа кіретін баяндауыштық формалардың озара катынасын, мағына, қызмет ерекшеліктерін ашуда ескеретін жайлар, қойылатын критерийлер анық болуға тиіс. Қазақ тілінің грамматикасы жөніндегі еңбектерде функция жағынан жуық формалардың мағынасын ашудағы алалықтар осыны байқатады. Оны есімше -ған мен жүрді типтес өткен шақтық формаларын даралау талаптарынан көруге болады. -ған, -ген тұлғалары арқылы жасалған шақтық формалар бір еңбектерде ежелгі өткен шақ деп аталса [7,246], екінші бір еңбекте контексте таяу өткен шақ формасы мен ежелгі өткен шақ формаларына қарсы қойылып жұмсалатын өткен шақтық форма деп саналады [10,340]. Ал түркологияда -ған формасының мағынасын басқаша анықтау бар. Мысалы, Н.К. Дмитриев оны перфект (прошедшее-настоящее) мағыналы шакқа жатқызса [4,150], А.А.Юлдашев айғақсыз өткен шак деп сипаттайды [12,130].
Тілдегі бір қатар синонимдік формалардың жұмсалуына қарағанда әр грамматикалық фактіге жеке дара мағына іздеу дұрыс бола бермейтін сияқты. Өзара синонимдес келгең формалардың бірі аналогия заңдылығынан пайда болады, ол өзгеше мағына білдірмеуі мүмкін. Қазақ тілінің грамматикасында -мақ, -мек және -мақшы, -мекші формаларының әрқайсысына дара мағыналар тағылады және әр еңбекте ол мағыналар түрліше болып көрінеді. "Современмый казахский язык" деген еңбек -мақ, -мек тұлғалы етістікті айғақсыз келер шақ, -мақшы, -мекші болып келген тұлғаны модальдық реңкі бар айғақсыз келер шақ (неопределенное будущее время с оттенком должествования) деп санайды. [9,339]
"Сопоставителъная грамматика русского и казахского языков" деген еңбек -мақ, -мек формасы негізгі есімшелік форма да , оған -шы, -ші үстелгенде істің болуы сенімді, әрі мезгілі тақау боп көрінеді деп атаған. [11,280] "Қазақ тілінің грамматикасы" да -мақшы, -мекші формасына осы тәрізден сипаттама берген. [5,112] Семантиканы эксперимент жолымен зерттеуге арналған еңбектер осы күнге дейін тіл білімінде әр формаға жеке семантика тән де қателесіп келгеніп, шынында, бір семантиканы дара боп көрінетін бірнеше сөз, грамматикалық формалардың білдіретінін, ол синонимде» сөздер мен формалар белгілі контекске бейімделіп жұмсалатынын айтады. [2, 149] Ал ілгеріде біз атаған -мақ. -мек және -мақшы, -мекші тұлғаларын алсақ, бұларды семантика жағынан даралап жатудың еш жөні жоқ. Есімшеге -шы, -ші жұрнағының жалғануы оның есімдік табиғатына байланысты бірақ жұрнақ есімшеге жаңаша мағына үстемейді. [3,126]
Сондықтан синонимдес баяндауыштық формалардын мағына, қызмет ерекшелігін ашқанда біз мынандай жайларды ескеруіміз керек:
1. Әр форманың мағынасы, қызметі осы күнгі жайына сүйеніп, өзі қатарлас формалармен сапыстыру арқылы ашылады. Оның генезисін қуу форманың бүгінгі күйін дұрыс тануға негіз бола бермейді, ол тек себепші ғана болуы мүмкін.
Синонимдес формалар ылғи дара мағыналық реңк білдіре бермейді. Олар бір ортак, мағынаны білдіріп, бірақ жұмсалуы жағынан белгілі бір синтаксистік аяға бейімделіп дараланады.
Бірқатар синонимдес формалар тілдің дамуы, өзгеруі нәтижесінде пайда болады да, олар мағына, қызмет жағынан дараланбай, ылғи тең түсуі мүмкін. Мысалы: -мақ, -мек, - мақшы, -мекші формалы баяндауыштар.
Тағы бір ескертетін жай — есім баяндауыштар мен етістікті баяндауыштар жөнінде. Баяңдауыштарды екі топқа бөліп қараған жөн:
Есім баяндауыштар
Етістік баяндауыштар
Бұл топтар грамматикалық табиғаты жағынан өзгеше. Сонымен бірге бұл топ баяндауыштар қатысқан сөйлемдердің де ерекшелігі болады. [3,127]
3. Абайда жиі қолданылған және аса бір көңіл аударатын жай мынадай: -ған тұлғалы шығыс септіктегі есімшемен соң шылауының тіркесі (болған + нан + соң) бірте-бірте фонетикалық деформацияға ұшырап, осы күнгі әдеби тілімізде ға + сын түрінде жиірек қолданылады: болғаннан соң > болған соң > болғансын > болғасын. Соңғы варианттың жиі қолданылуы — тіпті соңғы жылдардың жемісі. Әйтпесе революциядан бұрынғы, әсіресе XIX ғасырда хатқа түскен жазу нұсқаларында, көбінесе, толық түрі (болғаннан соң), немесе шығыс септігін түсірген жартылай толық түрі (болған соң) кездеседі. Мысалы:
Кемпір бу қызды тысқары шығарады, шығарғаннан соң қыз бұ жарық дүниені көріп онан бойы балқып есі ауып қалды. Манағы қарт базардан қайтып келгеннен соң осы жігіттен аманат қойған ақшасын сұрады. Бұған барайын десем, қайығым жоқ болғннан соң, қынымды қайық қылып, пышағымды ескек қылып, аралда тұрған биеме барсам, құлындап қалыпты. Құс өзі жарақаттанған соң қызды қоя берді. Арша баялышты бек сүймепті түсі қара болған соң.
Әрі қарай фонетикалық ықшамдалудың келесі сатысын байқаймыз: Мені беске келгенсін, бізге қойшы есебінде жүрген Савельичке тапсырды.
Ал, Абай прозасында мұның бір-ақ сатысы — шығыс септігі түсірілген түрі (ған + соң) қолданылады, не толық, не одан әрі ықшамдалған түрлері кездеспейді.
Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті. Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі — бір тез қартайтатұғын күйік. Жаманшылыққа бір елігіп кеткен соң, бойын жиып аларлық қайрат қазақта кем болады. Әуелі пенде болып жаратылған соң, дүниеде ешбір қызық нәрсені көрмей жүре алмайды. [6,45]
Өткен шақтық есімшенің -ша жұрнағын жалғап бағыныңқының баяндауышы жасалуы да Абай прозасынан орын алады:
Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой.
-п жұрнақты көсемше Абай «Қара сөздерінде», көбінесе, қимылсын бағыныңқы сөйлемнің баяндауышын жасауға жұмсалады:
Әрбір мастық бойдан оғатты көп шығап, ақылдың көзін байлап, төңіректегі қараушылардың көзін ашып, ананы-мынаны дегізіп, бойды сынататұғын нәрсе екен. Сол уақытта есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сын атпай жүріп ізденеді екен. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.
-п жұрнақты көсемше ауыз әдебиеті тілінде сөйлемдерді сыйыстыру қызметін жиі атқарады, яғни ауыз әдебиетінің қара сөз бөлігінде мезгілдес істі баяндайтын жай сөйлемдер -п жұрнақты көсемше арқылы бір сөйлемге сыйыстырылады.
Бір сарт базарға келіп, көзілдірік сатып аламын деп, бір дүкенге еніп, қолына көзілдірік алып, көзіне салып, кітапқа қарайды. Қатын өлтіруге қызын қимайды, бір алтын әбдіреге салып, ішіне азық салып, аузын жауып, кілтін сыртына байлап, ағып жатқан дарияға салып, қоя берді.
Мұндай сыйыстыру Абайда өте-мөте батыл қолданылған:
Біреу — білсем екен, не көрсем екен деп, соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, одан ержетіңкірегенде, ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, ол немене, бұл немене деп, ол неге үйтеді, бұл неге бүйтеді деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді.
Құрмалас сөйлем жасаудың қазіргі кездегі нормаларымен салыстырғанда, Абай прозасында салалас құрмаластарды жалғаулықтар арқылы байланыстыру тәсілі сирек колданған.
Абай прозасында салалас сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулықтардың ішінен да, және жалғаулықтары ғана кездеседі. Мысалы:
Екі ортада дүниенің рақатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз босқа жарамсыз қылықпенен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды. [6,46]
Ал, қалған жалғаулықтар (бірақ, сондықтан, себебі, ал, т. б.). Абай прозасында қолданылмағанға жуық, бірақ бір ерекшелігі сол, Абай сөйлемдерді осы жалғаулықтарға әдейі орын тастап кеткендей етіп құрады. Контекске қарасақ, тиісті жалғаулықтың орны айқын сезіліп тұрады;
Бағар едім, [бірақ] қалайша бағудың мәнісін де білмеймін. Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ, [сондықтан] білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың.
Мына төмендегі сөйлемдерде де сондықтан деген жалғаулықтың орны ойсырап тұр.
Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек, не көрген күнінде бір тыныштық жоқ, [ ] осы елде, осы жерде не қылған софылық. Әрбір орынды харакет өзі де уайым-ңайғыны азайтады, [ ] орынсыз, күлкіменен азайтпа, орынды харакетпенен азайт. Баланың жақсысы қызық, жаманы күйік, [ ] не түрлі боларын біліп сұрадың. Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен көрерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, [ ] не бол деп бағам.
Мына сөйлемдерде де ал, және деген жалғаулықтардың орны айқын сезіліп тұр:
Бірақ жас бала қызыл ошақтан қорқушы еді, [ ] бұлар тозақтан да қорықпайды, екен. Жас бала ұялса, жерге ене жаздаушы еді, [ ] бұлар неден болса да ұялмайды екен. Сонда өзге қазақ балаларынан артық үйренгені немене, [ ] қай көп үйреніті.
Салаласа құрмаласқан компоненттердің жалғаулықтар арқылы байланысу тәсілі мүлде соңғы жылдардың жемісі, әсіресе бұл жалғаулықтардың сараланып, нормалануы күні бүгінге дейін жүріп жатқан процесс деуге болады. Баяндауышы грамматикалық жағынан тиянақты сөйлемдердің құрмаласуына жалғаулықтарды қатыстыру орыс тілінің тікелей әсері, бұл тәсіл әсіресе орыс тіліпен саяси-әлеуметтік, педагогикалық және көркем әдебиетті молынан аудару процесінде туып, белгілі бір жүйеге келді. [6,47]
Абайдың прозалық тілінің синтаксисіндегі өте-мөте көзге түсетін нәрсе — өте күрделі конструкциялардың болуы.
Абай прозасында белгілі бір нормаға айналған тағы да бір ерекше күрделі конструкция бар. Абай үйірлі толықтауышты сөйлемді екіге бөліп жібереді: сонда табыс септікте тұруға тиісті сөз ашық райға қойылады да, алдыңғы компоненттің тиянақты баяндауышы болып шығады. Мысалы: Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады — білмейді. «Бірлік қандай елде болатынын, қайтсе тату болатындарын (жұрт — олар) білмейді» дегенмен салыстырыңыз: Тағдырдың жарлығын білесіздер—өзгерілмейді. «Тағдырдың жарлығының өзгерілмейтінін білесіздер» дегенмен салыстырыңыз. [6,51]