- •Лекциялық курстың мазмұны Лекция сабағы №1 Қазақ тілінің тарихи грамматика пәні
- •1. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы – Тіл тарихының дербес саласы
- •2. Қазақ тілі грамматикалық құрылысының тарихи дамуын зерттеудің көздері
- •Тарихи грамматика курсының методологиялық негіздері
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №2 Қазақтың халық және ұлт тілдерінің жасалуы
- •Лекция сабағы №3 Тарихи лексика
- •Қазақ лексикасының көнетүркілік негізі, орта ғасырдағы қазақ лексикасы.
- •Халықтық және ұлттық дәуірлердегі қазақ лексикасы
- •Көне заман және орта ғасыр ескерткіштері арқылы лексиканы тану
- •Лекция Сабағы №4 Түркі тілдері лексикасының басты ерекшелігі
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №5 Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуіріндегі негізгі сөздік қоры
- •Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуіріндегі негізгі сөздік қордың сипаты, көлемі, жаңа сөз жасалуы
- •Қазақ тіліндегі жалпы түркі тілдеріне ортақ сөздер
- •Монғол-қазақ тілдеріне ортақ лексика.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №6 Халық тілі қалыптасу дәуіріндегі басқа тілдерден енген сөздер
- •Халық тілі қалыптасу дәуіріндегі басқа тілдерден енген сөздердің сипаты.
- •Араб - парсы тілдерінен сөз ауысу. Кірме сөздердің лексика, грамматика, фонетиканы дамытудағы әсері.
- •Орыс тілдерінен сөз ауысу.
- •Әдебиет тізімі:
- •Лекция сабағы №7 Сөз мағынасындағы өзгеріс
- •Сөздің негізгі мағынасын жолғалтып ауыспалы мағынада қолданылуы.
- •Көп мағыналы сөздердің туу тарихы
- •Омоним, синонимдер тарихы, олардың көп мағыналы сөздермен байланысы.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №8 Тұрақты сөз тіркестерінің қалыптасу таихы
- •Лекция сабағы №9 Лексиканың толығу жолдары
- •1. Сөз байытудың негізгі жолы – көрші тілдерден дайын сөздерді ауыстырып алу
- •2. Байырғы сөздердің жаңа мағынаға ие болуы
- •3.Лексиканың дыбыстық өзгерістер арқылы толығуы
- •Лекция сабағы №10 Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы
- •Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы.
- •2) Екі сөздің қосылуы арқылы жаңа ұғым, жаңа сөз жасалу тәсілі – көне тәсіл.
- •Аффикс арқылы сөз жасалу – негізгі тәсіл
- •Лекция сабағы №11 Тарихи синтаксис
- •Синтаксистік құрылыстың даму ерекшеліктері
- •2. Синтаксистік байланыс тәсілдерінің дамуы. Байланыс түрлерінің қалыптасуы.
- •3. Сөз тіркесінің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №12 Сөйлем құрамының дамуы
- •Түркі тіліндегі сөйлем номинативті болуының тарихи себептері
- •2.Сөйлем баяндауышы – сөйлемді ұйымдастырушы мүше. Есім баяндауыштарының тарихи құрамы мен түрлері, дамуы.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №13 Жай сөйлемдердің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №14 Оқшау сөздердің құрамы мен түрлерінің дамуы
- •Лекция сабағы №15 Құрмалас сөйлем жүйесінің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
2.Сөйлем баяндауышы – сөйлемді ұйымдастырушы мүше. Есім баяндауыштарының тарихи құрамы мен түрлері, дамуы.
Баяндауыш, оның ережелері туралы пікірлер көп Х.Басымов: «Баяндауыш мүше
шығаратын мағынасы жағынан бастауыштың болмыс ісін, жайын, сапасын не екендігін айқын білдіреді» дейді.
І.Бәйтенов: «Қара сөзде сөйлемнің аяғына, көбінесе етістіктен кейін тұрған сөзді – баяндауыш дейміз».
С.Аманжолов: «Бастауыштың ісін, қимылын білдіріп, сөйлемде ойды тиянақтайтын сөйлемнің мүшесін баяндауыш дейміз және бастауышқа бағынып, онымен жақ жағынан жекеше, көпше түрде үйлесіп айтылатын тұрлаулы мүшені баяндауыш дейміз».
М.Балақаев: «Бастауыштың ісін, жайын білдіретін сөйлем мүшесі» десе, Х.Арғынов: «Баяндауыш бастауыштың қимылын, ісін, жайын, күйін, заттың сындық сапасын, санын, мөлшерін, мекенін, мезгілін білдіреді», - деген тұжырым айтады.
Р.Әміров: «Предикативтілік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесін айтамыз», - десе,
Т.Сайрамбаев: «Баяндауыш бастауышқа бағынып, оның қимылын, іс-әрекетін, кім не екенін, заттық, мекендік, сындық, сандық қасиеттерін білдіретін сөйлемнің тұрлаулы мүшесі», - деп қорыта келіп, баяндауыштың төмендегідей негізгі қасиеттерін санамалап береді. Біріншіден, баяндауыштың бастауышқа бағынышты сөйлем мүшесі екендігі; екіншіден, баяндауыштың сөйлемдегі ойды тиянақтайтындығы; үшіншіден, баяндауыштың бастауышпен жақ, жекеше, көпше түрде үйлесуі; төртіншіден, баяндауыш бастауыштың түрліше қасиеттерін көрсетеді; бесіншіден, предикативтілік білдіруі; алтыншыдан, олардың екі құрамда болатындығына байланысты; жетіншіден, сөйлемнің бас мүшесі екендігі т.б.
Шынында да барлық тілде де тиянақты ойды аяқтап, бастауыштың іс-әрекетін, ісін білдіретін мүшені предикат-баяндауыш дейді.
Баяндауыштың жасалуы.
Баяндауыш, оның қандай тұлғалардан жасалуы да көптеген ғалымдар әртүрлі көзқарас айтады. Баяндауыштық тұлға туралы Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, М.Балақ еңбектерінде әртүрлі дәрежеде сөз болады. Н.Сауранбаев баяндауыштық тұлға ретінде сөздердегі жалғаусыз жіктік жалғауы, тәуелдік жалғауы, көптік жалғауы және ныкі, нікі қосымшалары түрлерін, С.Аманжолов тек атау күйіндегі сөздер мен жіктік жалғаулы сөздерді ғана көрсетеді. Ал, М.Балақаев оларды екі топқа, яғни сөздердің түбір күйінде және сөздердің грамматикалық тұлғалары арқылы жасалатындығын, олардың түрлерін көрсетеді.
Сөз табының бәрі де баяндауыш бола алады. Дегенмен көбінесе баяндауыштық қызметте жұмсалатын сөздерді жіктегенде, олар мынадай басты екі салаға бөлінеді: етістік баяндауыштар,
есім баяндауыштар. Етістік баяндауыштар да, есім баяндауыштар да дара, күрделі және құрама болып бөлінеді.
Етістік баяндауыштар. Етістіктің сөйлемдегі негізгі қызметі – баяндауыш. Олардың баяндауыш болу қабілеті өте күшті. Сондықтан қазақ тілі сөйлемдері баяндауыштарының дені - етістікті баяндауыштар. Амантайдың жүрегі аттай тулады (С.Мұқанов).
Етістіктер сабақты, салт, болымды, болымсыз болып баяндауыштың қызметінде кездесе береді. Сонымен бірге етістіктер райлық, шақтық тұлғаларының барлығында да баяндауыш бола береді.
Етістіктен болған күрделі баяндауыштар. Қазақ тілінде әлденеше етістіктер күрделі баяндауыш қызметінде жиі кездеседі. Олар негізінен негізгі және көмекші етістіктерден тұрады. Мысалы: Бала кітап оқып отыр. Су ағып тұр. Осы негізгі етістіктер мен көмекші етістіктер күрделі баяндауыш қызметінде істің, қимылдың біткенін, олардың қарқынын, тыңғылықтығын, тыңғылықсыздығын, бастау, аяқталу кезеңдерін білдіреді. Мысалы: Оқушылар класқа кіріп жатыр, қимылдың бітпегенін білдірсе, кіріп келе жатыр десек, басталуын білдіреді. Енді осыларға жекелей тоқталайық.
1. Қимылдың басталу кезеңі. Отыр, қал, жатыр, кел, баста, жөнел етістіктері арқылы жасалады. Таң атып келеді. Гүлнұр шай құя бастады.
2. Қимылдың болып жатқан кезеңі. Бұлар тұр, кел, бер, жүр, қой етістіктері арқылы.
Баршагүл күле сөйлеп келеді.
3. Қимылдың аяқталып қалған кезеңі. Бұлардың құрамында қал, кете, жазда т.б. сияқты етістіктер кездеседі.
Жұмыс аяқталып қалды. Маратты соғып кете жаздады.
4. Қимылдың аяқталу кезеңі. Бұл құрамында жібер, кет, қой, бол, таста етістіктері кездеседі. Жолаушылар жүріп кетті. Ол айтып болды.
5. Қимылдың дүркінділігі. Бұлар қой, бер, жатыр, отыр, түс, бар сияқты етістіктер арқылы жасалады. Абай күрсініп қойды. Қонақтар бірінен соң бірі келіп жатыр.
Есім баяндауыштар. Есім баяндауыштар дара және күрделі түрлерінде кездеседі. Олар зат есім, сын есім, сан есім, есмідік арқылы жасалады. Мысалы: Ол студент.
Зат есімдерден болған баяндауыштар. Зат есімдер түрлі тұлғада, тіпті кейбір септік жалғауларында тұрып та баяндауыш қызметінде жұмсала береді. Мысалы: Сөзім – шекер, тілім – бай. Қой баласы қозыдан.
Сапалық есімдер мен есімдіктен болған баяндауыштар. Сапалық есімдер (сын есім, сан есім) зат есімдердің әр алуан сындық, сандық сапасын білдіріп, көбіне баяндауыштық қызметте жұмсалады. Олар баяндауыш болғанда бастауыштан соң тұрады. Мысалы: Қар қалың. Оқушылар тәртіпті. Білгенін – бір тоғыз, білмегенің – тоқсан тоғыз.Сапалық есмідерден болған І, ІІ жақтың жіктік жалғауда, тәуелдеулі зат есімдер болады.Біз бақыттымыз. Мен 18-мін. Әскери адамның өңі суық.
Есімдіктер, оның жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктер баяндауыш қызметінде жиі кездеседі.
Ең үлкен бөлме – осы. Бұл кім өзі? Теңіздері қандай? Бригадир – сенсің.
Бар, жоқ сөздерінің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Бар, жоқ сөздері баяндауыш қызметінде жұмсалғанда, бастауыш болған заттардың қайда, кімде, неде екенін, бар-жоқтығын факт ретінде баяндайды. Ондай сөйлемнің құрамында жатыс жалғаулы пысықтауыш не толықтауыш жиі кездеседі.
Мысалы: Арада тау бар, тас бар, су жоқ. Жылқыда өт жоқ.
Сонымен қатар, олар есімшемен де тіркесіп келген. Мысалы: Ол іздеген жоқ. Оның кім екенін білген жоқ. Олар күрделі баяндауыш қызметінде жұмсалады.
Құрама баяндауыштар. Құрама баяндауыштар есімдер мен етістіктен құралады. Мысалы: Кәсібі – ағаш кесу. Құрама баяндауыштың негізгі сөзі көбінесе есім болады. Олардан кейін кейде әр түрлі көмекші етістіктер, модальдық сөздер айтылады. Жадыра сөзге сараң екен.
Құрама баяндауыштың негізгі сөзі зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, еліктеуіш сөздер болады да, оларға көмекші етістіктер (еді, екен, от, бол, қыл, көр) немесе модальды сөздер (керек, тиіс, шығар, болар, сияқты) т.б. қытысты болады. Мысалы: Сен бала едің. Ол тәртіпті көрінеді.
Бастауыштың бастауышпен қиысуы. Қиысу – синтаксистік байланыстардың жиі ұшырайтын түрі. Бастауыштың бастауышпен қиысуы жақтық не көптік болады.
Жақтық қиысу. Баяндауыштың белгілі жақтық мағынада, жақтық тұлғада айтылу еркін бастауыштың қызметте жұмсалатын сөздердің жақтық мағынасы билейді. Бастауыш болатын негізгі сөз табы – зат есімдер мен жіктеу есімдіктері. Мысалы: Жұмабай айтты. Жолдасың айтты.
Бастауыштың баяндауышпен жақтық қиысуының екі түрі бар.
Жалғаулы қиысу
Жалғаусыз, мағыналық қиысу
Сандық қиысу. Баяндауышты бастауыштан сандық мағынада қиыстыру үшін жұмсалатын жіктік жалғаулар: І жақта -мыз, -міз, (басқа да варианттарда) -ды+қ, -ді+к, -ті+қ, -к, -ның, -нін
Кел, балалар, оқылық, тоқылық.
Біздер бақыттымыз.
ІІІ жақта баяндауышты бастауышпен көптік мағынада қиыстыратын арнаулы жәктәк жалғау жоқ. ІІІ жақта тұлғалық сандық қиысу кейде есімдерден болған баяндауыштарда болады, етістіктерден болған баяндауыш болмайды.
Олар біздің мақтанышымыз. Олар атақты колхозшылар.
