- •Лекциялық курстың мазмұны Лекция сабағы №1 Қазақ тілінің тарихи грамматика пәні
- •1. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы – Тіл тарихының дербес саласы
- •2. Қазақ тілі грамматикалық құрылысының тарихи дамуын зерттеудің көздері
- •Тарихи грамматика курсының методологиялық негіздері
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №2 Қазақтың халық және ұлт тілдерінің жасалуы
- •Лекция сабағы №3 Тарихи лексика
- •Қазақ лексикасының көнетүркілік негізі, орта ғасырдағы қазақ лексикасы.
- •Халықтық және ұлттық дәуірлердегі қазақ лексикасы
- •Көне заман және орта ғасыр ескерткіштері арқылы лексиканы тану
- •Лекция Сабағы №4 Түркі тілдері лексикасының басты ерекшелігі
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №5 Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуіріндегі негізгі сөздік қоры
- •Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуіріндегі негізгі сөздік қордың сипаты, көлемі, жаңа сөз жасалуы
- •Қазақ тіліндегі жалпы түркі тілдеріне ортақ сөздер
- •Монғол-қазақ тілдеріне ортақ лексика.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №6 Халық тілі қалыптасу дәуіріндегі басқа тілдерден енген сөздер
- •Халық тілі қалыптасу дәуіріндегі басқа тілдерден енген сөздердің сипаты.
- •Араб - парсы тілдерінен сөз ауысу. Кірме сөздердің лексика, грамматика, фонетиканы дамытудағы әсері.
- •Орыс тілдерінен сөз ауысу.
- •Әдебиет тізімі:
- •Лекция сабағы №7 Сөз мағынасындағы өзгеріс
- •Сөздің негізгі мағынасын жолғалтып ауыспалы мағынада қолданылуы.
- •Көп мағыналы сөздердің туу тарихы
- •Омоним, синонимдер тарихы, олардың көп мағыналы сөздермен байланысы.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №8 Тұрақты сөз тіркестерінің қалыптасу таихы
- •Лекция сабағы №9 Лексиканың толығу жолдары
- •1. Сөз байытудың негізгі жолы – көрші тілдерден дайын сөздерді ауыстырып алу
- •2. Байырғы сөздердің жаңа мағынаға ие болуы
- •3.Лексиканың дыбыстық өзгерістер арқылы толығуы
- •Лекция сабағы №10 Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы
- •Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы.
- •2) Екі сөздің қосылуы арқылы жаңа ұғым, жаңа сөз жасалу тәсілі – көне тәсіл.
- •Аффикс арқылы сөз жасалу – негізгі тәсіл
- •Лекция сабағы №11 Тарихи синтаксис
- •Синтаксистік құрылыстың даму ерекшеліктері
- •2. Синтаксистік байланыс тәсілдерінің дамуы. Байланыс түрлерінің қалыптасуы.
- •3. Сөз тіркесінің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №12 Сөйлем құрамының дамуы
- •Түркі тіліндегі сөйлем номинативті болуының тарихи себептері
- •2.Сөйлем баяндауышы – сөйлемді ұйымдастырушы мүше. Есім баяндауыштарының тарихи құрамы мен түрлері, дамуы.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №13 Жай сөйлемдердің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №14 Оқшау сөздердің құрамы мен түрлерінің дамуы
- •Лекция сабағы №15 Құрмалас сөйлем жүйесінің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
Лекция сабағы №11 Тарихи синтаксис
Синтаксистік құрылыстың даму ерекшеліктері
Синтаксис- (грекше syntaxis) – грамматиканың, морфология сияқты өзекті саласының бірі. Грамматиканың тең праволы, әрі өз ара тығыз байланысты бұл екі саласының қарастыратын объектілері тілдің грамматикалық құрылысының мәселелері болады: морфология сөздердің грамматикалық жүйесін, құрылысын, сөз таптарының граматикалық мағыналары мен тұлғаларын зертейді; синтаксис сөз тіркесінің және сөйлемнің грамматикалық жүйесін, құрылысын зерттейді. Синтаксис грамматикалық ілім ретінде мынандай негізгі екі салаға бөлінеді:
1. Сөз тіркесінің синтаксисі. Онда сөздердің өз ара тіркесу қабілеттілігі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сөз тіркестерінің құрамы, олардың түр-түрі қарастырылады.
2. Сөйлемнің синтаксисі. Онда сөйлемнің құрылу принциптері, сөйлемнің құрамы, олардың түр-түрі қарастырылады.
Синтаксис бұл мәселелерді сөздердің грамматикалық құрылысы жөніндегі ілімнен бөліп алып, олардан оқшау тұрған нәрсе деп қарамайды, өзара тығыз байланыста қарастырады. Сондықтан сөздердің морфологиялық құрылысы синтаксистің де грамматикалық талдауының негізі болады. Лексикология мен морфология тіл ғылымының дербес салалары болуымен қатар, олар да синтаксистен байланысын үзбейді.
Сөз тіркесі – сөйлем құраудың материалы да, сөйлем – кісінің ойын айтудың негізгі формасы. Синтаксис сөз тіркесін, сөйлемді, олардың түрлерін, сөйлем мүшелерін және басқа синтаксистік формаларды адамның ойын білдірудің грамматикалық тәсілдері ретінде өзара байланысты бөлшектері ретінде, ал жалғауларды сөйлемдегі сөздерді бір – бірімен қиюластырып тұратын морфологиялық – синтаксистік категория ретінде тексереді.
Сөйтіп, сөз тіркесінің, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын зертейтін ілім синтаксис болады.
Сөйлемнің синтаксисі екі бөлініп қарастырылады: жай сөйлемнің синтаксисі; құрмалас сөйлемнің синтаксисі.
2. Синтаксистік байланыс тәсілдерінің дамуы. Байланыс түрлерінің қалыптасуы.
Есімді, етістікті сөз тіркестерінің құрамдары, түр-тұрпаты әр түрлі болады. Сөз тіркесіндегі сөздердің басын құрайтын және сөз тіркестерін жіктеуге критерий болатын синтаксистік тірек — сөздердің байланысу формалары. Есімді және етістікті сөз тіркестері сол байланысу формаларына қарай өзара бірнеше топқа бөлінеді.
Есімді сөз тіркестері қабыса, матаса және меңгеріле байланысады, етістікті сөз тіркестері қабыса және меңгеріле байланысады (соңғы шылаулы, шылаусыз болуы мүмкін).
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері туралы да ғалымдардың пікірлері әр түрлі. М.Балақаев сөз бен сөзді байланыстыруға дәнекер болатын синтаксистік тәсілдерге септік, тәуелдік, көптік, жіктік жалғауларын және шылауларды (септеуліктер, жалғаулықтар) сөздердің орын тәртібі мен интонацияны жатқызады да, сөздердің қосымшалар арқылы байланысуын синтетикалық тәсіл, ал қосымшаларсыз орын тәртібі, интонация, шылаулар арқылы байланысуын аналитикалық тәсіл деп қарайды.
Р.Әміров синтетикалық тәсілге септік, жіктік, көптік жалғауларын, шылаулар (жалғаулық, септеулік), сөздердің орын тәртібі мен интонацияны аналитикалық тәсілге жатқызады.
О.С.Ахманова, Т.Сайрамбаевтар сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін синтетикалық, аналитикалық, аналитика-синтетикалық деп үшке бөледі.
Ал «Қазіргі қазақ тілі» оқулығының авторлары көптік және жіктік жалғауларының сөз тіркесінің байланысу тәсілдері қатарына ене алмайтындығын айтады. Олар: «...көптік жалғаулары әр уақытта сөз бен сөзді байланыстыра алмайды, тек өзі жалғанған сөзге көптік мағына үстейді. Қазақ тілінде көптік жалғау 2-жақта жіктік жалғауымен қабаттасып келгенде ғана сөз байланыстыруға қатысады. Ал жіктік жалғаулары арқылы жасалған сөз тіркестері сөйлемнің қаңқасын құрайды, себебі жіктік жалғауы арқылы байланысқан сөздер көбінесе бастауыш және баяндауыштан тұрады, бір-бірімен қиыса байланысады. Сондықтан қиыса байланысқан сөз тіркестері сөйлемнің аясында қаралуы керек»,- деп нақты атап көрсетеді .
Сөздердің өзара байланысу тәсілдері негізінде қалыптасқан синтаксистік байланыс жүйесін сөздердің байланысу формалары дейміз.
Ғалымдар сөз тіркесінің байланысу формаларына қиысу, матасу, қабысу, меңгеру, жанасуды жатқызады. М.Балақаев жанасуды қабысудың бір түрі ретінде береді.
Тіл ғылымында қиысуды сөз тіркесі аясында қару керек пе, не сөйлем ретінде қарастыру керек пе деген сұрақ төңірегінде айтыс-тартыс көп. Бір ғалымдар оны сөйлем аясында қарастырған жөн десе, енді біреулері оны сөз тіркесі аясында қарастыру керек деген тұжырымдар айтуда.
Мәселен, профессор С.Исаев – «қиысу сөз байланысудың негізгі бір түрі болса да, ондай сөз тіркесі жоқ, яғни қиысу сөз тіркесінің шеңберіне енбейді, сөйлем деп анықталады. Қиысу сөз байланысының бір жолы (тәсілі) болып табылады. Қиыса байланысқан сөздер тобы сөз тіркесі емес, сөйлем құрайды, коммуникативтік қызмет атқарады», - дейд. Бұған басқа да ғалымдар қосылады.
Матасудың екі мүшесі де қосымша арқылы жасалады. Матаса байланысқан сөз тіркесінің басқа байланысу формаларынан бір ерекшелігі – мұнда сөз тіркесінің екі мүшесі бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтындығы, екеуі де септік жалғауында тұрғандығы, анықтауыштық қатынаста жұмсалатындығы, екі жақты байланыста болатындығы. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері бірінші мүшесіне септік жалғаулары жалғану арқылы жасалады.
Сөздер грамматиканың қарамағына түсіп, синтаксистік қызмет атқару үшін өз ара берік байланыста болулары керек. Мысалы: мен, жазба, ермек дегендер – бытыраңқы сөздер. Бұл сөздер біршама аяқталған ойды білдіретіндей сөйлем құрамына енгенде Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін..., (Абай) дегендей синтаксистік байланысқа еніп, өзара тіркесіп тұруға тиіс. Сонда мен деген сөз жазбаймын деген сөзбен жіктік жалғауы арқылы байланысып, бір тіркес болса, өлеңді деген сөз табыс жалғауы арқылы жазбаймын деген сөзбен байланысып, екінші тіркес болады, ермек үшін деген сөздер жазбаймын деген сөзбен байланысып, үшінші тіркес жасалады.
Сөздер, осылай өз ара тіркесіп барып бір тұтас сөйлем болғанда, олар әр алуан синтаксистік тәсілдер арқылы байланысады. Сөз бен сөзді байланыстыруға дәнекер болатын синтаксистік тәсілдер, негізінде мыналар: 1. Жалғаулар (септік, тәуелдік, көптік, жіктік). Мысалы: Жастардың міндеті деген сөз тіркесіндегі екі сөздің алдыңғысы ілік жалғауда, соңғысы тәуелдік жалғауда, соңғысы тәуелдік жалғауда айтылу арқылы байланысқан. 2. Шылаулар (демеулер, жалғаулықтар). Отаным үшін аттанам, көрген сайын сұрайды дегендер шылаулар арқылы байланысқан. 3. Сөздердің орын тәртібі: биік тау, темір күрек, хат жаз, білім ал деген сөз тіркестері ешқандай жалғаусыз, тек қатар тұру арқылы байланысқан. 4. Интонация. Бұл – кітап, Жақып –бригадир – интонация арқылы байланысқан.
Сөз тіркесіндегі сөздердің қосымшалар арқылы байланысуы – синтетикалық байланыс, қосымшаларсыз, орын тәртібі, интонация, шылаулар арқылы байланысуы аналитикалық байланыс болады. Ал сөздердің әрі қосымша, әрі шылау арқылы байланысуы аналитика-синтетикалық байланыс деп аталады. Үйге қарай жүгірді.
Сонымен сөздердің өзара байланысу тәсілдері негізінде қалыптасқан синтаксистік байланыс жүйесін сөздердің байланысу формалары дейміз.
Қазақ тіліндегі сөздердің синтаксистік байланысу формалары мыналар: қиысу; матасу; меңгеру; қабысу; жанасу.
Қиысу – синтаксистік байланыстың көп қолданылатын бір түрі. Қиысуда сөйлемдегі бағыныңқы мүше (баяндауыш) басыңқы мүшенің (бастауыштың) грамматикалық тұлғасына не грамматикалық мағынасына қарай тұлғаланады. Мысалы, Мен көрдім ұзын қайың құлағанын (Абай) деген сөйлемде мен көрдім – қиыса байланысқан сөздер. Онда мен деген бастауыштың I жақтың грамматикалық мағынасымен үйлесіп, көрдім деген баяндауышта та бірінші жақтық жіктік жалғауда айтылған
Матасу –сөз тіркесінің құрамындағы бағыныңқы сөздің басыңқыға және басыңқының бағыныңқыға қарай тұлғаланып байланысуы. Бірімен – бірі қарама – қарсы, матаса байланысатын сөздердің бірі ілік жалғауда, екіншісі тәуелдік жалғауда айтылады. Мысалы: ағаштың бұтағы, сенің кітабың, колхозшылардың табысы.
Меңгеру – сөз тіркесіндегі бағыныңқы сөздің басыңқы мен мағыналық үйлесімі негізінде септік жалғауларының (іліктен басқа) бірінде тұрып байланысуы; меңгерілетін сөз табыс, барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғауларының бірінде тұрады да, меңгеретін сөз етістік, есім не сол екеуінің ортақтасқан тобы болады. Осыған қарап меңгеруді үшке бөлеміз: етістікті меңгеру (терезені ашты, жайлауға шықты, түнімен жүрді), есімді меңгеру (қойдан жуас, оқуға ықыласты, қалада көп), ортақ меңгеру (айтуға тілім жетпейді, сөзін мақұл көрдік, маған күлкі емес).
Қабысу – сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарының басыңқымен жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысуы. Қабыса байланысатын сөздердің көпшілігі тұрған орындарын өзгертпейді, жұбын жазбайды. Мысалы: қызыл алма, алтын сағат.
Жанасу - бірқатар қабыса байланысатын сөздер сөйлемдегі орнын өзгертіп, өздері бағындыратын сөздерінен қашықтап та тұрады. Ондай алшақ байланыс жанасуға жатады. Мысалы: Отан үшін күресемін, оқу үшін келдім.
