- •Лекциялық курстың мазмұны Лекция сабағы №1 Қазақ тілінің тарихи грамматика пәні
- •1. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы – Тіл тарихының дербес саласы
- •2. Қазақ тілі грамматикалық құрылысының тарихи дамуын зерттеудің көздері
- •Тарихи грамматика курсының методологиялық негіздері
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №2 Қазақтың халық және ұлт тілдерінің жасалуы
- •Лекция сабағы №3 Тарихи лексика
- •Қазақ лексикасының көнетүркілік негізі, орта ғасырдағы қазақ лексикасы.
- •Халықтық және ұлттық дәуірлердегі қазақ лексикасы
- •Көне заман және орта ғасыр ескерткіштері арқылы лексиканы тану
- •Лекция Сабағы №4 Түркі тілдері лексикасының басты ерекшелігі
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №5 Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуіріндегі негізгі сөздік қоры
- •Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуіріндегі негізгі сөздік қордың сипаты, көлемі, жаңа сөз жасалуы
- •Қазақ тіліндегі жалпы түркі тілдеріне ортақ сөздер
- •Монғол-қазақ тілдеріне ортақ лексика.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №6 Халық тілі қалыптасу дәуіріндегі басқа тілдерден енген сөздер
- •Халық тілі қалыптасу дәуіріндегі басқа тілдерден енген сөздердің сипаты.
- •Араб - парсы тілдерінен сөз ауысу. Кірме сөздердің лексика, грамматика, фонетиканы дамытудағы әсері.
- •Орыс тілдерінен сөз ауысу.
- •Әдебиет тізімі:
- •Лекция сабағы №7 Сөз мағынасындағы өзгеріс
- •Сөздің негізгі мағынасын жолғалтып ауыспалы мағынада қолданылуы.
- •Көп мағыналы сөздердің туу тарихы
- •Омоним, синонимдер тарихы, олардың көп мағыналы сөздермен байланысы.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №8 Тұрақты сөз тіркестерінің қалыптасу таихы
- •Лекция сабағы №9 Лексиканың толығу жолдары
- •1. Сөз байытудың негізгі жолы – көрші тілдерден дайын сөздерді ауыстырып алу
- •2. Байырғы сөздердің жаңа мағынаға ие болуы
- •3.Лексиканың дыбыстық өзгерістер арқылы толығуы
- •Лекция сабағы №10 Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы
- •Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы.
- •2) Екі сөздің қосылуы арқылы жаңа ұғым, жаңа сөз жасалу тәсілі – көне тәсіл.
- •Аффикс арқылы сөз жасалу – негізгі тәсіл
- •Лекция сабағы №11 Тарихи синтаксис
- •Синтаксистік құрылыстың даму ерекшеліктері
- •2. Синтаксистік байланыс тәсілдерінің дамуы. Байланыс түрлерінің қалыптасуы.
- •3. Сөз тіркесінің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №12 Сөйлем құрамының дамуы
- •Түркі тіліндегі сөйлем номинативті болуының тарихи себептері
- •2.Сөйлем баяндауышы – сөйлемді ұйымдастырушы мүше. Есім баяндауыштарының тарихи құрамы мен түрлері, дамуы.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №13 Жай сөйлемдердің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №14 Оқшау сөздердің құрамы мен түрлерінің дамуы
- •Лекция сабағы №15 Құрмалас сөйлем жүйесінің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
2) Екі сөздің қосылуы арқылы жаңа ұғым, жаңа сөз жасалу тәсілі – көне тәсіл.
Ұғым – логикалық категория, ойлау процесінің нәтижесі, ал сөз – тілдік категория. Бұл екеуінің арасында тығыз тығыз байланыс бар. Логикалық ұғымның тіл жүйесіне қатысы сөз арқылы іске асады. Ұғым дегеніміз – шындық өмірдегі зат, құбылыс, ім-әрекетке тән басты белгілердің адам санасында жинақталып, қорытылып берәлген бейнесі. Адам санасындағы ең алдымен сезім мүшелері (есту, көру, дәм, иіс, сезу) арқылы қабылдауға болатын нақты, деректі заттар мен құбылыстардың бейнесі қалыптасқан. Кейін адамның ойлау қабілетінің дамуына байланысты дерексіз заттар мен құбылыстар жайындағы түсініктерді қабылдауға мүмкіндік туған. Осылайша адамның санасында сезім мүшелерімен білуге болмайтын, тек түйсік сезімі арқылы қабылданатын, нақты заттық дерегі жоқ құбылыстар да (қуаныш, қайғы, ренжу, адамшылық т.б.) бейнеленіп берілетін болған.
Заттар мен құбылыстар жайындағы біздің санамыздағы осы күнгі ұғымдар адамның сезім мүшелері мен түйсігі арқылы ұзақ уақыт бойы сыртқы дүниемен араласуының, оны танып білуінің нәтижесінде туған.
Адам санасында ұғымның қалыптасуында мынадай бір ерекшелікті есте ұстау қажет. Адам заттар мен құбылыстарды танып білуде өзінің жадында олардың ең басты айрықша белгілерін сақтаған. Кейін заттардың негізгі белгілерін салыстыру арқылы бір-біріне ұқсас, тектес заттардың ортақ белгілері анықталған. Сол айрықша, ортақ белгілердің негізінде зат, құбылыс жайында ұғым қалыптасқан.демек, ұғымда белгілі бір зат, құбылысқа тән барлық белгі, қасиет бейнеленбейді, тек заттар мен құбылыстар бір-бірінен ерекшелігін білдіретін, неғұрлым маңызды жалпы белгілері жинақталып беріледі, мысалы, құрлысына, салыну ерекшеліктеріне, түрлеріне т.б. қарамастан, дүниедегі үй атаулыға тән ортақ белгі – олардың баспана болатындығы. Үй атаулының бәріне ортақ осы қасиеті үй туралы ұғымда жинақталып, топшыланып берілген.гер осы этимологияны қабылдасақ, қазақ тілінде басқа дыбысы түсіп қалған варианты орныққан деп қарау керек.гер осы этимологияны қабылдасақ, қазақ тілінде басқа дыбысы түсіп қалған варианты орныққан деп қарау керек.
Аффикс арқылы сөз жасалу – негізгі тәсіл
Қимыл есімдерінің біразы түбір де, аффикс те, кейде түбірдің не аффикстің тілдің даму барысында көнеленіп, өздерінің бұрынғы мағына-мәнерінен айырылуы салдарынан синтаксистік қолданыс ыңғайында есімдер қызметінде тұрақталып кеткен. Қазіргі қазақ тіліндегі жағымпаз (жақ етістігінен), жарамсақ (жара етістігінен), өлі, тірі, сары, қызыл, тапқыр тәрізді сын есімдердің пайда болуы осындай процестің нәтижесі. Әрине, осылар тұлғалас сөздердің бәрінің сын есімге айналу жолы бірдей емес. Жағымпаз сын есімнің арғы түбірі жақ етістігі қазіргі қазақ тілінде актив сөз. Сол сияқты, -ым, қосымшасы да есімдер құрамында жиі жұмсалады (терім, алым сөздерімен салыстыр). Бірақ жағым туынды сөзі бүтіндей көнеруінің салдарынан –паз қосымшасы арқылы сын есімге айналған. Жарамсақ сын есімді туралы да соны айтуға болады. Сын есімге айналу процесі алдыңғы сөзге ұқсас болғанмен (жара-м-сақ), жара етістігі қазіргі қазақ тілінде басқа мәнде қолданылады. Сөйтіп, бұл жерде түбір сөздің семантикалық көнеруін байқаймыз. Етістік негізгі кейбір аффикстердің қазіргі өнімді, кең қолданылатын қосымшалар тобында қала беруі ұқсатудың салдары. Бірсыпыра аффикстердің сын есім мәнінде өнімді қосымша болып қолданыла бастауына дейін есім туынды сын есімдер және адьективацияланған қимыл есімдері дербес сөз тобы ретінде қалыптасты. Қазіргі тілдегі –қы, -қ, (-ық), т.б. етістіктерден сын есім жасайтын қосымшалар қатарына жатқызылып жүрген аффикстердің кеңқолданылатын тәсіл есебінде орнығуы осы ерекшелікті көрсетеді. Дегенмен, қимыл есім жасаған тұлғалар көне түркі тілдерінде мол болса да, қазіргі тілдерде олардың қайбірі жоғалып кетсе, кейбірі жеке сөздер құрамында өлі элемент есебінде ғана сақталған, ал біразы аз ғана сөздер құрамында жұмсала алатын өнімсіз, көнерген тұлғалар. Бұған қарағанда, қимыл есім тұлғаларының барлығы емес, аналогия жасалуға негізгі бар тұлғалар ғана сақталып, тұрақталып, өнімді тәсіл ретінде орнығады. С.Е.Малов ұйғыр ескерткіштерінің грамматикалық көрсеткішінде –рақ аффиксін көрсетеді оған арту-қрақ сөзін мысалға келтіріледі. Кейінгі дәуірлерге қатысты ескерткіштер тілінен осы күнгі белгілі тәсілдерінің қайсысын да кездестіруге болады.
-рақ аффиксі көне түркілік ескерткіштер тілінде де сапа, саанның салыстырмалы артықшылығын, не бәсеңдігін білдіреді. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі қолданысы да осындай. Кейбір үстеу мәнді сөздерге де қосылып айтылады. X-XIII ғасыр жазбалары тілінде де бұл аффикс осы мәнде айтылған. Кейде зат есімдерге де жалғанған. Кейбір зат есімдерге жалғану фактісі қазақ тілінде сирек те болса ұшырасады: бала-рақ. Бұл ерекшелік оның әуелгі негізі шылау сөз болғанына нұсқайды. Тува тілінде ақ арақ (ағырақ), көк арақ (көгірек), т.б. Мұнда –рақ аффиксінің әуелгі негізітолық түрде берілген деп қарауға әбден болады. Зертеушілердің біразы –рақ аффиксіне негіз болған шылаудың дамуының мынадай сатыларын көрсетеді: арақ-арық//рық. Егер осы этимологияны қабылдасақ, қазақ тілінде басқа дыбысы түсіп қалған варианты орныққан деп қарау керек.
Әдебиеттер тізімі:
Болғанбаев Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: Санат, 1997. – б.
Барлыбаев Р. Қазақ тілінде сөз мағынасының кеңеюі мен таралуы. – Алматы: Ғылым, 1968. – 120 б.
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика Алматы, 1975.
Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, 1981.
