
- •Лекциялық курстың мазмұны Лекция сабағы №1 Қазақ тілінің тарихи грамматика пәні
- •1. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы – Тіл тарихының дербес саласы
- •2. Қазақ тілі грамматикалық құрылысының тарихи дамуын зерттеудің көздері
- •Тарихи грамматика курсының методологиялық негіздері
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №2 Қазақтың халық және ұлт тілдерінің жасалуы
- •Лекция сабағы №3 Тарихи лексика
- •Қазақ лексикасының көнетүркілік негізі, орта ғасырдағы қазақ лексикасы.
- •Халықтық және ұлттық дәуірлердегі қазақ лексикасы
- •Көне заман және орта ғасыр ескерткіштері арқылы лексиканы тану
- •Лекция Сабағы №4 Түркі тілдері лексикасының басты ерекшелігі
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №5 Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуіріндегі негізгі сөздік қоры
- •Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуіріндегі негізгі сөздік қордың сипаты, көлемі, жаңа сөз жасалуы
- •Қазақ тіліндегі жалпы түркі тілдеріне ортақ сөздер
- •Монғол-қазақ тілдеріне ортақ лексика.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №6 Халық тілі қалыптасу дәуіріндегі басқа тілдерден енген сөздер
- •Халық тілі қалыптасу дәуіріндегі басқа тілдерден енген сөздердің сипаты.
- •Араб - парсы тілдерінен сөз ауысу. Кірме сөздердің лексика, грамматика, фонетиканы дамытудағы әсері.
- •Орыс тілдерінен сөз ауысу.
- •Әдебиет тізімі:
- •Лекция сабағы №7 Сөз мағынасындағы өзгеріс
- •Сөздің негізгі мағынасын жолғалтып ауыспалы мағынада қолданылуы.
- •Көп мағыналы сөздердің туу тарихы
- •Омоним, синонимдер тарихы, олардың көп мағыналы сөздермен байланысы.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №8 Тұрақты сөз тіркестерінің қалыптасу таихы
- •Лекция сабағы №9 Лексиканың толығу жолдары
- •1. Сөз байытудың негізгі жолы – көрші тілдерден дайын сөздерді ауыстырып алу
- •2. Байырғы сөздердің жаңа мағынаға ие болуы
- •3.Лексиканың дыбыстық өзгерістер арқылы толығуы
- •Лекция сабағы №10 Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы
- •Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы.
- •2) Екі сөздің қосылуы арқылы жаңа ұғым, жаңа сөз жасалу тәсілі – көне тәсіл.
- •Аффикс арқылы сөз жасалу – негізгі тәсіл
- •Лекция сабағы №11 Тарихи синтаксис
- •Синтаксистік құрылыстың даму ерекшеліктері
- •2. Синтаксистік байланыс тәсілдерінің дамуы. Байланыс түрлерінің қалыптасуы.
- •3. Сөз тіркесінің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №12 Сөйлем құрамының дамуы
- •Түркі тіліндегі сөйлем номинативті болуының тарихи себептері
- •2.Сөйлем баяндауышы – сөйлемді ұйымдастырушы мүше. Есім баяндауыштарының тарихи құрамы мен түрлері, дамуы.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №13 Жай сөйлемдердің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №14 Оқшау сөздердің құрамы мен түрлерінің дамуы
- •Лекция сабағы №15 Құрмалас сөйлем жүйесінің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
3.Лексиканың дыбыстық өзгерістер арқылы толығуы
Сөзжасам тәсілдері арқылы туған сөздердің қай-қайсысы болсын қазақтың ежелден белгілі, байырғы әрі төл сөздері болып табылады. Олардың ішінде жалпы түркілік, болмаса қыпшақ тобындағы тілдерге ортақ сөздерге де, сонымен бірге тек қазақтың өзінің өмір тіршілігі мен шаруашылығына, тұрмысы мен мәдениетіне, дүниетанымы мен рухани түсінігіне қатысты сөздер де бар. Бірақ бұлардың ара жігі тіл білімінде әлі толық анықталған жоқ.
Сөзжасам тәсілдері тек қазақтың халықтық тіл дәуірінде байырғы лексиканы дамытып қойған жоқ, олар осы күнгі ұлттық лексиканы дамытып жетілдіруде де үздіксіз қызмет атқарып келеді. Мысал ретінде олардың тіліміздегі жаңа сөздер мен терминдердің жасалуындағы қызметін айтса да жеткілікті. Сондықтан қазақ лексикасындағы тума сөздердің қатарын толықтыруда сөзжасам тәсілдерінің қызметі үздіксіз жалғаса бермек.
Лексиканың құрамындағы жалпытүркілік сөздер мен негізгі сөздік қордан (олар туралы бұрын айтылған) тыс мол қабаты тіліміздегі тарихи тума сөздермен байланысты. Тарихи тума сөздер тіліміздің сөзжасам тәсілдері арқылы туған сөздер. Тума сөздер сөз таптарының бәрінде де кездеседі. Әр сөз табының өзіне тән сөзжасам жұрнақтары бар. Олардың ішінде көп сөз жасаған өнімділері де, аз сөз жасаған өнімсіздері де бар. Мәселен, зат есімдердің жасалуында тарихи өнімді жұрнақтардың қатарында –шы, -ші: малшы, жылқышы, әнші, қарашы, егінші, бүркітші, жұмысшы; - шылық, - шілік: адамшылық, молшылық, жоқшылық, кеңшілік.
-лық, -лік: көпшілік, балалық, аналық, түндік, арқалық, достық, жақсылық, адалдық.
-ма, -ме: сәлемдеме, кездеме, аялдама, тартпа, көрме, терме, сүзбе, көмбе, жаппа, бөлме.
-қы, -кі: ашытқы, күлкі, басытқы, бұрғы, сыпытқы, қондырғы7
-қыш, -кіш: басқыш, тұтқыш, ескерткіш, сүзгіш.
-ыс, -іс: соғыс, ұрыс, жүріс, отырыс, күрес, айтыс, талас.
-к, -қ: күрек, төсек, орақ, қазық, сызық, пышақ, қайрақ, үскірік, тамызық.
-ым, ім: тыным, ұғым, кешірім, соғым.
-ыш, -іш: қуаныш, өкініш, жұбаныш, сүйініш, қызғаныш.
Сын есімдердің жасалуында мынадай жұрнақтар:
-лы, -лі: қуатты, қызықты, сыйлы, малды, сулы, өнімді, икемді.
-қы, -кі: төркі, сыртқы, ішкі, соңғы, түскі, күндізгі, кешегі, жоғарғы
-сыз, -сіз: бассыз, бақытсыз, иесіз, панасыз, қайырымсыз.
-шыл, -шіл: өзімшіл, ұйымшыл, жершіл, шыншыл.
-дай, -дей: жаудай, таудай, оймақтай.
-шаң-шең: сөзшең, бойшаң, көйлекшең.
Сонымен қатар, етістіктердің жасалуында да, үстеулердің жасалуында да жұрнақтар өнімді қызмет еткен.
Әдебиеттер тізімі:
Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ.. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: санат, 1997. – 256 б.
Мажитаева Ш. М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Қарағанды, 2005. – 118 б.
Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, 1981. – 208 б.
Лекция сабағы №10 Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы
Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы.
Сөз тілдің, оның өзіндік құрамының заттар мен құбылыстарды, олардың қасиеттерін, шындық өмірдегі қатынастарды атап білдіретін негізіг еденицасы, дербес бөлшегі болып табылады. Лексикалық жүйенің даралық қасиетке ие негізгі единицасыбола отырып, сөз жеке тұрып та, басқа сөздермен тіркесіп те тарихи қалыптасқан ұғымдарды білдіріп, ұрпақтан- ұрпаққа жеткізіп отырады. Сөздің қасиеті оның лексикалық единица екендігін (даралық қасиетін) көрсетеді. Әр тілдегі сөздердің лексикалық единица болу сипаты, олардың құрылымдық ерекшеліктері сол тілдің фонетикалық, семантикалық, грамматикалық белгілері арқылы анықталады.
Біріншіден, сөз біткеннің бәрі де тілдегі дыбыстардан жасалады., дыбыссыз сөз жоқ. Сөз – дыбыстық құрылымның жиынтығы, сол арқылы жарыққа шығады. Сөзді жасайтын дыбыстар немесе олардың жиынтығы қалай болса солай емес, тілдің фонетикалық заңдарына сәйкес қалыптасқан. Сөз кез келген дыбыстан емес, фонемалық заңдарына сәйкес қалыптасқан. Сөз кез келген дыбыстан емес, фонемалық дыбыстардың белгілі жүйеде келуі арқылы жасалады. Мысалы, адамның, жан-жануардың, көру мүшесін атап білдіретін көз деген сөз к, ө, з фонемаларының бізге белгілі жүйеде тіркесіп берілуі арқылы жасалып тұр. Сөйтіп, сөзді жасайтын дыбыстар оның материалдық жамылғасы, сыртқы көрінісі болып табылады. Тілде құбылысты, затты, іс-қимылды атап білдіретін сөздер дыбыстық құрылымдар түрінде қалыптасқан.
Екіншіден, сөз дыбыстық құрылымнан жасала отырып, зат, құбылыс, іс-қимыл жайында жалпыға түсінікті, қоғамдық дәрежеде қалыптасып, қауым таныған ұғымды (мағынаны) білдіреді. Мысалы, мал, қол, үй деген сөздер жеке тұрып-ақ нақты заттырдығ ұғымын білдіріп тұр. Сөздің дыбысталуы онығ материалдық сыртқы көрінісі болып табылса, ал ұғымды білдіріп мағынаға ие болуы оның ішкі мазмұнын білдіреді. Мағынасыз сөз жоқ.сөздің дыбысталуы мен білдіретін ұғымы (мағынасы) оның лексикалықединица екендігін танытатын екі жақты қасиетті болып табылады. Бұл екеуі қашанда бірлікте қаралады. Рас, қазіргі кезде жеке тұрғанда нақты ұғымы (мағынасы) белгіссіз сөздер (омонимдер, көп мағыналы сөздер т.б.), кездеседі. Мысалы, аяқ, біз сөздерінің жеке тұрғанда қай білдіретін айту қиын, оны тек сөйлеу кезінде, басқа сөзбен байланысқанда ғана анықтауға болады. Ас ішіп аяқ босатар немесе етік тіге алмаған біз таңдайды десек, олардың қай мағынада айтылып тұрғаны күмән тудырмайды. Бірақ жалпы сөздік құрам тұрғысынан алғанда, тіл дамуына байланысты кейін туған ондай сөздер белгілі мөлшерде ғана кездеседі.
Үшіншіден, сөз грамматикалық тұрғыдан қарағанда сөз таптарына тікелей қатысады, солар,а тетулі. Сөз таптарында біртұтас сөз тұлғаларын жасап, грамматикалық единица бола алады. Бұл – оның сөз тркестерінен өзгешелігін көрсетеді. Сонымен бірге әрбір сөз не түбір морфемадан, не түбір щ косымша морфемалардан (морфема — тілдін ары карай бөлшектеуге келмейтін негізгі мағыналык бөлшегі) тұрады, солардын жиынтығы болып табылады. Мысалы, қол десек, бір ғана түбір морфемадан, қолтық десек, түбір морфема мен қосымша морфемадан, қолтықша десек, бір түбір морфема, екі, қосымша морфемадан жасалып тұр. Морфемалық құрамнан тыс сөз жоқ.