- •Лекциялық курстың мазмұны Лекция сабағы №1 Қазақ тілінің тарихи грамматика пәні
- •1. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы – Тіл тарихының дербес саласы
- •2. Қазақ тілі грамматикалық құрылысының тарихи дамуын зерттеудің көздері
- •Тарихи грамматика курсының методологиялық негіздері
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №2 Қазақтың халық және ұлт тілдерінің жасалуы
- •Лекция сабағы №3 Тарихи лексика
- •Қазақ лексикасының көнетүркілік негізі, орта ғасырдағы қазақ лексикасы.
- •Халықтық және ұлттық дәуірлердегі қазақ лексикасы
- •Көне заман және орта ғасыр ескерткіштері арқылы лексиканы тану
- •Лекция Сабағы №4 Түркі тілдері лексикасының басты ерекшелігі
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №5 Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуіріндегі негізгі сөздік қоры
- •Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуіріндегі негізгі сөздік қордың сипаты, көлемі, жаңа сөз жасалуы
- •Қазақ тіліндегі жалпы түркі тілдеріне ортақ сөздер
- •Монғол-қазақ тілдеріне ортақ лексика.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №6 Халық тілі қалыптасу дәуіріндегі басқа тілдерден енген сөздер
- •Халық тілі қалыптасу дәуіріндегі басқа тілдерден енген сөздердің сипаты.
- •Араб - парсы тілдерінен сөз ауысу. Кірме сөздердің лексика, грамматика, фонетиканы дамытудағы әсері.
- •Орыс тілдерінен сөз ауысу.
- •Әдебиет тізімі:
- •Лекция сабағы №7 Сөз мағынасындағы өзгеріс
- •Сөздің негізгі мағынасын жолғалтып ауыспалы мағынада қолданылуы.
- •Көп мағыналы сөздердің туу тарихы
- •Омоним, синонимдер тарихы, олардың көп мағыналы сөздермен байланысы.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №8 Тұрақты сөз тіркестерінің қалыптасу таихы
- •Лекция сабағы №9 Лексиканың толығу жолдары
- •1. Сөз байытудың негізгі жолы – көрші тілдерден дайын сөздерді ауыстырып алу
- •2. Байырғы сөздердің жаңа мағынаға ие болуы
- •3.Лексиканың дыбыстық өзгерістер арқылы толығуы
- •Лекция сабағы №10 Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы
- •Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы.
- •2) Екі сөздің қосылуы арқылы жаңа ұғым, жаңа сөз жасалу тәсілі – көне тәсіл.
- •Аффикс арқылы сөз жасалу – негізгі тәсіл
- •Лекция сабағы №11 Тарихи синтаксис
- •Синтаксистік құрылыстың даму ерекшеліктері
- •2. Синтаксистік байланыс тәсілдерінің дамуы. Байланыс түрлерінің қалыптасуы.
- •3. Сөз тіркесінің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №12 Сөйлем құрамының дамуы
- •Түркі тіліндегі сөйлем номинативті болуының тарихи себептері
- •2.Сөйлем баяндауышы – сөйлемді ұйымдастырушы мүше. Есім баяндауыштарының тарихи құрамы мен түрлері, дамуы.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №13 Жай сөйлемдердің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №14 Оқшау сөздердің құрамы мен түрлерінің дамуы
- •Лекция сабағы №15 Құрмалас сөйлем жүйесінің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
Лекция сабағы №9 Лексиканың толығу жолдары
Сөз байытудың негізгі жолы – көрші тілдерден дайын сөздерді ауыстырып алу
Байырғы сөздердің жаңа мағынаға ие болуы
Лексиканың дыбыстық өзгерістер арқылы толығуы
1. Сөз байытудың негізгі жолы – көрші тілдерден дайын сөздерді ауыстырып алу
Қоғам өмірінде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер тілге әсер етіп отырады. Әсіресе, оның лексикасы өзгеріске неғұрлым бейім, неғұрлым сезімтал келеді. Тіл адамның барлық жұмыс саласындағы іс-әрекетімен түгелдей байланысты болғандықтан, сөздік құрам қоғам өмірінде не бары соны дереу және тікелей көрсетіп отырады. Мәселен, кеңес үкіметі жылдарында қазақ тілінің сөздік құрамында мынадай басты өзгерістер болды:
Қазақ тілінің лексикасы қаншама жаңа сөздермен толығып байыды. Бұлар өндіріс, ауыл шаруашылығы, техника мен ғылым салаларындағы жаңалықтармен байланысты еді. Соның нәтижесінде қазақ лексикасында неологизмдер, терминология салалары пайда болды.
Ескі салт-сана, әдет-ғұрыпқа қатысты, көне құрылыс жүйесіне байланысты бірқыдыру сөздер күнделікті қолданыстан шығып қалды. Сөйтіп, сөздік құрамындағы пассив сөзге айналды.
сөздік құрамдағы бірқыдыру сөздердің мағыналары түрлі өзгеріске ұшырады: а) көптеген сөздер бұрынғы мағынасының үстіне жаңадан үстеме мағына қосып, көп мағыналы болып қалыптасты. Мәселен, тап деген сөз революциядан бұрын ел, ру, ата (тек) ұғымында ғана жұмсалатын еді. ә) бұрынғы мағынасынан қол үзіп, басқадай мағынаға ие болған сөздер де кездеседі. Мәселен, бұрын ұран деген сөз ел мен ел, ру мен ру жуаласқанда, ат жарыстырып, балуан күрестіргенде ата-бабасының аруағын шақырып рухтандыруды білдірген сөз болса, кейін қоғамдық мәні бар үндеу, шақыру дегенді білдіретін болды. Сөйтіп, бір дәуірдегі жаңа сөз көнеге, көнесі жаңаға, аз мағыналы сөз көп мағыналыға, актив пассивке, пассив сөз активке, бейнелі сөз қарапайым сөзге, жай сөзге бейнеліге ауысып отыру заңдылығы тілдің сөздік құрамына тән нәрсе. Бұлдар үздіксіз дамып, үнемі болығып өзгерумен болады. Мұндай заңдылықтар әлі де бола бермек.
2. Байырғы сөздердің жаңа мағынаға ие болуы
Байырғы төл сөздер сөздік құрамның сан жағынан ең мол, құрылымдық-стилистикалық және грамматикалық сипаты жағынан алуан түрлі қабатына жатады. Байырғы лексиканың негізінде түркі тілдеріне ортақ сөздер жатады. Оған қазақ тілінің негізгі сөздік қорына кіретін сөздер түгелдей дерлік кіреді. Бірақ байырғы лексика ол екеуінен ғана тұрмайды. Байырғы лексикаға олардан басқа сөзжасам тәсілдері арқылы жасалған мыңдаған тума сөздер, қазіргі кезде көнеріп кеткен сөздер мен тұрақты сөз тіркестері, әбден халықтық сипат алып кеткен бірқатар кірме сөздер кіреді. Мысалы: араб-парсыдан ауысқан әуен, қорек, әрекет, орыстан ауысқан самауыр, рет, бәтіңке, т.б. Cол себепті байырғы лексиканың көлем-мөлшері жалпы-түркілік лексикадан және негізгі сөздік қордан әлдеқайда кең, әрі көп салалы Қазақтың жалпыхалықтық байырғы сөздерінен кейін пайда болған неологизмдер мен терминдерді, тек женргілікті сипаты бар диалектизмдер мен кәсіби сөздерде белгілі бір жердің тұрғындары үшін байырғылық сипат болуы мүмкін.
Сөйтіп, байырғы төл сөздер дегеніміз қазақ халқының өмір тіршілігі мен шаруашылығына, тұрмысы мен мәдениетіне, дүниетанымы мен түсінігіне байланысты жалпыхалықтық сипатта қалыптасқан, оның өзіне тән сөздері.
Сөзжасамда жұрнақтардан басқа сөздердің бірігуі. Қосарлануы, тіркесуі арқылы да көп сөздер жасалған. Мәселен, сөздердің бірігуі арқылы: айбалта, қаламсап, келісап, шекара, орынбасар, қосаяқ, бүгін, бәйтерек, әпер, , сөйт, таңертең, сексен, тоқсан, телуар, түрегел, өйткені, құсбегі, атбегі, қыстыгүні, отағасы, алагеуім, бірталай, біртоға, тілазар, алаңғасар т.б.
Сөздердің қосарлануы арқылы: дымы құру, сүмбіл шаш, тауы шағылу, ала аяқ, бос белбеу, бой түзеу, иек сүйеу, бой жтекен, жан қалта, бір шөкім, көз ақы, қан сонар, жүк аяқ, т.б. сөздер жасалған.
Бұлардан басқа лексика семантикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер де аз емес. Бұл тәсіл бойынша сөздердің түр-тұрпаты өзгермей, тек олардың мағыналық жағында өзгеріс туып, жаңа сөз сипатына ие болады. Ол жайында сөз мағынасының дамуы, сөздердің көп мағыналығы туралы тақырыптарда кеңінен айтылған. Мысалы: күн (күннің көзі) – күн (күн сайын), ай (ай толды) – ай (ай сайын), жабағы (жабағы емген) – жабағы (жабағы жүн), т.б.
