Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция ИГКЯ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
531.46 Кб
Скачать
  1. Омоним, синонимдер тарихы, олардың көп мағыналы сөздермен байланысы.

Тұлғасы басқаша болғанмен, мағынасы бір біріне жуық, бірінің орнына бірі қолдныла беретін лексикалық бірлікті синонимдер деп айтамыз. Синоним сөзін грек тіліінен аударғанда «қатар атау» деген мағынаны білдіріді. Тілдегі синонимдер – сөз қорының асыл қазынасы. Өйткені тілдің бай да оралымдылығы, оның сөздік құрамының қандай дәрежеде дамып, жетілгені көп ретте синонимдер арқылы көрініс табады. Қай тілдің болса да, көне заманнан бергі даму тарихы, лексикалық, грамматикалық жағынан жетіле түсуі оның сөздік құрамындағы синонимдік қатардың молайып,толығып отырумен де ерекшеленеді.

Синонимдердің нәзік стильдік реңкі, экспрессивті-эмоционалды бояуы оны орнымен қолданғанда, басқа сөзбен тіркесе айтылуынан байқалады. Көп ғасырлық бай, әдеби дәстүрі бар халықтың лексикалық, морфологиялық жағынан дамып, жетілген тілінің көрінісі ондағы қалыптасқан синонимдік бірліктердің әр алуандығымен, оның лексика-семантикалық жүйесінің күрделілігімен айқын-далады. Соған орай синоним сөздер сөз байлығның құнарлы бір саласы болумен қатар, әр халықтың ұлттық таным-түсінігін, болмысын да танытады. Әдетте сөз логикалық дәлдігімен, ойлаған ойдың реңктерін өз бояумен нақты көрсете алса ғана мәнерлілік сипатқа ие болады. Мазмұн мен мақсатқа сайма сай лайықтап алынған сөздер ғана мәнерлі деп танылады. Сөз де қиюластырып қалаған кірпіш сияқты шеберлікті керек етеді. Шешен де шебер сөйлеудің бір ұшы – тілдегі синонимдерді қисынын келтіріп, реңкін айқын ажыратып, тап басып, орнымен үйлестіріп жұмсай білуде. [2, 8 б.]

Тілдің табиғатын айқын сезініп, синонимдерді таңдап, талғап пайдаланып, сөйлем ішінде дұрыс қолданудың күнделікті қарым қатынаста айрықша маңызы бар. Лексиконы синонимге бай адам сөз мағыналарының нәзік реңктерін дөп басып, қолдану шеберлігінің арқасында шешен сөйлеп, ойын анық та тартымды жеткізе біледі. Демек, синонимдер – тіл байлығы дегенде бір сөздердің жеке тұрғандағы жай тізбегі деп түсінбейміз, олардың кең қолданысқа түсіп, көңілдегі көрікті ойды мүлтіксіз шебер жеткізудегі мәнді қызметін айтамыз.

Қазақ тіліндегі синонимдерді жүйелі түрде зерттеу, оның сөздігін құрастыру өткен ғасырдың елуінші жылдарының ортасынан басталады. Содан кейінгі жарты ғасырлық кезеңде синонимдерге қатысты тақырыпта бірнеше кандидаттық, докторлық диссертация қорғалды. Ғылыми жұмысының негізгі бағыты қазақ тілі лексикологиясы мен лексикографиясын зерттеуге арналған филология ғылымының докторы Әсет Болғанбаевтың «Қазақ тіліндегі синонимдер» атты монографиясы (1970ж.) қазақ тіл біліміндегі іргелі еңбек ретінде бағаланды. [3, 9 б.]

Әдебиеттер тізімі:

  1. Болғанбайұлы Ә. Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Оқу құралы. – Алматы, «Санат», 1997 – 256 бет.

  2. І.Кеңесбаев қазіргі қазақ тілі (Лексика, фонетика) Алматы. 1962, 67 бет.

  3. Қазақ тілінің омоним сөздігі. Маруа Бельбаева А.: Мектеп. 1988.

Лекция сабағы №8 Тұрақты сөз тіркестерінің қалыптасу таихы

  1. Фразеологизмдердің қалыптасу тарихы. Жай тіркестердің шығу тарихымен байланысты

  2. Сөздердің бір-бірімен тіркесуі, қолданылуындағы шек.

  3. Мағынасын жоғалтқан сөздердің идиома мен қос сөздерде сақталуы.

Тілдің әрі ұтымды, әрі сымбатты байлықтарының біразы – тұрақты тіркестер: мақал-мәтелдер, фразеологиялық тізбектер, қанатты сөздер.

Фразеологиялық тіркес – кісінің ойын мәнерлі түрде айту үшін жұмсалатын сөздер тобы. Ондай тіркестер әдетте тұрақты болады. [3. 108 б.]

Фразеологизмдердің шығу тегі, қалыптасу жайы, олар ары қарай қалай дамыды деген мәселелер түркітануда әлі ашылған жоқ. ҚАзіргі кезде тек жекелеген фразеологизмдердің қай дәуірден екені жайында ғылыми болжам, пікірлер болмаса, кең көлемде зерттеулер жоқ. Сол себепті, фразеологизмдердің шығу тегі, пайда болу негіздері жайында неғұрлым жалпы тұжырымдар жасауға тура келеді.

Көптеген фразеологизмдердің шыққан тегінде тура мағынасы бар еркін тіркестер жатыр. Әртүрлі жағдайға байланысты туған еркін тіркестер үнемі тура мағынасында емес, ауыспалы, бейнелі, жинақты мағынаны білдіріп, келе-келе фразеологизмге айналған. Мұндай тіркестер фразеологизмдер еркін тіркестердің мағына жағынан жаңғыртып-жаңаруынан туған екінші қатардағы туындылар деп аталады. Мысалы, бір нәрседен ығыр болды, мезі болды деген мағынадығы ер қашты фразеологизмі көп мініліп жауыр болған жылқының арқасына ер саларда қагқалақтағанынанда айтылатын ер қашты деген жай тіркестен шыққан деуге болады.

Фразеологизмдердің пайда болуына халықтың әлеуметтік тұрмыс-тіршілік өміріндегі әртүрлі жағдай себеп болған. Оларды бірнеше салаға бөліп қарауға болады.

  1. Бірқатар фразеологизмдердің пайдаб олуына халық өміріндегі әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері себеп болған. Мысалы, қазақ салтында жасы үлкенді сыйлауға ерекше мән берілді. Халық менталитетініңосы ерекшелігі мына сияқты фразеологизмдерден: жасы үлкен, кәрі құлақ, сақалын сыйлау, сақалды басымен т.б.көрінеді.

  2. Діни ұғымға, ескі түсінікке, киелі сандарға байланысты туған фразеологизмдер. Мысалы: жетінан құдайы, жортқанда жолдасың қызыр болсын, құдайға ақсарбас айтты, жеті қазына, аруақ атсын! Иманы жолдас болсын! Т.б.

  3. Бірсыпыра фразеологизмдер жаугершілік заманға байланысты туған. Мысалы: аттың жалы, түйені қомы; құба қалмақ заманы; ата жаумен алысты; қырық сан қалмақ, т.б.

  4. Бірқатар фразеологизм ел ішіндегі дау-дамайды билік жолымен шешуге байланысты туған. Мысалы: ант берді, ант ішті, жан берді, атым құрысын, көрсем көзім шықсын, естісем құлағым керең болсын т.б.

  5. Адамның әртүрлі қасиетіне байланысты фразеологизмдер туған. Мысалы, мінезге байланысты: аузын ашса, көмекейі көрінеді, терісі кең, табаны жаудан таймаған, жүрегінің түгі бар т.б.

  6. Көшпелі заманда тіршілік көзі – төрт түлік мал атауларының қатысымен фразеологизмдер аз тумаған. Мысалы, жылқыға байланысты: ат құлағы көрінбейді, ат құйрығын кесісті, ат-тонын ала қашты, ат сабылтты, ат қосты, ауыз жармаған құнан т.б. [1.213-216 бб. ] Сол сияқты қой, түйе, ешкімен де байланысты көптеген фразеологизмдер пайда болған.

  7. Уақыт, мезгіл өлшемдеріне байланысты фразеологизмдер жасалған. Мысалы: қас қағымда, қас пен көздің арасында, кірпік қаққанша, екінті мен ақшамның арасында, шай қайнатым, ауыз жиғанша т.б.

  8. Қашықтық, жақындық, кеңістік мөлшеріне байланысты фразеологизмдер туған. Мысалы: айшылық жер, көзкөрім жер, ит арқасы қиянда, таяқ тастам жерде, көз көрмес, құлақ естімес т.б.

Фразеологизмдердің бірқатары басқа тілдеден ауысқан кірме фразеологимздер. Мысалы: жар-дос (йар-дуст), жар-жар(йарйар), дос-дұшпан (дуст-дошман) т.б.

Көрнекті тұлғалардың қанатты сөздерінен шықан фразеологизмдер де бар. Мысалы, Абайдағы жүрек сөзімен байланысты: ыстық жүрк, жас жүрек, ынталы жүрек, ет жүрек. Асау жүрек т.б. қазақ фразеологиясының қорын молайтатын тіл бірліктері болып табылады.[1. 216-218 бб.]

Тұрақты тіркестер аз сөзбен терең мағына тудыра алатын қасиеті көркем шығарма кейіпкрінің бүкіл бітім-болмысын айқындауға мүмкіндік береді. Шығармашылық негізде дүниеге келген фразеологизмдер автордың шеберлігін ғана танытып қоймайды, оның халық тілінің байлығын қандай дәрежеде игергендігінің де куәсі болады.

Фразеологизмдердің қалыптасуындағы ұлттық сипат туралы айтқнада ұлттық дүниетаныммен өзін қоршаған әлемге көзқарасы ретінде туып дамыған салты мен дәстүрінің де рөлі болғанын айта кеткен орынды. Ал, шығарма авторы белгілі бір ұлт өкілі ретінде халықтың ғасырлар бойы ұлттық санасында жинақталған, сақталған тұрақты сөз орамдарын еркін иереді. Сол еркін игерілген дүниеден жазушының жеке тұлғасының дүниетанымына, психологиялық санасына сай, тілдегі сөздерді ойната алу мәнеріне сай, тіпті өзіндік қалыптастырған стиліне сай авторлық фразеологизмдер туады.

Мәселен, қазақ тіліндегі «тырнақтыға жем, азулыға ас болу» тіркесін М.Мағауин авторлық өзгеріске түсіріп, оны дамыта түседі. «Қарымсыз қасқыр қашып қайда бармақ, байлаулы барыс кімге айбар жасамақ, тырнақтының жемі, азулының асы емес пе?» деп екі крмпонентті тіркесті төрт компонентті тіркеске айналдырған. Алғашқы компонеттегі «қ» дыбысымен, екінші компоненттегі «б» дыбысы өзара үйлесім тауып, соңғы компоненттерді мағыналық жағынан дамытып тұр. [6. 125-126 бб.]

Ақындар шығармашылығындағы тұрақты тіркестер негізінен ауыз әдебиеті дәстүрін сақтайды: ақындар бұрыннан қалытасқан дайын штамптарды пайдаланады немесе жаңа тіркестер жасай қалса, оның семантикалық және грамматикалық моделі дәстүрлі тіркестерін алады. Мысалы, тұрымтайдай ұл, басына дәулт құсы қону, тоят тілеу. Тақымы кеппс ұл, он сан алаш деген тіркестер халық тілімен ұштасады. Мысалы, ХҮІІІ ғасыр әдеби тіліндегі қаза қалу, жер тұлдану, дау ұру, жандай шабу, дәулет таю, жамандық тұту, бір ауызды болу тәрізді тұрақты тіркестерді белгілі ақынның туындысы деп те, халық тілінің байлығы деп те кесіп айтуға болмайды. [4. 25б.]

Тілде фразеологизмдер құрамынан мынадай құбылыстар көрініс тауып жатады: мағынасы жақын екі тұрақты тіркес бір-біріне кірігіп кетіп, жаңа үшінші бір тіркесті тудырады.

А.М.Бабкин фразеологиялық контаминация семантикалық жағынан мәндес фразеологизмдердің бірігуі деп түсіндіреді.

Ғалымның ойынша, фразеологиялық контаминацияның жаңа бір фразеологиялық бірліктің пайда болуына себеп – олардың (қосылатын бірліктердің) мәндес келуі болып табылады.

Қазақ тіл білімі бойынша фразеологизмдерді контаминациямен байланысы, қатысы жағынан қарастырған ғалымдар қатарына Е.Қ.Жұбанов, С.М.Исаев, Н.Уәлиұлы, Г.Қосымоваларды жатқызуға болады.

Е.Қ.Жұбанов:

«Еркектей, қыз да болса, сұлу Баян,

Өлтіріп Қодар құлды намыс алды

(Дербісалин, 50-б.).

Осындағы «намыс алды» деген тіркестіліміздегі «кек алу» және «намысты жібермеу» типіндегі екі фразадан контаминация жолымен жасалып отыр.

Сол секілді, Березин нұсқасындағы «қадам қойды» деген тіркес бар:

Екі бай бір-біріне қадам қойды (56-б.).

Бұл «ат қою» және «қадам басу» болып келетін екі тіркестің контаминациясы.

Осы нұсқадағы тағы да «жарыс қойды» түріндегі тіркесуді кездестіреміз:

Екі мырза елге таман жарыс қойды.

Бұны да «жарыс салу» және «ат қою» секілді фразалардың аралығынан шыққан деп білеміз», - деп көрсетеді. Ғалым мұнда екі фразалық тіркестің сыйысуы арқылы жаңа тіркестің пайда болғандығын дәлелдесе, бұлардан басқа да контаминацияға ұшыраған сөйлемдер деп төмендегідей сөз тіркестерін көрсетеді: Тіл алмау – сөзіне нанбау//тілге нанбау; Назалану – қапа болу, наза болу; Мазаны алу – тынышы кету//тынышын алу; Шаш ал десе, бас алу – бас кесу. Ғалым соңғы бас алу, бас кесу тіркесі контаминацияың жаңа типі деп көрсетеді. Сондай-ақ контаминация тек сөз тіркесінің аралығында ғана емес, фразалық қос сөздердің құрамында да болатын тәрізді деп шамалайды. Оған мысал ретінде, қазақ тіліндегі «ойран-ботқа» және «опыр-топыр» сияқты семантикалық жақындығы бар қос сөздерден жырдың тілінде «ойран-топыр» түріндегі генадис жасалған:

Астын-үстін боран қыл ойран-топыр ( Березин).

Демек, бұнда екі қос сөздердің бір-бір сыңарлары өзара біріккен. Ойран ботқа – опыр-топыр//ойран топыр.

С.М.Исаев контаминациялану жолымен қалыптасқан фразеологизмдер жайлы, олардың жасалуы мен тіркесу қабілеті жайлы айта келіп: «қандай да сөздің болмасын тіркесу қабілеті қанша кең болса да, кез келген екінші сөзбен тіркесе, қосақтала бермейді. Мұндай тіркесу шектеулілігі, әсіресе, тұрақты тіркестерде айқын сезіледі, өйткені фразеология белгілі бір мағынада ғана қолданылатын, өзара бөліп-жаруға келмейтін грамматикалық басқаша өзгеріске көнбейтін, ежелден қалыптасып орныққан, дайын сөз тізбектері.

Осыған қарамастан тілдің даму барысында жаңа ұғымды, ойды білдіру үшін, болмаса басқа экспрессивті-модальды мән қосу үшін кейде тіркесудің қалыптасқан белгілі шеңбері сақталмай, бір сөз бұрын тіркеспеген екінші сөзбен тіркесіп, жаңа сөз тіркесі жасалатыны көптеген тілдерде ұшырасады. Осындай жаңа тіркестердің басқаларынан оқшауырақ бір түрі – контаминация арқылы жасалған жаңа тіркестер», [28, 77б.] - деп, бұндай тіркестер қатарына тауы қайту сияқты фразологизмді жатқызуға болатындығын айтады. [2. 10-13 бб.]

Фразеологиялық тіркестер де еркін сөз тіркесінің қатарында жатпайды, өйткені фразеологиялық тіркестер грамматикалық мағынаны емес, басқа бір лексикалық мағынаны білдіреді, орны жағынан тұрақты, бір ғана сұраққа жауап береді, өзге тілге сөзбе-сөз аударуға көне бермейді.

Еркін сөз тіркесі құрамындағы сөздер бірігіп келсе, басқа бір лексикалық мағынаны емес, грамматикалық мағынаны, яғни анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық қатынасты білдіреді.

Сөз тірксінің әрбір сыңарларының арасындағы байланыс анағұрлым еркіндеу болады. Бірақ бұл еркіндіктің де шегі болады. Ал фразеологиялық тіркестің сыңарларының арасындағы байланыс бекем болады. Еркін сөз тіркесі сөйлеу кезінде жасалса, фразеологиялық тіркестер бұрыннан даяр тұрған қалпында қолданылады.

Сол сияқты фразеологиялық единицалардың бір қатарының негізі еркін сөз тіркестеріне келіп тіреледі, басқаша айтқанда, еркін тіркестер көптеген тұрақты тіркестердің жасалуына ұйтқы болады. Мұны көптеген тұрақты тіркестердің еркін сөз тіркестері модельдері негізінде жасалғандығы, әрі ондай құбылыстың осы уақытқа дейін сақталғандығы қуаттайды. Салыстырып көрелік: етпетінен жату – етпетінен түсу, зат көру -қол көру (ойын), жіп жалғау – жүрек жалғау т.б. Осылардың алдыңғылары – еркін сөз тіркестері де, соңғылары – тұрақты тіркестер, яғни тұрақты тіркестер, яғни тұрақты тіркестер еркін сөз тіркестерінің құрылымдық үлгілері негізінде жасалып тұр.

Күрделі сөздер тәрізді тұрақты сөз тіркестері де сөйлеу кезінде жасалмай, бұрыннан даяр тұрған қалпында сөз тіркесінің немесе сөйлемнің құрамына келіп енеді.

Тұрақты тіркестердің бір ерекшелігі – олардың тұтасымен бір ғана лексикалық мағынаны білдіретіндігі. Ал еркін сөз тіркестерінің әрбір сыңарлары дербес мағынаға ие.

Сөз тіркесі сөйлем құрамындағы өзге сөздермен басыңқы тұлғалық өзгерістерге түсуі арқылы байланысады, ал бағыныңқы сыңарлар өзінің бастапқы қалпын сақтап өзгеріске түспейді. Бұл қасиет түркі тілдеріне ғана тән, ол оның артықшылығына емес, ерекшелігіне байланысты.

Сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өзара сабақтаса байланысуы керек, әрі дербес мағынасы болуы қажет. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, толық лексикалық мағынасы бар сөздер мен көмекші сөздердің (шылаулардың, көмекші тіркестердің, көмекші есімдердің) тіркесі сөз тіркесін құра алмайды, өйткені көмекші сөздер өзі тіркесіп тұрған сөздердің мағынасын толықтырады, жетілдіреді, бірақ жаңа бір грамматикалық мағына тудыра алмайды, яғни толықтауыштық, анықтауыштық, пысықтауыштық қатынасты білдірмейді, сонымен, сөз тіркесінің құрамындағы сыңарларының әрқайсысының дербес, толық лексикалық мағынасының болуы - сөз тіркесіне тән басты шарттардың бірі.

Тарихи тұрғыдан қарайтын болсақ, толық лексикалық мағынасы бар сөздер мен көмекші сөздердің байланысы сөз тіркесін құраған, өйткені қазіргі кезде көмекші сөздер деп жүргеніміз – ертеде өзінің лексикалық мағынасы болған сөздер. Олар тілдің дамуы барысында, қажеттілікке орай, көмекші сөздер қатарына қосылған. Осыған байланысты, олар сөз тіркесі болудан қалған, бірақ сөз тіркесіне тән байланысу амал, тәсілін сақтап қалған. Мысалы: үйге дейін, концерттен соң (синтетикалық тәсіл арқылы, меңгеріле байланысқан), көпірдің үсті, үйдің маңы (синтетикалық тәсіл арқылы, матаса байланысқан). Осы тәрізді тіркестер қазақ тіл білімінде түйдекті тіркестер деп аталып жүр.

Мұндай тіркестер сөз тіркесі болу үшін, басқа бір лексикалық мағынасы бар сөздермен тіркесуі керек: үйдің маңын тазалау, концерттен соң барды т.б.

Кез келген сөзді тіркестіре беруге болмайды. Мысалы, ақылды сөзін тек адамға байланысты ғана айта аламыз, ал ақылды сиыр, ақылды түйе деп айта алмаймыз. Демек, сөздер мағыналық тұрғыдан үйлесімін тапқанда ғана өзара тіркеседі. Мұндай ерекшелік қазақ тіл білімінде сөздердің тіркесу қабілеті немесе сөздердің тіркесімділігі деп аталады.

Жоғарыда келтірілген мысалдардан кез келген екі сөздің тіркесімділігі сөз тіркесін құрай бермейтіндігін көреміз. Бұдан шығатын қорытынды, грамматикалық қасиеті жағынан сөздер өзара тіркесе беруі мүмкін. Мысалы: ақылды жер, былтыр барады. Бірақ бұлай қолдануға болмайды. Оның себебі – бұл сөздер лексикалық мағынасы жағынан үйлесімділігін таппаған сөздер. Сондықтан, сөздердің бір-бірімен тіркесе түсуінде лексикалық мағынаның атқаратын қызметі зор.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келгендегі айтар түйін - әрқайсысы дербес лексикалық мағынаға ие сөз таптарының синтаксистік қарым-қатынасы негізінде сабақтаса байланысқан кем дегенде екі сөздің тіркескен тобы – сөз тіркесі деп аталады.

Осы анықтамаға сүйенсек, түйдекті тіркестер, фразеологиялық тіркестер, салаласа, байланысқан тіркестер, терминдік тіркестер, бастауыш пен баяндауыштан тұратын тіркестер, тіркес ыңғайындағы атаулы сөйлемдер сөз тіркесінің қатарына жатпайды. Олардың сөз тіркесі қатарына жатпайтындығы тіл фактілері негізінде жоғарыда баяндалды.

Сөздердің бір-бірімен тіркесуі әрбір грамматикалық топтағы сөздердің мағыналық сиымдылығы мен грамматикалық сипатына негізделеді. Мәселен, сын есім заттың сынын, сапасын білдіретіндіктен, көбінесе зат есіммен тіркеске түседі, үстеулер қимылға тән сапаны білдіретіндіктен, етістіктермен тіркесуге бейім тұрады. Тіл фактілері де сөз тіркесін сөйлем мүшелері негізінде емес, сөз таптары негізінде топтастыруды қажет етеді. Сондықтан сөз тіркесін топтастыруда алдымен оның басыңқы сыңарының қай сөз табынан, оның грамматикалық табиғатын айқындау мақсатында бағыныңқы сыңарының да қай сөз табынан жасалғандығы негізге алынады.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Ғ.Қалиев. Ә.Болғанбаев. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы: «Сөздік-Словарь» баспасы, 2006. – 264 б.

  2. Г.Ақылбаева. Контаминация құбылысының тілдегі көрінісі. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация авторефераты, Алматы, 2008. -

  3. М.Балақаев. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. Алматы: «Қазақстан» баспасы. – 146 б.

  4. М.Балақаев. Р.Сыздықова. Е.Жанпейісов. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы: «Мектеп» баспасы. 1968. – 239 б.

  5. М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы.Алматы: «Мектеп» баспасы, 1981. – 207 б.

  6. С.Қалиева.Авторлық фразеологизм сипаты. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы, 2007, №5 – 125-127 бб.