- •Лекциялық курстың мазмұны Лекция сабағы №1 Қазақ тілінің тарихи грамматика пәні
- •1. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы – Тіл тарихының дербес саласы
- •2. Қазақ тілі грамматикалық құрылысының тарихи дамуын зерттеудің көздері
- •Тарихи грамматика курсының методологиялық негіздері
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №2 Қазақтың халық және ұлт тілдерінің жасалуы
- •Лекция сабағы №3 Тарихи лексика
- •Қазақ лексикасының көнетүркілік негізі, орта ғасырдағы қазақ лексикасы.
- •Халықтық және ұлттық дәуірлердегі қазақ лексикасы
- •Көне заман және орта ғасыр ескерткіштері арқылы лексиканы тану
- •Лекция Сабағы №4 Түркі тілдері лексикасының басты ерекшелігі
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №5 Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуіріндегі негізгі сөздік қоры
- •Қазақтың халық тілінің қалыптасу дәуіріндегі негізгі сөздік қордың сипаты, көлемі, жаңа сөз жасалуы
- •Қазақ тіліндегі жалпы түркі тілдеріне ортақ сөздер
- •Монғол-қазақ тілдеріне ортақ лексика.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №6 Халық тілі қалыптасу дәуіріндегі басқа тілдерден енген сөздер
- •Халық тілі қалыптасу дәуіріндегі басқа тілдерден енген сөздердің сипаты.
- •Араб - парсы тілдерінен сөз ауысу. Кірме сөздердің лексика, грамматика, фонетиканы дамытудағы әсері.
- •Орыс тілдерінен сөз ауысу.
- •Әдебиет тізімі:
- •Лекция сабағы №7 Сөз мағынасындағы өзгеріс
- •Сөздің негізгі мағынасын жолғалтып ауыспалы мағынада қолданылуы.
- •Көп мағыналы сөздердің туу тарихы
- •Омоним, синонимдер тарихы, олардың көп мағыналы сөздермен байланысы.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №8 Тұрақты сөз тіркестерінің қалыптасу таихы
- •Лекция сабағы №9 Лексиканың толығу жолдары
- •1. Сөз байытудың негізгі жолы – көрші тілдерден дайын сөздерді ауыстырып алу
- •2. Байырғы сөздердің жаңа мағынаға ие болуы
- •3.Лексиканың дыбыстық өзгерістер арқылы толығуы
- •Лекция сабағы №10 Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы
- •Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы.
- •2) Екі сөздің қосылуы арқылы жаңа ұғым, жаңа сөз жасалу тәсілі – көне тәсіл.
- •Аффикс арқылы сөз жасалу – негізгі тәсіл
- •Лекция сабағы №11 Тарихи синтаксис
- •Синтаксистік құрылыстың даму ерекшеліктері
- •2. Синтаксистік байланыс тәсілдерінің дамуы. Байланыс түрлерінің қалыптасуы.
- •3. Сөз тіркесінің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №12 Сөйлем құрамының дамуы
- •Түркі тіліндегі сөйлем номинативті болуының тарихи себептері
- •2.Сөйлем баяндауышы – сөйлемді ұйымдастырушы мүше. Есім баяндауыштарының тарихи құрамы мен түрлері, дамуы.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №13 Жай сөйлемдердің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Лекция сабағы №14 Оқшау сөздердің құрамы мен түрлерінің дамуы
- •Лекция сабағы №15 Құрмалас сөйлем жүйесінің дамуы
- •Әдебиеттер тізімі:
Көп мағыналы сөздердің туу тарихы
Тілдің байлығы мен даму дәрежесі сөздік құрамдағы сөзлдердің саны көп болумен ғана өлшеніп, мөлшерленіп қомайды, сонымен онадғы сөзлдердің семантикалық байлығымен де белгіленіп отырады. Дәлірек айтқанда, тілдің дамуы сөздік құрамдағы сөздердің санымен де, сапасымен де өлшенеді. Сөздің сапа жағынан дамығандығын көрсететін бірден-бір белгі – сөздің көп мағыналылығы. Сөздің екі я одан да көп мағынаға болуын сөздің көп мағыналылығы (полисемия) дейміз. Сөздің көп мағыналылығы – негізінде сөздік қордағы сөздлерге тән қасиет.
Сөздің негізгі мағынасы белгілі бір шындыққа байланысты жалпы тарихи практиканың негізінде жасалады. Сөздің туынды қосымша мағыналары тілдік фактілердің негізінде ойлау қабілетіне сүйеніп қолданудан кейін шығады.
Сөздің семантикалық құрылысы неғұрлым күрделі әрі бай болса, соғұрлым олардың (көп мағыналы сөздердің) тілдегі атқаратын қызметі де күшейе бермек. Әсіресе көп мағыналы сөздер сөздік құрамдағы синонимдердң көбеюіне үлкен ықпал етіп отырады. [1, 98 б.]
Сөз мағынасынан әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі, өзіндік бояуы айқын көрінеді. Мысалы, сарай қазақ тілінде әсем де, салтанатты ғимарат, зәулім құрылыс, үй мағынасында айтылады. Ми деген сөздің қазақ тіліндегі нақты лексикалық мағынасы – бас миын білдіруі, сол себепті ми дегенді қазақ тек осы мағынада түсінеді, ал орыс тілінде мозг сөзі тек бас миын, жілік майын да білдіретендіктен, оларды бір-бірінен айырып көрсету үшін, головной мозг, костный мозг деп бөліп айтады.
Туыстас тілдердегі сөздер бір-бірімен келгенімен, мағына жағынан алшақ болуы, ғажап емес. Мәселен, қазақ тілінде жел, деп кейде қатты баяу, соғатын ағымын айтса, самал деп жанға жайлы қоңыр салқын желді айтады. Ал қырғыз тілінде, керісінше, онда шамал жеп желді, жел деп самалды айтады. Қазақ тілінде, малай деп берудің есігінде жалданып жүрген қызметші, жалшыны айтса, ал башқұрт пен татар тілдерінде малай деген бала мағынасында қолданылады. Қазақ тілінде әжептәуір – тәп-тәуір, әп-әдемі, жап-жақсы деген жағымды мағынада жұмсалса, қарақалпақ тілінде әжептәуір оғаш, ерсі деген жағымсыз мағынада қолданылады.
Сөз мағынасы әрқашан бір қалыпта тұрмайды. Тіл жүйесінің ішкі заңдылықтары психологиялық өзгерістер сөздің лексикалық мәдени мағынасы-ның мазмұнынына әсер етіп, отырады. Лексика дамуындағы тарихи кезеңдерде сөз мағынасы кеңейіп, тарайып не жаңарып, жаңғырып, болмаса қолданудан шығып қалып, отырады. Мысалы, қыз қырқын сөзінің құрамындағы қазір жеке қолданылмайтын қырқын сөзі көне түркі тайпалары тілінде «күң қыз», «күңнен туған қыз» мағынасында қолданылған. Кейін ол өзінің дербестігінен айырылған соң бұл мағынада қолданылмайтын болды да, қазір қыз сөзімен қосарланып, «қыз балалар» деген мағынасын береді. Адам немесе малдың дене мүшесінің атауын білдіретін кіндік сөзінің мағынасы кеңейіп, 1920 жылдар да, «белгілі бір ел, мемлекет не ұйымға тән орталық» деген мағынада қолданылды: «Орынборда кіндік үкіметтің тілі «Еңбекші қазақ» газеті бар. (С. Сейфуллин). «Омбы – мәдениет кіндігі» (С. Мұқанов). Бірақ 1930 жылдардың орта шенінен бастап кіндік сөзі бұл ауыс мағынада қолданылмайтын болды.
Сөздің лексикалық мағынасы дамуының жоғарыдағыдай тарихи сипаты белгілі дәрежеде түсіндірме және этимологиялық сөздіктерде ашылып отырады. Сөз және оның лексикалық мағынасы жайында жалпы ақпар осындай.
Ал сөздің грамматикалық мағынасы дегеніміз грамматикалық амал-тәсілдер арқылы туатын, сөздің бірыңғай топтары мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән, жинақталған дерексіз мағына. Грамматикалық мағына сөздің лексикалық мағынасы негізінде туады, бұл екеуінің арасында тығыз байланыс бар. Лексикалық мағынамен қатар жарыса қолданылып, оны айқындап, саралап отырады. Әдетте, сөздің бірнеше грамматикалық мағынасы болады. Мысалы, балам деген сөз зат есім, оның ішінде жалпы есім, жекеше, оңаша тәуелденудің 1 жағы сияқты бірнеше грамматикалық мағынаға ие болып тұр. Бірақ бұл грамматикалық мағыналардың бәрі де бала сөзінің лексикалық маынасының пайда болу жолдары, түрлері грамматикада қарастырылады. [1,73 б.]
