Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция ИГКЯ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
531.46 Кб
Скачать

Лекциялық курстың мазмұны Лекция сабағы №1 Қазақ тілінің тарихи грамматика пәні

  1. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы – Тіл тарихының дербес саласы

  2. Қазақ тілі грамматикалық құрылысының тарихи дамуын зерттеудің көздері

  3. Тарихи грамматика курсының методологиялық негіздері

1. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы – Тіл тарихының дербес саласы

Грамматика (грекше grammatike (techne) - әуел баста әріптерді оқи алу және жаза білу өнері, gramma - әріп) – 1) тілдің ішкі (граммат.) құрылысы, яғни сөз тудыру, сөзжасам тәсілдерінің морфологиялық, сөз таптары мен түрлену формаларының, категорияларының сөздің бір-бірімен байланысуы, сөз тіркесінің, сөйлем құрылысының жүйесі; 2) тілдің грамматикалық құрылысын, оның заңдылықтарын зерттейтін, яғни сөз таптарын, олардың түрлену жүйесін, грамматикалық тұлғалары мен категорияларының, сөздің бір-бірімен тіркесу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркестері құрылысын, сөздердің сөйлемдегі қызметін, сөйлем жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Грамматика 3 саладан тұрады: сөзжасам процесінің тәсілдері, морфология, синтаксис. Грамматика нормативті және ғылыми грамматика болып бөлінеді. Салыстырмалы тарихи грамматика ғылыми грамматиканың қатарына жатады. Ол туыстас тілдердің және әр дәірдің көне тілдің грамматикалық құрылысындағы тілдік құбылыстардың сәйкестіктерін салыстыра отырып, даму процестерін зерттеуге, ол тілдік құбылыстардың мәні мен сырын ашуға арналады.

Қазақ тілінің алғашқы грамматикалары ХІХ ғ. екінші жартысында орыс тілінде жарық көрді (Терентьев М., Катаринский В., Лаптев Н., Мелиоранский П. М., т.б.).

Кейінгі кезде қазақ тілінің тарихы, жалпы түркі тілдерінің тарихы бойынша зерттеулер интенсивті жүргізілуде.

Көне және орта ғасырлық ескерткіштер, жазба деректер арқылы бізге жеткен қазақ тілінің тарихы ежелгі қазақ тілінің халықтық деңгейі мен тағдырын, сол кезеңдегі ауызекі сөйлеу тілінің коммуниктивтік қызметін, жалпы түркілік дәуірдегі әдеби тіл нормаларының алғашқы қалыптасу жолдарын анықтауға мүмкіндік беретін ғылым саласы болып табылады.

2. Қазақ тілі грамматикалық құрылысының тарихи дамуын зерттеудің көздері

Қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық жүйесінің тарихын білудің көздері мыналар: көне дәуір ескерткіштері, қазіргі қазақ тілі диалектілері, фольклор, ономастика, басқа тілдерге ауысқан сөздер (кейде қазақ тілінен басқа тілге ауысқан сөздер), ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда жазылған әр түрлі кітаптар, қолжазбалар, т.б.

Орхон-Енисей немесе көне түркі жазбалары, ұйғыр жазуының нұсқалары, орта ғасырдың басқы кезеңінде жазылған «Диван лұғат ат-түрік», «Құтадғу білік», орта ғасырдың орта, кейінгі кезеңдеріне қатысты оғыз-қыпшақ (кумын-қыпшақ, қыпшақ-половец) тілдері ескерткіштерінің қазақ тіліне қатысы әр түрлі. Мәселен, Орхон-Енисей жазбалары қазіргі түркі тілдеріне ортақ, өйткені ол жазбалар тілі құрамына бүгінгі түркі тілдерінің барлығының да негізгі ерекшеліктері бар. Алайда көне түркі тілі ескерткіштерін зерттеушілер ол құлпытастар тілінде негізінен оғыз тайпалары тілдерінің заңдылықтары басым екендігін көрсетеді. Оғыз тілі – оғыз-қыпшақ бірлестігіне дейінгі тіл, олай болса қазақ тілінен бір табан алыс болса керек. Ал орта ғасырлық жазбаларының бірсыпырасы оғыз-қыпшақ бірлестігі тілінің негізінде жазылса, «Кодекс Куманикус», т.б. қыпшақ тілінде жазылған, сондықтан олардың қазақ тіліне қатысы тікелей.

Бұл жазбалар тілін құрайтын элементтерді синхрондық (өзара салыстырып, олардың жүйелік заңдылықтары мен «қайшылықтар» тобын айқындау), диахрондық (кейінгі дәуірлерге қатысты жазбалармен, тілдермен, кейде жеке диалектілік топтармен де салыстыру) тұрғыдан зерттеу арқылы бүгінгі тілдің жүйелік заңдылықтарымен қатар ауытқуларының себептері (қайшылықтардың пайда болуы) айқындалады.

Қазақ тілінің тарихи грамматикасы хал-жайын айтқанда, Махмұт Қашқари еңбегінсіз қия баса алмаймыз. М. Қашқари – түркі тілдерінің грамакатикасын алғаш арнай сөз еткен ғалым.

М. Қашқари орта ғасырлардағы ғылымның алыбы, әрі жетік лексиколог, асқан грамматист, тарихшы, әдебиетші, жоғары мәдениетті ғалым болып есептеледі. М. Қашқаридың 3 томдық сөздігі «Китабу Диуани- лұғат-ит түрік» деп аталады. Бұл еңбек алғашқы рет Стамбулда басылып шықты. Автордың толық аты Махмұт бин ал Хусаин бин Махмұт ал-Қашқари. Автордың өмірбаяны туралы деректер жоқтың қасы. Сөздіктің кіріспесінде бүкіл түркі халықтарын 20 ұлысқа бөліп, ол ұлыстарды өзі жасаған картаның ішінде көрсеткен. М. Қашқари өз туған жерін Барсыған (Бар - өлкенің аты, Сағын, сағун>сақ) аймақ, өлке деген әкімшілік термині болған) деп көрсетеді. Бұл – Іле суының бойында жатқан қала.

Келесі жазба ескерткіш – түркістандық Қожа Ахмет Яссауидің (1166 қайтыс болған) «Хикмет» атты 3 кітабы өлеңмен жазылған еңбегі. Кітаптардың мазмұны діншілдік үгіт болып, діни суфизмді дәріптейді, діни суфизмнің басы деуге болады. Кітаптың тілі жатық, қыпшақ тілімен жазылған.

Лексикалық айырмашылық. Араб-иран тілдерімен қолданған сөздерінде.

Грамматикалық ерекшілігі: 1) етістің келер шағы көне түркі –дүр тұлғасында қолданылған. Бұл форма тек қана ХІІ ғасырда өмір сүрген Хожа Ахметте емес, Абай Құнанбаевтың өлеңінде кездеседі:

Ақыл мен хауас барлығы

Білмейдүр жүрек, сезедүр.

Мүтәкәллимин, мантикин

Бекер босқа езедүр

Осындағы –дүр етістіңтің келер шағын білдіретін жұрнақ болса, оның арғы тегі – тұр деген толық мағыналы сөз, етістіңтің түбірі. Кейіннен формасы өзгеріп –ды, (-ді, -ты), -ті етістіктің өткен шақтық көрсеткіші болған.

Қазіргі тілдегі бөркін болып айтылатын табыс септігі көне түркілік дәстүрмен бөркіні болып айтылған.