Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_osv_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
6.5 Mб
Скачать

2.2 Оптикалық сәулеленудің адамға әсер етуі

Оптикалық сәулеленудің үш облысы да адамға активті әсер етеді. Жалпы адам организміне және оның жеке мүшелеріне әсер етудің нәтижесі oң (жайлы) және теріс (жағымсыз) болуы мүмкін. Нәтиже сәулелену кванттарының энергиясымен, сәулелендіріліну деңгейімен және әсер етудің ұзақтығымен анықталады.

Күннің ультракүлгін сәулелері (негізінде УК-В облысы) белгілі дозада организмнің өсуіне және нығаюына себебін тигізеді, яғни пайдалы нәтиже береді. Өйткені оның әсерінен организмде биологиялық активті заттар (витамин Д және т.б.) пайда болады. Бұл заттар қанмен организм бойына тарайды және оған жайлы емдік және әлдендірулік әсер етеді.

Ультракүлгін сәулелері кванттарын жұту және фотохимиялық реакциялардың нәтижесінде адамның тері тканінде бірнеше сағаттан кейін эритема (қызару) және пигменттену пайда болады. Эритема пайда болатын сәулеленудің ең кіші мөлшері табалдырықтық биодоза деп аталады. Ультракүлгін сєулелерімен асқын сәулелендіру ісіп қызару процесіне келтіреді, сондықтан денсаулыққа зиянды болады. Солтүстік аудандарда табиғи ультракүлгін сәулелерінің жетіспеушілігі, әсіресе қысқы күндері, организмнің әлсіреуіне (авитаминозге) әкеледі. Осы себептен сол аудандарда адамдарды жасанды ультракүлгін сәулелерімен сәулелендіру ұсынылады. Көзді арнайы көзілдірікпен қорғамаса қысқа толқынды ультракүлгін сәулелері (УКС - С) оны ауыруға (конъюктивит) ұшыратады (әсіресе таулы жерлерде байқалады). Ультракүлгін сәулелер белгілі дозада организмдегі тіршілікке қажетті функциялардың жұмысын жақсартады, орталық нерв жүйесіне әсерін тигізеді.

Көрінерлік сәулеленудің әсер етуі негізінде адамның көру органына сәйкес зерттелген. Көз - адамның жарық әсерінен қабылдайтын органы. Көзде көрінерлік сәулелену энергиясы нерв импульстері энергиясына түрленеді де көру нервтері бойымен миға беріледі. Нерв импульстері миға жетіп, көрген зат мүсінін (бейнесін) туғызады. Нерв импульстері - айналадағы дүние туралы ақпараттардың негізгі көзі. Көру бейнесін туғызу заттардың жарықтылығы, түсі, мөлшері және пішіні, сондай-ақ олардың қозғалысы мен өзара орналасуы туралы пікір айтуға мүмкіншілік береді.

Өзінің әр түрлі деңгейлі жарықталынуға бейімделушілігінің арқасында адам көзі 0,1 люкстен 100000 люкске дейінгі жарықталынуды қабылдай алады. Көздің бұл қасиеті адаптация деп аталады. Көз оптикалық сәулеленуді іріктеп қабылдағыш болып табылады, сондықтан қуаттары бірдей, бірақ толқындар ұзындықтары әр түрлі болатын көрінерлік сәулелер әр түрлі деңгейлі жарықтық бейнелер туғызады. Адам көзінің спектрлік сезгіштігі тұрақты болмайды. Сезгіштік бақыланатын объектінің жарықтылық деңгейімен анықталады.

Көздің тор қабығында жарық сәулесін қабылдайтын таяқша және колба тәрізді жарық сезгіш көру клеткалары орналасқан. Колба тәрізді клеткалар жарықталыну жоғары деңгейде болғанда жұмыс істейді және күндізгі көру (көз) деп аталады. Таяқша тәрізді клеткалар жарықталыну деңгейі төмен болғанда жұмыс істейтіндіктен түңгі көру (көз) деп аталады. Осыған сәйкес күндізгі және түнгі көрудің спектрлік сезгіштігінің қисықтарын ажыратады (2.1 сурет).

Күндізгі көрудің спектрлік сезгіштігін сипаттайтын қисық негізгі болып саналады. Оның максимум сезгіштігі толқын ұзындығы 555 нм болғанда байқалады. Бұл – спектрдің сары-жасыл телімі. Түнгі көрудің қисығы ұзындықтары қысқа келетін толқындар жағына ығысқан. Таяқша тәрізді клеткалардың түсті қабылдау қабілеті болмайды, сондықтан түнгі көруде түстер ажыратылмайды. Түнгі көру жарықталыну деңгейінен күндізгі көру жарықталыну деңгейіне өту кезінде көз қарауытқан режимінде болады. Осы кезде көздің тор қабығындағы екі түрлі жарық сезгіш клеткалар да жұмыс істейді. Бұл көзге ең қолайсыз режим болып саналады.

2.1- сурет. Көрінерлік (а) және ультракүлгін (б) сәулеленулердің әрекет ету спектрлері:

1- күндізгі көру кезіндегі адам көзінің спектрлік сезгіштігі; 2- түнгі көру кезіндегі адам көзінің спектрлік сезгіштігі; 3- өсімдік орташа бетінің спектрлік сезгіштігі; 4-УК сәулеленудің эритемдік әсер eтуінің спектрі; 5- УК сәулеленудің бактерицидтік әсер eтуінің спектрі.

Орыс ғалымы М.Ломоносов әр түрлі түстердің барлығын қызыл, сары және көгілдір үш түсті араластыру арқылы алуға болатындығы туралы болжау айтты.

Қазіргі ғылыми түсінік бойынша көздің тор қабығында қызыл, жасыл және көк түске сезінетін үш түрлі колба тәрізді клеткалар (жарык сезгіш элементтер) бар. Спектрлік құрамы әр түрлі болатын жарық ағыны түсті сезетін колба тәрізді клеткалардың әр қайсысын әр түрлі қоздырады да бізге түстерді сезіндіреді. Әр түрлі түсті сезу сәулеленудің спектрлік құрамына да жіне көру органының күйіне де байланысты келеді. Дальтониктер белгілі бір түсті қабылдамауы мүмкін.

Инфрақызыл сәулелену негізінде жылулық әсер етеді. Инфрақызыл сәулелердің ену қабілеті жоғары келеді, соңдықтан адамның терең қабаттағы тканын қыздыруға мүмкіншілік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]