
- •1.1 Негізгі түсініктемелер және анықтамалар
- •1.2 Оптикалық сәулелену энергиясының спектрде үлестірілуі
- •1.3 Оптикалық сәулеленуді энергияның басқа түрлеріне түрлендіру
- •2.1 Фотобиологиялық әсер етудің түрлері
- •2.2 Оптикалық сәулеленудің адамға әсер етуі
- •2.3 Оптикалық сәулеленудің малдар мен кұстарға әсер ету1
- •2.4 Оптикалық сәулеленудің өсімдіктерге әсер етуі
- •3.1 Негізгі энергетикалық шамалар және олардың өлшем бірліктері
- •3.2 Тиімді шамалар жүйелерін құраудың жалпы принциптері
- •3.3 Негізгі жарық шамалары және олардың өлшем бірліктері
- •3.4 Ультракүлгін сәулеленудің негізгі шамалары және олардың өлшем бірліктері
- •3.5 Өсімдік шаруашылығында пайдаланатын оптикалық сәулеленудің негізгі шамалары және олардың өлшем бірліктері
- •4.1 Денелердің оптикалық қасиеттері
- •4.2 Оптикалық сәулеленуді өлшеу әдістері
- •4.3 Оптикалық сәулеленуді өлшейтін қабылдағыштар
- •4.4 Оптикалық сәулеленуді өлшейтін қабылдағыштардың негізгі сипаттамалары
- •5.1 Жылулық сәулеленудің негізгі заңдары
- •5.2 Қыздыру шамдарьіның құрылысы және жұмысы
- •5.3 Қыздыру шамдарының негізгі сипаттамалары
- •5.4 Кернеу ауытқуының қыздыру шамының негізгі көрсеткіштеріне әсері
- •5.5 Галоген қыздыру шамдары
- •5.6 Инфрақызыл сәулелену көздері
- •6.1 Жалпы мағлұматтар
- •6.2 Газдардағы және металл буларындағы электр разряды
- •6.3 Газдардағы және металл буларындағы доғалық разрядты тұтандыру және тұрақтандыру шарттары
- •6.4 Балласт кeдepгi тypiнiң газ-разрядтық шaмдapдың жұмысына әсері
- •7.1 Люминесценттік шамның құрлысы және жұмыcы
- •7.2 Люминесценттiк шамның стартерлі қосу сұлбасының жұmыcы
- •7.3 Jiюминесценттік шамдардың негізгі сипаттaмалapы және эксплуатацялық қасиеттерi
- •8.1 Электродтарды алдын ала қыздырумен импульстік тұтандыратын жүргізу-реттеу аппараттары
- •8.2 Электродтарды тұрақты қоздырумен ыстық тұтандыратын жүргізу-реттеу аппараттары
- •8.3 Ілездік тұтандыру жүргізу-реттеу аппараттары
- •8.4 Жүгізу-реттеу аппаратының құрастырылымдық-эксплуатациялық сипаттамалары
- •8.5 Жоғарылатылған жиілікті токпен қоректендіргендегі люминесценнттік шамның жұмысы
- •9.1 Жоғары қысымды сынапты шамдар
- •9.2 Жоғары қысымды доғалық металл-галоидты шамдар
- •9.3 Жоғары қысымды натрийлі шамдар
- •9.4 Доfалық ксенонды шамдар
- •10.1 Төмен қысымды газ-разрядтық ультракүлгін сәулелену көздерi
- •10.3 Өciмдik шаруашылыfында пайдaлaнылaтын га3-разрядтық сәулелену көздерi
- •11.1 Жалпы маfлұматтар. Жарықтaндырfыштарды топтастыру
- •11.2 Сәулелендipгiштер
- •12.1 Электрлiк жарықтандырудың ережелері мен нормалары
- •12.2 Жарықтандырудың жyйелерi мен түрлері
- •12.3 Жарық көздерін және жарықтандырғыштарды таңдап алу
- •12.4 Жарықтандырғыштарды бөлмеде орналастыру
- •12.6 Нүктелік әдіс
- •12.7 Жарық ағынын пайдалану коэффициентінің әдісі
- •Есептеу төртібі:
- •12.9 Люминесценттік шамдарды жарықтандыратын қондырғыларды есептеу
10.3 Өciмдik шаруашылыfында пайдaлaнылaтын га3-разрядтық сәулелену көздерi
Фотосинтез оптикалық сәулелену әpeкeтiнeн өсiмдiктерде өтeтiн энергияны көп тұтынатын процесс болып табылады. Өсiмдіктер өсу және жемiстену үшiн сәулелену деңгейi өте жоғары болуы керек. Жасанды жағдайларда бұл мақсатқа тек электр сәулелену көздерi көмeгiмeн жетуге болады.
Жылыжайлар мен көшетжайларда тұтынылатын электр энергиясының негізгі белiгi өсiмдiктердi сәулелендіруге шығынданады. Сондықтан осы мақсатқа фитобергiштiгi жоғары болатын үнемдi сәулелену көздерiн пайдалану керек.
Фитошамдарға арнайы талаптар қойылады:
1) фитобергiштiгi жоғары болуы;
2) шамның сәулелену ағынында өсiмдiктердiң дамуына қысым көpceтeтiн сәулелердің болмауы;
3) сәулелендiрiлетiн бетте сәулелендiрiлiнудiң қажеттi деңгейiн және таралуын тиiстi арматурамен бiрге немесе арматурасыз жасау үшiн кeңicтiккe сәулеленуiн тарату сипаттaмасы мақсатқа сәйкес болуы;
4) өciмдiктep өceтiн үйжайларға тән жоғары температуралы және ылғалды ауада сенiмдi тұтануы және жұмыс icтeyi. Шам колбасы оған су тамшылары түскенде де сынбауы керек;
5) сәулелену көзi құнының қолайлығы;
6) шамдарды пайдаланудың ыңғайлығы және қаупсiздiгi.
Осы талаптарға жауап беретiн тиiмдi сәулелену көзiн ойлап шығару-өте күрделi мәселе. Бұл мәселе әpi шешуiн күтyдe.
Фитошамдар тиiмдiлiгiнің жоғары болуы олардың сәулеленуiнiң спектрлiк құрамының сәулеленудi қабылдағыштың (жасыл өсiмдiктiң "орташа жапырағының") спектрлiк сезгiштiгiмен сәйкестендiруiне байланысты болады.
ЛФ40-2 типтi кiшi қысымды фитошамдар сәулеленуiнiң ерекшелiгi - толқындар ұзындықтары 400 нм-ден 450 нм-ге дейiн және 600 нм-ден 700 нм-ге дейiн болатын сәулеленудiң спектрлiк тығыздығының жоғарылығы. Осы толқын ұзындықтарынa өciмдiктің спектрлiк сезгiштiгiнiң максимумдары келедi. ЛФ40-2 шамы сәулеленуiнiң қажеттi спектрлiк құрамы люминофор компоненттерiн таңдап алумен байланысты. Бұл шамдардың жарықтандыруға арналған люминесценттiк шамдардан басқа құрастырылымдық айырмашылығы жоқ. Шамның қуаты 40 Вт, сондықтан жарықтану қажеттi деңгейде болу үшiн жылыжайларда көп шамдар пайдалану керек болады. Бұл жарық көздерiн жылыжайда орнатуды қиындатады және күндiз табиғи жарықтану деңгейiн төмeндeтeдi. Ocы себептерден тиiмдiлiгiнiң жоғарылығына қарамастан ЛФ40-2 шамдары жылыжайларда сирек қолданылады. Жоғары қысымды ДРЛ-400, ДРВ-750, ДРФ-1000 типті фитошамдарды пайдаланғанда жоғарыда айтылған кемшiлiктердi бiрқатар жоюға болады.
ДРЛФ-400 фитошамдардың ДРЛ жарықтандыратын шамдардан ацырмашылығы – пайдаланылатын люминофор ұүрамының өзгешелігі және люминофордың астында сәулелену ағының кеңістікте керекті түрде тарататын шағылыстырғыш болуы. Бұл шамдар ОТ 400 сәулелендіргіштермен жылыжайларда жиі қолданылады.
ДРВ 750 шамдарда балласт кедергі ретінде вольфрам спираль пайдаланылады. Ол шам колбасының iшiне opнатылады. Балласт ендергінің сәулеленуi люминофор шығаратын сәулелерге қосылып, шамның жалпы сәулелену спектрін жақсартады. Балласт кедергі колба iшiнде орналасқан газ-разрядтық шамдарды пайдалану сәулелендiретiн қондырғыларға жұмсалатын күрделi қаражатты 5...6 есе азайтyға мүмкiншiлiк бередi. Бiрақ актив кeдepгiдe (спиральде) қуат шығыны көп болғандықтан шамның индуктив балласт пайдаланатын шамдардан тиiмдiлiгi 1,5...2,0 есе кем болады.
ДРФ1000 фитошамының құрылысы 10.4 суретте көрсетiлген.
10.4 сурет – ДРФ1000 шамының құрылысы:
l-iшкі кварц колба; 2- негiзгi электpодтар; 3- сыртқы колба; 4- ток шектейтiн резистор; 5- қосымша электрод.
Кварц шыныдан дайындалған жанарғының 1 iшiне аргон, литий жане индий иодидтерi қосылған сынап булары еңгiзiлген. Сыртқы колба 3 қызyғa төзiмдi шыныдан дайындалған. Шыны бетіне су тамшылары түскенде жарылмайды. Колбаның ішкi қабатында алюминийден және оның тотықтapынaн дайындалған шағылыстырғыш бар. Негiзгi электродтар 2 торий тотықтарымен активтелген вольфрамнан дайындалған. Қосымша тұтандырғыш электpод 5 кедергiсi 10…15 кОм болатын ток шектейтін резистор 4 арқылы жалғанған. ДРФ 1000 шамдар жарықтандыруға арналған метал-галлоидты шамдар сияқты жұмыс iстейдi. Жанарғы iшiне металл иодидтерi еңгiзу 90 фт-ке тең фит-ағынының және 90 мфт/Вт фит-бергiштiгiн алуға мүмкiншiлiк бердi. Шам электр торабына ДБ 1000-2/220 В балласт құрылғы көмeгiмeн қосылады.[kgl]
[gl] ЖАРЫҚТАНДЫРАТЫН ЖӘНЕ СӘУЛЕЛEНДІРЕТIН ҚОНДЫРFЫЛАР[:]
ЖАРЫҚ ҚҰРAJIДAPЫ МЕН СӘУЛЕЛEНДIРГIШТЕРI