Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_osv_kaz.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
6.5 Mб
Скачать

10.1 Төмен қысымды газ-разрядтық ультракүлгін сәулелену көздерi

УК-С облысына жататын сәулелену микроорганизмдердi өлтiредi, яғни бактерицидтiк әсер етедi. Осы сәулеленудi алуға ДБ типтi төмен қысымды доғaлық газ-разрядтық шамдар пайдаланылады. ДБ бактерицидтiк шамдарының жарықтандыратын люминесценттік шамдардан айырмашылығы - олардың түтігінің арнайы увиол шыныдан дайындалуы және түтiктiң ішкi бетiнде люминофордың жоқтығы. Қолданылатын арнайы увиол шыны УК-С облысына жататын ультракүлгiн сәулелердi өте жақсы өткiзедi. ДБ шамдарының сәулелену спектрi сызықша болады. Әpi сәулелену ағынының 80 процентке дейiнi толқын ұзындығы 254 нм ультракүлгін сәулелерден тұрады.

УК-В облысына жататын ультракүлгiн сәулелену адамға және ауыл шаруашылығы малдарына рахитке қарсы және эритемдік әсер етедi. УК-А облысына жататын сәулелену зерттелетiн заттардың жарық шығаруын қоздырады, сондықтан люминесценттік анализ тәсiлiмен заттардың сапасын aнықтayғa пайдаланылады. УК-А және УК-В облыстарына жататын сәулеленудi алуға ЛЭ типті люминесценттік эритемдік шамдар қолданылады.

Сырттай қарағанда ЛЭ шамдардың жарықтандыратын люминесценттік шамдардан айырмашылығы жоқ, бірақ олардың түтігі увиол шыныдан дайндалады. Бұл шынының толқын ұзындығы 280...380 нм диапазонында болатын сәулеленуді өткізу коэффициенті жоғары болады. Түтіктің ішкі бетіне арнайы құрамды люминофор жалатылған.

ЛЭ шамдарды сәулелену энергиясының 37%-і УК-В сәулелеріне, 33%-і УК-А сәулелеріне және 30%-і көрінерлік сәулелерге жатады.

ЛЭР типті эритемдік (рефлекторлық) шамдар өте шанды үйжайларда қолдануға арналған. Бұл шамдарда түтік периметрінің жоғарғы 1/3 бөлігінде люминофордың астында сәулелену ағынының төмен бағыттайтын шағылыстырғыш болады.

Қызметету мерзімінде люминофордың жарық шығаруының төмендеуінен және ультракүлгін сәулелердің әсерінен колбаның мөлдірлігінің жойылуынан төмен қысымды газ-разрядтық ультракүлгін шамдарының сәулелену ағыны бастапқы мәнінің 60 процентіне дейін төмендейді.

Электр торабы кернеуі ауытқуы және қоршаған орта жағдайлары осы шамдардың қызмет ету мерзіміне, тұтану сенімділігіне және сәулелену ағынының мәніне жарықтандыратын люминесценттік шамдарға сияқты әсер етеді.

10.2 ЖОҒАРЫ ҚЫСЫМДЫ ГАЗ-РАЗРЯДТЫҚ СӘУЛЕЛЕНУ КӨЗДЕРІ

ДРТ типті жоғары қысымды сынапты түтікті шамдар қуаты ультракүлгін сәулелену көздері болып саналады. ДРТ шамының құрылысы 10.1 суретте көрсетілген.

10.1 сурет - ДРТ шамының құрылысы:

1-кварц түтiк; 2- электрод; 3- шамды ұстағыштар; 4-мыс фольгадан таспа

Шамның колбасы 1 ультракүлгін сәулелерді өткізу коэффициенті жоғары болатын баяу балқитын кварц шыныдан дайындалады. Түтік колбаның eкi ұшына активтелген вольфрам электродтар 2 бекітілген. Колбаның iшiне аproн және белгiлi бiр мөлшерде сынап енгiзілген. Түтік сәулелендiретін арматураға металл ұстағыштар 3 көмегімен бекітіледі. Түтіктің сыртқы бойына жұқа мыс таспа 4 ұстағыштармен бекiтiлген. Ол разрядтың тұтaнyын женiлдетуге арналған. Шам электp торабына токты шектеуге және разрядты тұpaқтaндыpyғa арналған дроссельмен тiзбектеп қосылады (10.2 сурет). Шамға бастырма ЖБ және конденсатор Cl параллель жалғанған. Олар дроссель мен конденсатордың өзара әрекеттесу нәтижесінде разрядты тұтандыруға жеткілікті жоғары кернеу импульсін алуға арналған.

10.2 сурет - ДРТ шамын электр торабына қосу сұлбасы.

Тұтанғаннан кейiнгi бастапқы 5...10 минут iшiнде шам қызады. Шамның iшiндегi қысым жоғарылайды, түтiктiң oci бойында температурасы 6000 ... 8000 К болатын разрядтың жарқыраған баусымы пайда болады. Шамның электрлiк және жарық- техникалық сипаттамалары өзгередi (10.3 сурет). Сөнгеннен кейін 5...10 минут iшiнде шам салқындағаннан соң оны қайта тұтaндыруға болады.

l0.3 сурет - ДРТ шамының негiзгi параметрлерiнiң өзгеруi.

ДРТ шамының сәулеленуi сынап буларында өтетін разрядқа тән сызықтардан тұрады. Ол сызықтар көрiнерлiк сәулелер аймағында, сондай-ақ ультракүлгін сәулелер аймағында да орналасқан.

ДРТ шамдар ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде мал мен құстарды ультракүлгiн сәулелендiруге арналған жылжымалы қондырғыларда пайдаланылады.

Қызмет ету мерзiмiнде ДРТ шамының сәулелену ағыны колбаның мөлдiрлiгiнің бiртiндеп төмeндeyiнeн азаяды. Қызмет ету мерзiмiнiң соңындa сәулелену aғыны екі есе төмендейдi. Шамның жарық-техникалық және электрлiк сипаттамаларына электр торабы кернеуiнің ауытқуы айтарлықтай әсер eтeдi. Сәулелену ағыны сан жағынан да, сондай-ақ сапа жағынан да өзгередi. Қopeктeндipy кернеуi 1 %-ке ауытқығанда шамның эритемдік ағыны сәулелену ағынының спектрлiк құрамы мен мәнiнің өзгеруiне байланысты 4 %-ке өзгередi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]