
- •1.1 Негізгі түсініктемелер және анықтамалар
- •1.2 Оптикалық сәулелену энергиясының спектрде үлестірілуі
- •1.3 Оптикалық сәулеленуді энергияның басқа түрлеріне түрлендіру
- •2.1 Фотобиологиялық әсер етудің түрлері
- •2.2 Оптикалық сәулеленудің адамға әсер етуі
- •2.3 Оптикалық сәулеленудің малдар мен кұстарға әсер ету1
- •2.4 Оптикалық сәулеленудің өсімдіктерге әсер етуі
- •3.1 Негізгі энергетикалық шамалар және олардың өлшем бірліктері
- •3.2 Тиімді шамалар жүйелерін құраудың жалпы принциптері
- •3.3 Негізгі жарық шамалары және олардың өлшем бірліктері
- •3.4 Ультракүлгін сәулеленудің негізгі шамалары және олардың өлшем бірліктері
- •3.5 Өсімдік шаруашылығында пайдаланатын оптикалық сәулеленудің негізгі шамалары және олардың өлшем бірліктері
- •4.1 Денелердің оптикалық қасиеттері
- •4.2 Оптикалық сәулеленуді өлшеу әдістері
- •4.3 Оптикалық сәулеленуді өлшейтін қабылдағыштар
- •4.4 Оптикалық сәулеленуді өлшейтін қабылдағыштардың негізгі сипаттамалары
- •5.1 Жылулық сәулеленудің негізгі заңдары
- •5.2 Қыздыру шамдарьіның құрылысы және жұмысы
- •5.3 Қыздыру шамдарының негізгі сипаттамалары
- •5.4 Кернеу ауытқуының қыздыру шамының негізгі көрсеткіштеріне әсері
- •5.5 Галоген қыздыру шамдары
- •5.6 Инфрақызыл сәулелену көздері
- •6.1 Жалпы мағлұматтар
- •6.2 Газдардағы және металл буларындағы электр разряды
- •6.3 Газдардағы және металл буларындағы доғалық разрядты тұтандыру және тұрақтандыру шарттары
- •6.4 Балласт кeдepгi тypiнiң газ-разрядтық шaмдapдың жұмысына әсері
- •7.1 Люминесценттік шамның құрлысы және жұмыcы
- •7.2 Люминесценттiк шамның стартерлі қосу сұлбасының жұmыcы
- •7.3 Jiюминесценттік шамдардың негізгі сипаттaмалapы және эксплуатацялық қасиеттерi
- •8.1 Электродтарды алдын ала қыздырумен импульстік тұтандыратын жүргізу-реттеу аппараттары
- •8.2 Электродтарды тұрақты қоздырумен ыстық тұтандыратын жүргізу-реттеу аппараттары
- •8.3 Ілездік тұтандыру жүргізу-реттеу аппараттары
- •8.4 Жүгізу-реттеу аппаратының құрастырылымдық-эксплуатациялық сипаттамалары
- •8.5 Жоғарылатылған жиілікті токпен қоректендіргендегі люминесценнттік шамның жұмысы
- •9.1 Жоғары қысымды сынапты шамдар
- •9.2 Жоғары қысымды доғалық металл-галоидты шамдар
- •9.3 Жоғары қысымды натрийлі шамдар
- •9.4 Доfалық ксенонды шамдар
- •10.1 Төмен қысымды газ-разрядтық ультракүлгін сәулелену көздерi
- •10.3 Өciмдik шаруашылыfында пайдaлaнылaтын га3-разрядтық сәулелену көздерi
- •11.1 Жалпы маfлұматтар. Жарықтaндырfыштарды топтастыру
- •11.2 Сәулелендipгiштер
- •12.1 Электрлiк жарықтандырудың ережелері мен нормалары
- •12.2 Жарықтандырудың жyйелерi мен түрлері
- •12.3 Жарық көздерін және жарықтандырғыштарды таңдап алу
- •12.4 Жарықтандырғыштарды бөлмеде орналастыру
- •12.6 Нүктелік әдіс
- •12.7 Жарық ағынын пайдалану коэффициентінің әдісі
- •Есептеу төртібі:
- •12.9 Люминесценттік шамдарды жарықтандыратын қондырғыларды есептеу
9.2 Жоғары қысымды доғалық металл-галоидты шамдар
9.4 суретте ДРИ (доғалық сынапты металдар иодидтерімен) шамының құрылысы көрсетілген.
9.4 сурет – ДРИ шамының құрылысы:
1-ішкі кварц колба; 2-электродтар; 3-сыртқы колба
9.5 сурет – ДРИ шамын электр торабына қосу сұлбасы
Шам кварц шыныдан түтік түрінде жасалынған жанарғыдан 1 тұрады. Түтіктің екі шетіне вольфрам электродтар 2 бекітілген. Түтікің ішіне аргон, белгілі мөлшерде сынап, сирек кездесетін металдардың (гольмийдің, тулийдің, таллийдің), натрийдің және цезийдің йодидтері енгезіледі. Сыртқы колба 3 мөлдір, кызуға төзімді шыныдан дайындалады. Колбаның ішінен ауа сорылып алынған. Вакуум жанарғыға қажетті температуралық режимді қамтамасыз етеді және шамның ток өткізетін бөлшектері аралығында электрлік тесілу болу мүмкіншілігін жояды. 9.5 суретте ДРИ шамың электр торабына қосу сұлбасы келтірілген. Тр2 трансформаторының екінші орамасы электродтар аралығындағы разрядты тұрақтандыратын балласт кедергінің міндетін атқарады. Тр2 трансформаторының бірінші орамасы Тр1 трансформаторынан, С конденсаторынан және Р разрядтаушынан тұратын арнайы тұтандырғыш құрылғының құрамына кіреді.
Шамның электродтарына берілген электр торабының кернеуі олар аралығында разряд пайда болуына жеткіліксіз болады. ЖБ бастырмасымен Тр1 трансформаторын электр торабына қосқанда торап кернеуінің жартылай периоды бөлігінің ішінде С конденсатор Р разрядтауыштың тесілу кернеуіне дейін зарядталады. Тесілу кезінде Тр2 трансформаторының бірінші орамасымен конденсатордың зарядсыздану тогының импульсі өтеді, ал Тр2 трансформаторының екінші орамасында амплитудасы 2…3 кВ –ке дейін жететін кернеу импульсі пайда болады. Осы кернеу импульсі шам жанарғысында разрядтың тұтануын қамтамасыз етеді. Торап кернеуінің келесі жартылай периодында процесс қайталайды.
Тұтандырғыш құрылғы қоршаған орта температурасы – 400 С –қа дейін болғанда шамның сенімді жұмысқа қосылуын қамтамасыз етеді. Шам тұтанғаннан кейін жұмыс режиміне 2…4 минут ішінде ауысады. Шамды сөндіргеннен кейін 5…10 минуттан соң қайта іске қосуға болады.
Сынап буларында өтетін разрядтың спектрі сызықша келеді. Түтіктің ішіне енгізілген әрбір компонент осы сызықша спектрді өзінің сәулеленумен толықтырады. Натрий иодиді негізгі (сынап буларындағы) сәулеленуді спектрдің сары бөлігінде толықтырады, таллий иодиді- жасыл, индий иодиді- көк бөлігінде. Барлық компоненттер сәулелену жиынтығы үздіксіз спектр болып көрінеді, ал жарық құрамы шамның сәулелену түсін табиғи жарықтың түсіне жақындатуға мүмкіншілік береді. ДРИ шамдарының жарық ағыны қуаттары бірдей ДРЛ шамдарының жарық ағынынан 1,5...1,6 есе көп болады, сәулеленуінің спектрлік құрамы дұрыс түс берілісті қамтамасыз етеді. ДРИ шамдарының жарық бергіштігі 95 лм/Вт шамасындай болады, сондықтан олар өте тиімді жарық қөздерінің катарына жатады. Жанарғысы сыртқы колбаның вакуумды ортасында орналасқандығынан қоршаған ортаның жағдайы шамның жарық-техникалық сипаттамаларына айтарлықтай әсер етпейді.
ДРИ шамдарының кемшілігіне олардың жарық ағынының пайдалану кезінде ДРЛ шамдарының жарық ағынына қарағанда 1,3…1,5 есе тез төмендеуі және осы себептен қызмет ету мерзімінің аздығы жатады. Сонымен қатар, электр торабы кернеуінің ауытқуы бұл шамдардың қуаты мен жарық ағынына әсер етуі өте жоғары келеді: торап кернеуінің 10 UН шегінде ауытқуы жарық ағынының номинал мәнінен 3 есе, ал қуаттың номинал 2,2 есе көп ауытқуын тудырады.
Арнайы тұтандырғыш құрылғыны қолдану жүргізу-реттеу аппаратының құның жоғарылатады және пайдалануын қиындатады. ДРИ шамдарының қуаты 250, 400, 700, 1000 және 2000 Вт болады.