Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_osv_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
6.5 Mб
Скачать

8.1 Электродтарды алдын ала қыздырумен импульстік тұтандыратын жүргізу-реттеу аппараттары

Электродтарды алдын ала қыздырумен импульстік тұтандыратын ЖРА люминесценттік шамдарды стартер арқылы қосуға арналған. Мұндай ЖРА-ның құрылысы мен жұмысы бұрын қаралды. Екі люминесценттік шамды "тарамдалған фазалы" сұлба бойынша электр торабына қосуға арналған ЖРА (8.1 сурет) олардың жиынтық жарық ағынының пульстенуін төмендетуге және құрылғының қуат коэффициентін жоғарылатуға пайдаланылады. Ш1 шам индуктив балластпен (Др1), ал Ш2 шам құрамалы балластпен (С2 + Др2) қосылғандықтан, Ш1 шамның тогы торап кернеуінен 60 бұрышқа кешігеді, ал Ш2 шамның тогы кернеуден 60 бұрышқа озады.

8.1 сурет – «Тарамдалған фазалы» сұлба бойнша люминесценттік шамдарды қосу сұлбасы

Токтардың ығысуынан шамдардың жарық ағындары бір-бірінен 120 бұрышқа ығысады. Бұл шамдардың жиынтық жарық ағынының пульстенуінің төмендеуін қамтамасыз етеді (8.2 сурет).

8.2 сурет - «Тарамдалған фазалы» сұлба бойнша қосылған шамдар жарық ағынының пульстенуі

Бір шамның тогы торап кернеуінен озғандықтан, ол екінші шамның тогы торап кернеуінен кешіккендіктен құрылғының қуат коэффициенті бірге жуық (8.3 сурет).

8.3 сурет -«Тарамдалған фазалы» сұлбада токтардың векторлық диаграммасы

Кернеудің номинал мәнінен ауытқуында осьндай сұлба бойынша қосылған шамдардың жиынтық жарық ағынының тұрактылығы бір шамдық ЖРА-мен салыстырғанда жоғары. Бір шамдық ЖРА-мен салыстырғаңда екі шамдық ЖРА-ы пайдаланғанда құрылғының габариттік мөлшері кіші, массасы аз, үнемділігі жоғары болады.

127 В кернеуге есептелген қуаты 20 Вт және одан кіші болатын шамдарды кернеуі 220 В электр торабынан қоректендіру қажет болғак жағдайда люминесценттік шамдарды тізбектен қосуға арналған ЖРА пайдаланылады (8.4 сурет). Ш1 және Ш2 шамдардың қуаттары тең болуы керек. Дроссельді Ш1 және Ш2 шамдардың қуаттары қосындысы бойынша тандап алады және оның "ортаншы" - электродтарды қыздыратын қосымша орамасы Wқос болуы керек.

Стартерді электр торабының номинал кернеуіне байланысты таңдап алады.

Сұлбаның негізгі кемшілігі - ЖРА-да қуат шығының жоғарылататың дроссельдің қосымша орамасының болуы.

8.4 сурет – Люминесценттік шамдарды тізбектеп қосу сұлбасы

Бір шам жұмыстан шықса екінші шамда жұмыс істемейді. Стартер люминесценттік шамды электр торабына қосатын сұлбаның ең сенімсіз элементі болып саналады. Өйткені оның электрлік параметрлері тұрақсыз, қызмет ету мерзімі аз және ол мерзім іске қосылу санына тәуелді келеді.

Стартердің осы кемшіліктері шамның қызмет ету мерзімің қысқартады, ЖРА-ның асқын қызуына және оның жұмыстан шығуына әкеледі.

Шала өткізгіш элементтердің вольт – амперлік сипаттамаларының ерекшеліктері оларды солғын разряд стартерлерінің орнына пайдалануға мүмкіндік береді.

Позисторлар, динисторлар және тринисторлар пайдаланылған сұлбалар бар. 8.5 суретте динисторлар көмегімен люминесценттік шамды электр торабына қосу сұлбасы берілген. 8.6 суреттегі осциллограммалардан шамның тұтану процесі

8.5 сурет – Солғын разряд стартерінің орнына динисторларды пайдаланып люминесценттік шамды электр торабына қосу сұлбасы

8.6 сурет – Люминесценттік шамды динисторлар көмегімен тұтандырғандағы кернеулер мен токтың ілездік мәндерінің осциллограммалары

көрінеді. Электр торабы кернеуінің оң жарты толқынының белгілі ілездік мәнінде (R кедергісінің мәнімен анықталатын) Д1 және Д2 динисторлар ашылады. Шам электродтарымен алдын ала қыздыру тогы іақ өтеді, қыздыру кезінде шамдағы кернеу ашық динисторлардағы кернеу түсуіне тең болады. Қыздыру тогы іақ=0 болған кезде шамға теріс жарты толқынның кернеуі беріледі. Егер шам электродтары толық қыздырылса және шамның тұтану кернеуі амплитудалық мәннен төмендесе, шам тұтанады. Егер электродтар толық қыздырылмаса, электр торабы жиілігімен процесс қайталанылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]