
- •1.1 Негізгі түсініктемелер және анықтамалар
- •1.2 Оптикалық сәулелену энергиясының спектрде үлестірілуі
- •1.3 Оптикалық сәулеленуді энергияның басқа түрлеріне түрлендіру
- •2.1 Фотобиологиялық әсер етудің түрлері
- •2.2 Оптикалық сәулеленудің адамға әсер етуі
- •2.3 Оптикалық сәулеленудің малдар мен кұстарға әсер ету1
- •2.4 Оптикалық сәулеленудің өсімдіктерге әсер етуі
- •3.1 Негізгі энергетикалық шамалар және олардың өлшем бірліктері
- •3.2 Тиімді шамалар жүйелерін құраудың жалпы принциптері
- •3.3 Негізгі жарық шамалары және олардың өлшем бірліктері
- •3.4 Ультракүлгін сәулеленудің негізгі шамалары және олардың өлшем бірліктері
- •3.5 Өсімдік шаруашылығында пайдаланатын оптикалық сәулеленудің негізгі шамалары және олардың өлшем бірліктері
- •4.1 Денелердің оптикалық қасиеттері
- •4.2 Оптикалық сәулеленуді өлшеу әдістері
- •4.3 Оптикалық сәулеленуді өлшейтін қабылдағыштар
- •4.4 Оптикалық сәулеленуді өлшейтін қабылдағыштардың негізгі сипаттамалары
- •5.1 Жылулық сәулеленудің негізгі заңдары
- •5.2 Қыздыру шамдарьіның құрылысы және жұмысы
- •5.3 Қыздыру шамдарының негізгі сипаттамалары
- •5.4 Кернеу ауытқуының қыздыру шамының негізгі көрсеткіштеріне әсері
- •5.5 Галоген қыздыру шамдары
- •5.6 Инфрақызыл сәулелену көздері
- •6.1 Жалпы мағлұматтар
- •6.2 Газдардағы және металл буларындағы электр разряды
- •6.3 Газдардағы және металл буларындағы доғалық разрядты тұтандыру және тұрақтандыру шарттары
- •6.4 Балласт кeдepгi тypiнiң газ-разрядтық шaмдapдың жұмысына әсері
- •7.1 Люминесценттік шамның құрлысы және жұмыcы
- •7.2 Люминесценттiк шамның стартерлі қосу сұлбасының жұmыcы
- •7.3 Jiюминесценттік шамдардың негізгі сипаттaмалapы және эксплуатацялық қасиеттерi
- •8.1 Электродтарды алдын ала қыздырумен импульстік тұтандыратын жүргізу-реттеу аппараттары
- •8.2 Электродтарды тұрақты қоздырумен ыстық тұтандыратын жүргізу-реттеу аппараттары
- •8.3 Ілездік тұтандыру жүргізу-реттеу аппараттары
- •8.4 Жүгізу-реттеу аппаратының құрастырылымдық-эксплуатациялық сипаттамалары
- •8.5 Жоғарылатылған жиілікті токпен қоректендіргендегі люминесценнттік шамның жұмысы
- •9.1 Жоғары қысымды сынапты шамдар
- •9.2 Жоғары қысымды доғалық металл-галоидты шамдар
- •9.3 Жоғары қысымды натрийлі шамдар
- •9.4 Доfалық ксенонды шамдар
- •10.1 Төмен қысымды газ-разрядтық ультракүлгін сәулелену көздерi
- •10.3 Өciмдik шаруашылыfында пайдaлaнылaтын га3-разрядтық сәулелену көздерi
- •11.1 Жалпы маfлұматтар. Жарықтaндырfыштарды топтастыру
- •11.2 Сәулелендipгiштер
- •12.1 Электрлiк жарықтандырудың ережелері мен нормалары
- •12.2 Жарықтандырудың жyйелерi мен түрлері
- •12.3 Жарық көздерін және жарықтандырғыштарды таңдап алу
- •12.4 Жарықтандырғыштарды бөлмеде орналастыру
- •12.6 Нүктелік әдіс
- •12.7 Жарық ағынын пайдалану коэффициентінің әдісі
- •Есептеу төртібі:
- •12.9 Люминесценттік шамдарды жарықтандыратын қондырғыларды есептеу
7.1 Люминесценттік шамның құрлысы және жұмыcы
Жалпы мақсатқа арналғaн люминесценттiк шам (7.1 сурет) eкi шетiнен шыны аяқшалармен 3 герметикалық жабылған цилиндрлiк колба (түтiк) 5. Аяқшаларғa биспираль 4 түpiндe вольфрам cымнан жасалған және электрондар эмиссиясын көбейту үшін сырты оксидпен қапталған электродтар бекітiледi.
Шамның екі шетiне электродтардың ұштарына дәнекерленген, шамды электр торабына қосуға арналған қысқа металл түтiкшелерi (түйicпелepi) 1 бар екі цоколь 2 орнатылады.
7.1 сурет - Люминесценттiк шамның құрылысы:
l-түйiспелер; 2-цоколь; 3-шыны aяқша; 4-биспираль; 5-колба
Колбаның iшкi жағына люминофор (белгiлi химиялық құрамды крuсталл заттар) қабаты жалатылады. Колбаның iшiнен ауа тартып шығaрылғaн және оның iшiне аргон (инертті газ) және белгiлi бiр мөлшерде сынап тамшысы (30...80 мг) енгiзiлген. Аргон электродтардың оксид қабаты бөлшектерiнiң қоршап тұрғaн opтaғa ұшуын азайту және электр разрядының тұтaнуын жеңiлдету үшiн енгiзiледi. Аргон және сынап булары қоспасындa разряд жеңiл пайда болады. Разряд кезiнде қозатын және сәулеленетін тек сынап атомдapы ғана.
Кристалдық құрылымына байланысты өзiнiң белгiлi түйiндерiнде энергияны шоғырлап жинау нәтиесiнде люминесценттік сәулеленетiн заттар люминофорлар деп аталады. Люминесценттiк шамдарда пайдаланылатын люминофор - ұнтақ зат. Люминофор түйiршiктерiнiң мөлшерi, қабаттың қалындығы мен құрылымы шамның жарық-техникалық қасиеттерiне күштi әсер eтeдi. Әдетте 1 см2-ге 2...3 мг люминофор жалатылады.
Оптикалық сәулелену фотондарының әрекет eтyiнe люминофорда сәулеленудiң түрлену сұлбасы 7.2 суретте көрсетiлген.
Энергия сақталу заңына сәйкес:
hνқ = hνс+ q, (7.1)
hνқ - қоздыру фотонының энергиясы; hνс – сәулелену фотонының энергиясы; q - түрлендiру шығындары.
7.2 сурет – Сәулеленудi түрлендipy сұлбасы:
hνқ - қоздыру кванты; hνс – сәулелену кванты; Л - люминофор; q - түрлендiру шығындары; Ш – шыны
Бұдан hνқ > hνс eкeндiгi келiп шығады. Cондықтaн νқ < νс, өйткенi λ=с/ν, яғни қоздыру толқынының ұзындыы әрқашан да люминофор сәулеленуiң толқын ұзындығынан қысқa болады. Бұл факт Стокс ережесi peтiндe айқындaлады. Осы ережеге сәйкес, люминофорда ультракүлгiн сәулелену ұзын толқынды, мысалы көрiнерлiк, сәулеленуге түрленyi керек. Бұл люминесценттiк шамдарда байқалады.
Люминесценттiк шамдарда электр энергиясының көрiнерлiк сәулеленуге түрленуiн екі кезеңге бөлуге болады:
1) сынап буларындағы электр разряды кезiнде электр энергиясын ультракүлгiн сәулелену энергиясына түрлендiру;
2) люминофор қабатында ультракүлгiн сәулеленуiн көрiнерлiк сәулеленуге түрлендіру.
Көрiнерлiк сәулеленудің (5...7%) электродтар арасында өтeтін электр разрядының өзiмен шығарылады.
Химиялық құрамы әр түрлі болатын люминофорларды пайдаланумен люминесценттiк шам сәулеленуiнің кез келген спектрiн алуға болады.
Қазiргi уақытта шығарылатын люминесценттiк шамдар сәулеленуiнiң түciнe байланысты бөлiнедi. Осы қасиетіне байланысты люминесценттiк шамдардың үлгiқалыптық түcтepi былай белгiленедi: Д - күндiзгi - абсолют қара дененің 6500 К температурадағы сәулелену түсіне сәйкес; Б - ақ - абсолют қара дененің 4200 К температурадағы сәулелену түciнe сәйкес; ХБ - салқын ақ - абсолют қара дененің 4800 К температурадағы сәулелену түсіне сәйкес; ДЦ - түс берiлiсi жақсартылған; Е - табиғи; БЕ - ақ табиғи; ХЕ - салқын табиғи. Шаңды орталарда пайдалануға арналған рефлекторлы люминесценттiк шамдар да шығарылады. Бұл шамдарда түтiктiң периметрiнің жоғарғы 2/3 белiгiне люминофордың астына диффуздық шағылысатын және шағылысу коэффициентi жоғары келетiн жұқа айналы қабат жағылады. Оларды жарықтандырғышсыз пайдалануға болады.