Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_osv_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
6.5 Mб
Скачать

6.3 Газдардағы және металл буларындағы доғалық разрядты тұтандыру және тұрақтандыру шарттары

Газ – разрядтық шамның электродтарына сыртқы кернеу берілмегенде зарядталған бөлшектердің табиғи пайда болу процесі олардың рекомбинацияланумен (бейтарап бөлшектерді қайта құрумен) теңдестіріледі. Электродтардағы кернеуді жоғарылатқан сайын зарядталған бөлшектердің саны көбейеді.

Кернеу мәні біршамаға жеткеннен бастап зарядталған бөлшектер санының өсу процесі және, сондықтан, электродтар аралығындағы ток күші іс жүзінде ілез (10-5...10-7 С) дамиды да жарқыл шығарудың пайда болуына әкеледі. Бұл құбылыс тәуелсіз разрядты тұтандыру деп аталады. Кернеудің тәуелсіз разряд пайда болатын ең кіші мәні тұтандыру кернеуі Uш.т. деп аталады. Оның мәні газдың тегі мен қысымына, электродтардың эмиссиялық қасиеттеріне және олардың аралық қашықтығына байланысты болады. Тәуелсіз доғалық разрядтың тұтану кернеуі қалыптасқан режимде разрядты сөндімей ұстап тұруға қажетті кернеуден айтарлықтай жоғары болады. Өйткені қалыптасқан режимде электродтар аралығы иондалған және өзінің бетіне түскен зарядталған бөлшектердің кинетикалық энергиясымен қыздырылған катод электрондар эмиссиясының жеткілікті деңгейін қамтамасыз етеді. Сондықтан осы режимде разрядты сүйемелдеу төмен кернеу керек болады.

Газ-разрядтық сәулелену көзінің тұтану кернеуі өзі қосылған электр торабының тиімді кернеуінен де жоғары болады. Сонымен бірге доғалық разрядты электр торабы кернеуінен жоғары болмайтын кернеуде тұтандыру мүмкіншілігі дұрыс болып табылады. Оған бірнеше тәсілдермен жетуге болады. Мысалы, газ-разрядтық аралыққа қосымша электродтар енгізіп газдың бірінші иондауын өсіруге болады. Қосымша электродтар көмегімен катод маңында электр өрісінің жоғары кернеулігі жасалынады, ал ол разрядтың пайда болуына және дамуына мүмкіндік туғызады. Тұтыну кернеуін төмендетудің басқа да тәсілдері пайдаланылады: электродтардың эмиссиялық қасиеттерін жоғарылату үшін олардың бетін активтендіретін қабатпен қаптау; катод бетінен электрондардың шығу жұмысын азайту үшін оларды алдын ала қыздыру; электродтар аралығында электр өрісінің таралуын өзгерту үшін шамның сыртқы бетіне ток өткізетін тілім орналастыру және т.б.

Доғалық разрядтық құламалы вольт-амперлік сипаттамасы оны тұрақсыз қылады. Сондықтан газ-разрядтық сәулелену көзін электр торабына қосу сұлбасына разрядты тұрақтандыратын және токты белгіленген мәнде шектейтін элемент болуы керек. Сәулелену көзін айнымалы ток торабынан қоректендіргенде осы элемент ретінде дұрыс таңдап алынған әр түрлі кедергіні (актив, индуктив, сыйымдылық, аралас) пайдалануға болады. Бірақ газ-разрядтық сәулелену көзі жұмысының жарық-техникалық, энергетикалық және эксплуатациялық көрсеткіштері әр түрлі балласт кедергілерді пайдаланғанда бірдей болмайды.

Шамды тұрақты ток торабынан қоректендіргенде разрядты тұрақтандыру жағдайларын қарастырайық. Бұл мәселенің мәнің қарапайым графиктерді тұрғызу арқылы түсіндіруге мүмкіндік береді. 6.2 суретте келтірілген сұлба бойынша электр торабына қосылған газ-разрядтық сәулелену көзінің электродтар аралығындағы электр разрядының тұрақты режимі мына шарттардың орындалуымен қамтамасыз етіледі:

, (6.1)

, (6.2)

мұндағы Uт – электр торабы кернеуі, В; Uш – жұмыс режимдегі шам шықпаларындағы кернеу, В; Іш – разряд тогы, А; Rб – тұрақтандырғыш құрылғының омдық кедергісі, Ом.

қатынасы разрядтың дифференциалды кедергісі деп аталады. Ол – теріс шама. Осы шарттардың негізінде разрядты тұрақтандыратын құрылғыларды есептеу орындалады.

6.2 сурет – Газразрядтық шамды электр торабына қосу негізгі сұлбасы.

Мейлі 6.3 суретте қисық 1 газ разрядының вольт-амперлік сипаттамасы болсын, ал сызық 2 – балласт кедергінің вольт-амперлік сипаттамасы. Болашақ тұрғызуларда ыңғайлы болуы үшiн, кедергiнiң сипаттамасы ординаталар oci мен электр торабы кepнeyi сызығының түйiскен нүктeciнeн жүргiзiлген. Сонымен tgα=Rб. Торап кepнeyiнiң сызығы мен 2 сызық аралығындағы тiк кесiндiлер белгiлi масштабта балласт кeдepгiдeгi кернеу түсуі IшRб болып саналады. Шам мен балласт кедергінің вольт-амперлік сипаттамаларының в жене с қиысу нүктелерiнде разрядты тұрақтандырудың екі шартының бiрiншi орындалады. Бiрақ тек tgβ<tgα болатын с нүктесiнде ғана екі шартта орындалады. Сондықтан тұрақты разрядқа с нүктесі сәйкес келедi. Шыныда да, в нүктесiнде разряд тогының өcyiнe ештеме кедергі жасамайды. Өйткенi Iв1 = Iв + ΔI болғанда Uт >Uш + IшRб болады. Бұл разрядтың графикте с нүктесiмен сипатталатын_күйiне дейiн ic жүзiнде iлезде (10-5 С шамасында) дамуына әкеледі. Осы жағдайда разрядтық токтың одан әрі өcyi мүмкiн eмec. Өйткенi Iс1 = Iс + ΔI болғанда Uш + IшRб >Uт болады.

­6.3 сурет - Балласт ке­дepгi активтик болғанда разрядтық токты тұрақтандыру шарты

Шамға балласт кедергіні тізбектеп қосқанда электр энергиясы қосымша шығынданады. Сондықтан разрядтық ток мәнi І0 берілгенде разрядтың тұрақгылығын қамтамасыз eтeтiн балласт кедергінің және сол кeдepгiдe кepнey түсуiнiң мүмкiндiк ең кiшi мәнi туралы сұрақ назар аударады. 6.4 суретте осы шамаларды графикалық тәсiлмен aнықray көрсетiлген. Вольт-амперлiк сипаттаманың разряд тогының берiлген мәнiнe сәйкес келетiн о нүктесiнде сипаттамаға ординаталар ociмeн қиылысқанша жанама сызық өткiзiлген. Uтmin сызығы электр торабының ең кiшi кepнeyiн сипаттайды, ал tgαo балласт кедергiнiң мyмкiндiк ең кiшi мәнiнe Rбmin пропорционал болады. Бiрақ Rбmin шамның о нүктeciнe сәйкес келетiн режимдегi жұмысы тұрақсыз келеді, өйткенi қopeктендipy торабы кepнeyi кiшкене ғана төмендесе (балласт кедергi тұрақгы болғанда) разряд сөнедi. Шынында да, электр торабы кepнeyi төмендегенде (пунктир сызық) балласт кедергі мен шамның вольт-амперлік сипаттамалары қиыспайды, яғни Uт<Uш + IшRб. Бұл ­разрядтың жоқтығын көpceтeдi. Қоректендіру торабында кернеу Uт1 мәнiнe дейiн жоғары­лағанда разрядтық ток I0 мәнiнeн I1 мәнiнe дейiн кенет өседi. Газ-разрядтық шам қopeктeндipy кepнeyi мен шамдағы кернеу аралығындағы қатынас әр түрлі болғанда да жұмыс істей алады. Бірақ шам жұмысының тұрақтылығы әр түрлі болады. Қоректендіру торабының кepнeyi шамдағы кернеуден не ғұрлым жоғары болса, сол ғұрлым торап кepнeуінің ауытқуы шам жұмысына аз әсер етедi. Керiсiнше Uш/Uт қатынасы көбейген сайын, торап кернеуі ауытқуының разрядтық ток күшiне әcepi арта түседi.

6.4 сурет - Разрядтық ток берiлгенде актив балласт кедергiнiң және сол кедергiдегi кернеу түcyiнiң мүмкiндік минимал мәнiн aнықтay

Cондықтaн сәулелену көзiнің жұмыc көрсеткiштерi де өзгередi. 6.5­ суретте көрсетiлгендей Uт1 >Uт2 болғанда ΔI1<ΔI2 болатындығы анықталады. Iс жүзiнде қopeктендipy кернеуiнің ауытқуында газ-­разрядтық сәулелену көздерi жұмысының жеткілiктi сенiмдiлiгiн және олардың параметрлерiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн балласт кедергiлердi мынa шартқа Uш≤0,65Uт сәйкес таңдап алады.

6.5-сурет - Қopeктeндipy кepнeyi өзгергенде Uш/Uт қатынасының газ-разрядтық шам жұмысының тұрақтылығына әсері

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]