
- •1.1 Негізгі түсініктемелер және анықтамалар
- •1.2 Оптикалық сәулелену энергиясының спектрде үлестірілуі
- •1.3 Оптикалық сәулеленуді энергияның басқа түрлеріне түрлендіру
- •2.1 Фотобиологиялық әсер етудің түрлері
- •2.2 Оптикалық сәулеленудің адамға әсер етуі
- •2.3 Оптикалық сәулеленудің малдар мен кұстарға әсер ету1
- •2.4 Оптикалық сәулеленудің өсімдіктерге әсер етуі
- •3.1 Негізгі энергетикалық шамалар және олардың өлшем бірліктері
- •3.2 Тиімді шамалар жүйелерін құраудың жалпы принциптері
- •3.3 Негізгі жарық шамалары және олардың өлшем бірліктері
- •3.4 Ультракүлгін сәулеленудің негізгі шамалары және олардың өлшем бірліктері
- •3.5 Өсімдік шаруашылығында пайдаланатын оптикалық сәулеленудің негізгі шамалары және олардың өлшем бірліктері
- •4.1 Денелердің оптикалық қасиеттері
- •4.2 Оптикалық сәулеленуді өлшеу әдістері
- •4.3 Оптикалық сәулеленуді өлшейтін қабылдағыштар
- •4.4 Оптикалық сәулеленуді өлшейтін қабылдағыштардың негізгі сипаттамалары
- •5.1 Жылулық сәулеленудің негізгі заңдары
- •5.2 Қыздыру шамдарьіның құрылысы және жұмысы
- •5.3 Қыздыру шамдарының негізгі сипаттамалары
- •5.4 Кернеу ауытқуының қыздыру шамының негізгі көрсеткіштеріне әсері
- •5.5 Галоген қыздыру шамдары
- •5.6 Инфрақызыл сәулелену көздері
- •6.1 Жалпы мағлұматтар
- •6.2 Газдардағы және металл буларындағы электр разряды
- •6.3 Газдардағы және металл буларындағы доғалық разрядты тұтандыру және тұрақтандыру шарттары
- •6.4 Балласт кeдepгi тypiнiң газ-разрядтық шaмдapдың жұмысына әсері
- •7.1 Люминесценттік шамның құрлысы және жұмыcы
- •7.2 Люминесценттiк шамның стартерлі қосу сұлбасының жұmыcы
- •7.3 Jiюминесценттік шамдардың негізгі сипаттaмалapы және эксплуатацялық қасиеттерi
- •8.1 Электродтарды алдын ала қыздырумен импульстік тұтандыратын жүргізу-реттеу аппараттары
- •8.2 Электродтарды тұрақты қоздырумен ыстық тұтандыратын жүргізу-реттеу аппараттары
- •8.3 Ілездік тұтандыру жүргізу-реттеу аппараттары
- •8.4 Жүгізу-реттеу аппаратының құрастырылымдық-эксплуатациялық сипаттамалары
- •8.5 Жоғарылатылған жиілікті токпен қоректендіргендегі люминесценнттік шамның жұмысы
- •9.1 Жоғары қысымды сынапты шамдар
- •9.2 Жоғары қысымды доғалық металл-галоидты шамдар
- •9.3 Жоғары қысымды натрийлі шамдар
- •9.4 Доfалық ксенонды шамдар
- •10.1 Төмен қысымды газ-разрядтық ультракүлгін сәулелену көздерi
- •10.3 Өciмдik шаруашылыfында пайдaлaнылaтын га3-разрядтық сәулелену көздерi
- •11.1 Жалпы маfлұматтар. Жарықтaндырfыштарды топтастыру
- •11.2 Сәулелендipгiштер
- •12.1 Электрлiк жарықтандырудың ережелері мен нормалары
- •12.2 Жарықтандырудың жyйелерi мен түрлері
- •12.3 Жарық көздерін және жарықтандырғыштарды таңдап алу
- •12.4 Жарықтандырғыштарды бөлмеде орналастыру
- •12.6 Нүктелік әдіс
- •12.7 Жарық ағынын пайдалану коэффициентінің әдісі
- •Есептеу төртібі:
- •12.9 Люминесценттік шамдарды жарықтандыратын қондырғыларды есептеу
5.1 Жылулық сәулеленудің негізгі заңдары
Жылулық сәулелену - дене атомдары мен молекулаларының жылулық қозғалысы энергиясын оптикалық сәулелену энергиясына түрлендіру нәтижесі. Сәулеленетін дененің температурасы сәулелену ағынының мәнін де және оның спектрлік құрамын да анықтайды.
Жылулық сәулеленудің негізгі заңдары абсолют қара денеге тұжырымдалған.
Абсолют қара дене - өзіне түскен сәулеленуді түсу бұрышына, спектрлік құрамына және полярлануына қарамастан, түгел жұтатын оптикалық сәулеленуді қабылдағыш. Абсолют қара дене түсініктемесінің басқа да анықтамасы бар: бұл қалған жағдайлар бірдей болғанда, басқа жылулық сәулеленгіштермен салыстырғанда ең үлкен сәулелену ағынын тудыратын қабілеті бар жылулық сәулеленгіш.
Кирхгофф заңы дененің сәулелерді шығару және жұту қабілеттерінің арасындағы байланысты айқындайды: температурасы бірдей денелердің сәулелену тығыздықтарының қатынасы олардың жұту коэффициенттерінің қатынасына тең:
Кирхгофф заңын басқаша жазузға болады:
(5.3)
мұндағы RT - сол температурадағы абсолют кара дене сәулеленуінің тығыздығы, Вт/м2.
Басқаша айтқанда, температурасы бірдей болатын барлық денелерге сәулелену тығыздығының жұту коэффициентіне қатынасы - сол температурадағы абсолют қара дене сәулеленуінің тығыздығына тең, тұрақты шама.
Стефан - Больцман заңы дененің сәулелену тығыздығымен оның температурасының арасындағы байланысты тағайындайды. Стефан мен Больцман абсолют қара дененің сәулелену тығыздығы тек оның температурасына тәуелді және абсолют температураның төртінші дәрежесіне пропорционал екендігін анықтайды:
,
(5.4)
Мұндағы Rт - абсолют қара дененің сәулелену тығыздығы, Вт/м2; G=5,672·10-8 Вт/м2·К, тұрақты шама; Т-абсолют температура, К.
Абсолют қара дененің жылулық сәулелену спектріндегі энергияның таралуы Планк заңымен айқындалады:
,
(5.5.)
Мұндағы RТ -абсолют қара дене сәулелену ағынының спектрлік тығыздығы, Вт/м2·мкм; С1=3,74·108 Вт/м2·мкм, тұрақты; С2=1,43·104 мкм·град, тұрақты; е - натуральды логарифмнің негізі.
Виннің ығысу заңы: сәулеленетін дене температурасы оның сәулелену ағынының спектрлік тығыздығы қисығының максимумы қысқа толқындар аймағына ығысады (5.1 сурет):
max·Т= 2896 мкм·град (5.6.)
мұндағы max - сәулелену ағынының спектрлік тығыздығы кисығының максимумына сәйкес келетін толқын ұзындығы, мкм.
Стефан - Больцман заңы мен ығысу заңын пайдаланып, Вин абсолют кара дененің сәулелену ағыны спектрлік тығыздыгының максимал мәні дене температурасының бесінші дәрежесіне пропорционал өсетінін анықтады:
,
(5.7)
мұндағы С3 = 1,041·10-11 Вт/м2 мкм-1·град-5
5.1 сурет - Абсолют қара денені әр түрлі температураға дейін қыздырғандағы оның сәулеленуінің спектрлік тығыздығы
Жылулық сәулеленудің негізгі зандары мынадай қорытындылар жасауға мүмкіншілік береді:
1. Абсолют қара дененің сәулелену ағыны қызу температурасының төртінші дәрежесіне пропорционал.
2. Абсолют қара дененің сәулелену ағыны спектрлік тығыздығының максимумы қызу температурасының бесінші дәрежесіне пропорционал.
3. Абсолют қара дененің қызу температурасы жоғарылаған сайын оның сәулелену ағынының спектрлік тығыздығы қисығының максимумы қысқа толқындар аймағына ығысады.
Көрінерлік сәуле көзі ретінде пайдаланылатын жылулық сәулеленгіштің сәулелену ағыны тиімді бергіштігінің (жарық П.Ә.К.-нің) қыздыру температурасына тәуелді ең маңызды көрсеткіштердің бірі болады (5.2 сурет):
,
(5.8.)
5.2 сурет – Жарық П.Ә.К-нің абсолют қара дененің температурасына тәуелділігі
Сәулеленгіштің температурасы жоғарылағанда жарық П.Ә.К-і өседі. Бұл сәулелену ағынының спектрлік тығыздығы қисығының максимумының көрінерлік сәулелену аймағына ығысумен түсінікті болады. Абсолют қара дененің температурасы 6500 К шамасында болғанда жарық П.Ә.К-і (14,5%) ең жоғары мәніне жетеді. Сәулеленудің спектрлік тығыздығы қисығының максимумы спектрдің көрінерлік бөлігінде болады. Сәулеленгіштің температурасы мұнан әрі жоғарылағанда φ(λ) қисығының максимумы спектрдің қысқа толқынды бөлігіне ығысады. Жарық П.Ә.К-нің мәні төмендей бастайды.
5.1 кестеде кейбір жылулық сәулеленгіштердің жарық П.Ә.К-і мен жарық бергіштігінің максимал мәндері берілген.
5.1 кесте - Кейбір сәулеленгіштердің жарық П.Ә.К-і және жарық бергіштігі
Сәулелену сипаты немесе сәулеленгіш |
Темпера- тура, К |
Жарық бер-гіштік,лм/Вт |
Жарық П.Ә.К.-і, % |
Толқын ұзындығы Х=555нм біртекті сәулелену |
- |
680 |
100 |
Тең энергетикалық сәулелену |
- |
242 |
35,5 |
Толық сәулеленгіш |
6500 |
99 |
14,5 |
Күн тас төбеде |
- |
94 |
13,8 |
Вольфрам балқығанда |
3665 |
55 |
8,1 |
Көмір қылсымды шам |
2135 |
3,54 |
0,52 |
Керосин шам |
1850 |
0,27 |
0,04 |
Жарық - техникалық есептеуде пайдаланылатын денелер абсолют қара дененің қасиеттеріне толык ие бола алмайды. Дегенмен арнайы өтпелі шамаларды енгізу арқылы абсолют қара дененің жылулық сәулелену заңдарын нақтылы денелерге колдануға болады.