
- •Мустафина б.М., Сейдахметова г.Е., Әлібиева ж.М.
- •Пәндік оқу - әдістемелік кешені
- •Алматы 2012
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •1.3 Пререквизиттер
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау.
- •1 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар (1-7 бөлімдер)
- •2 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •1.9 Қойылатын талаптар
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тематикалық жоспары
- •2.2 Лекциялық сабақ конспектілері
- •1.1 Windows ож құрылымы Жүйе құрылымының жалпы бейнелеуі
- •2.2. Ағындарды диспетчерлеу және жоспарлау
- •2.3 Ағынды анықтау
- •2.4 Ағындармен жұмыс істеуге арналған api функциясы
- •2.5 Ағындардың приоритеті
- •3.1 Процесстерді басқару
- •3.2 Windows операциялық жүйесіндегі процесстер мен ағындар
- •3.3 Процесстермен жұмыс істеуге арнлаған api функциялар
- •4.2 Ағындарды синхрондау объектілері
- •Мьютекстер
- •5.1 Оқиғалар
- •5.2 Бұғатталған қосымша функциялар
- •7.1. Үймелер
- •7.2 Үйме жадысын басқару
- •8.1 Файлдар мен каталогтарды басқару Файлдарды құру және ашу
- •8.2 Каталогтарды басқару
- •8.3 Файлдар мен каталогтар атрибуттарын алудың басқа әдістері
- •9.1 Файлдарды бұғаттау
- •9.2 Реестр
- •Экспорттелетін идентификаторды анық қосу
- •12.1 Стандартты құрылғылар және консольді енгізу- шығару
- •12.2 Асинхронды енгізу- шығару және аяқталу порттары
- •2.3 Лабораториялық сабақтардың жоспары
- •2.4 Оқытушының басқаруымен студенттің өзіндік жұмысы бойынша оқу жоспары (соөж) (45 сағат)
- •2.5 Студенттің өзіндік жұмысының сабақ жоспары (сөж) (45 сағат)
- •2.6 Өзін өзі тексеру үшін кілтпен көрсетілген тестік жаттығулар
- •2.7 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
- •Жүйелік программалау
2.3 Лабораториялық сабақтардың жоспары
Лабораториялық жұмыс №1. Ағындарды басқару
Жұмыс мақсаты: Ағындарды басқаратын негізгі принциптерін меңгеру.
Тапсырмалар:
Win32 ортасында программалау негіздерін меңгеру.
Ағындардың күйлерімен, контекстімен танысу.
Ағындарды құруға, ашуға, пайдалануға, жоюға арналған программаларды жазу.
Ағын приоритеттерін қолдануға және өзгертуге арналған программаларды жазу.
Ағындармен жұмыс істеу үшін API функцияларын қолданумен программаларды жасау.
Негізігі әдебиеттер: 1 [41- 92] , 2 [167-260]
Бақылау сұрақтары:
Ығыстыратын көпесептілік неге негізделген?
Ағындардың күйлері.
3. Ағынның контексті.
4. Ағындармен жұмыс істейтін API функциялар.
Лабораториялық жұмыс №2. Процестерді басқару
Жұмыс мақсаты: Процестерді басқаратын негізгі принциптерін меңгеру.
Тапсырмалар:
1. Процестерді басқару механизмдерді және процестердің орындалуын синхрондауды оқып білу.
2. Процестермен қолданылатын құрылымдармен танысу.
3. Процестермен жұмыс істеу үшін API функцияларын қолданумен программаларды жасау.
4. Консольге өз атын және параметрлерін шығаратын программаны жазу.
5. Жаңа консольмен процесті жасайтын программаны жазу.
6. Notepad.exe қолданбаны іске қосатын программаны жазу.
7. Процестермен жұмыс істеуге арналған программаларды жазу.
Негізігі әдебиеттер: 1 [58 -92] , 2 [167 - 260]
Бақылау сұрақтары:
Программада қандай API-функциялар қолданылады?
Программада қандай құрылымдар қолданылады?
Процестерді басқару механизмдерді.
CreateProcess() функцияның параметрлері.
Лабораториялық жұмыс №3. Ағындарды синхрондау объектілерін зерттеу
Жұмыс мақсаты: Синхрондау обьектілерінің негізгі принциптерін меңгеру.
.
Тапсырмалар:
Ағындарды синхрондау объектілердің жұмысын зерттеу
Критикалық секциялармен жұмыс істеуге арналған программаларды жасау.
Мьютекстермен жұмыс істеуге арналған программаларды жасау.
Семафорлармен жұмыс істеуге арналған программаларды жасау.
Оқиғалармен жұмыс істеуге арналған программаларды жасау.
Бұғаттайтын функцияларды қолданып программаларды жазу.
Негізігі әдебиеттер: 1 [109 - 142] , 5 [193 - 260] , 9 [145 - 190]
Бақылау сұрақтары:
1. Синхрондау обьектілерінің міндеті.
2. Синхрондау обьектілерінің түрлері.
3. Критикалық секциялармен жұмыс істеуге арналған API функциялар
4. Мьютекстермен жұмыс істеуге арналған API функциялар
5. Семафорлармен жұмыс істеуге арналған API функциялар
6. Оқиғалармен жұмыс істеуге арналған API функциялар
Лабораториялық жұмыс №4. Виртуальді жадымен жұмыс
Жұмыс мақсаты: Win32-нің жады басқаратын негізгі принциптерін меңгеру.
Тапсырмалар:
Win32- нің жадыны басқару сәулетін зерттеу.
Жады беттерінің баса тұратын алгоритмдерін меңгеру
Виртуальді жадымен жұмыс істеуге арналған программаларды жасау.
Үймелермен жұмыс істеуге арналған программаларды жасау.
Негізігі әдебиеттер: 1 [ 359 - 392], 2 [132 –134] , 10 [ 340 –372]
Бақылау сұрақтары:
1. Виртуальді жадымен жұмыс істеуге арналған API функциялар
2. Үймелермен жұмыс істеуге арналған API функциялар
3. Үймелердің артықшылықтары.
4. VirtualAlloc() функцияның параметрлері
Лабораториялық жұмыс №5. Файлдарды басқару
Жұмыс мақсаты: Win32 файлдармен жұмыс жасаудың негіздерін меңгеру.
Тапсырмалар:
1. Win32 файлдық жүйелерді меңгеру.
2. Каталогтармен және файлдармен жұмыс жасау үшін API-функцияларды меңгеру.
3. Каталаогтармен жұмыс жасау программасын жазу.
4. Ақпаратты файлға жазу және файлдан оқу программасын жазу.
5. Файлдармен, каталогтармен, реестрмен жұмыс істеу үшін API функцияларын қолданумен программаларды жасау.
6. Файлдарды іздеу программасын жазу.
Негізігі әдебиеттер: 1 [423 - 482], 2 [36 - 89]
Бақылау сұрақтары:
1. Ағындағы директорияны өзгерту және анықтау үшін қандай API-функциялар қолданылады?
2. Файлдарды жою, орнын ауыстыру, көшіру, құру үшін қандай API-функциялар қолданылады?
3. Файлға жазу және файлдан оқу алгоритмі.
4. Файл мінездемесімен жұмыс істеу үшін қандай API-функциялар қолданылады?
Лабораториялық жұмыс №6. Динамикалық кітапханалар құру
Жұмыс мақсаты: Динамикалық кітапхана құруды меңгеру.
Тапсырмалар:
Динамикалық кітапханалармен жұмыс механизмдерін зерттеу.
Параметрлердің жіберуін ұйымдастыру және байланыстырудың әртүрлі типтерін қолданумен динамикалық кітапханаларды шақыру программаларын жасау.
Айқын байланыстыру түрлерін қолдана отырып динамикалық кітапханаларды шақыру программасын жазу.
Айқын емес байланыстыру түрлерін қолдана отырып динамикалық кітапханаларды шақыру программасын жазу.
DLL және программа жазу. Олардың арасында параметр беруді ұйымдастыру.
Динамикалық кітапханадан ресурсты жүктемелеу программасын жазу.
Негізігі әдебиеттер: 1 [578 - 593] , 2 [158 - 166] , 3 [475-526]
Бақылау сұрақтары:
Байланыстыру түрлері.
Кіріс процедурасының параметрлері.
DLL-мен жұмыс жасау кезінде қандай API-функциялар қолданылады?
Лабораториялық жұмыс №7.
Программаларды зерттеу әдістерін оқып үйрену
Жұмыс мақсаты: Дизассемблерлерді, жөндегіштерді қолдана отырып Windows – тың орындалатын файлдарының форматын зерттеу.PE-форматының құрылымын зерттеу және программаларды зерттеу әдістерін үйрену.
Тапсырмалар:
Программаны жөндегіш арқылы жіберу және оның жұмысын талдау
Дизассемблер көмегімен программаны зерттеу
Файлдардың жалпы құрылымын зерттеу
Орындалатын файлдың тақырыбын зерттеу
Обьектілер кестесін зерттеу
Орындалатын файлдардағы бөлімдерді зерттеу
Экспорт механизімін және экспорт функциясын зерттеу
Экспорт механизімін және экспорт функциясын зерттеу
Импорт механизімін және импорт функциясын зерттеу
Негізігі әдебиеттер: 7 [95 - 184]
Бақылау сұрақтары:
Орындалатын файл сигнатурасы.
Программаны зерттеу әдістері.
Орындалатын файл тақырыбының міндеті
Орындалатын файл бөлімдерінің міндетіе