Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
социология новая обработка.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
120.32 Кб
Скачать

Жоспары

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Әлеуметтік ойлар дамуы

  2. Әлеуметтанудың классикалық тұжырымдарының дамуы

  3. Г.Спенсердің эволюциялық тұжырымы

  4. Марксизмнің әлеуметтік тұжырымдары

  5. Джон Стюарт Милль 

  6. Классикалық әлеуметтанудың жаратылыстық тұжырымдары

ІІІ. Қорытынды

І. Кіріспе

Әлеуметтану – бұл қоғам және қоғамдық қатынастарды ғылыми зерттеу. Ол фактілерді шын өмірден алады және оларды ғылыми сұрыптау негізінде түсіндіреді. Әлеуметтану ғылым ретінде екі ғасыр бұрын құрылымдала бастады.

Социологтар бірнеше негізгі байламдарды қолданады. Демографиялық байлам қоғам мінезін туу, өмірден кету және тұрғындар көшіп-қонуы (миграциясы) арқылы зерттейді. Психологиялық байлам адамдар мінез-құлқын, олардың ойын, әлеуметтік қойылымын зерттеу арқылы түсіндіреді. Ұжымдық байлам топтар мен ұйымдарды зерттеуде қолданылады. Төртінші байлам қоғам өмірін адамзаттың өзара қарым-қатынас жүйесі ретінде зерттейді. Мәдени байлам мінез-құлықты мәдениет элементтерін сұрыптау арқылы зерттейді.

Социологтар қоғамды екі деңгейде зерттейді – микро және макро деңгейлер микросоциология адамдардың күнделікті өзара іс-әрекеттерін сұрыптауға басты назар аударады. Макросоциология қоғамның негізгі құрылымдарын зерттейді.

Микросоциологиялық деңгейде негізгі теория символикалық интеракционизм теориясы болып табылады. Бұл теория өкілдерінің пікірінше адамдар сыртқы дүние әсеріне белгілі бір мән береді.

Сөйтіп негізінен әсердің өзіне емес, оған берілген мәнге басты назар аударады.

Макросоциологиялық деңгейде негізгі екі теория бар: функционализм және конфликтология (дау-жанжал) теориясы. Функционалистер пікірінше қоғам бір-бірімен өзара байланысқан және әрқайсысы жалпыға өз әсерін тигізетін бөліктерден тұрады. Конфликтология теориясының өкілдері қоғамдағы билік бөлінісіне басты назар аударады. Бұл теориялар туралы кейінгі бөлімдерде толық қарастырамыз.

Әлеуметтік зерттеу гипотезадан басталады. Гипотеза бір фактілер басқалармен себепті тәуелділік негізінде байланысқан деп көрсететін болжам. Теория бір-біріне сәйкестендірілген гипотезалар жүйесі. Әлеуметтік әдістер – бұл соның көмегі арқылы фактілер, гипотезалар және теориялар бір-бірімен түптелетін ережелер мен әдістер.

Құбылмалы деп әртүрлі мәнге ие бола алатын түсінік аталады. Көптеген әлеуметтік зерттеулер тәуелді құбылмалы деп аталатын белгілі бір әлеуметтік көріністегі өзгерісті анықтауға ұмытылады, ол содан соң бұл өзгерісті тәуелсіз құбылмалы деп аталатын басқа бір әлеуметтік көрініспен байланыстыра түсіндіруге тырысады.

Әлеуметтік зерттеудің негізгі әдістері: құжаттарды сұрыптау, бақылау және сұрау әдістері. Осы әдістерді қолдана отырып зерттеуші зерттелініп жатқан әлеуметтік көріністің барлық мүмкін себептерін бақылауға тырысады. Социолог эксперимент немесе басқа да зерттеу түрі кезінде тәуелсіз құбылмалылардың санын шектейді.

Әлеуметтанудың дамуы үшін зерттеу және оның қорытындыларын жариялау бостандығына кепілдік беретін жақсы саяси жағдай болуы қажет. Әлеуметтанудың дамуына сол сияқты әлеуметтік проблемалар мен кризистер де өз әсерін тигізеді. Өз кезегінде әлеуметтану қызметі қоғам проблемаларын анықтауға және оларға назар салуға көмектеседі.

Әлеуметтік білім қоғамға төмендегідей әсер етеді:

а) әлеуметтік әзірлігі бар тұлғалар үкімет органдарында және жеке ұйымдарда қызмет істейді;

б) социологтар дайындаған әдістер зерттеу қызметінің басқа да аймақтарында қолданылады;

в) социологтар жұмысы қоғамдық көріністерге адамдар қатынасын өзгертуі мүмкін, сол сияқты әлеуметтік саясат мәселелері бойынша шешім қабылдау үшін ақпарат жинап береді;

г) әлеуметтік зерттеулер өмір сүріп тұрған әлеуметтік саясаттың қабілеттілігін бағалауға көмектеседі.

2.1 Әлеуметтік ойлар дамуы

  1. Антикалық әлеуметтік философия

Әдетте әлеуметтану ғылымының пайда болуын XIX ғ. байланыстырады. Бірақ сонымен қатар әлеуметтік құбылыстарды зерттеу адам баласын көптен толғандырды. Әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде грек философтары ерекше орын алады.

Платон. Ол адам қоғамын үш топқа бөлді: философтар, сақшылар және еңбекшілер. Платон мұндай әлеуметтік құрылымды үлгілі мемлекет деп атады. Филосафтар басқарады, сақшылар басқарушылар шешімдерінің орындалуын бақылайды, ал еңбекшілер қоғамның материалдық байлығын жасайды.

Платон ең жақсы мемлекеттік құрылыс деп аристократияны санады.

Кейбір кездерде қоғамдық келісім, ынтымақ бұзылады. Мұндай жағдай олигархия, демократия, тирания сияқты нашар мемлекеттік құрылыстардың пайда болуына әкеледі.

Аристотель. Адамдар арасындағы қарым-қатынас үстемдік пен бағынуға негізделеді. Үстемдіктің екі түрі бар – нағыз үстемдік және саяси үстемдік.

Адамдар екіге жіктеледі: еркін адамдар және құлдар. Қоғамда дамымаған, төмен адамдар болады. Құл болу олар үшін пайдалы және бұл әділетті жағдай.

Мемлекет жеке меншіктіктің арқасында пайда болды. Отбасы көбейіп елді мекенге айналды. Ал бірнеше елді мекендер мемлекет құрды. Мемлекет мақсаты қоғамдық әділеттілік пен жалпыға бірдей жеткіліктілікті қамтамасыз ету. Бұл мақсатты шешуде мемлекеттік құрылым үлкен маңызға ие.

Аристотель мемлекеттік құрылымды жақсы және нашар деген түрлерге бөлді.

Жақсыға монархия, аристократия және полития жатады.

Нашарға тирания, олигархия және демократия жатады.

Ең жақсы мемлекеттік құрылым – полития. Политияда саяси билік пен үстемдік қоғамның орта тобының қолында болады. Орта топ байлардың әділетсіздігі мен кедейлердің ашу-ызасын тежеп, мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Өз мемлекетіне қызмет ету адамның қасиетті борышы. Бұл адамның моралдық қасиеттерінің биік екенін білдіреді.

  1. Теологиялық-әлеуметтік ойлар

Адамзаттың кейінгі даму барысында теологиялық-әлеуметтік тұжырымдар қалыптасты. Енді қоғамдық және мемлекеттік құрылымдар діни тұрғыдан бағалана бастады.

Аврелий Августин (354-430). Еңбегі «Құдай қаласы туралы».

Құдайға сүйіспеншілік адамды басқалардан жоғары қояды. Рухани билік, яғни шіркеу билігі жер бетіндегі ең жоғарғы билік. Бұл билікке мемлекеттер де мойынұсынуы тиіс. Осындай жағдайда ғана қоғамда әділетті әлеуметтік құрылыс орнайды.

Ф.Аквинский (1225-1274). Ол құқықты үшке бөлді: мәңгілік, жаратылыстық және адамзаттық.

Мәңгілік құқық - бұл құдай орнатқан тәртіп және қасиетті жазуда көрініс тапқан.

Жаратылыстық құқық - барлық тірі жанға, соның ішінде адамға да тән өмір сүру ережесі.

Адамзаттық құқық - адамдар дұрыс өмір сүру үшін жасалынған ережелер. Бұл ережелер әрқашан өзгеріп отырады.

Ф.Аквинский пікірінше тек шіркеу ғана емес мемлекет те құдай еркімен билік етуге құқықты.

Ең жақсы билік үлгісі монархия. Монарх өз билігін шіркеуден алады. Егер бұлай болмаса бағыныштылардың монархтың билігін мойындамауына болады.

Ең жаман басқару нысандары тирания мен демократия.

  1. Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік ойлар

Бұл дәуірде алдыңғы орынға адамгершілік идеялары шықты. Енді адам, қоғам өмір сүруінің жаратылыстық негіздерін іздеу басталды.

Адамгершілік идеясы – бұл адамды жеке тұлға, даралық ретінде тану. Адамның бостандық пен бақытқа құқын тану.

Данте Алигьери (1265-1321). Еңбегі «Қасиетті комедия». Оның ойынша қасиетті және жаратылыстық рухтар тең. Адам әрекеті құдай нұсқауымен қатар өз санасымен де жасалынады. Құдай еркі адамдар өмір сүруінің жалпы бастамасы ғана.

  1. Жаңа дәуір әлеуметтік ойлары

Жаңа дәуір ақыл-ойы нақты әлеуметтік-саяси мәселелерді шешуге бетбұрыс жасады.

Н.Макиавелли (1469-1527). Еңбегі «Билеуші» және т.б.

Макиавелли мемлекеттік құрылыс идеясын философиялық және теологиялық тұжырымдардан бөліп алды.

Ең жақсы мемлекет нақты кезеңде өз азаматтарының нақты тұтыныстарын қанағаттандыра алған мемлекет.

Саясатты іске асыруда билеуші аморалдық әрекеттерге де бара алады. Мыс.: сатып алу, қастандық және т.б. Саясат қасиетті емес лас әрекет ретінде танылды.

Жан Боден. Еңбегі «Мемлекет туралы алты кітап».

Мемлекет отбасы негізінде пайда болды. Мүліктік теңсіздік мемлекеттегі табиғи жағдай. Монарх өз әрекетінде шіркеуден тәуелсіз, ол мемлекет үшін қажет талаптарды ғана орындауға құқықты.

Мемлекет құрылысына ауа райы да әсер етеді.

Томас Мор (1478-1535). Еңбегі «Утопия». Утопия – арал, онда жеке меншік жоқ. Барлық мүліктік игілік тең бөлінеді. Адамдар барлығы да жұмыс істейді. Олар өз мүдделерін орындауда қанағатты.

Томас Гоббс (1588-1679). Еңбегі «Левиафан». Жаратылыстық құқық түсінігін енгізді. Адамдар жаратылғанда бір-біріне қас болды. Сондықтан олар өздерін тежеп ұстап отыратын ұйым - мемлекет құрды. Адамдар өздерінің артық құқықтарынан бас тартып оларды мемлекетке береді. Адамдар қоғамдық шарт арқылы табиғи жағдайдан мемлекетке өмір сүру жағдайына өтті.

Ең жоғарғы билік абсолютті өзгермейтін болуы тиіс. Мемлекет жағдайында жеке бостандыққа ұмтылу қылмыс, себебі, бұл қоғамдық шартқа қарсы болып табылады.

Джамбаттисто Вико (1668-1744). Қоғамдық даму бір кезеңнен екіншіге көшіп отырады. Адамзат қоғамы өз дамуында үш кезеңнен өтті: «құдайлық-қасиетті», «каһармандық», «адамзаттық».

Адамзаттық кезең - адамға жеке бостандық пен меншік берді.

Шарль Луи Монтескье (1689-1755). Еңбегі «Заңдар рухы туралы».

Адам қоғамы қасиетті және жаратылыстық заңдардың бірлігі арқасында өмір сүреді. Адам көп нәрсеге тәуелді: ауа райы, дін, заң, дәстүр және т.б. Осылар бірігіп халық рухын құрайды. Әрбір қоғам өмір сүруде өз халық рухына тәуелді.

Мемлекет билігі үшке бөліну қажет: заң шығару, атқару және сот биліктері.

Мемлекеттік құрылым жер жағдайына байланысты. Үлкен аумақты - деспоттық, орта аумақты – монархиялық, кіші аумақты – республикалық басқару ыңғайлы.

Клод Гельвеций (1715-1771). Адам басында, өмірге келгенде ешқандай қасиетке ие емес. Барлық қасиеттерді ол басқа адамдармен араласу арқылы иеленеді. Адамның биологиялық және әлеуметтік тұтыныстары болады.

Мемлекет адамның еркіндігі мен жеке меншікке құқығын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл үшін білімді монарх пен ақылды заңдар қажет.

  1. Классикалық философиясы аясындағы әлеуметтік ойлар

Германияда әлеуметтік-саяси ойлар философиялық тұжырымдарға қайтарылды.

Иммануил Кант (1724-1804). Еңбегі: «Мәңгілік әлемге», «Әдеттер метафизикасы».

Адам өзін-өзі дамыту арқылы ғана табиғат оған жүктеген істерді атқара алады.

Адамға өз табиғатынан мынадай қасиеттер тән: 1) жануарлық бастама – бұл адам бойында дөрекілік, тұқымын жалғастыру, сөйлесу-шүйіркелесу және т.б. нысандарда көрініс табады; 2) адамдық бастама – бұл өз құндылықтарын жасау, басқалардан жоғары тұруға ұмтылу және т.б. түрлерде көрініс табады; 3) жеке-даралық бастама – бұл адамгершілік, моралдық, заң ережелерінде көрініс табады.

Құқықтық-азаматтық қоғам туралы алғаш айтқандардың бірі И. Кант болды. Бұл қоғам ақылды заңдар мен оларды іске асырудың нақты тетіктері бар қоғамдық жүйе. Мұндай қоғам барлық жер бетіне тарау қажет, себебі сыртқы көре алмайтын күштер қашан да қоғам тыныштығын бұзуға талпынады.

И.Кант «сауда рухы» түсінігін енгізді. Сауда рухы мемлекеттерді бейбіт өмір сүруге, соғысты болдырмауға мәжбүр етеді.

Гегель (1770-1831). Ақылды бастама әлеуметтік дамуды қамтамасыз ететін күш. Ақылды бастама – бұл жеке адам іс-әрекеті мен тарихтың объективті заңдарының қосындысы.

Еркіндікті пайдалану үшін оны түсіне білу керек. Еркіндікті түсіну әр халықтың мәдениетіне, оның адамгершіліктік, құқықтық және саяси ережелерінің дамуына тәуелді.

Адамзат дамуында Гегель үш кезеңді бөлді: шығыстық, антикалық және германдық.

Шығыста еркіндікке бір адам монарх ие, басқалар ондай жағдаймен келіседі. Греция мен Римде белгілі бір адамдар тобы ғана еркіндікке ие болды.

Тек герман халықтары ғана нағыз еркіндікке ие.

Еркіндік – тарих, ерік, бостандық және құқыққа сүйенеді.

Адамгершілік – бұл мораль мен құқық қосындысы. Адамгершілік отбасынан басталып, азаматтық қоғам және мемлекет арқылы дамиды. Мемлекет деңгейінде адамгершілік адамзат ақылына айналады. Осы адамзат ақылы қоғам дамуындағы ең негізгі күш.