Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умк банк ісі.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
124 Кб
Скачать
☆
  1. Қарыз алушының несиелік қабілеті түсінігі, оны бағалау жағдайлары

  2. Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері

  3. Жеке тұлғаның несиелік қабілетін бағалау

1-Сұрақ. Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау әдістеріне негізделеді. Қарыз алушының несиелік қабілеті бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша толық және уақытылы есеп айырысу қабілеті. Егер қарыз алушының мерзімі өткен қарызы болып, ал балансы өтімді және меншікті капиталдың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын обьективті бағалау және несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді. Әлемдік және отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетінің келесі жағдайларын қарастырады:

  1. қарыз алушының мінездемесі;

  2. қаражатты қарызға алу қабілеті;

  3. ағымдағы қызметі барысында қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкіндігі);

  4. капиталы;

  5. несиенің қамтамасыз етілуі;

  6. несие мәміле жасалатын жағдай;

  7. бақылау.

Қарыз алушының мінездемесі деп оның заңды тұлға ретіндегі беделі және қарызды қайтарудағы жауапкершілігі, несие мақсатының банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі. Қаражатты қарызға алу қабілеті қарыз алушының несие алуға өтініш беруге, несиелік келісім шартқа қол қоюға, келіссөздер жүргізуге құқығының болуын білдіреді. Қарыз алушының капиталын бағалауда төмендегідей екі шарттың маңызы зор: 1. капиталдың жеткіліктілігі;

2. несиеленетін операцияларға меншікті капиталдың жұмсалу дәрежесі.

Несиенің қамтамасыз етілуі несиелік келісім шартта көрсетілген қарызды өтеуге екінші қосымша көздердің (кепіл, кепілхат, сақтандыру қағаздары) болуы. Мұндағы қосымша көздер қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар туу барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін уақытылы орындалуына кепілдік беріледі. Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдайлар, саяси факторлар жатады. Бұл жағдайлар банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды. Соңғы жағдайда бақылау төмендегідей сұрақтарды ескереді:

  1. қарыз алушының қызмет етуі және несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін заңды және нормативтік негіз бар ма?

  2. заңдардағы күтілетін өзгерістер қарыз алушының қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді?

  3. несиелік өтініште көрсетілген қарыз алушы мен қарыз туралы мәліметтер банктің несиелік саясаты туралы құжатта белгіленген банк стандарттарына қаншалықты сәйкес келеді?

Аталып өткен қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау жағдайлары несиелік қабілетті бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тәсілдер қатарына келесілер жатады:

  1. іскерлік тәуекелді бағалау;

  2. қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын бағалау;

  3. қарыз алушы туралы ақпарат жинау;

  4. орналасқан жеріне бару арқылы қарыз алушының жұмысын қадағалау.

2-Сұрақ. Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға беруді сипаттайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық құжаттары қолданылады. Қарыз алушы кәсіпорынның қаржылық жағдайы келесідей төлем қабілетіне байланысты:

  1. шаруашылық шарттарына сәйкес төлем қабілеттерін уақытылы қанағаттандыру;

  2. несиені қайтару;

  3. жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;

  4. бюджетке салықтарды және төлемдерді төлеу.

Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері бойынша есеп айырыса алады. Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау үшін оның тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық-қаржылық қызметін жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын талдау үшін негізгі көздер ретінде ҚР Қаржы министрлігі бекіткен келесі жылдық бухгалтерлік есеп формалары қызмет етеді:

  1. бухгалтерлік баланс;

  2. қаржы нәтижелері және оларды пайдалану туралы есебі;

  3. кәсіпорын балансына қосымша бет.

Сондай-ақ “Кәсіпорынның қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есебі” және “Кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) өнімінің (жұмыстар, қызмет) кеткен шығындары туралы есебі” статистикалық есеп формалары қолданылады.

Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалауда келесі негізгі көрсеткіштер пайдаланылады:

Көрсеткіштер атауы

Есептеу алгортимі

1. ағымдағы өтімділік коэффициенті

Ағымдағы активтер/ағымдағы міндетеме

2. активтер рентабельділігі

Пайда/ кәсіпорын активтері

3. меншікті капитал рентабельділігі

Пайда/ меншікті капитал

4. ұзақ мерзімді міндеттеме рентабельділігі

Пайда/ ұзақ мерзімді несие және заемдар

5. қарызға қызмет ету коэффициенті

Пайда/ қарыз бойынша шығындар

6. қор қайтарымы

Жалпы пайда-түсім/ активтер

7. рентабельділік сауда

өнімді сатудан түскен пайда/ өнімді сатудан түскен түсім

Өтімділік деп кәсіпорынның барлық төлем түрлері бойынша өз міндеттемесін орындай алу қабілеті. Өтімділік жалпы қарыз және өтімді қаражаттар (ақшалай қаражаттар, алашақ қарыз, қорлар) көлеміне байланысты болып келеді. Өтімділік коэффициенті қарыз алушының қарызды өтеу үшін жедел түрде шаруашылық айналымынан ақшалай қаражаттарды босатуын сипаттайды. Өтімділік коэффициентін талдау барысында келесі факторларды есеке алу керек:

  1. қызметінің көлемі;

  2. өндіріс саласы;

  3. материалдар қорын жаңарту үшін қажетті уақыт;

  4. жұмыстың маусымдылығы.

Өтімді қаражаттар мөлшерінің төмендеуіне ықпал ететіндер:

  • ағымдағы қызмет зияндары;

  • өткен жылдары және төтенше оқиғалардың нәтижесінде болған зияндар;

  • өтімді қаражаттар бағасының төмендетілуі.

3-Сұрақ. Қазіргі кезде екінші деңгейлі банктердің жеке тұлғаларға беретін несиелеріне тұтыну және ипотекалық несиелер жатады.

Тұтыну несиесінің келесі түрлері бар:

  1. автомобильдік несие;

  2. ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие;

  3. тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;

  4. кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу) берілетін несие.

Казкоммерцбанкте ипотекалық несиені беру шарттары келесідей:

  1. несиенің мөлшері: жылжымайтын мүліктің бағалау құнының 85%-на дейін;

  2. бастапқы жарна: жылжымайтын мүліктің бағалау құнынан 15%-на дейін;

  3. айына 1.3% (АҚШ дол), 1.7% (теңгемен);

  4. несие валютасы: АҚШ долл немесе теңгемен;

  5. несие мерзімі: 15-20 жылға дейін;

  6. қамтамасыз ету түрі: пайдаланылған немесе жаңа тұрғын үй пәтері.

Жеке тұлғаның төлем қабілетін анықтау техникасы әр банкте әртүрлі қалыптасқан.