- •«Банк ісі» пәні бойынша студенттерге арналған
- •2. Пәннің мазмұны
- •3. Сөж тапсырмалары және оны орындау кестесі сөж (Студенттің өзіндік жұмысы)
- •Дәрістер жинағы
- •Банктің мәні және оның қызмет ету аясы
- •Қазақстан Республикасының банк жүйесі
- •Коммерциялық банктің ұйымдастырылу және басқару құрылымы
- •Банктерді құру, тіркеу және қызметін тоқтату шаралары
- •Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
- •Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
- •Банктің меншікті капиталы: көздері мен қызметтері
- •Банктің тартылған қаражаттары
- •Несиелік саясат түсінігі
- •Несиелік саясатты іске асыру формалары
- •Несиелеу шарты
- •Несиелік механизм мазмұны
- •Несиелік механизмнің құрылымдық элементтері
- •Іv. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
- •V. Валютамен берілуіне қарай:
- •Vі. Берілу шартына қарай:
- •Коммерциялық банктердің лизингтік операциясы
- •Коммерциялық банктің факторингтік операциясы
- •Коммерциялық банктің трасталық операциялары
- •Қарыз алушының несиелік қабілеті түсінігі, оны бағалау жағдайлары
- •Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері
- •Жеке тұлғаның несиелік қабілетін бағалау
- •Қарыз алушы жеке тұлғаның несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері
- •Валюталық операциялар ұғымы
- •Валюталық операциялардың жіктелуі
- •Клиенттердің шоттарын ашу және жүргізу.
- •Шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнату
- •Конверсиондық операциялар
- •Валюталық қаражаттарды тарту және орналастыру операциялары
- •Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
- •Банк өтімділігін басқару әдістері
- •1. Банктік тәуекел туралы жалпы түсінік
- •2. Банктік тәуекел түрлері
- •Қарыз пайызына жалпы сипаттама
- •Қарыз пайызы несисінің мәні
- •Банктік менеджмент
- •Банктік маркетинг
- •5. Бағдарламаны оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
3. Сөж тапсырмалары және оны орындау кестесі сөж (Студенттің өзіндік жұмысы)
№ |
СОӨЖ тапсырмаларының мазмұны |
Бақылау түрі |
|
|
Тұтыну несиесі және ипотекалық несие |
Бақылау жұмысы |
|
|
Сыртқы экономикалық қатынастар саласында несиелеуді ұйымдастыру |
Реферат |
|
|
Несиелік портфельді және несиелік тәуекелді басқару |
Өзіндік жұмыс |
|
|
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы операциялары |
Топпен жұмыс, есептер шығару |
|
|
Банктің лизинг, траст, факторинг және форфейтинг операциялары |
Пікірталас |
|
|
Банктің есеп айырысу операциялары, кассалық және комиссиялық қызметтері |
Ауызша жауап |
|
|
Валюталық операциялар және валюталық тәуекелдерді басқару |
Өзіндік жұмыс |
|
|
Банктердің баланстан тыс операциялары |
Бақылау жұмысы |
|
|
Банк қызметтерін тиімді ұйымдастыру және басқару |
Ауызша жауап |
|
|
Банктік менеджмент және маркетинг |
Пікірталас |
|
|
Коммерциялық банктің өтімділігін және төлем қабілетін басқару |
Өзіндік жұмыс |
|
|
Банктің қаржылық нәтижелерін талдау. Банктің шығысы мен кірісін талдау |
Реферат |
|
|
Банктік қадағалау |
тест |
|
|
Шағын және орта бизнесті несиелеу ерекшеліктері |
Бақылау жұмысы |
|
|
Кепіл несиенің қайтарылуын материалдық қамсыздандырудың негізгі формасы |
Бақылау жұмысы |
Дәрістер жинағы
1-Дәріс. Қазақстан Республикасының банк жүйесі
Банктің мәні және оның қызмет ету аясы
Қазақстан Республикасының банк жүйесі
“Банк” сөзі “үстел” мағынасын беретін италяндық “banco” cөзінен шыққан. Банко – үстелдер тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретін алаңдарға қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда соғылатын әр түрлі монеталармен жүзеге асырылды.бұл жағдайда көптеген монетаның әртүрлі айналысынан хабары бар, айырбас бағамы бойынша кеңестер беріп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды. Бұл айырбастаушы мамандар өз үстелдерімен нарықтарда отырады. Х ғасырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті өздерінің ерекше банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болды және Ежелгі Грецияда, Ежелгі Вавилонда кеңінен тарады. Әр түрлі монеталарды бір-бірімен үзбей айырбастау үшін олардың қоры болуы керек. Осылайша айырбастаушы-үстелдер айырбастаушы – үйге айналды. Бұл үйде құны әр түрлі монеталардың айырбасталуы жүзеге асырылды. Германияда италияндық сауда үйлерінің филиалдары негізінде неміс сауда үйі құрылып, одан алғашқы неміс банктері, ал Францияда француз банктері пайда болды және ХVІІ ғасырдың ішінде банктер Еуропаның бүкіл мемлекеттерінде пайда болып үлгерді. Ресейде банк ісі мемлекеттік тұрғыдан дамиды, ал жекеше эмиссиялық банктер болған жоқ, тек ХІХ ғасырдың соңында ғана (1894 ж.) орталық эмиссиялық банк ретінде Мемлекеттік банк пайда болды. ХХ ғасырдың 90-шы жылдардың басына дейін Қазақстанның банктері болған емес.
Банк дегеніміз банктік қызметті жүзеге асыру құқығы бар заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым. Банктің қызмет ету аясы бұл басқа экономикалық институттарға қарағанда тек банктің өзіне тән қызметі. Банктің үш қызмет ету аясын келесідей анықтауға болады. Оның біріншісі – ақшалай қаражатты шоғырландыратын қызметі. Уақытша сақтауға құндылықтарды қабылдау ежелгі банк операцияларының бірі болып табылады. Уақытша бос ақшаны шоғырландырудағы банктің бірқатар ерекшеліктері бар:
шоғырландырылған уақытша бос бөтен қаражат банктің өз қажеттілігіне емес, басқалардың қажеттілігіне қайта бөлу тәртібімен пайдаланылады;
шоғырландырылатын және қайта бөлінетін қаражаттың меншік иесі – бастапқы несие беруші (банк клиенті);
қаражатты шоғырландыру арнайы лицензиямен жүзеге асырылады және әрі банктің негізгі қызмет түрі.
Екінші қызмет – ақша айналымын реттейтін қызмет. Банк несие беруші мен қарыз алушы арасындағы, сатушы мен сатып алушы арасындағы делдал болып табылады. Банк арқылы есеп айырысулар, айырбас, ақшалай қаражат айналымы жүзеге асырылады.
Үшінші қызмет – делдалдық қызмет. Банктер арқылы ақшалай қаражат бір субьектіден екіншісіне, экономиканың бір саласынан екіншісіне құйылады. Банк шоты бойынша жүзеге асырылатын операциялармен капиталдың қозғалысы қамтамасыз етіледі, яғни оларды экономиканың бір секторына шоғырландыра отырып, басқа салалармен аймақтарға қайта бөледі. Сонымен делдалдық қызмет – бұл тәуекелдікті (қатерді) азайтатын әрі ұдайы өндіріс субьектілерінің арасындағы қатынасты кеңейтетін қызмет.
2-Сұрақ. Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі буыны, экономиканың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Кез-келген жүйе барлық қажетті элементтерді қамтуы тиіс, онда олар өзара әрекеттесіп, бірін-бірі толықтыруы керек. Кез-келген елдің банк жүйесінде оның келесі негізгі элементтері кездеседі: әртүрлі тұрпаттағы банктер, банктік емес мекемелер, банктік инфрақұрылым, банктердің бірлестігі т.б. Бұл элементтер бір-бірімен өзара әрекеттеседі, бірін-бірі толықтырады және белгілі бір тұтастықты құрайды. Басқа жүйелерден өзгешелейтін банк жүйесінің белгілері келесілер:
- банк жүйесінің элементтері алғы шебін Орталық банк құрайтын нақты бірлікке бағына отырып өзара әрекеттеседі, онда кездейсоқ элементтер болмайды. (бірыңғай мақсатқа жауап беретін нақтыға бағынышты элементтерді қамтиды);
- банк жүйесі өзінің құрамдық элементтерімен, олардың өзара әрекетімен анықталатын өзіндік ерекшелікке ие (өзіндік ерекшелігі бар);
- банк жүйесі элементтерді өзара алмастыруға қабілетті. Оны біртұтас ретінде және бір бүтінге бағынатын әртүрлі бөліктер ретінде көрсетуге болады. Бұл оның жекелеген бөліктерінің қажет болған жағдайда бір-бірін алмастыра алатындай етіп байланысқанын білдіреді (элементтерді өзара алмастыруға қабілетті);
- банк жүйесі динамикалық жүйе болып табылады, ол ұдайы даму, қозғалыс үстінде болады. Ол жаңа элементтермен, жаңа байланыстармен толығуы мүмкін (динамикалық жүйе болып табылады);
- банк жүйесі «жабық» тұрпаттағы жүйе ретінде бола алады, яғни олардың тек өздеріне тән, осы жүйеге ғана арналған өз тәрнтібі, ережесі, нұсқауы бар және банктің өз құпиялары бар («жабық тұрпат» жүйесі ретінде алға шығады);
- банк жүйесі өзін-өзі реттейтін, «өзін-өзі ұйымдастыратын» жүйе сиатына ие. Жүйе өзінің әрекет ету саясатын экономикалық, әлеуметтік, саяси ахуалдарға қарай өзгертіп отырады (өзін-өзі реттейтін жүйе сипатына ие);
- банк жүйесі – басқарылатын жүйе, ол арнайы банк заңдарымен әрекет етеді, реттеледі және орталық атқару немесе өкілетті органдарға бағынады (басқарылатын жүйе болып табылады).
Осы аталған белгілердің барлығы Қазақстанның банк жүйесіне тән. ҚР «Банктер және банк қызметі туралы» заңына сәйкес елімізде екі деңгейлі банк жүйесі әрекет етеді. Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкісі болып табылады және әрі банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейін білдіреді. Ал екінші және төменгі деңгейіне коммерциялық банктер жатады.
2-Дәріс. Коммерциялық банк – банк жүйесінің негізгі звеносы
