
- •«Банк ісі» пәні бойынша студенттерге арналған
- •2. Пәннің мазмұны
- •3. Сөж тапсырмалары және оны орындау кестесі сөж (Студенттің өзіндік жұмысы)
- •Дәрістер жинағы
- •Банктің мәні және оның қызмет ету аясы
- •Қазақстан Республикасының банк жүйесі
- •Коммерциялық банктің ұйымдастырылу және басқару құрылымы
- •Банктерді құру, тіркеу және қызметін тоқтату шаралары
- •Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
- •Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
- •Банктің меншікті капиталы: көздері мен қызметтері
- •Банктің тартылған қаражаттары
- •Несиелік саясат түсінігі
- •Несиелік саясатты іске асыру формалары
- •Несиелеу шарты
- •Несиелік механизм мазмұны
- •Несиелік механизмнің құрылымдық элементтері
- •Іv. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
- •V. Валютамен берілуіне қарай:
- •Vі. Берілу шартына қарай:
- •Коммерциялық банктердің лизингтік операциясы
- •Коммерциялық банктің факторингтік операциясы
- •Коммерциялық банктің трасталық операциялары
- •Қарыз алушының несиелік қабілеті түсінігі, оны бағалау жағдайлары
- •Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері
- •Жеке тұлғаның несиелік қабілетін бағалау
- •Қарыз алушы жеке тұлғаның несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері
- •Валюталық операциялар ұғымы
- •Валюталық операциялардың жіктелуі
- •Клиенттердің шоттарын ашу және жүргізу.
- •Шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнату
- •Конверсиондық операциялар
- •Валюталық қаражаттарды тарту және орналастыру операциялары
- •Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
- •Банк өтімділігін басқару әдістері
- •1. Банктік тәуекел туралы жалпы түсінік
- •2. Банктік тәуекел түрлері
- •Қарыз пайызына жалпы сипаттама
- •Қарыз пайызы несисінің мәні
- •Банктік менеджмент
- •Банктік маркетинг
- •5. Бағдарламаны оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
Коммерциялық банктердің лизингтік операциясы
Коммерциялық банктің факторингтік операциясы
Коммерциялық банктің трасталық операциялары
3-Сұрақ. Лизинг сөзін ағылшын тілінен аударғанда “жалға беру” деген мағынаны білдіреді. Лизинг бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске, сауда-саттыққа арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді. Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығы келісім шартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг обьектісінің лизинг берушінің меншігінде қала береді. Ал несиеде банктің меншік обьектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады. Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің толық құнын өтемеуін сипаттайды.
Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берілген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Сондай-ақ лизингтің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын келесі түрлері бар:
Ішкі лизинг бұл оның қатысушыларының бір елден болып келуімен сипатталады.
Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.
Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып табылады.
Лизинг –бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция. Көптеген мәмілелерде кемінде 3 келісім жасалады:
лизинг беруші мен лизинг алушы арасында;
лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында;
лизинг алушы мен банк арасында.
Лизингтік операциялардың жүргізілуі:
банк пен лизинг компаниясы арасында несиелік келесім шарт жасалып, несие беріледі;
лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін жабдықтаушыға төлейді;
жабдықтаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады;
лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік келісім шарт жасалады;
жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды;
лизинг алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді;
лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді.
Лизинг алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әртүрлі тәуекел жағдайлардан (өрттен, ұрлықтан) сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырылған көшірмесін береді.
Іс жүзінде лизингтік келісім келесі элементтерді қамтиды:
обьектісі;
жабдықтау мерзімі;
лизингке алу мерзімі;
лизингке берушінің меншіктік құқы;
тәуекелдер, жауапкершілік, техникалық кепілхат;
құрал-жабдықты пайдалану;
лизингтік төлемдер;
сатып алу мүмкіндігі;
құрал-жабдықты қайтару;
тараптардың қосымша құқықтары;
тараптардың қолдары
тараптардың орналасқан жері.
Қазақстандағы лизинг өзінің алғашқы қадамдарын 1989 жылы бастады. Елімізде лизинг келесі жолдармен қалыптасқан:
екінші деңгейлі банктердің лизингтік операциялары;
жаңадан құрылған арнайы лизингтік фирмалар;
лизингтің халықаралық формалары – экспорттық, импорттық және басқа да шетелдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындар және республика аумағындағы шетелдік лизингтік компаниялардың дамуы.
Лизинг қызметіне байланысты 2000 жылдың 5-шілдесінде “Қаржы лизингі туралы” ҚР-ның Заңы қабылданды.
2-Сұрақ. Коммерциялық банктердің ең көп тараған делдалдық қызметінің бір түрі – факторинг. Факторинг бұл тауарларды немесе қызметтерді жабдықтаушыдан төлем талабын сатып алуды білдіреді. Фактор сөзін ағылшын тілінен аударғанда делдал деген мағынаны білдіреді. Экономикалық жағынан алғанда бұл делдалдық операция. Факторинг – жабдықтаушы-клиенттің жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты делдалдық операция болып табылады.
Факторинг операциясына үш тарап қатысады:
факторингтік компания (банктің факторинг бөлімі) - өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме;
клиент (тауарды жабдықтаушы, несие беруші) –факторинг компаниясымен келесім шарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы;
кәсіпорын (қарыз алушы) – тауарды сатып алушы фирма.
Факторинг біршама кең көлемді қызмет атқарады:
сатып алушының төлем қабілетін талдау;
төлем талабын инкассациялау;
төлем талабын сатып алу;
тауарларды төлеуге жабдықтаушыға кепіл беру;
төлемдерді іздестіру.
Факторингтік операциялар:
клиентке қызмет көрсету;
ақшалай талаптарды төлеу;
несиелеу;
қарызды инкассациялау;
жабдықтаушының есебін ұйымдастыру;
несиелік тәуекелден сақтандыру.
Факторингтік операциялар төмендегілер бойынша жасалмайтынын ескеру қажет:
жеке тұлғалардың қарыздық міндеттемелері бойынша;
бюджеттік мекемелердің қоятын талаптары бойынша;
банктің несиелеуден алынып тасталған немесе төлем қабілетінсіз деп танылған кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша.
3-сұрақ. “Траст” ағылшын тілінен аударғанда сенім деген мағынаны білдіреді. Траст бұл сеніммен басқаруға берілген мүлікке деген құқықты анықтайтын және меншікті иеленудің ерекше нысаны. Трасталық операциялар деп клиенттің сенім тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктің операциялары түсіндіріледі. Траст операциясына қатысушыларға келесілер жатады:
Траст құрылтайшысы (немесе оның негізін қалаушы) сенімді меншік иесіне сенім хат арқылы басқаруға беретін, мүліктің немесе мүліктік құқықтардың меншік иесі. Траст құрылтайшысы ретінде кез-келген қолында мүлкі бар заңды және жеке тұлға бола алады.
Трастыны иемденуші (сеніп тапсырған тұлға) – траст келісім шартындағы көрсетілген жағдайға сәйкес, мүлікті басқару құқығын қабылдайтын тұлға.
Бенефициар – траст келісім шартын өзінің пайдасына жарататын кез-келген заңды және жеке тұлға. Яғни ол трастыны иемденушіге берілген мүліктен түсетін табысты алып отыруға құқылы.
Сонымен траст операциясы бұл банктің өз клиенттеріне (заңды және жеке тұқғаларына) көрсететін әртүрлі қызметі түріндегі сенім операцияларын білдіреді.
Траст қызметіне: жылжымайтын және жылжитын мүліктерді басқару, инвестициялық портфельді қалыптастыру және оны басқару, құндылықтарды сақтауға қабылдау, қабілетсіз меншік иесінің мұраға қалдырған мүлкін басқару, тұрақсыздыққа ұшыраған фирмаларға қатысты несие берушілердің қоятын талаптарын реттеу, мұраға қалдыруға байланысты мүлікті басқару қызметтері жатады.
9-Дәріс. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау жүйесі