Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умк банк ісі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
124.43 Кб
Скачать
  1. Коммерциялық банктің ұйымдастырылу және басқару құрылымы

  2. Банктерді құру, тіркеу және қызметін тоқтату шаралары

  3. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

1-Сұрақ. Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Қазіргі экономика жағдайында коммерциялық банктер өз клиенттеріне әртүрлі қызметтер көрсететін ерекше ұйым. Коммерциялық банктердің коммерциялық деп аталу себебі олардың қандайда бір меншік нысанына жататындығына байланысты емес, өз клиенттеріне ақылы негізде қызмет көрсетуіне байланысты. ҚР-дағы коммерциялық банктер келесі заңдарға сүйене отырып, қызметтерін жүзеге асырады:

- ҚР-ның ата заңы;

- Азаматтық кодекс;

- “ҚР-сы Ұлттық банкі туралы” заңы, 1995 жыл, 30 наурыз;

- “ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы” заңы, 1995 жыл, 31 тамыз.

Банктің ресми мәртебесі банкті ашуға Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі ҚР Агенттігінің рұқсатымен, Әділет министрлігінде банк ретінде мемлекеттік тіркелуімен және банк операцияларын жүзеге асыруға берген Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі ҚР Агенттігінің лицензиясымен анықталады.

ҚР-дағы кейбір банк түрлеріне анықтамалар беруге болады. Мемлекеттік банк дегеніміз жарғылық капиталының бірден-бір иесі мемлекет болып табылатын ҚР-ның заңдарында көрсетілген баптарға сәйкес құрылған екінші деңейлі банк. Депозиттік банк дегеніміз салымдар қабылдауға және заңмен тиым салынбаған басқада банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы екінші деңгейлі банк. Шетел қатысуымен құрылған банк дегеніміз акцияларының 50-нан астамы ҚР-сы резидент еместерінің иелігінде, меншігінде және басқаруында болатын екінші деңгейлі банк. Мемлекетаралық банк дегеніміз халықаралық келісім шарт негізінде құрылып, қызмет ететін, жарғылық капиталының иелері ҚР-сы Үкіметімен сол келісімге қол қойған мемлекеттің Үкіметтері болып табылатын банк. ҚР-дағы коммерциялық банктер ҚР-сы аумағында, сол сияқты аумақтан тыс жерлерде өздерінің еншілес банктерін, филиалдары мен өкілдіктерін ашуға құқылы. Еншілес банк жарғылық капиталының елу пайыздан астамы бас банкке тиіселі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға. Банктің филиалы бас банктің берген құқықтары шегінде банктік операцияларды жүзеге асыратын, өзінің бас банкі берген қаражаттар мен өкілеттіктер шегінде қызмет ететін, заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме. Банктің есеп айырысу кассалық бөлімшелері – депозит тартудан басқа белгілі бір банктік операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан, заңды тұға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі. Банктің өкілдігі – бірде-бір банктік операцияларды орындамайтын, өз атынан банктің тапсырмасымен әрекет ететін заңды тұлға болып табылмайтын банктің бөлімшесі. Коммерциялық банктерде келесі алқалық органдар құрылады:

1. Акционерлердің жалпы жиналысы – басқару органы;

  1. Басқарма (департаменттер, бөлімдер, қызметтер) – атқарушы орган;

3. Тексеру комиссиясы – бақылау органы

Басқару органын тағайындаудың мақсаты – банктің негізгі қызметін іске асыру мақсатында банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел жетекшілік етуді қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта коммерциялық банктер акционерлік қоғам формасында құрылатындықтан, оларды басқаруға акционерлері қатысады. Ондай формадағы банктің ең жоғарғы басқару органы акционерлерінің жалпы жиналысы. Ол жарғыны, баланс пен есепті бекітеді, банктік саясаттың бағыттары мен мақсатын анықтайды, басқарма мүшелерімен төрағасын сайлайды. Банк жұмысына жалпы жетекшілік ету үшін, сондай-ақ атқарушы және бақылаушы органдардың жұмысын қадағалау, бақылау үшін акционерлер жиналысы басқарманы немесе банк кеңесін сайлайды. Басқарма (банк кеңесі) – банк иелерінің, оның акционерлерінің өкілетті органы және олардың мүддесін қорғайды. Басқарманың ең басты міндеті – жұмсалған капиталға қажетті пайда деңгейімен қамтамасыз ету. Акционерлер жиналысы басқарма құрамынан банктің қызметіне шұғыл жетекшілік ету үшін банк басқармасының төрағасын сайлайды, ол акционерлер жиналысының шешімін орындайды, банктің еңбек ұжымын ұйымдастырады және оларға жетекшілік етеді.

2-сұрақ. 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” ҚР-ның заңына сәйкес ҚР-да банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:

  1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі ҚР Агенттігінен Банк ашуға рұқсат алу;

  2. Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;

  3. Банк операцияларын жүргізуге Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі ҚР Агенттігінен лицензия алу.

Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы. Бірінші кезеңде банк ашушы Агенттікке банк ашу үшін рұқсат алуға өтініш береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:- рұқсат алу үшін беретін өтініші;

- құрылтайшылық шарт (түпнұсқа);

- банктің жарғысы (түпнұсқа);

- банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;

- құрылтайшылар туралы мәліметтер;

- жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастыру құрылымы (банктің өкілетті органымен бекітілуі тиіс);

- жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бекітілуі тиіс);

- жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бекітілуі тиіс);

- жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары, банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық болашағы (есеп айырысу балансы, бастапқы қаржылық үш жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары).

Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай, әрі кетсе алты ай ішінде Агенттікте қаралады. Екінші кезеңде жаңадан құрылатын банк Агенттік рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған Агенттіктің банк ашуға берген рұқсатын және келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады. Үшінші кезеңде банктік операцияларды жүзеге асыру үшін лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:

    1. ұйымдастырушылық-техникалық шараларды орындау, оның ішінде ҰБ-тің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;

    2. жарияланған жарғылық капиталды төлеу.

Лицензия алуға берген өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындағанын растайтын құжатты беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Агенттік қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі. Агенттік екінші деңгейлі банктерді ашуға берген рұқсатын мынадай негіздерге байланысты қайтарып алуы мүмкін:

  1. банк тарапынан өз еркімен қайта құрылу немесе таралуы туралы шешім қабылдау;

  2. мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жыл ішінде банк қызметіне байланысты жалған мәліметтердің болуы;

    1. мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылдан астам уақытқа дейін банк операцияларын жүргізу лицензиясын алмаған жағдайда;

    2. банк заңдылықтарында, сол сияқты жарғысында көрсетілмеген операцияларды жүзеге асыруы;

    3. ҚР-сы заң актілерінде көрсетілген баптарға сәйкес сот шешімінің қабылдануы.

Агенттіктің банкті ашуға берген рұқсатын қайтарып алу және банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензияларды жою туралы қаулысы оның қабылданған кезінен бастап таратуға негіз болады.

3-Сұрақ. Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады. Банк қызметін- банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауымен сипаттауға болады. Кез-келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру жатады. Қазіргі кезде коммерциялық банктердің негізгі дәстүрлі қызметтерге салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық түрлерін кең қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. «ҚР банктер және банктік қызметтер туралы» заңға сәйкес банктер келесі операцияларды жүзеге асырады:

- ақылы негізде депозиттерді тарту;

- клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;

- қайтарымдылық, мерзімділік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;

- заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, депозиттік сертификаттарды, аккредитивтерді, акцияларды);

- клиенттер үшін құжаттар мен бағалықтарды сақтандыру бойынша қызметтер;

- клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);

- банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;

- инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;

- лизингтік операцияларды жүзеге асыру.

Ұлттық банктің арнайы лицензиялары бар болса, банктер шетел валюталарымен операцияларды жүргізу, ақшаларды аударуға байланысты қызметтерді көрсетуді жүзеге асырады.

Осы операцияларды топтай отырып, банктермен атқаралытан негізгі қызметтердә келесідей топтауға болады:

- уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);

- экономиканы және халықты несиелендіру;

- қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу – клиенттер тапсырмасы бойынша банк қызметкерлері сәйкес төлем құжаттары негізінде клиент шотына төлем құжатында көрсетілген соманы есептейді немесе шегереді;

- инвестициялық қызмет – банктердің өздерінің бастамашылығымен табыс алу мақсатында белгілі бір мерзіміне қарай ақша қаражаттарын салу;

- клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету – кеңес беру, ақпараттық қызмет, лизингтік, факторингтік операциялар.

3-Дәріс. Банк ресурстарын қалыптастыру операциялары