
- •«Банк ісі» пәні бойынша студенттерге арналған
- •2. Пәннің мазмұны
- •3. Сөж тапсырмалары және оны орындау кестесі сөж (Студенттің өзіндік жұмысы)
- •Дәрістер жинағы
- •Банктің мәні және оның қызмет ету аясы
- •Қазақстан Республикасының банк жүйесі
- •Коммерциялық банктің ұйымдастырылу және басқару құрылымы
- •Банктерді құру, тіркеу және қызметін тоқтату шаралары
- •Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
- •Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
- •Банктің меншікті капиталы: көздері мен қызметтері
- •Банктің тартылған қаражаттары
- •Несиелік саясат түсінігі
- •Несиелік саясатты іске асыру формалары
- •Несиелеу шарты
- •Несиелік механизм мазмұны
- •Несиелік механизмнің құрылымдық элементтері
- •Іv. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
- •V. Валютамен берілуіне қарай:
- •Vі. Берілу шартына қарай:
- •Коммерциялық банктердің лизингтік операциясы
- •Коммерциялық банктің факторингтік операциясы
- •Коммерциялық банктің трасталық операциялары
- •Қарыз алушының несиелік қабілеті түсінігі, оны бағалау жағдайлары
- •Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері
- •Жеке тұлғаның несиелік қабілетін бағалау
- •Қарыз алушы жеке тұлғаның несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері
- •Валюталық операциялар ұғымы
- •Валюталық операциялардың жіктелуі
- •Клиенттердің шоттарын ашу және жүргізу.
- •Шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнату
- •Конверсиондық операциялар
- •Валюталық қаражаттарды тарту және орналастыру операциялары
- •Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
- •Банк өтімділігін басқару әдістері
- •1. Банктік тәуекел туралы жалпы түсінік
- •2. Банктік тәуекел түрлері
- •Қарыз пайызына жалпы сипаттама
- •Қарыз пайызы несисінің мәні
- •Банктік менеджмент
- •Банктік маркетинг
- •5. Бағдарламаны оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
Қарыз пайызына жалпы сипаттама
Қарыз пайызы несисінің мәні
Қарыз пайызы несиенің негізгі белгісі ретінде несие бағасының өсу формасы болып жүреді. қарыз алушы несиені пайдаланғаны үшін несие берушіге қарыз пайызын төлейді. Жай қарыздан несиенің айырмашылығы осында. Қарыз пайызы несие берушімен қарыз алушының арасындағы өзара қарым-қатынастарда пайыздық мөлшерлеме түрінде жүреді. Қазіргі уақытта пайыздық мөлшерлеменің бірнеше түрлері бар және келесілерге байланысты:
қарыз сипатына;
қарыз мерзімінің ұзақтығына;
несиелеу обьектісіне;
қарыз алушының несиелік қабілетіне;
несиелік ресурстарға сұраныс пен ұсынысқа.
Пайыздық мөлшерлеме тұрақты және өзгермелі, номиналды және нақты болуы мүмкін. Тұрақты пайыздық мөлшерлеме қарызды пайдаланудың барлық мерзімі бойынша өзгеріссіз қалады. Өзгермелі пайыздық мөлшерлеме несиелік келісім әрекет етіп тұрған мерзім ағымында ақша нарығындағы жағдайға, сондай-ақ экономика және қарыз алушының қаржылық жағдайына байланысты банкпен өзгертілуі мүмкін. Номиналды пайыздық мөлшерлеме екі факторға байланысты қалыптасады: несиелік ресурстарға деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және инфляция қарқынына қарай. Нақты пайыздық мөлшерлеме есептеу жолымен табылады. Нақты пайыздық мөлшерлеме есептеу жолымен табылады. Номиналды мөлшерлемеден инфляция қарқыны алынып тасталынады. Банктік тәжірибеде барлық пайыздық мөлшерлеме номиналды шамада белгіленеді.
Математикалық пайыздық мөлшерлеме қарызға берілген құннан келетін табыстың осы құнның шамасына қатынасы ретінде анықталады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банк басқармасы бекіткен пайыздарды есептеу тәртібі және олардың Қазақстан Республикасы банктерінде орналастыру тәртібі туралы Ережеге сәйкес пайыздарды есептеудің келесі формулалары қолданылады:
1. Жай пайыздарды есептеу формуласы. Жай пайыздар бұл қарыздық берешек сомасына есептелген пайыздар. S = I х n х P / К х 100 % немесе S = P х (1 + I х n / К)
Мұндағы:
S – қайтарылуға жататын ақша қаражаттарының сомасы (ақша қаражаттарының бастапқы сомасы және оған есептелген пайыздарға тең);
I – жылдық пайыздық мөлшерлеме;
n – ақша қаржылары бойынша пайыз қосылатын күн саны;
P – ақша қаржыларының бастапқы сомасы;
К – күнтізбелік жылдағы күн саны.
2. Күрделі пайыздарды есептеу формуласы. Күрделі пайыздар бұл қарыздық берешек сомасына есептелген пайыздар ғана емес, ссонымен қатар пайыздан келетін табыс сомасын анықтайды.
S = P х (1 + I х j/ К) х n
Мұндағы:
j – банктік пайыздарды капиталдандыруды жүргізетін кезеңдегі күтізбелік күн саны;
n – жалпы мерзім ағымында ақша қаржыларына қосылған пайыздарды капиталдандыру бойынша операциялар саны.
14-Дәріс. Банктік менеджмент және маркетинг
Банктік менеджмент
Банктік маркетинг
1-сұрақ. Менеджмент ұйымдастыру мен басқарудың оңтайлы жүйесі туралы ғылым. Менеджменттің негізгі мақсаты – басқарудың оңтайлы жүйесі есебінен пайда табу. Сондықтан менеджменттің негізін өз ісін басқару, өз еңбегімен ұжым жұмысын ұйымдастыру қабілеті, өздігінен даму және шығармашылық қызметке ынта таныту сияқты адамдық фактор құрайды. Басқа ұйымдар мен кәсіпорындар сияқты банктердің де өз өнімдері бар. Банк өнімі клиенттерге қызмет көрсетіп, операцияларды жүргізу үшін банктің өзі шығаратын құжаттары, мысалы вексель, чек, банктік пайыз, депозиттер мен әртүрлі сертификаттар. Ал банктік қызмет банктік технологияны ұйымдастыру (банктің активтік және пассивтік операциялары, қаржылық қызметтері, есеп айырысулардың барлық түрлерін орындау), жұмыс процесін барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз ету, банк жұмысын материалдық – техникалық жағынан жабдықтау, мамандармен қамтамасыз ету, тұрақты өтімділікті ұстап тұру. Банктік менеджмент дегеніміз банктік және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану үшін өзіндік қағидаларды, қызметтерді және тәсілдерді қолдана отырып, нақты мақсаттарға жетуге арналған қызмет түрі, яғни банктің қызметі мен қызметкерлерін ұйымдастыру, басқарумен байланысты. Осыған байланысты банк менеджменті сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткіштерді орындауға бағытталады. Сандық көрсеткіш банк қызметін басқарудың барлық саласына қатысты, қызметтің жалпы нәтижелерін талдау және бағалау үшін пайдаланылады және келесілерді қамтиды:
- банк клиенттері мен олардың шоттарының саны, депозиттері мен несие, қарыздарының мөлшері;
- банк орындайтын операциялар мен қызмет көрсетулердің ауқымы.
Сапа көрсеткіштерін үш топқа бөлуге болады:
банктің кірістері мен шығыстарына қатысты көрсеткіш, оның көмегімен банктің пайдалылығы басқарылады;
қаражат айналымының жылдамдық көрсеткіші, яғни банктік операцияларын орындауға кететін шығындар, құжаттарды өңдеуден өткізудің жылдамдық көрсеткіші;
көрсетілетін банк қызметтерінің көлемі, сапасы бойынша клиенттер тілегін қанағаттандыру деңгейінің көрсеткіштері, банктік ақпараттардың сақталуын қамтамасыз ету қабілеті.
Әлеуметтік көрсеткіштер ұжым мүшелерінің кәсіби дайындығының қалай дамығанын, олардың еңбекке қатынасын сипаттайды.
Басқа да экономикалық құрылымдар сияқты банктің өзіндік басқару механизмі бар. Оны бір-бірімен байланысқан үш бөлімше ретінде қарастыруға болады:
банк ішіндегі басқару;
операцияларды басқару;
банк мамандарын басқару.
Банк ішіндегі басқару қызметтері:
маркетингтік қызмет – клиенттердің банк өнімімен қызметтеріне қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін банктік қызметтер нарығы мен сұранысты зерттеу;
ұйымдастыру қызметі – алға қойған мақсаттар мен стратегиялық міндеттерге сай банк құрылымын анықтау;
жоспарлау мен болжамдау қызметі – келешекке арнап банк жүргізетін саясатпен қызметтерді анықтау;
бақылау және есеп қызметі – ішкі аудит арқылы банкішілік шаруашылықты басқару және өтімділікті сақтау үшін банк бөлімшелерінің жұмысын тексеру.
Операцияларды басқару келесілерден тұрады:
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
банк өнімін өткізуді қамтамасыз ету.
Банк мамандарын басқару келесілерден тұрады:
кадр саясатын өңдеу және жүргізу;
қызметкерлерге еңбекақы төлеу, қызметкерлерді көтермелеу, ынталандыру;
басқарудың әлеуметтік – психологиялық негіздері.
Банктің басқару механизміне байланысты банктік менеджменттің негізгі бағытын екі үлкен салаға бөлуге болады:
банктерде экономикалық процестерді ұйымдастыру және басқару мәселелерін қамтиды;
банк ұжымын ұйымдастыру және басқарумен байланысты.
Банктік менеджменттің негізгі бағыттарына сәйкес банктік менеджмент келесі міндеттерді атқарады:
Өзіндік банк қаражатын басқару оның өтімділігі мен төлемқабілеттілігін қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Банктің активтік операцияларын ұлғайтуда әрі депозит мөлшерін өсіруде өзіндік банк капиталын арттыру қажеттілігі пайда болады.
2. банк жұмысының пайдалылығын басқару оның кірістері мен шығыстарын, тартылған қаражат бойынша шығындарын, несиелеуден түсетін табысын, қаржылық нәтижелер тұрақтылығының қамтамасыз етілуін, ысырап қатерін бақылауды қажет етеді.
3. банк қыметіндегі тәуекелдерді басқару, банк қызметінде тәуекел әртүрлі операцияларды орындау барысында орын алады. Тәуекедік болмаған жерде кәсіпкерлік болмайды, сондықтанда оны басқара білу қажет. Тәуекелді басқару процесінде шешімін табуы тиіс басты міндеттер:
- қауіп-қатер болуының ықтимал жағдайын көре білу;
- болжамды зиянның ауқымын бағалау.
4. еңбек ұжымы әзірлейтін басқару тұжырымдамасын да қамтиды. Ұжымды басқарудағы басты міндеттер:
- ұжым жұмысын ұйымдастыра білу;
- әр қызметкермен тіл табыса білу;
- Ұжым алдына қойылған міндеттерді шешу үшін әр қызметкерге ықпал етудің тәсілін таба білу.
Банктік менеджментті қалыптастыру өте күрделі процес, ол қойылған мақсаттарға жету және стратегияны орындау үшін келесі маңызды компоненттерден тұрады:
банк шешімдерін қабылдау және іске асыру процесі (шешімді дайындау, шешімді қабылдау, шешімді жүзеге асыру);
менеджментті ақпаратпен қамсыздандыру (банкшілік ақпараттық жүйе, ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, қолдану және басқаруға беру жүйесі, бағдарламалық қамсыздандыру);
банктік жұмысты басқару (банктік операциялардың барлық түрлерін басқару, жаңа өнімдердің бәсекелес қабілетін көтеру).
2-сұрақ. Маркетинг – тауарлар мен қыметтердің ағынын өндірушіден тұтынушыға бағыттауға байланысты кәсіпкерлік қызмет түрі. Ал банктік маркетинг клиенттердің нақты қажеттілігін ескере отырып, банк өнімін өткізудің ең ұтымды нарығын іздеп табуына бағытталған қызмет түрі. Кез-келген банктің мақсаты – пайданың тұрақты өсуі, клиенттерді тарту, өз қызметтерін өткізу, нарықты жаулап алу. Банк саласындағы маркетинг несие ресурстар нырығын зерттеуге, клиенттің қаржылық жағдайын талдауға, банкке салым салым ақшаны тартудың мүмкіндіктерін, өзгерістерді болжауға, жаңа клиенттер тартуға, банктің қызмет көрсету салаларын ұлғайтуға септігін тигізетін шарттармен қамтамасыз етуге бағытталады. Банктік маркетинг келесі негізгі принциптерге негізделіп, қызметін жүргізеді:
- нақты нарықтық мақсаттарға қолжеткізу;
- маркетинг бұл кешенді міндеті бар жүйе (бақылау, жоспарлау, талдау, реттеу);
- маркетингті ағымдағы кезеңге де, алдағы кезеңге де және бір-бірімен өзара байланыстырылып жоспарлау;
- табысты маркетинг әрбір банк қызметінің бастамашылығы мен белсенділігін ынталандыруға және біліктілігін жоғарлатуға сүйенеді;
- ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру арқылы ғана маркетингті жүзеге асырылады.
Банктік маркетингтің негізгі мақсаттары:
сұранысты қалыптастыру және ынталандыру;
жұмыс жоспарлары мен қабылданатын шешімдердің жүзеге асырылуын негіздеу;
көрсетілетін қызмет ауқымын ұлғайту;
банктің көп табыс табуына ықпал ету және нарықтағы үлесін нығайту.
Банктік маркетингтің негізгі міндеттері:
қаржы нарығында орын алып жататын ұдайы өзгерістер жағдайында банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету;
көрсетілетін қызметтің ауқымы, құрылымы және сапасы бойынша клиенттің талап тілегін барынша қанағаттандыру арқылы онымен тұрақты қатынасты қалыптастыру;
банк өнімділігін қамтамасыз ету және банктің жағымды атағын қалыптастыру;
банктің коммерциялық, әлеуметтік және ұйымдастыру мәселелерін кешенді түрде өзара байланыстыра отырып шешу.
Банктік маркетинг қызметтеріне келесілер жатады:
маркетингтік зерттеулер жүргізу, ақпараттарды жинақтау және талдау;
жаңа банктік өнімді және қызметті жасақтау;
жаңа жасақталған банктік өнімге немесе қызметке баға белгілеу;
банк өнімінің таралуын ұйымдастыру.
Маркетингтің өзекті мәселесі болып нарықты зерттеу табылады. Нарықтық мүмкіндікті анықтау үшін қажетті ақпараттарды жинақтау жүзеге асырылады. Жинақталған ақпараттар банк өнімінің нақты және артықшылықты өткізу нарықтарын айқындауға, сол нарықтың қажеттілігі мен клиенттерін танып білуге мүмкіндік береді. Алынған ақпараттар мен зерттеу негізінде банк қандай қызметтер мен операцияларды дамыту қажеттіліктерін және клиент қандай жаңа қызмет түріне мұқтаж екендігін анықтайды. Қызметтер мен операциялардың жаңа түрлеріне баға белгілеу туралы мәселе кеңінен пайда болады. Банк өнімінің таралуын ұйымдастыруда келесі амалдар қолданылады:
жарнама;
сауалнама;
сұхбаттасу;
нақты немесе артықшылықты клиенттермен қарым-қатынас.