
- •«Банк ісі» пәні бойынша студенттерге арналған
- •2. Пәннің мазмұны
- •3. Сөж тапсырмалары және оны орындау кестесі сөж (Студенттің өзіндік жұмысы)
- •Дәрістер жинағы
- •Банктің мәні және оның қызмет ету аясы
- •Қазақстан Республикасының банк жүйесі
- •Коммерциялық банктің ұйымдастырылу және басқару құрылымы
- •Банктерді құру, тіркеу және қызметін тоқтату шаралары
- •Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
- •Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
- •Банктің меншікті капиталы: көздері мен қызметтері
- •Банктің тартылған қаражаттары
- •Несиелік саясат түсінігі
- •Несиелік саясатты іске асыру формалары
- •Несиелеу шарты
- •Несиелік механизм мазмұны
- •Несиелік механизмнің құрылымдық элементтері
- •Іv. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
- •V. Валютамен берілуіне қарай:
- •Vі. Берілу шартына қарай:
- •Коммерциялық банктердің лизингтік операциясы
- •Коммерциялық банктің факторингтік операциясы
- •Коммерциялық банктің трасталық операциялары
- •Қарыз алушының несиелік қабілеті түсінігі, оны бағалау жағдайлары
- •Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері
- •Жеке тұлғаның несиелік қабілетін бағалау
- •Қарыз алушы жеке тұлғаның несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері
- •Валюталық операциялар ұғымы
- •Валюталық операциялардың жіктелуі
- •Клиенттердің шоттарын ашу және жүргізу.
- •Шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнату
- •Конверсиондық операциялар
- •Валюталық қаражаттарды тарту және орналастыру операциялары
- •Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
- •Банк өтімділігін басқару әдістері
- •1. Банктік тәуекел туралы жалпы түсінік
- •2. Банктік тәуекел түрлері
- •Қарыз пайызына жалпы сипаттама
- •Қарыз пайызы несисінің мәні
- •Банктік менеджмент
- •Банктік маркетинг
- •5. Бағдарламаны оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АТЫРАУ БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Экономикалық – құқықтық пәндер бірлестігі
«Банк ісі» пәні бойынша студенттерге арналған
оқу – әдістемелік кешен
Атырау 2013-14ж.
1. ТҮСІНДІРМЕЛІК ЖАЗБА
Қазақстан Республикасының банктер жүйесі ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда нарық талабына сай өзгерістерді жедел қабылдайтын және экономикалық базистегі өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің даму заңдылықтарына тез сыңай танытатын, салыстырмалы дербестігі бар ақша секторы. Қазақстан банк секторы қаржы нарығының ең жақсы дамыған сегменті. Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандартқа сәйкес қызмет етуі Қазақстан Республикасы қаржылық қадағалау агенттігінің коммерциялық банктердің сапасына талапты күшейтті. Бұған бір жағынан банкаралық бәсекенің ықпалы әсер етсе, ал екінші жағынан шет ел капиталының банк секторына енуі қозғау салды.
Қазіргі кездегі коммерциялық банктер клиенттерге әртүрлі қызметтер, яғни, несие беретін, валюталық және депозиттік операциялармен айналысатын, кассалық есеп айырысу қызметін жүргізетін шаруашылық субьектілерімен үзеңгілес, әрі серіктес ерекше кәсіпорын. Сондықтан экономиканы басқаруда мамандар үшін банк ісін ұйымдастырудың ғылыми және практикалық негізін оқып үйренудің маңызы зор.
“Банк ісі” пәнінің мақсаты:
Коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру, реттеу және бағалау, өтімділігін басқару, олардың ел экономикасындағы ролі мен қызметтері, операциялары жайлы студенттерге кеңінен түсіндіріп, теориялық білімді студенттерге қалыптастыру.
Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:
Қазақстан Республикасындағы банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу механизмін, банктерді ашу және банктік операциялар үшін лицензия алу шарттарын, банк бөлімшелерін құру тәртібін, банктік қызмет түрлерін қарастыру;
Банктердің қызметтерін қадағалау және бағалау әдістері мен түрлерін, банк қызметін рейтингтік бағалау әдістемесін оқып, үйрену;
Банк ресурстарының қалыптасу көздері мен құрылымдарына, меншікті капитал, депозиттік және депозиттік емес ресурстарға нақты тоқталу;
Банктің есеп айырысу – кассалық операциялары, сондай-ақ банкаралық есеп айырысуларды нақты түсіндіру;
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау критерийлері, заңды және жеке тұлғалардың несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштерінің жүйесін оқып, үйрену.
2. Пәннің мазмұны
№ |
Тақырып атауы |
Сабақ мазмұны |
|
1-бөлім. Коммерциялық банктерді макро және микроэкономикалық деңгейде басқару. Коммерциялық банктер және олардың бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайы |
Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктер өз клиенттеріне әртүрлі қызметтер көрсететін ерекше кәсіпорын. Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің классификациясы: меншіктің формасына байланысты, банк капиталына иелік етуіне байланысты (отандық, шетелдік, аралас банктер), орналасқан территориясына байланысты, құқықтық ұйымдастырушылық формасына байланысты (жарна пұл негізінде, серіктестік формада, акционерлік қоғам формасында), операцияларды жүргізу дербестігіне байланысты (еншілес банктер, өкілетті банктер, консорциумдық банктер, дербес банктер), қызмет көрсету ауқымына байланысты, маманданған банктер, салалық банктер, синдикат банктер т.б. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің әртүрлі ұйымдық-құқықтық формаларының қалыптасуы. Коммерциялық банктердің Қазақстан Республикасында қызмет ету ерекшеліктері. Екінші деңгейлі банктердің халықаралық стандартқа көшу бағдарламасының орындалуы, коммерциялық банктер жүйесінің даму ерекшеліктері, олардың дамуының сандық көрсеткіштері. Банк секторына шет ел капиталының енуі және оны реттеу, мемлекеттік мәртебесі бар банк құру қажеттілігі.
|
Ауызша жауап |
||
|
Қазақстан Республикасында коммерциялық банктерді құру, оның қызметтерін ұйымдастыру және басқару құрылымы |
“Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы” ҚР-ның заңына сәйкес ҚР-да банкті ашу және қызметін ұйымдастыру кезеңдері, банктік операциялар түсінігі. ҚР-дағы екінші деңгейлі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында аша алатын банктің филиалы, банктің өкілдігі, еншілес банк, есеп айырысу-кассалық бөлімі түсініктері. “Банктер және банктік қызмет туралы” ҚР заңына сәйкес ҚР Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың салымшыларының мүдделерін қорғау, сондай-ақ республикадағы ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын қолдап отыру мақсатында аталған банктердің қызметтерін реттеу жолдары. Коммерциялық банктердің қызметтерін шектеу: банктің қаржылық жағдайларын сауықтыру шаралары, консервация, банк операцияларын шектеу, тоқтату, банктерді тарату. Акционерлік қоғам түрінде құрылған коммерциялық банктердің заңға сәйкес қайта құрылу тәртібі, ашық халықтық қоғам ретіндегі банктер, бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеу, бағалы қағаздарды орналастыру тәртібі мен бағалы қағаздарды иеленуші акционерлердің “қоғамды” басқару ісіне қатысу дәрежесі. Коммерциялық банктердің басқару құрылымы және ең жоғарғы басқару органы. Акционерлер (құрылтайшылар) жиналысы, банк кеңесі және банк басқармасы, олардың құзыры.
|
Ауызша жауап |
||
|
Қаржылық қадағалау агенттігінің банкті ашуға рұқсат беру және банктік операцияларды лицензиялау тәртібі. Банктерді тарату |
Қазақстан Республикасында банкті ашуға рұқсат және лицензия беруші ресми орган – Қазақстан Республикасы қаржы нарығы және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау агенттігі (Қаржылық қадағалау агенттігі). Қаржылық қадағалау агенттігі – ресми бақылау және қадағалау органы. Банкті ашуға рұқсат алу үшін Қаржылық қадағалау агенттігіне міндетті түрде табыс етілетін құжаттарды көрсету. Заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың банкті ашуға рұқсат сұрап жазған өтініші, құрылтайшылар құжаттары, құрылтайшылардың (акционерлердің) қаржылық жағдайын және мәртебесін растайтын ресми мәліметтер, бухгалтерлік және статистикалық есеп беру формалары, банкті басқарушы лауазымды орындарға талапкер азаматтардың кәсіби мамандығы мен білім леңгейі және банк жүйесіндегі еңбек өтілі, тәжірибесі туралы мәліметтер. Қазақстан территориясында резидент емес тұлғалардың қатысуымен банктерді құруға рұқсат беру үшін тарапынан қосымша қойылатын талаптар. Қаржылық қадағалау агенттігі банктік операциялармен айналысуға лицензия беретін өкілетті мемлекеттік орган. Банктік операциялармен айналысуға лицензия беру үшін Қаржылық қадағалау агенттігі талап ететін құжаттар. Қаржылық қадағалау агенттігі банкті ашуға рұқсат беруден және банктік операциялармен айналысуға лицензия беруден бас тартуының, сонымен бірге берген лицензиясын қайтарып алуының негізгі себептері. Банктердің филиалдарын, есеп-касса бөлімдерін ашу тәртібі. Банктерді ерікті және еріксіз тарату. Қаржылық қадағалау агенттігінің және соттың банкті тарату комиссияларының қызметіне бақылау жүргізуі. |
Ауызша жауап |
||
|
Қазақстан Республикасында банктер қызметтерінің құқықтық негіздері |
Қазақстан Республикасында банк қызметтерін реттейтін заңдар мен нормативтік құжаттар. Ұлттық банктің нормативтік құжаттар мен ережелер, инструкциялар, статистикалық және бухгалтерлік есеп беру үлгілерін дайындау құқы. “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” және “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Қазақстан Республикасының Заңдары, оларға толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы соңғы кезде жарық көрген Заңдар. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. “Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” және “Қозғалмайтын мүліктің ипотекасы туралы”, “Акционерлік қоғамдар туралы” Қазақстан Республикасының Заңдары, “Қаржы лизингі туралы”, “Лицензиялау туралы”, “Мемлекеттік тіркеу туралы” және “Төлемдер мен ақша аударымдары туралы” Қазақстан Республикасының Заңдары, оларға толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы заңдар. Қазақстан Республикасының “Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы”, “Қазақстан Республикасындағы несиелік бюролар және несиелік тарихты қалыптастыру туралы” заңдары. Қазақстан Республикасының банк қызметтерінің құқықтық негіздері болып табылатын заңдар мен қатар банк қызметкерлерінің де іс-әрекеттерін реттейтін заңдар. |
Есептер шығару |
||
|
Коммерциялық банктер қызметтерін макроэкономикалық деңгейде реттеудің мәні және мазмұны |
Банк операцияларын макроэкономикалық деңгейде реттеудің қажеттілігі, мәні, мазмұны. Макроэкономикалық деңгейде реттеудің субьектілері мен обьектілері, ақша-несие саясаты және оның экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі алатын орны, мазмұны, жүзеге асыру инструменттері, әдістері. Қазақстан Республикасында коммерциялық банктер – ақша-несие саясатының субьектілері, әрі институционалдық негіздерінің бірі. Ақшаны ұсынуды басқару арқылы екінші деңгейдегі банктердің өтімділігін және депозиттік мультипликаторды реттеудің мәні және мазмұны, корпоративтік қайта қаржыландыру, ақшаға деген сұранысты қанағаттандырудың нарықтық әдістері, депозиттік эмиссия және коммерциялық банктер. Коммерциялық банктер және шаруашылық агенттері. Нарықтық реттеу тетіктері. Коммерциялық банктердің қызметтерін реттеудегі әкімшілік және экономикалық әдістердің ара қатынасы. Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саясатын жүзеге асыруда коммерциялық банктердің алатын орны. |
Өткен тақырыптар бойынша жазбаша жұмыс |
||
|
Коммерциялық банктердің қызметтерін реттеу үшін қолданылатын экономикалық (пруденциальдық) нормативтер
|
Базель келісімі және оның банк капиталының құрамын, құрылымын, жеткіліктілігін анықтаудың халықаралық үлгісін (стандартын) бекітіп, біркелкі етудегі маңызы. Базель стандарты – 1 және Базель стандарты – 2, олардың банк қызметтерін қадағалау мен реттеудегі ролі. Коммерциялық банктердің және олардың активтерінің рейтингісі. Коммерциялық банктердің халықаралық үлгіге (стандартқа) сәйкес капиталдық базасы және банк активтерін сапасына байланысты жіктеу. Коммерциялық банктердің қызметтерін пруденциальдық реттеудің негізгі принциптері. Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің Орталық банктерінің ортақ келісімі және оның банк капиталының ықшамдалынған, үйлестірілген құрамын, құрылымын, мөлшерін анықтаудағы ролі. Пруденциальдық нормативтердің түрлері және оларды есептеудің әдістері. Қазақстан Республикасында екінші деңгейдегі коммерциялық банктерді рекапитализациялау, банктердің рейтингісін анықтаудың американдық “GAMEL” жүйесі. Коммерциялық банктерге пруденциальдық нормативтерді бұзғаны үшін Қаржылық қадағалау агенттігі тарапынан және заңға сәйкес қолданылатын шаралар. |
Ауызша жауап |
||
|
2-бөлім.Банктік ресурстарды басқару. Банктік ресурстарды құрау көздері. Пассивтік операциялар |
“Банк ресурстары” термині. Банк ресурстарының құрылымы. Пассивтік операциялар – банктік операциялардың ең басты және маңызды бағыты, пассивтік операциялар туралы түсінік және оларға анықтама. Депозиттік операциялар пассивтік операциялардың негізгі түрі, пассивтік операциялар нәтижесінде банктік ресурстардың құралуы. Банктің міндеттемелері және міндеттемелер портфелі туралы түсінік. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің ресурстарының құрылымы және құрамы, пассивтік операциялардың жүзеге асу формалары, банк ресурстары құрылымының өзгеруі, ақша нарығы және ресурстар үшін банкаралық бәсеке. Банктік ресурстар нарығындағы банкаралық бәсекені анықтайтын факторлар: сырттан қаражат көздерін тарту үшін келетін шығындар, проценттік шығындар, банк қызметтерін тұтынушылардың мүддесімен санасу, менеджменттің сапасы, коммерциялық банктердің ресурстық базасы, пассивтік операциялардың жіктелуі және оларды ұйымдастырудың негізгі принциптері, банктің меншікті ресурстары, олардың депозитке жататын және жатпайтын түрлері, міндеттемелер портфелінің классификациясы.
|
1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы 2. Банктің меншікті және тартылған қаражаттары Ауызша жауап, өткен тақырыптар бойынша тест сұрақтарына жауап |
||
|
Банктің меншікті капиталын басқару |
Банктің меншікті капиталы – банк ресурстарының тұрақты құрамдас бөлігі. Банктің меншікті капиталының құралу көздері және оның банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі ролі. Меншікті капиталдың құрамдас бөліктері, жарғы капиталы және акционерлік капитал, үлестірілмеген пайда т.б. Резервтік капитал және оны құрау тәртібі мен пайдалану мақсаты. Акционерлік капиталды құрау және оның “Акционерлік қоғамдар туралы” Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қалыптастырылуы, акционерлік капиталдың қаржы инструменттері, банктің жарғы капиталы және оны ұйымдық-құқықтық формасына байланысты қалыптастырудың ерекшеліктері. Жай акциялар мен артықшылығы бар акциялар және олардың банк капиталын құрау және басқару ісіне құрылтайшылар мен акционерлердің қатысуын реттеудегі ролі. Субординацияланған қарыз, оның акциялармен және депозиттермен салыстырғандағы ерекшеліктері, банктің күрделі қарыз міндеттемелері, олардың банк капиталын құраудағы орны. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігінің көрсеткіштері, функциялары, банк капиталының адекваттылығы туралы ұғым. Банктің меншікті капиталының жіктелінуі: негізгі және қосымша, қорғалған және қорғалмаған бөліктері, “брутто” және ”нетто” капиталы. Меншікті капиталды есептеу жолдары. |
1. Банктің меншікті капиталы: көздері мен қызметтері 2. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі 3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігінің көрсеткіштері Ауызша жауап |
||
|
Коммерциялық банктердің депозиттік портфелі, оны қалыптастыру және басқару |
“Депозиттер”, ”депозиттік операциялар”, ”депозиттік портфель” туралы түсінік, депозиттік портфелді қалыптастырудың және басқарудың проблемалары. Депозиттік портфель депозиттік операциялардың нақты нәтижесі және оларды ұйымдастырудың негізгі принциптері. Депозиттік операциялар – сырттан қаражат жинаудың негізгі әдісі және пассивтік операциялардың басты бағыты. Депозиттік операциялардың обьектілері мен субьектілері. Депозиттердің банк ресурстарын құрау көздеріндегі алатын орны. Депозиттердің түрлері және оларға белгіленетін пайыздық ставкалар. Депозиттерді мерзіміне, есеп шоттарға және субьектілеріне байланысты топтау. Заңды және жеке тұлғалардың депозиттері. Қазақстандық коммерциялық банктерінде қолданылып жүрген депозиттің түрлері. Депозиттік операцияларды тиімді ұйымдастырудағы депозиттік саясаттың ролі, депозиттік саясат туралы түсінік, оны қалыптастырудың және жүзеге асырудың макро және мкроэкономикалық факторлары. Депозиттік саясаттың құрамдас бөлігі – сыйақы саясаты. Депозиттік проценттік ставкалардың түрлері. Депозиттерді классификациялаудың негізімен қатар мерзімді депозиттердің және қажет уақытында талап етілетін депозиттердің ерекшеліктері. Чектік депозиттер және депозиттік сертификаттардың ерекшеліктері. |
Өткен тақырып бойынша тест сұрақтарына жауап |
||
|
Қазақстанда депозиттерді сақтандыру жүйесі. Оның құрылуы мен дамуы |
Депозиттерді сақтандыру жүйесі және оның банктердегі жеке тұлғалардың салымдары бойынша міндеттемелерін қамсыздандырудағы ролі. Депозиттерді сақтандыру жүйесі және клиенттердің банктің қаржылық жағдайына деген сенімінің артуы, депозиттерді сақтандырудың шетелдік тәжірибесі. Депозиттерді ерікті сақтандыру, міндетті түрде сақтандыру, мемлекеттік сақтандыру, жеке сақтандыру, аралас түрде сақтандыру. АҚШ-та, Ресейде депозиттерді сақтандыру жүйесінің құрылымы. Қазақстанда жеке тұлғалардың депозиттерін сақтандыру жүйесінің құрылуы. “Қазақстанның жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру (сақтандыру) қоры” ЖАҚ, оның негізгі қызметі, құрылтайшысы. Депозиттерді ұжымдық сақтандыру жүйесіне мүше банктер және олардың қорға сақтандыру жарнасын төлеу тәртібі. Депозиттік сыйақының шекті мөлшері және қордың ұжымдық сақтандыру кепілдігі. |
Ауызша жауап |
||
|
Банктік ресурстардың депозитке жатпайтын көздері және банкаралық несиелік ресурстар |
Коммерциялық банктердің депозитке жатпайтын қаражаттарды тарту мақсаты және ондай қаражаттардың банк өтімділігін қамтамасыз етудегі ролі. Депозитке жатпайтын ресурстарды іздеуге банктерді итермелейтін экономикалық факторлар: несиеге сұраныс, нарықтық өзгерістер, сырттан қаражаттарды тартумен байланысты операциялық және үстеме шығындардың азая түсуі, бағалы қағаздар нарығының даму дәрежесі. Банктік ресурстардың депозитке жатпайтын көздері және олардың түрлері: банкаралық несие нарығынан алынатын қарыз, ұзақ және қысқа мерзімді борыштық міндеттемелер. Облигациялар, купондық облигациялар эмиссиясы, банк акцептерін сату, репо және кері репо келісімі арқылы қаражат тарту. Коммерциялық бағалы қағаздар эмиссиясы, капиталдық ноталар шығару. Депозитке жатпайтын қаражат көздеріне қатысты Ұлттық банк және фискальдық органдар тарапынан қойылатын талаптар, коммерциялық банктер үшін депозитке жатпайтын ресурстардың қолайлы жақтары. Қазақстанда облигациялар эмиссиясымен айналысатын коммерциялық банктер, облигацияларды орналастыру, облигациялардың түрлері. Коммерциялық банктер қызметтеріндегі банкаралық несиелеудің ролі. Қазақстан Республикасындағы банкаралық несие нарығының қалыптасуы және оның ұйымдастырылу формалары мен субьектілері. Орталық клирингтік палата, банкаралық несиенің коммерциялық банктердің қысқа мерзімді өтімділігін реттеудегі маңызы. Банкаралық несие ресурстары бойынша проценттік ставкалардың қалыптасу тәртібі және олардың мөлшеріне Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасының ықпалы. Банкаралық несие нарығына қатысудың алға шарттары және брокерлік қызмет. Банкаралық несиелік нарықтың институционалдық негіздері мен несиені қамтамасыз ету инструменттері. Банкаралық несие нарығының оған қатысушы коммерциялық банктер үшін тиімділігі мен қолайлы жақтары. Банкаралық несие нарығын ұйымдастырудың алғы шарттары мен негізгі факторлары. Банкаралық несие нарығында несие ресурстарымен сауда-саттық жасау ережесі. Шет мемлекеттерде банкаралық несие нарығын ұйымдастыру тәжірибесі. Қазақстандағы банкаралық несие нарығының қалыптасуы, олардың өзгеріп отыруы, түрлері, овернайт, репо.
|
Ауызша жауап |
||
|
3-бөлім. Банк активтерін басқару. Активтер және коммерциялық банктердің активтік операциялары және активтер портфелі |
Активтер мен активтік операциялар туралы түсінік, олардың пассивтік операциялардан айырмашылығы. Банктің “активтер портфелі” туралы ұғым және “активтер портфелін” қалыптастырудағы активтік операцияларды тиімді ұйымдастырудың ролі. Активтік операциялардың ұйымдастырудың принциптері. Банк активтерінің сапасы туралы ұғым, оларды сапасына байланысты топтастырудың критерийлері: өтімділігі, табыс әкелу дәрежесі, тәуекелділігі. Активтік операциялардың негізгі бағыттары. Активтік операциялардың түрлері және олардың табыс әкелу дәрежесіне байланысты топталуы. Банк активтерінің құрамы мен құрылымы, оларды өтімділік дәрежесіне қарай топтастыру, орналастыру саясаты. Табыс әкелетін және табыс әкелмейтін активтер. Бірінші реттегі резервтік активтер, екінші реттегі резервтік активтер. Инвестициялық портфель, инвестициялық портфельді диверсификациялау: эмитенттердің қаржылық жағдайы мен сенімділігіне байланысты, бағалы қағаздар әкелетін дивидендтің мөлшеріне байланысты, сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде нарықтық жағдайда қалыптасатын проценттік ставкамен анықталатын бағалы қағаздардың бағасына байланысты. Несиелік операциялар – активтік операциялардың ең негізгі бағыты және коммерциялық банктердің қызметтеріндегі басты табыс көзі. Несиелік портфель туралы түсінік. Несиелік және инвестициялық активтік операциялардан басқа коммерциялық банктердің табыс әкелетін және табыс әкелмейтін активтік операциялары. Инвестициялық портфельге сипаттама.
|
Ауызша жауап |
||
|
Банктік несиелеу жүйесі және оның элементтері |
Банктің несиелеу жүйесі туралы түсінік және оның негізгі элементтері. Банктің несие ресурстарын тиімді, табысты пайдаланумен байланысты банк тарапынан қолданылатын несиелеу әдістері мен несиелеу обьектілері. Несиелеу принциптері, несиені беру және қайта өтеу механизмі. Несиенің қайтарымдылығы, ақылылығы, мерзімділігі, материалдық қамтамасыз етілуі. Банк қарызын классификациялау тәртібі:
Қарыз алушы заңды тұлғалардың айналым капиталының құрамы, құрылымы және айналым кезеңдері. Несиелеу әдістері. Несиелеу әдістерінің негізгі айырмашылықтары. Банктің несиелік саясаты және оның құрамдас бөліктері, банктің несиелік саясатын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар.
|
Өткен тақырып бойынша тест сұрақтарына жауап |
||
|
Заңды тұлғаларға несие беруді ұйымдастыру |
Клиенттерге несие беруді тиімді ұйымдастыру – сапасы жоғары несиелік портфельді қалыптастырудың банк өтімділігін қажетті деңгейде демеп отырудың бірден-бір алғы шарты. Несиелік процес және несиелеу кезеңдері: клиенттің несие сұраған өтінішіне және несиелік құжаттардың мазмұнына талдау жасау, клиенттің несиелік қабілетін талдау, несиелік шарт жасасу, клиентке несиені беру т.б. Несиені пайдалану мақсаты, кепілге қоятын мүліктің тізімі, клиенттің құрылтайшылар құжаттары, бизнес жоспары т.б. Несие үшін проценттік ставкалар белгілеу, несиені беру және қайтару тәртібі. Несиелік келісім шарт және оның мазмұны. Несиені беруді ұйымдастыру үшін банктің арнайы құрылған бөлімдері, басқармалары, олардың функциялары.
|
Ауызша жауап |
||
15. |
Кепіл –несиенің қайтарылуын материалдық қамсыздандырудың негізгі формасы. Кепіл болушылық, кепілдік |
Берілген несиені клиенттер тарапынан уақытында қайтарылуын қамтамасыз етудің қаржы көздері: қарызды өтеудің бірінші реттегі көздері, қарызды өтеудің екінші реттегі көздері. Банктен алған несие бойынша қарызды мерзімінде қайтарып, проценттік өсімақыны төлеудің бірінші реттегі қаржы көздері: несие алған клиенттің пайдасы, өтімді активтерін сатудан түскен түсімдер, сапасы жоғары активтер, ақша ағыны. Орта және шағын бизнес саласында кәсіпкерлікпен айналысатын клиенттердің және жеке тұлғалардың несие бойынша қарызды уақытында қайтаруды қамтамасыз етудің екінші реттегі қаржы көздері: кепілді, кепіл болушылық және кепілдіктерді қолдануы. Кепілдің түрлері, мүліктік кепіл, кепілзат. Кепілді әртүрлі топтаудың негіздері: мүліктің сипатына байланысты (қозғалатын, қозғалмайтын), кепілді басқару тәсіліне байланысты (клиенттің өзінің иелігінде қалатын немесе банктің иелігіне өткізілетін), заттай кепіл,құқықтық кепіл т.б. Кепілдің сапасы туралы түсінік және кепілді сараптау (құқықтық сараптау, экономикалық сараптау). Кепілдің сапасын анықтайтын көрсеткіштер: кепілдің өтімділігі, бағасы (нақты және номиналдық), сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы, кепілге қоятын мүлікке деген меншіктік құқықтың ресми расталынуы, сақтандырылуы. Кепілге қойылатын қозғалатын мүліктерді сараптау, айналымдағы тауарлы-материалдық құндылықтарды сараптаудан өткізу. Бағалы қағаздарды кепілге алу үшін банктер тарапынан қойылатын талаптар, вексельді кепілге алу, депозиттік сертификаттарды және көлік құжаттарын, тауар құжаттарын кепілге алу, құқықты кепілге алу. Банк пен клиенттер арасындағы кепіл шарты, оның мазмұны. Кепіл болушылық, оны қолданылу аясы, кепілдік және оның түрлері, банктік кепілдік.
|
Ауызша жауап, өткен тақырыптар бойынша тест сұрақтарына жауап |
||
16. |
Шағын және орта бизнесті несиелеудің ерекшеліктері |
Нарықтық экономика жағдайында банк тарапынан шаруашылық субьектілерін өндірістік бизнесті несиелеу әдісінің және тәртібінің несиелік операциялардың контрагенттерінің өзара келісімі бойынша қалыптасуы. Коммерциялық банктер үшін қарыз алушы клиенттердің өндірістік және сауда-саттық қызметтерінің ерекшеліктерін, экономиканың қай саласына жататынын, шығаратын өнімдерінің еңбек және материалдық сыйымдылығын, оларға деген сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасын және өндірістік процестің сипатын үнемі талдап, зерттеп отырудың маңыздылығы. Орта және шағын кәсіпкеплікті несиелеудің жалпы және жеке тәртібі. Жеке кәсіпкерлікті несиелеудің субьектілері мен обьектілері, несие беруді өтіну арызы, несиелік шарттың мазмұны. Кәсіпкердің бизнес жоспары, сауда-саттық кәсіпорындарын несиелеудің ерекшеліктері, несиелеу обьектілері, несие мөлшерін есептеу тәртібі. Несиелік жобаларға талдау. Шаруа қожалықтарын несиелеу тәртібі және несиелеу обьектілері: мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы шығындарын несиелеу, тыңайтқыштар сатып алу, жанар-жағар майлар сатып алу, ауыл шаруашылығы техникалары мен қосалқы бөлшектер сатып алу. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық саласында коммерциялық несиені қолдану тәжірибесі, дән векселі – Мемлекеттік астық корпорациясының қарыздық міндеттемесі, олармен сауда-саттық жасау және оларды есептеу тәртібі, ауал шаруашылық құрылымдарын жанама несиелеу. Агронесиелік корпорация және несиелік серіктестіктер. Қазақстанда вексель бағдарламасын қалыптастыру, вексель айналысы, банктердің коммерциялық вексельдерді кепілге ала отырып, клиенттерге несие беру тәртібі. Қазақстандағы бірінші класты эмитенттер: “Қазақтелеком” АҚ, “ҰАК Казатомпром” АҚ, “Қазақстан темір жолы” РМК т.б. Бұл эмитенттердің вексельдеріне қатысты Ұлттық банктің қайта есептеу саясаты.
|
Ауызша жауап, өткен тақырыптар бойынша тест сұрақтарына жауап |
||
17. |
Тұтыну несиесі және ипотекалық несие |
Жеке тұлғаларға берілетін несиенің әлеуметтік маңызы және азаматтардың мәдени-тұрмыс қажетін өтеудегі алатын орны, несиелеу обьектілері. Тұтыну несиесі және оның обьектілеріне байланысты классификациясы, тұтынушыларды жанама және тікелей несиелеу. Тұтынушыларға чекпен және несиелік карточкамен берілетін несиелер. Қазақстан Республикасында электрондық карточкаларды қолдануды жолға қою тәжірибелері, тұтынушылардың карточкамен несиені кеңінен пайдалануы үшін бөлшек сауда жүйесінің және банктер жүйесінің техникалық, технологиялық және халыққа қызмет көрсету деңгейінің өркениетті әрі жоғары болуының қажеттілігі, азаматтардың табыс көзінің тұрақты болу шарты. Тұтыну несиесін кепілдікке беру тәртібі және кепілдің сапасын, бағасын, өтімділігін бағалауға қойылатын талаптар. Тұтыну несиесінің формалары мен түрлері: қамтамасыз етілуіне байланысты, несиелеу субьектілеріне байланысты. Қазақстандағы ипотекалық несиелеу жүйесі және оның үлгілері. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Қазақстандық ипотекалық компания және оның әріптес банктері. Қазақстан Республикасында жеке азаматтарға несие беру тәртібі. Банктердің жеке тұлғаларға несие беру тәртібі мен несиелеу обьектілері:азаматтардың кезек күттірмес мұқтаждықтарын өтеу, тұрғын үй салу немесе күрделі жөндеулер өткізу, ұзақ тұтынатын жекеменшік тауарлар сатып алу т.б. |
1. Тұтыну несиесі, оның формалары мен түрлері
Ауызша жауап, есептер шығару |
||
18. |
Сыртқы экономикалық қатынастар саласында несиелеуді ұйымдастыру |
Банктердің экспорттық және импорттық операцияларды несиелеу тәртібі. Сыртқы экономикалық қатынастар саласында банктік несиенің түрлері: акцептік несие, акцептік-рамбурстық несие, эспортердің импортерді несиелеуі және импортердің эспортерді несиелеуі. Сыртқы экономикалық қатынастар саласында банктік несиені қамтамасыз ету формалары: коносамент, варрант, тратта, банк депозиттері, тауарларды сақтау жөніндегі қоймалардың қолхаты. Сыртқы экономикалық қатынастарда пайдаланылатын несиелерді қамсыздандыратын және епілдендіретін Халықаралық экспорттық-импорттық қаржы агенттері. Импортерді және эспортерді несиелеу. Сыртқы экономикалық қызметтерді несиелеу тәртібі. Несие валютасы, валюталық құндылықтарды кепілдікке ала отырып, ұлттық ақша бірлігімен несие беру, валюталық депозиттермен қамтамасыз етілген несиені беру және өтеу тәртібі. Сыртқы экономикалық қызметтерді несиелеумен байланысты проценттік ставканың қалыптасуы. Импортерлер мен экспортерлерге несие берудің халықаралық деңгейде есеп айырысу формаларымен, банкаралық кепілдік берудің технологиясымен және ақша нарығының қаржы инструменттеріне деген сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасымен тығыз байланыстылығы. |
Ауызша жауап |
||
19. |
Несиелік портфельді және несиелік тәуекелді басқару |
Банктің активтік операцияларының нәтижесінде “активтер портфелінің” және оның құмадас бөлігі “несиелік портфельдің” қалыптасуы. Несиелік портфельді және несиелік тәуекелдерді басқару проблемалырының біртұтастығы. Жоғары сапалы несиелік портфельді қалыптастырудың алғы шарттары. Несиелік портфель және несиелік портфельді басқарудың түпкі мақсаты, бағыты, әдістері. Коммерциялық банктерде несиелік портфельді сапасына қарай жіктеп, үнемі талдау жүргізіп отыру қажеттілігі. Несиелік портфельді басқарудың негізгі кезеңдері:
Несиелік портфельді басқарудың құрамдас бөлігі – несиелік тәуекелдерді басқару. Коммерциялық банктердің несиелік портфелінің құрамындағы клиентке берілген қарыздың жалпы сомасын тәуекелділік дәрежесіне қарай топтауы: стандартты несие, күмәнді несие, үмітсіз және проблемалы несие. Бұлар бойынша резервтер (провизия) құрау тәртібі, несиелік портфельдің сапасын сипаттайтын көрсеткіштер. Несиелік тәуекел туралы түсінік және оны басқарудың тәсілдері. Несиелік тәуекелдердің түрлері. Несиелік тәуекелді азайту әдістері. Коммерциялық банктердің проблемалы несиелермен жұмыс жүргізуі, проблемалы несиелерді болдырмаудың алдын-алу шаралары. Коммерциялық банктердің несиелік портфелінде проблемалы несиелердің пайда болуының факторлары: несиелік процесті ұйымдастыруда жіберілген қателіктер, клиенттің банкротқа ұшырауы т.б. активтердің өтімділігі, активтерді сату. Несиелік маниторинг. |
Ауызша жауап, есептер шығару |
||
20. |
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы операциялары |
Коммерциялық банктердің инвестициялық портфелі туралы түсінік. Олардың инвестициялық портфельді қалыптастырудағы мақсаты: проценттік табыс табу, капиталдың мөлшерін сақтау, меншікті капиталды және сырттан тартылған қаражаттарды табыс әкелетін бағалы қағаздар бойынша орналастыра отырып, активтер портфелінің өтімділігін қамтамасыз ету. Инвестициялық тәуекелдер және оларды басқару, банктердің инвестициялық портфелінің диверсификациясы, банктер инвестиция жұмыс жасайтын бағалы қағаздардың түрлері, олар бойынша табыс мөлшерін есептеу тәсілдері, инвестициялық портфельдің типтері. Қазақстанда екінші деңгейлі банктердің инвестициялық компаниялардың, институциональдық инвесторлардың капиталын қалыптастыруға қатысу және олардың бағалы қағаздарына инвестиция жұмсау тәртібі. Коммерциялық банктердің эмитент ретіндегі және делдал ретіндегі операциялары. |
Ауызша жауап |
||
21. |
Банктің лизинг, траст, факторинг және форфейтинг операциялары |
Лизинг туралы түсінік және оның экономикалық мазмұны, несиелік сипаты. Лизинг операцияларының субьектілері мен обьектілері, лизингтің функциялары. Лизинг операцияларының элементтері: коммерциялық банктер – лизинг операцияларының субьектілері, лизинг шарты, лизинг операцияларының тікелей және жанама қатысушылары: коммерциялық банктер, инвестициялық банктер, сақтандыру компаниялары, брокерлік фирмалар, коммерциялыық банк лизинг компанияларының кредиторы немесе лизинг беруші, лизинг компаниясына берілген несиенің лизинг алушылар үшін коммерциялық несие ретіндегі маңызы. Лизинг түрлері: көпжақты лизинг, үш жақты лизинг, толық лизинг, экспорттық және импорттық лизинг, қаржылық лизинг, қайталанатын және қайталанбайтын лизинг. Коммерциялық банктерде лизинг операцияларын жүргізу тәртібі және кезеңдері. Лизинг төлемін анықтау әдісі. Лизинг операцияларының банктер үшін қолайлылығы, ұзақ мерзімге несие беру. Траст туралы түсінік. Банктік тәжірибеде траст операцияларының ақылы негізде көрсетелетін қызметтер формасында пайда болуы және оның экономикалық себептері. Траст операцияларының дамуының экономикалық алғы шарттары. Траст операцияларының түрлері және субьектілері. Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің траст операцияларын дамыту мүмкіндіктері. Зейнет ақы қорына қызмет көрсету, клиенттер атынан инвестициялық портфельді басқару. Жеке тұлғалардың мұраға қалдырылған құндылықтарын басқару барысындағы коммерциялық банктердің траст операциялары. Траст операцияларының коммерциялық банктер үшін қолайлылығы. Коммерциялық банктер қызметтері саласында факторинг операцияларының пайда болуы. Факторинг туралы түсінік, факторинг операцияларының түрлері: ашық және жабық, регрестік құқықпен және регресстік құқықсыз факторинг операциялары. Факторинг операцияларының банктің несиелік операцияларына ұқсастығы. Форфейтинг және оның пайда болуы. Форфейтинг операцияларының түрлері және оларға байланысты несиелік тәуекелдер, несиелеу тәртібі. Форфейтингалық дисконттық ставка. Факторинг және форфейтинг операцияларының бір-бірінен айырмашылықтары. |
Ауызша жауап, өткен тақырыптар бойынша тест сұрақтарына жауап |
||
22. |
Банктің есеп айырысу операциялары, кассалық және комиссиялық қызметтері |
Есеп айырысу формалары және есеп айырысу инструменттері. Есеп айырысу операцияларын классификациялау критерийі. Есеп айырысудың әдістері мен тәсілдері. Банк пен клиент арасында есеп айырысу операцияларын есеп шоттар бойынша жүргізудің шарты. Коммерциялық банктердің қолма-қол ақшалармен клиенттерге қызметі. Банкаралық есеп айрысу (клиринг). Қазақстан Республикасында есеп айырысуды ұйымдастырудың құқықтық және нормативтік негіздері. “Төлемдер және ақша аудару туралы” Қазақстан Республикасының Заңы. Төлем құжаттарын есепке алу және “картотека 2”. Төлем құжаттарының үйлестірілген үлгісі. Банкаралық корреспонденттік қатынастардың төлем айналымын ұйымдастырудағы ролі, төлем жүйесі, оның ұйымдастырылу формалары, халықаралық стандарт. Вексельдер бойынша есеп айырысу операциялары: инкассаға қабылдау, домициляцияланған вексельдер бойынша аваль және акцепт беру. Орталық клирингалық палата және банктердің төлемдерді жүргізуі. Кассалық қызметті электрондық жүйеге көшіру, электрондық төлемдер және электрондық карточкалар, банкоматтар. |
Ауызша жауап |
||
23. |
Валюталық операциялар және валюталық тәуекелдерді басқару |
Валюта, валюталық позиция, валюталық курс туралы түсінік. Валюталық курсты анықтаудың тәсілдері: спот-курс, тікелей және жанама котировка, котировка туралы түсінік, кросс-курс, форвард-курс. Валюталық құндылықтар, олардың түрлері, валюталық нарық және олардың түрлері, субьектілері. Қазақстан Республикасында валюталық нарықты ұйымдастыру мен валюталық операцияларды жүргізудің құқықтық негіздері. “Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” ҚР Заңы. Коммерциялық банктердің валюталық операцияларының түрлері: ағымдағы валюталық операциялар және капитал қозғалысымен байланысты валюталық операциялар. Шетел валюталарымен операциялар жүргізу үшін ҚР-да коммерциялық банктерге лицензия беру тәртібі. Шет ел валюталарымен айырбас операциялары, резиденттер және резидент еместер үшін валюталық сауда-саттықты жүргізудің Ұлттық банк белгілеген тәртібі. Валюталық бақылау. Валюталық саясат және оның түрлері мен формалары. Қазақстан Республикасында валюталық нарықтың институттары. Валюталық тәуекелдер туралы түсінік және олардың пайда болу себептері. Валюталық тәуекелді сақтандыру жолдары:
|
Ауызша жауап, өткен тақырыптар бойынша тест сұрақтарына жауап |
||
24. |
Банктердің баланстан тыс операциялары |
Банктердің баланстан тыс операциялары: шартты және мүмкін талаптары, банктердің репутациясына байланысты кепілдік беруі, агенттік қызметтері, олардан келетін комиссиялық табыстың деңгейі, ҚР-да коммерциялық банктердің шет елдік несиелік желіге қызметі, баланстан тыс операциялардың түрлері: шарт жасасу арқылы жүргізілетін, шартты түрде жүргізілетін және комиссиялық операциялар. Үкіметке кепілдік беру, кепіл болушылық, қаражатпен қамтамасыз етілмеген аккредитивтер, кепілдік және кепіл болушылық. |
Ауызша жауап |
||
25. |
4-бөлім. Банк қызметтерін тиімді ұйымдастыру және басқару. Банктік менеджмент және банктік маркетинг |
Ьанктік менеджмент туралы түсінік – оның жалпы мағынада және жеке мағынада алып қарағандағы мазмұны:
Банктік менеджменттің ерекшеліктері, негізгі бағыттары, мақсаты, сандық және сапалық көрсеткіштері. Банктің экономикалық саясаты. Еңбек мотивациясы, банк мекемелеріне қолайлы басшылық типі, материалдық ынталандыру және тәртіпті талап ету әдістері. Банкті басқару сапасына байланысты банктік менеджменттің негізгі типтері: техникалық менеджмент, косметикалық менеджмент, жанталас басқару. Техникалвқ менеджменттің банкті басқару ісінде орын алу себептері, косметикалық басқарудың белгілері. Банктің кадрлар саясаты және оның құрамдас бөліктері. Банк мамандарының кәсіпкерлік деңгейін және мәдениетін жетілдіру. Штат кестесі, лауазымдық нұсқаулар, аттестация. Банктік операцияларды жүргізуге қатысты мамандардың санын анықтау әдістері. Банк мамандарының сауаттылығы, тәрбиелілігі, мінез-құлқы, мәдениеті. Банктік маркетингтің мазмұны мен мәні. Банктік маркетингтің принциптері және мақсаты, банктегі маркетингтік қызметтің негізгі бағыттары, жалпы мазмұны, банктік маркетингтің бес концепциясы: бағаны тұтынушылардың сұранысына бейімдеп белгілеу, қызметтер рүрлерінің сапасы жоғары болу, коммерциялық қимыл іс-әрекеттерді қарқынды жүргізу, сұранысты тиімді тәсілдермен қанағаттандыру, әлеуметтік-этикалық концепция. Банктік қызметтердің ерекшелігі. Банктің іштей мүмкіндіктерін талдау. Маркетингтік ақпараттар жүйесі, банк қызметтерінің көтерме және бөлшек сауда нарығы.маркетингтік жоспарлау жүйесі. Банк қызметтері нарығын сегменттеу. |
1. Банктік менеджменттің маңызы мен мазмұны
Ауызша жауап, өткен тақырыптар бойынша тест сұрақтарына жауап |
||
26. |
Коммерциялық банктің өтімдлігін және төлем қабілетін басқару |
Ьанктік менеджмент туралы түсінік – оның жалпы мағынада және жеке мағынада алып қарағандағы мазмұны:
Банктік менеджменттің ерекшеліктері, негізгі бағыттары, мақсаты, сандық және сапалық көрсеткіштері. Банктің экономикалық саясаты. Еңбек мотивациясы, банк мекемелеріне қолайлы басшылық типі, материалдық ынталандыру және тәртіпті талап ету әдістері. Банкті басқару сапасына байланысты банктік менеджменттің негізгі типтері: техникалық менеджмент, косметикалық менеджмент, жанталас басқару. Техникалвқ менеджменттің банкті басқару ісінде орын алу себептері, косметикалық басқарудың белгілері. Банктің кадрлар саясаты және оның құрамдас бөліктері. Банк мамандарының кәсіпкерлік деңгейін және мәдениетін жетілдіру. Штат кестесі, лауазымдық нұсқаулар, аттестация. Банктік операцияларды жүргізуге қатысты мамандардың санын анықтау әдістері. Банк мамандарының сауаттылығы, тәрбиелілігі, мінез-құлқы, мәдениеті. Банктік маркетингтің мазмұны мен мәні. Банктік маркетингтің принциптері және мақсаты, банктегі маркетингтік қызметтің негізгі бағыттары, жалпы мазмұны, банктік маркетингтің бес концепциясы: бағаны тұтынушылардың сұранысына бейімдеп белгілеу, қызметтер рүрлерінің сапасы жоғары болу, коммерциялық қимыл іс-әрекеттерді қарқынды жүргізу, сұранысты тиімді тәсілдермен қанағаттандыру, әлеуметтік-этикалық концепция. Банктік қызметтердің ерекшелігі. Банктің іштей мүмкіндіктерін талдау. Маркетингтік ақпараттар жүйесі, банк қызметтерінің көтерме және бөлшек сауда нарығы.маркетингтік жоспарлау жүйесі. Банк қызметтері нарығын сегменттеу. |
2. Банк өтімділігін басқару әдістері
Ауызша жауап |
||
27. |
Банктің қаржылық нәтижелерін талдау. Банктің кірісі мен шығысын талдау |
Банктің қаржылық нәтижелерінің көрсеткіштері, банктің табысы мен шығысы, маржа туралы түсінік, операциялық шығындар, проценттік шығындар, операциялық табыс, проценттік табыс, банктің таза табысы, пайдасы, банктің рентабельділігі және оның көрсеткіштерін есептеу.
|
Ауызша жауап, өткен тақырыптар бойынша тест сұрақтарына жауап |
||
28. |
Банктік қадағалау |
Банктік қадағалауды ұйымдастырудың принциптері және банктік қадағалауды жүзеге асырудың құқықтық, нормативтік негіздері. Банктік қадағалаудың мақсаты: салымшылардың, клиенттердің, банк кредиторларының экономикалық мүдделерін қорғау. Банк операцияларын лицензиялау тәртібін бұзбау. Құрылтайшылар құжаттарының дұрыстығы және банктің жарғы капиталын құраудың заңға сәйкес келуі. Коммерциялық банктердің пруденциалдық нормативтерді орындау тәртібі және есеп шоттарды ашумен олар бойынша операцияларды жүргізудің заңдылығы. Банктік қадағалауды жүзеге асырудың қажетті алғы шарттары. Банктік қадағалауды ұйымдастырып, жүзеге асырушы органдар және олардың коммерциялық банктерге ықпал ету тәсілдері.
|
1. Банктік қадағалау мәні, түрлері 2. Банктік қадағалауды жүзеге асырушы органдар Ауызша жауап |